Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Телефондық техника

Қашықтықтан байланыс жасау қажеттілігі адамзатта ертеден болған. Ол әртүрлі жолдармен жүзеге асырылған. Мысалы, біздің дәуірімізге дейін ҮІ ғасырда парсы патшасы Кир осы мақсатта 30 мың адамды пайдаланған. Оларды халық «патша құлақтары» деп атаған. Бұл адамдар биік ғимараттар, мұнаралар басында орналасып, хабарды бір - біріне айқайлап жеткізген. Грек тарихшысы Диодор Сицилийскийдің жазбаларында осы байланыс түрі арқылы ақпаратты 1 сағат ішінде 100 км жерге дейін жеткізген деп көрсетілген. Сонымен қатар, ертеде хабарды тарату үшін жіпті, кернейді пайдаланған.

Телефон - радиотолқындар арқылы қашықтықтан дыбыстық байланыс жасауға арналған құрылғы. Телефондық техника адамзатқа 1878 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде.

Алғашқы механикалық құрылғылар дыбысты ауа арқылы жеткізген. Содан кейін электромагниттік толқындар арқылы жұмыс істейтін құрылғылар пайда болған.

Қазіргі кезде телефондық техника өте жақсы дамып жатыр. Телефондық техниканың көптеген түрлері бар. Олар: электрлік телефон, сымсыз немесе ұялы телефон, спутниктік телефон, радиотелефон және т.б. Барлық телефондарға бірдей талаптар қойылады. Олар :

- телефондық техника хабарларды өз уақытында және қажетті адамға ғана жеткізу керек;

- телефондық техника адам өміріне қауіпсіз болу керек;

- телефондық техниканың сыртқы түрі сүйкімді болу керек;

- телефондық техника арқылы берілетін хабар арзан болу керек.

2. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә»,

сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сұрақтар

ИӘ

ЖОҚ

1. Телефон - радиотолқындар арқылы қашықтықтан дыбыстық байланыс жасауға арналған құрылғы.

2. Қазіргі кезде телефондық техника өте жақсы дамып жатыр.

3. Телефондық техника хабарларды өз уақытында және қажетті адамға ғана жеткізуге міндетті ме?

4. Телефондық техниканың сыртқы түрі сүйкімді болуы міндетті емес.

3. Мәтін мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы айтыңыз.

  1. Телефондық техника адамзатқа қай жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді?

  2. Алғашқы механикалық құрылғылар дыбысты не арқылы жеткізген?

  3. Механикалық құрылғылардан кейін қандай құрылғылар пайда болған?

  4. Барлық телефондарға қандай талаптар қойылады?

4. Мәтінді оқып, мазмұнын айту үшін сұрақтар құрастырыңыз.

Телефон аппараты

Телефон аппараты сөйлесу және шақыру сигналдарын қабылдап және таратуға арналған құрылғы. Ол шақыру, сөйлесу және коммутациялық құрылғылардан тұрады. Шақыру құралдарына – нөмір теру, шақыруды жіберу және шақыруды қабылдағыш құралдары жатады. Сөйлесу құралдарына – микрофон, телефон және телефонды трансформатор жатады. Коммутациялық құралдарға ауыстырып-қосқыш және баспа тиектері жатады.

Телефон аппараты абоненттің басқа абонентпен жалғанып, онымен әңгіме жүргізуіне мүмкіндік беретін құрал. Құрылысына қарай аппараттар қабырғаға ілінетін, үстел үстінде тұратын (стационарлы), тасымалданатын болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір арнайы телефондардың құрылымы ерекше болады. Олар қосымша талаптарға сәйкес жасалған. Мысалы, ылғалға тұрақты, жарылысқа қауіпі жоқ.