Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

2.6 Қысымсыз су көтергіштер

Баздарда су кетеруді механикаландыру үшін екі түрлі сукөтергіштер қолданылады: ленталы және баулы стацирнарлы –немесе жылжымалы кушті агрегаттар

ВЛМ-100 ленталы су көтергіш тереңдігі 100 м-ге деиінгі құбырлы құдықтардан су алу үшін қолданылады. Оның схемасы 2.4-суретте көрсетілген. Су кептіргіштің берілісі 1.7...3,4 м3/с-қа тең. Лентаның жүріс жылдамдығы 5...6 м/с. Козғалысты ЗИД-4,5 маркілі іштен жанатын қозғалтқыштан немесе қуаты 3,3кВт электрлік қозғалтқыштан алады.

Ленталы су көтергіштердің тағы бір түрі ВШП-30 (50) типті баулы (шнуровые) су көтергіштер. Лентаның орнына оларда қималары 32 х 7мм немесе 32 х 12 мм болатын баулар пайдаланылады. Тереңдігі 30 м-ге дейін баратын құдықтарда ВШП-30, ал 50 м-де ВШП-50 су көтергіштері қолданылады.

Шахталы құдыктардан су алу үшін мал фермаларында ВШП-30 (ППВ) қондырғысы УАЗ-452Д машинасына орнатылған. Берілісі 3,2...7,3 м3/с болғанда 30 м, тереңдіктен су әпере алады. Өз сменасында бір-бірінен 10 км қашықтықта орналасқан 6...8 құдықтарда жұмыс істей алады.

Су қабаты лентада немесе бауда молекулярлық күштер байланысы арқылы тұтылады. Жұмыс органының қозғалу жылдамдығы судың төмен ағысының жылдамдығынан үлкен, сондықтан су көтеріліп, жетекші шкивтен өткен кезде ортадан тепкіш күштер әсерінен қабылдағыш бакқа лақтырылады.

1-рама; 2-қақпақ; 3-жетекші шкив; 4-қайыс (ремень); 5-қозғалтқыш; 6-лента; 7-кергіш шкив; 8- жүк; 9-құбыр.

2.4 – сурет - Ленталы су көтергіш схемасы

    1. Ауалы су көтергіштер

Бұл топқа эрлифтер және пневматикалық насостар жатады, олар шахталы құдықтардан су алу үшін қолданылады. Эрлифтердің өзіде айдағыш (сығылған ауа арқылы жұмыс істейтін) және сорғыш болып бөлінеді.

Айдағыш эрлифтердің жұмыс принципі сулы-ауалы эмульсиямен судың тығыздыктарына байланысты. Бұл эрлифтер суы қатты минералданған аудандарда пайдаланылады (мысалы, Қазақстанда, Калпақстанда, бұл аудандарда судың минералдануы 5...15г/л-ды құрайды).

2.5 - суретте айдағыш эрлифттің конструкциялық схемасы керсетілген. Ауа бөлгіш (араластырғыш камера) 4 тесігінің ауданы сығылған ауа жылжитын құбыр қимасының ауданынан 1,5 есе үлкен болуы керек. Тесіктің оптимальды диаметрі 6...8 мм.

Сулы-ауалы эмульсияның көтерілу құбырының (Һ) 6 биіктігі, судын динамикалық деңгейінен құйылуына (а) дейінгі арақашықтықтан 1,8 еседен кем емес болуы керек. Құбырлардың түсіру тереңдігінің сулы-ауалы эмульсия көтерілуінің толық биіктігіне қатынасы үлкен болған сайын сығылған ауа шығыны аз болады.

1-шахталы құдық; 2- отырғызылған құбыр 3-сорғыш құбыр; 4-ауа бөлгіш (араластырғыш камера); 5-сығылған ауаның жылжу құбыры; 6-сулы-ауалы эмульсияның көтерілу құбыры; 7-суға арналған резервуар.

2.5 – сурет - Айдағыш эрлифттің схемасы

Су көтергіш құбырлардың диаметрі тәуелді құдыққа отырғызылған құбырдың диаметріне тәуелді. Ол отырғызылған құбыр диаметрінен 100мм-ден болмауы тиіс. Эрлифтерді паидалану кезінде ең бір жақсы қасиеттері өнімділігі жоғары (1-ден 45л/с-қа деиін), құрлысы қарапайым, жұмыста сенімді, қолдануға жеңіл суда қанша құм болса да көтере алады.