Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

2.2Сурет- ктуа азықтаратқышы жұмысының технологиялық схемасы

Берілетін азық нормасын таратқыштық бойлық транспортерінің жылдамдығын және трактордың алға жүрген жылдамдығын өзгертіп реттейді. Бойлық транспортер жылдамдығын өзгерту храповикті механизмді белгілі бір күйіне келтіру арқылы орындалады. Мұнда бойлық транспортер жылдамдығы, шатун бір рет қозғалғанда, шүріппелер храповикті дөңгелектің тістерінің қаншасын ұстап қалғанына байланысты. Шүріппе ұстап қалатын тістер санын, ал бұл бойлық транспортер жылдамдығы деген сөз /реттеу үшін храповикті дөңгелектің тістерін қорғағыш қаптамамен жауып, қаптаманы осы күйінде секторға бекітеді (2.3сурет).

кривошип , шатун тісті дөңгелек жақ саусақ шүріппе серіппесі ,, шүріппелер қаптама қаптаманы бекітетін тетік бекіткіш.

2.3сурет - Храповикті механизм құрылысы /а/, таратқыш өнімділігін реттегенде шүріппелердің тұратын күйі /г/ және бойлық транспортерді алға /б/ немесе артқа /в/ жүргізуді реттеу Iмаксимальді өнімділік IIминимальді өнімділік

Бір шаршы метр ұзындыққа азықтаратқыш мынадай азық массасын бере алады . . . кг сүрлем, . . . кг көк балауса, . . . кг пішендеме, . . . ірі сабақты азық.

Бойлық транспортердің қозғалысын алға не артқа қарай өзгерту үшін шүріппелерді (б, в) суреттерде көрсетілгендей күйде бекіту қажет.

Жылжымалы кішігабаритті РММФ азықтаратқышы (2.4сурет) КТУА азықтаратқышы орындайтын жұмыстарды орындауға арналған, бірақ қоралардағы ені тар (, метрден кем емес) азық жолдарында жұмыс істей алады.

рама қорап битер бойлық бергіш транспортер кардан білігі домкраттіреуіш жүріс бөлігі түсіргіш транспортер.

2.4Сурет - Кіші габаритті рммф азық таратқыш

Таратқыштың түсіргіш және бойлық бергіш транспортері, битерлер блогі, жетектер жүйесі және берілістерінің құрылысы КТУА таратқышына ұқсас. РММФ таратқышы ДТ және Т тракторлармен агрегатталады, жұмыс органдары трактордың қуат бергіш білігімен қозғалысқа келтіріледі.

Тіркемелі азықтаратқышараластырғыш РСП және ЗИЛ автомобилінің шассиіне орнатылған азықты таратқышараластырғыш АРС 2.5суретте көрсетілген. Бұл таратқыштар мал рационындағы азық компоненттерін (күшті жем, қоспалар, ұсатылған шөп, пішендеме, сүрлем, гранул және т.б.) қабылдап алады, тасымалдайды, араластырады және алынған қоспа азықты ірі қара мал фермаларының қорасында немесе алаңдарында біркелкі қылып оттықтарына салып береді.

Таратқыштарға азық түрлері азық цехінің таразысы бар бункерінен немесе тиегішпен артылады. Тиеген кезде және тасымалдау процесінде азық компоненттері жақсылап араластырылады. Агрегат оттықтарға жақындаған кезде, тракторшы кабинасынан тиегіш транспортердің бағыттағыш науасын түсіреді. Осы кезде түсіргіш тесік ашылады және автоматты түрде түсіргіш транспортер жұмысқа қосылып, азықты науаға береді. Азық таратылып болған соң түсіргіш тесік жабылады, бағыттағыш науа транспорт жағдайына көтеріліп, таратқыш азық компоненттерін тиейтін орынға барады.

атіркемелі РСП бавтомобильді АРС жүріс бөлігі жетек механизмі қорап жапқыш жоғарғы шнектер төменгі шнек рама салмақ өлшегіш құрылыс түсіргіш транспортер.