Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

2.4 Гидросоққылы су көтергіштер

Гидравликалық тарандар және құбырлы тарандар соққышты; су

тергіштерге жатады. Бұл сукөтергіштердің құбыр жүйесіндегі судың қозғалысы тежегенде жұмыс принципі гидравликалық соққының күші арқылы жүзге асады.

Ауыл шаруашылығында сумен қамтамасыз ету үшін ТГ-2, УИЖ-К -100 және ЕрПИ типті гидротарандар қолданылады.

ТГ-2 гидротаранның қоректендіру құбырының ұзындығы 20 м., диаметрі 75 мм, 10-нан 100 м биіктікке дейін су апара алады, сондағы пайдалы шығын 1-ден 214 м3 күнге дейін.

УИЖ-К-100 гидротараны суды 100 м. биіктікке дейін көтере алады. Таранның берілісі 1,7-ден 348 м3/күнге дейін.

ЕрПИ-100 (150, 250) типті гидроқондырғылардың үш түрі бар, әр қайсысының напоры 150, 100 және 20 м-ге дейін болғанда берілістері 260, 600 және 1500 м3/күніне.

Гидравликалық таранның жұмыс процесі 2.3 - суретте көрсетілген.

1-су көзі; 2-қоректендіргіш құбыр; 3-жұмыс камерасы, 4-соққы клапаны, 5-ауалы қалпақшаның клапаны, 6-ауалы қалпақша, 7-айдағыш құбыр, 8-резервуар, 9-вентиль, 10-жүк.

2.3 - сурет - Гидравликалық таранның схемасы

Қоректендіргіш құбырдағы 9 вентильды ашып, таранға су толтырамыз. Клапандар 4 және 5 жабық (клапанды 4 жүкпен 10 бастырамыз). Егер жүкті 10 бассақ соққы клапаны 4 ашылады да жұмыс камерасына 3 қоректендіргіш құбыр 2 арқылы су көзінен 1 су келіп түседі де Н қысымы арқылы соққы клапанының 4 саңылауынан сыртқа ағады. Кинетикалық қуат жинаған су ағыны, жүгі 10 бар клапанның 4 кедергісін жояды да оны жоғары көтереді, сол арқылы шығару тесігін жабады. Егер су ағынының лезде тоқтатса гидравликалық соққы пайда болады да, жұмыс камерасындағы 3 қысым ұлғаяды, қалпақша клапаны 5 ашылады да ауалы қалпақшаға су келеді де ондағы ауаны сығады. Сығылған ауа әсерінен су ауалы қалпақшадан айдағыш құбырдан 7 резервуарға 8 сығылып шығады. Гидросоққы аяқталғаннан кейін, жұмыс камерасындағы 3 қысым атмосфералық қысымнан аз болады, сол кезде сыртқы ауа қысымы және жүктің 10 әсерінен соққыш клапан 4 ашылады, ал айдағыш клапан 5 жабылады және таранды қондырғы бастапқы жағдайына келеді. Барлық жұмыс процесі осылай қайталанып отырады.

Қондырғының пайдалы есер коэффициенті 50%- ке дейін жетеді.

2.5 Инерциялық су кетергіштер

Түрлі конструкциялардың ішінде вибрациялық насосты да айта кеткен жөн ( НЗБ, "Малыш", ВПУ-1 қондырғылары). Бұлардың жұмыс процесінде инерционды күш пайдаланылады.

Түрлері: көлемді насос (поршенді), вибрациялық және диаграммасы бар вибрациялық.

НЭБ-1/20 электромагнитті вибрациялық насосы жүзетін насостар типіне жатады (с понтоном ). Динамикалық деңгейі 20 м-ге дейінгі шахталы құдықтардан су алу үшін қолданылады. Насостың кожухында электромагнит және оны іске қосатын насостың жұмысшы органы - поршень. Суды 20 м, тереңдіктен көтергендегі насостың берілісі 1 м3/с. Номиналды қуаты-0,25 кВт.

Электромагнитті вибрациялық "Малыш" насосы құрылысы бойынша НЭБ-1/20 насосына ұқсас. Ол түспелі насостар типіне жатады. Судың динамикалық деңгейі 40 м-ге дейін болатын шахталы құдықтардан және құбырлардың минималды диаметрі 100 мм. болатын скважиналардан су алу қолданылады.

Суды 20 м. тереңдіктен көтерген кездегі берілісі 1 м3/с, ал 40 м-ден кетергенде 0,5 м3/с. Қуаты-0,25 кВт. Насос кернеуі 220 В болатын бір фазалы ауыспалы ток жүйесінен қоректенеді.

ВПУ-1 вибрациялық су көтергіші тереңдігі 20 м., болатын қүдықтардан су алу үшін қолданылады. Куаты 0,5 кВт және айналу жиілігі 3000 Гц болғандағы берілісі 3 м3/с-қа дейін. Бұл инерциялы су көтергіштердің жұмыс процесінде судың көтерлу үдеуі еркін түсу үдеуінен әлде қайда көп болу керек.