Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

3. Пышақ пен тарақтарды қайрау ережелері

Қайрау аппаратының дискісіне кисточка көмегімен арнайы пастаның жұқа қабатын жағады. Ол арнайы паста керосин және машина майымен араласқан зімпара ұнтағынан тұрады. Электрлік қозғалтқышты қосып пышақ немесе тарақты ұстағыштың штивтеріне кигізеді де, қайрау аппарат қабының кронштейніне тарату арқылы асып қояды. Пышақ немесе тарақ тістерін дискінің айналу бағытына қарамақарсы бағыттайды. Қайралатын бөлшекті ұстағышпен дискіге жақындатады6 тістердің дискіге тиюін ажыратпай және ұстағышты солға, оңға жылжытып қайрайды. Қайрау ұзақтылығы -сек. Жақсы қайралған пышақ пен тарақтарда бүкіл ені бойынша кезкелген бағытта саңылау болмау керек. Егер бірнеше қайраған кезде түзу сызық пайда болмаса6 онда қайрау дискісі бетін тегістікке тексереді, қажет болса токарлы станокта өндейді. Қайрау процесі екі операциядан тұрады біріншісі дискіде зімпара пастасы көмегімен қайрау6 ал екіншісі дискіде дискіні керосинге батырып алып пышақ немесе тарақтың жұмысшы бетін жақсарту операциясын жүргізу. Пышақ пен тарақты жақсартқан кезде оларды дискіге онша жақындатпайды. Қайралғаннаң кейін оларды керосинмен жуады. Көп рет қайралған тарақтың тістерінің ұштары үшкірленеді. Қырқу кезінде қойларды жарақаттандырмау үшін жылжымайтын таста тістер ұштарын өтпейтіндей ету қажет.

сығу табаншасы гайкалы винт серіппе стержень сығу патроны сығу гайкасы сақтандырғыш винт қаптама тығын , төлкелер шпонка тісті дөнгелек электрлік қозғалтқыш , гайкалар винт подшипник эксцентрик білігі ролик қаңқа  тербеліс кіндігі рычаг тарақшаны бекіту винті пышақ тарақша.

2. - сурет - МСУ машинкасы

қырқын машинкасы электрлік жетек қырқын машинкасын басқару тетігі қоректендіру кабельдері түрлендіргіш блок жермен тұйықтағыш қайрау аппараты қайрау аппаратын басқару тетігі.

2. - сурет - ЭСА/А электрлік қырқын агрегаты

3.1 Техникалық қызмет көрсету

Жұмыстың басында күнделікте қырқу машинкаларының жағдайын тексереді, майдан тазартады, үйкелетін бөлшектерін майлайды және қалпақшалардың қозғалтқышпен бекітілуін тексереді. Қозғалтқыштың желдету каналдарының ластану мөлшеріне байланысты оларды периодты тазалап тұрады. Май терімен ластанған пышақ пен тарақтарды дизельді жанармайда жуады. Кескіш жұптарын жуған соң оларды сұйық маймен майлайды. Пышақ пен тарақтардың өтпей қалуына байланысты, оларды қайралғандармен ауыстырады. Ол үшін қысу гайкасын ,... айналымға теріс бұрайды, машинканы аударады6 тарақтың бекіту винтерін бір айналымға босатады да, алға қарай жылжытып машинкадан пышақ пен тарақты шешіп алады, қысу табаншаларына қайралған пышақты кигізеді, оның үстіне тарақты орнатады да, оны винттермен бекітеді6 пышақты қысу гайкасымен тараққа қысады.

Пышақтың дұрыс орналасуы үшін электрлік қозғалтқыш білігін пышақтың шеткі тістері тарақтың тістерін жабатындай жағдайға келтіріп отверткамен бұрайды. Содан соң ғана тарақтың винттерін тартады. Күнделіктегі ауысымда екі рет машинаның редукторын майлайды. Электрлік қозғалтқышты ашқаннан кейін  күнде бір рет майлайды.