Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

2.2 Көлемдік насостар

Бұл насостарға роторлы және поршенді насостар жатады. Поршенді насостар цилиндрдің орналасуы бойынша вертикальды және горизонтальды болып, ал жұмыс істеу түрі бойынша - бір (қарапайым) және екі еселік болып белінеді.

Поршенді насос ішінде поршені бар цилиндрден, сорғыш және айдағыш клапандары бар жұмыс камерасынан тұрады.

Поршень төмен түскен кезде жүмыс камерасының көлемі ұлғаяды да, сорғыш клапан арқылы насосқа су келеді. Поршень жоғары көтерілгенде жүмыс камерасының көлемі азаяды да, айдағыш клапан арқылы су насостан сығылып шығады. Олардың берілісі тудыратын қысымға тәуелсіз. Оларға, іске қосу алдында су қүйып керегі жоқ.

Екі еселік насостарда екі жүмыс камералары болады. Поршеннің әрбір жүрісі кезінде, бүл насостарда сору да, айдау да бір уақытта етеді ( НПП-3,5 насосы).

Роторлы насостарда сұйықтың сорылып-айдалуы жұмыс камерасында айналатын жұмысшы органдар (винттер, шиберлер, тісті дөнгелектер) арқылы жүреді.

Винтті насостар суды біркелкі береді және қоспасы көп (массасы бойынша 0,2%-ке дейін) суды да әпере алады.

Ауыл шаруашылығында шахталы құдықтардан және скважиналардан суды алу үшін винтті насостын екі түрін қолданады: 1) вертикальды білік арқылы өтетін жетегі бар қозғалтқышы жер бетінде түратын насос ( 1В-20/3); 2) батырмалы электрлік қозғалтқыш арқылы қозғалыс алатын насос (1В-ВЙ-6/1

1В-В-1,6/16 батырмалы насосы құбырларының диаметрі 125 скважиналардан су алу үшін қолданылады. Қысымы 100 м болғанда өнімділік 3м3/с. Батырмалы электрлік қозғалтқыш қуаты-2,8 кВт.

2.3 Су айдағыш қокдырғылар

Оларды сондай-ақ, су айдағыш насостар немесе эжекторлар деп атайды. Оларды шахталы құдықтардан және скважиналардан механиқалық қоспасы болатын суды алуға қолданады.

Су айдағьіш қондырғының жұмыс істеу принципі: напорльі; құбыр 3 арқылы ортадан тепкіш насос 5 судың жартысын (жұмысшы су) суайдағыш насостың соплосына 9 береді, ал одан өте үлкен жылдамдықпен арластырғыш камера 8 барады, сол кезде араластырғыш камерада қлапан ашылады да, сорылатын сумен жұмысшы су араласады. Кейін бұл араласқан су диффузор 7 арқылы өтеді. Диффузорда судың қысымы ұлғаяды да (ағын жылдамдығының азаюының ортадан тепкіш. насос сорып ала алғанға дейін (6...7м) құбыр 4 арқылы теріле береді.

1-сору құбыры; 2-су айдау насосы; 3-қысымдық құбыр; 4-су көтеру құбыры; 5-ортада тепкіш насос ;6-бак; 7-диффузор; 8-арластырғыш камера; 9-конусты қондырғы; 10-насостың сорғыш құбыршасы.

2.2 - сурет - Су айдағыш қондырғының (а) және су айдағыш насостың (б)схемалары

Суайдағыш және ортадан тепкіш насостар бірге істегенде, ортадан тепкіш насос жер бетінде тұрғанның өзінде де терең құдықтардан да су ала алады. Сорғыш құбырдың соңы судың динамикалық деңгейінен төмен орналасады.

Суайдағыш қондырғылар құрылысы бойынша қарапайым және пайдалануға қолайлы. Бірақ бұл қондырғылардың П.Ә.К. 30...32%-тен аспайды.

Ауыл шаруашылығында ВНШ-2Ш (4Ш), ВН-2Ц-6, ВН-1-6 және ВН-ІІ

маркалы берілістері 4...25 м3/с дейін болатын суайдағыштар қолданылады.