Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет МЖФ1.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.33 Mб
Скачать

1. Жұмыстың мақсаты

1.1 Азық цехінің жұмыс процесін және технологиясын оқып білу

1.2 Азық цехінің құрамында қондырғылардың

құрылысын оқып білу

2. Жұмыстың мазмұны

Мал азығына жарайтын пішен түрлерінің бәрін өңдеп, нәрлендіріп беру үшін республика шаруашылықтарында қазіргі уақытта әртүрлі жемшөп цехы жұмыс істейді. Түйршектер, жентектер жасайтын, пішенді турап, булап, араластырып беретін комплект жабдықтар бар. Солардың бәрі толық қуатында жұмыс істейді, қыс кезінде  миллион тоннадан астам пішенді өңдеп беруге, сонша мөлшерде жұғымды азық әзірлеуге болады.

Ірі қара малға арналған көп компонентті ылғалданған толық рационды азық қоспаларын дайындау үшін өндірістен КОРК, КОРКА, КЦК, КЦК комплекті жабдықтары шығарылуда.

2.1 Корк-15 және корк-5 азық цехі

КОРК және КОРКА жабдықтарының комплектісі ... сауын сиыры бар немесе  бас бордақыланатын ірі қара комплекстері мен фермаларында толық рационда азық қоспаларын дайындауға арналған. КОРК жабдығының комплектісі рационның негізгі компоненттерін қабылдау және жинақтау, тамыр жемістілерді тазалау, жуу және турау, дайындалған компоненттерді араластыруға мөлшерлеп беру, оларды араластыру және дайын азық қоспасын беру сияқты технологиялық операцияларды сапалы атқарады. Комплекті құрама ірі сабақты жемшөп, тамыр жемістілер, қоректі ерітінділер, күшті жем, сондайақ азық қоспаларын жинау, араластыру және беру сияқты бес технологиялық желілер кіреді.

Комплектінің бір сағаттағы өнімділігі  тонна дайын азық қоспасы, дайындалған азық қоспасының ылғалдылығы  пайыз, ал электр қондырғыларының толық қуаты  кВт.

КОРК комплектісі орнатылған жемшөп цехының жобасы 2.1суретте көрсетілген.

ПЗМ, қоректендіргіші сүрлем транспортері ,ЛИС қондырғысы ИКМ қондырғысы мөлшерлегіш күшті жем бункерлері транспортер өтетін сәкі басқару пульті ИСК ұсатқышараластырғыш азық таратқыш ,жинағыш транспортерлер байытқыш ерітінді жабдығы ОМК ТК,Б транспортері.

2.1Сурет - корк жабдықтарын орналастыру схемасы

Комплекті жабдықтары мен машиналары төмендегідей тасқынды технологиялық линияларды құрайды

. Ірі сабақты азықтар қабылдайтын және мөлшерлеп беретін

. Сүрлем және пішендеме қабылдайтын және мөлшерлеп өңдеуге беретін

. Ірі сабақты және көк балауса азықтарды бірге турайтын

. Жем (құрама жем) қабылдап, ұнтақтап және мөлшерлеп беретін

. Кұнарлы ерітінділер әзірлейтін

. Жемшөпті түйіршіктейтін, жинап тарататын

. Рацион қоспаларын араластыратын және дайын азықты азықтаратқышқа беретін.

Қазіргі уақытта өндірістен КОРКА комплект жабдығының негізінде КОРКВ комплекті жабдығы шығарыла бастады. Бұл комплект басқару блогы бар микропроцесті бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Комплекті құрамында жем азықты булаппісіріп оны қоспа азыққа қосуға арналған жабдықтар ескерілген. КОРКВ азық цехінің бір сағаттағы өнімділігі , тонна да, бір тонна дайындалған азық қоспасына , кВт сағ. электр энергиясын жұмсайды.

КОРК комплектісі көп компонентті ылғалды азық қоспасын дайындауға арналған. Комплект . . . сауын сиыр және  бас бордақыланатын ірі қара мал фермаларында қолданылады. Ірі сабақты сусымалы, тайланған және буылған азық транспортермен әкелініп ПДКф қоректендіргішмөлшерлегіштің қабылдағыш қорабына салынады. Мұнда ірі сабақты азық ұсақталып және мөлшерленіп ТСМ жинағыш транспортеріне, одан әрі тура ИСКА ұсатқыш араластырғышқа беріледі. ИСКА агрегатында ұсатылған азық пневмолақтырғыш және пневмоқұбыр арқылы бункермөлшерлегішке салынады. Күшті жем ЗСК шнегішімен КОРК... бункеріне салынады. Тамыр түйнек азық қабылдағыш қорабына салынып, ИКМф ұсатқышында жуылыптуралып КОРК.. бункермөлшерлегішіне беріледі.

пневмолақтырғыш пневмоқұбыр сұйық азық үстемесін дайындайтын жабдық ТС транспортері тамыр-түйнек жеміс букермөлшерлегіші ИКМф ұсатқышы қоректендіргіш сабан бункермөлшерлегіші   ПДКф қоректендіргіш мөлшерлегіш күшті жем бункермөлшерлегіші жинауыш ТСМ транспортері  ИКСА ұсатқышараластырғыш.