Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк жаластырушы 2015.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Глосcарий

Заң – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер кешені. Демек, заң дегеніміз сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани отбасылық, және т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Заң шығарушы орган дегеніміз Конституция бойынша қандай да бір елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан Республикасының Ата Заңы, мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма.

Сайлау жүйесі мемлекеттік құрылыстың негізгі элементі. Қазақстан Республикасында сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір белгісі. Қазақстанда Президент сайлауы, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Мәслихат сайлауы жүргізіледі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

«Тіл туралы» Заң – Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерді белгілеуде ҚР Конституциясына негізделген заң.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң – зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді.

Жәрдемақы – мемлекеттің азаматтарды әлеуметтік қорғауының бір түрі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының 3 түрі бар. Олар: 1) мүгедектігі бойынша; 2) асыраушысынан айырылуына байланысты; 3) жасына байланысты берілетін жәрдемақы.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – өзге жәрдемақы түрлеріне қарамастан, әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге берілетін ақшалай төлем; арнаулы әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі АӘЖ) мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын берілетін ақша төлемі.

Әлеуметтік сақтандыру – экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі.

Cақтандыру дегеніміз сақтандыру ұйымдары, яғни сақтандырушылар мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Сақтандыру компаниясы – азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы.

Әлеуметтік құқықтар – бұл физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктерін қоғамның мүмкіншіліктері шегінде және қоғамдық байлықтың мемлекетпен бөлінуі, адамның белсенді қызметі арқылы қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені.

Экономикалық құқық дегеніміз субъектілер арасындағы экономикалық қатынастарды реттеп отыратын құқықтың бір түрі.

Білім алу құқығы – адамның заңды міндеттері мен бостандықтары, сонымен қатар мемлекеттің әр адамның мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беретін әлеуметтік және мәдени құқық.

Жарнама (франц. reclame, лат. reclamo – жар саламын) – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама жиынтығы түріндегі өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылыс.

Халықаралық сыйлық қоғамның дамуына зор үлес қосатын қандай да бір ғылыми зерттеулер, жаңалықтар ашқаны үшін берілетін сыйлық.

Халықаралық қатынас дегеніміз әлемдегі халықаралық қатынастарды жасаушы субъектілердің (мемлекеттердің) арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен түрлі ресми әрекеттер негізінде бірлік пен тұтастықты қалыптастыру.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты – халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік үрдістерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық мәселелерді шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашу.

Дипломатия – мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің шетелдерде мүддесін қорғау бойынша жүргізуші мемлекет басшысының, үкімет және арнайы органдардың әрекеті, сыртқы саясатты жүзеге асыру құралы.

Елшілік – бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі.

Көне Түркі жазуы – V ғ. б.з.б.-X ғ. б.з. түркітайпаларыныңжазуы. Бірінші жазу Орхон өзенініңбойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенініңжоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Азиялықтүркі руналары соғды жазуыныңнегізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі.

Нобель cыйлығы (шведше:Nobelpriset, ағылшынша: Nobel Prize) – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың бірі.

Байлық – қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар.

Қазақ халқының мәдениеті – көне заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және осы заманға сай дамып қалыптасқан түрі.

Отансүйгіштік – азаматтық санамен қалыптасатын қасиет.

«Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек ұрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.

Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Табиғи ресурстар – адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи ресурстарға жатады.

Эколо́гия – тірі организмдер мен оның қауымдастығының өзара және қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі туралы ғылым.

Мүдде – қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіліктер негізінде пайда болады.

Бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік қаржылыр – нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық – әлеуметтік-экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал. Мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Кредит жүйесі – кең мағынада: елде орын алып отырған кредиттік қатынастардың, кредит мекемелерінің, кредит түрлері мен әдістерінің жиынтығы; тар мағынада: кредиттік-есептілік қатынастарды ұйымдастыратын, ақша айналысын реттейтін кредит мекемелерінің (банктердің, сақтандыру қоғамдарының, ломбардтардың, т.б.) жиынтығы.

Банктер – ақша қаражаты мен жиналымын шоғырландыратын, кредит беретін, ақшалай есеп айырысуларды, айналысқа ақша шығаруды, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, т.б. жүзеге асыратын айрықша мекемелер.

Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады.

Бәсеке – нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі. Ол (бәсеке//конкуренция) латынның «concurred» (конкурро) – түйістіру деген сөзінен алынған термин. Бұл нарықтық экономикаға қатысушылардың арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында өңдірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.