Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк жаластырушы 2015.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

8 Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1 Резуанова Ғ.Қ. Қазақ тілі (барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарына арналған). –Астана, 2015.

  1. Бектұров Ш., Бектұрова Н. Казахский язык для всех. - Алматы, 2004.

3 Күзекова З. Казахский язык. Просто о невероятно сложном.– Алматы, 2007.

4 Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.

5 Құсайынова Ж.А. Қазақ тілі (бастауыш топтың барлық мамандықтарына арналған оқу құралы) - Астана, 2008.

Қосымша әдебиеттер

1 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. - Алматы: «Рауан», 2000. - 350 б.

2 Рустемова С. Баспасөз материалдарымен жұмыс. -Астана, 2002.

3 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. 3-кітап. – Алматы: «Ана тілі», 2006. - 124 б.

4 Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақстан», 2001. 1- ші том

5 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Жеті жарғы», 2006. – 296 б.

6 Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. 2-ші кітап. - Алматы, 2009.– 368 б.

7 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 8 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2006. – 728 б.

8 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 7 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2005. – 704 б.

9 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 6 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. – 753 б.

10 Тіл кабинеті// Құрастырған: Өтепберген Ақыпбекұлы. – Астана, 2006. -288 б.

11 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия//Бас редакторы Бүркітбай Аяған. 4 том.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2002. – 720 б.

12 Даналардан шыққан сөз. – Алматы, 1984. - 365 б.

13 Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: «Қазақстан», 1990.

14 Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: «Ана тілі», 1994.

9 Курстың саясаты (баса назар аударыңыз!)

  • Сабаққа кешікпей келу;, (кешіккен жағдайда, студент сабаққа жіберілмейді);

  • Сабақ үстінде сөйлеспеу, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою;

  • Сабаққа сай киіну;

  • Сабаққа қатыспаған жағдайда анықтама қағазын әкелу және болмаған сабақ бойынша тапсырмаларды сабақтан тыс уақытта оқытушыға тапсыру;

  • Оқу үрдісіне белсене қатысу;

  • Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

  • Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау.

10 Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- берілген тапсырмаларды уақытылы орындау;

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- жағдаяттық сұхбаттар құрастыру;

- тақырып бойынша әңгіме құрастыра алу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- презентация жасау;

- реферат жазу;

- рөлдік ойындарға қатысу.

Аралық бақылау

- ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тест;

Қорытынды бақылау

- емтихан.

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Емтихан

Барлығы

Практика

лық сабақ

СӨЖ

Реферат

1-аралық бақылау

2-

аралық бақылау

I cем

100

100

100

100

100

100

100

11 Баға қою саясаты Пән бойынша білімді бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері

Ұпай саны

Min/ max

1.

Ағымдық бақылау:

  • практикалық сабақтар

  • өздік жұмыс

  • реферат

50/100

50/100

50/100

2.

Аралық бақылау:

Семестрде 2 рет аралық бақылау болады

50/100

Жиынтығы:

50/100 ұпай

3.

Қорытынды бақылау

Емтихан

50/100

Барлығы:

50/100 ұпай

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік

жүйемен

бағалау

Ұпайдың цифрлық баламасы

Ұпайдың пайыздық

Мазмұны

Дәстүрлі жүйемен

Бағалау

А

4,0

95 – 100

өте жақсы

А -

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В -

2,67

75 – 79

С +

2.33

70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С -

1,67

60 – 64

Д +

1,33

55 – 59

Д

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

І модуль: Заман және заң

  1. Адамның құқықтық қорғалуы

  2. Адам – басты құндылық

  3. ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Адамның құқықтық қорғалуы

Ой түрткі:

  1. Заң дегеніміз не?

  2. Қалай ойлайсыз, заң бізге не үшін керек?

  3. Заңның заманға қатысы бар ма?

  4. Қазақ елінде бұрындары Ата заң болды ма (болса, оның тарихы жайлы не айта аласыз)?

  5. Қазақтар бұрындары қандай заңға сүйенген?

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

закон -

Постонавление -

право -

Концепция -

справедливость -

карается законом -

ответственность -

юстиция -

устав -

юрист -

заключение -

правила -

2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтаңыз. Мәтінге ат қойыңыз.

Әр елдің, халықтың өзіне лайық заңы бар. Мәселен, қытай елінде ұрлық жасаған адамның саусағын шабатын. Қазақ халқында да қазақтың әдет-салтына, тұрмысына лайық жасалған ертеден қалыптасқан өз заңдары болған. Қазіргі кездегі қылмыс, дау-шар, әділет істері осы заңдардың негізінде құрылған.

Қазақ заңдарының бір ерекшелігі ол әділдік пен дін жолын ұстана отырып, сөз өнерін дәріптеу еді. Бір даулы мәселе туа қалса, ел «үлкеніне», би-шешендерге жүгінген.

Қазақ заңдары «Құран кәрімнен» бастау алып, Шыңғыс хан бекіткен әдет, құқық, әскери тәртіп жүйелері, Ақсақ Темірдің құқық заңдары негіздерінде жасалған.

Қазақ әділет, әдет, ғұрып заңдарының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерінің орны мүлде бөлек. Бұл «Жарғы» деп ат алған қазақ халқының алғашқы Ата заңы. Оның негізін салған қазақтың әйгілі қайраткері, қолбасшысы Қасым хан Жәнібекұлы. Ол бұрынғы қолданылған әдет-ғұрып, салт-дәстүр ережелерімен бірге ел, мемлекет басқару жолын жасаған. Бұл жарғы: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жолдары, жұртшылық заңы деген негізгі бес тараудан тұрды. Жарғы (заң) әділдік пен тәртіптің үлкен үлгісі ретінде қабылданып, ел ішіне кеңінен тарады. Кейін ХҮІІ ғасырда мұны Есім хан күшіне енгізді, яғни толықтай қолданды. Сондықтан халық оны «Есім ханның ескі жолы» деп дәріптеген еді.

Бұл екі заң әз Тәуке тұсында одан әрі жетілдіріліп, оған жаңа құқық тараулар енгізілді. Мемлекеттік, құқықтық, азаматтық ережелер негізін жасауға атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би және Әнет баба қатысты. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолын» негізге ала отырып (нақтылай айтсақ ондағы заң тарауларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп), жесір дауы мен құн дауы деген тағы екі тарау қосты. Сондықтан оны «Жеті жарғы» деп атады. Ол бүкіл қазақ жұртына белгілі әділетті заң ретінде танылды.

Жалпы, қазақ заңдары ұлттық салт, әдет-ғұрып, дәстүрлерден де көрініс табады. Олардың көпшілігі заң ретінде де қолданылады. Яғни, халқымыздың дәстүр, салтының да заңдық негіздері бар. Ұлттық дәстүрлерді құрметтеу де осы заң арқылы бекітілген.

Қазақ заңдарын жүзеге асырушы билер мен шешендер, қазылар. Олар ел ішіндегі қылмыстық істерді шариғат, дін жолын қолдана отырып шешкен. Билікке наразылық жасалса, оны хан қараған.

(«Жеті қазына» 3-кітаптан

алынған мәтінді өңдеп беруші автор)

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінге жоспар құрастырыңыз.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақ халқында ерте кездерде заң деген болды ма?

  2. Қазақтар заң шығарғанда нені басшылыққа алған?

  3. Қазақ заңдары неден бастау алады?

  4. Қасым хан шығарған заң ережелері неше тараудан тұрады?

  5. «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңға Есім ханның қатысы қандай?

  6. Қасым хан мен Есім ханға қатысты заңды халық қалай деп атап кеткен?

  7. Тәуке хан шығарған заң неліктен «Жеті жарғы» деп аталады және ол заңды шығаруға кімдер қатысты?

  8. «Жеті жарғы» қандай заңның негізінде құрылды?

5-тапсырма. Төменде берілген ұғымдарға түсініктеме беріңіз.

Қылмыс, дау-шар, әділет істері

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Ата Заң

Ой түрткі:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы қашан қабылданды?

  2. Заңды кім шығарады және ол қалай күшіне енеді?

  3. Қазіргі кезе қоғамда «Адам басты құндылық» деген түсінік пайда болды, ол жайлы не айтар едіңіз?

  4. Қазақстанда адамның құқықтық қорғалуы қандай дәрежеде деп ойлайсыз?

1-тапсырма. Төменде берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз және бұларды орыс тіліне аударыңыз.

заң күшіне енді -

Ата Заң -

заңға бағынамыз -

Конституцияға сай -

тәртіп сақтау -

қалыптасқан -

құжат -

қамтылған -

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы негізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді ажыратыңыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Қазіргі Конституция 1995 жылдың 30 тамызы күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтердің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған екінші конституция. Алдыңғы конституция 1993 жылы28 қаңтардақабылданған болатын.

Қазақ елі Конституцияларының жалпы тарихына келетін болсақ, ол бес рет қабылданған болатын. Ең бірінші Конституция 1926 жылы қабылданған Қазақ АССР Конституциясы. Бұдан кейін 1937 жылы және 1978 жылы қабылданған Қазақ ССР Конституциясы, 1993 және 1995 жылдары қабылданған тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы.

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақ халқы бұрындары қандай заңдарға сүйенген?

  2. Қазақ елінде барлығы неше рет Конституция қабылданған?

  3. Қазақ елінің Конституцияларын жылдарымен атап беріңіз.

  4. Оқу құралына сүйеніп, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған соңғы Конституцияның ерекшелігі неде екенін айтыңыз?

4-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін бойынша жұп болып сұхбаттасыңыз.

5-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

  • Отан – отбасынан басталады.

  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

  • Отан үшін отқа түс – күймейсің.

  • Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

  • Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, ғибрат алыңыз.

Бірде қаз дауысты Қазыбек биден бір пақыр «өмірде не қымбат?»,- деп сұрапты. Сонда би:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын – анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

-деп жауап беріпті.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы

Ой түрткі:

  1. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі бар ма, бар болса, ол қай күн?

  2. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Сіз үшін қай тілде ойыңызды жеткізу оңайырақ?

  4. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне жетуі үшін сіз не істей аласыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, төрт-бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңыз.

официальный -

разговорная речь -

государственный -

литературный язык -

международный -

язык общения -

научный стиль -

коммуникация -

деловой стиль -

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыз.

Бүгінгі жастар ..... қайда бастап бара жатқанын, өмірде тілдің қаншалықты .... орын алатындығын да түсінеді. Араларында екі-үш, тіпті төрт-бес тілді қатар, .... меңгергендері де бар. Алыс-жақын ...... саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстарда мұндай мамандарға қашанда сұраныс .... . Тіл білудің түрлі сипаттағы байланыстармен қатар тарихымызды түгендеуде де берері .... Араб, Иран, Үндістан, Қытай, т.б. секілді көп ғасырлық жазба дүниелері сақталған іргелі ....... байырғы қилы қарым-қатынас тарихын, сол елдерде жатқан өзімізге қатысты тарихи ...... іздестіріп жинап, мәдени .... қорын жаңа дүниелермен толықтыру шығыс тілдерін терең ...... мамандардың күшімен ғана жүзеге аспақ.

3-тапсырма. ҚР Конституциясының 4-бабында айтылғандарды оқып, жаттап алыңыз.

Қазақстан Республикасының Ата заңы – Конституциясында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.

Қазақ тілі 1989 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік мәртебе алды. Содан бері ҚР Тілдер мерекесі күні 22 қыркүйек болып белгіленді.

Конституцияның 7-бабында былай делінген:

 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.   Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

 Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

 Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

(Қазақстан Республикасының Конституциясынан)

4-тапсырма. Оқу құралындағы материалға сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан Республикасы Тілдер туралы заңда не туралы айтылған?

  2. Тіл туралы Заң неше тарау, неше баптан тұрады?

  3. Әр тарауда не жайында айтылған?

5-тапсырма. «Туған тілім – айбыным» тақырыбына эссе жазыңыз.

6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

1. Тіл ақылдың – өлшемі.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.

4. Тіл – достықтың алтын көпірі.

5. Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

8. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

9. Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,

Тіл айырар анасынан баласын.

12. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

13. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

14. Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді.

15. Ана тілің алпыс тілге татиды.

ІІ модуль: Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары

  1. Әлеуметтік сақтандыру түрлері

  2. Сақтандыру компаниялары

  3. Сақтықта қорлық жоқ

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары

Ой түрткі:

  1. Сіз қандай зейнетақы ұйымдарын білесіз?

  2. Қазіргі кезде адамдар неше жаста зейнетке шығады?

  3. Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз не?

  4. Әлеуметтік қорғауға нелер жатады?

  5. Мемлекет тарапынан халыққа қандай көмектер жасалады?

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен тақырыпқа сай шағын әңгіме құраңыз.

материальная помощь -

пенсия -

пострадавшие -

оплата -

объем -

зарплата -

финансовая помощь -

пенсионер -

рынок -

фонд -

потенциал -

взнос -

2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды. Бұл заң зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесін қалыптастырды. Ал 1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгертілді. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталатын болды.

Қазақстанда тұратын азаматтар әйел адам 58 жасқа келгенде, ал ер адам 63 жасқа келгенде зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар болып табылатын болды. Алайда ҚР-да әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері (әскери органдарда жұмыс істейтіндер) еңбек сіңірген жылдары үшін 45 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жетті деп есептеледі. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге әйелдер 45, ерлер 50 жасқа жеткенде зейнетақы төлеу де қарастырылған. Сонымен қатар бес және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жастан бастап зейнетақы төленеді. Азаматтардың зейнетақы жинақтары жеткілікті болғанда зейнетке ерте шығуға құқығы бар.

(Ғаламтор материалдарынан

жинақтап құрастырған автор)

3-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

келісімшарт негізінде -

қабылданды -

зейнетақымен қамтамасыз ету -

жаңа жүйе -

зейнетақы қорлары -

қаражат -

зейнетақы жарнасы -

салымшы -

кепілдік беру -

төлеудің тәртібі -

бағалы қағаздар -

зейнеткер -

4-тапсырма. «Сөз ішінен сөз шығар» ойыны.

Қазақстан, сақталатын, әлеуметтік, келісімшарт, қаражат, жарнасы

Үлгі: нарықтық – нар, нарық, нақ, нық, нақты, ар, ары, арық, арықтық, артық, арт, арты, тық, ық (солдан оңға қарай – дұрыс бағытпен); қыр, қан, қар, қын, қыран (оңнан солға қарай – теріс бағытпен), қытық, қатық, қанық, ырық, ықта, қырын, қарын, қақ, қары, қақыр, қытыр (ретсіз – араластыра құрастыру әдісімен)

5-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Жылжымайтын мүлік, қорғау, сақтау, сақтандыру, ел қамы, халық үшін, нарық кезеңінде, ұйымдар, қорлар, жақсылық, қамтамасыз ету

6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

Еңбек адамның көркі,

Адам заманның көркі.

Талабы жоқ жас -

Қанаты жоқ құс.

Біреу, біреуге сүйеу. 

Адамның күні адаммен.

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді,

Жаман күліп кетеді.

 

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Сақтандыру компаниялары және әлеуметтік сақтандыру түрлері

Ой түрткі:

  1. Сіз қандай сақтандыру компанияларын білесіз?

  2. Қалай ойлайсыз, сақтандыру компанияларының міндеті не?

  3. Сақтандырудың қандай түрлерін білесіз?

1-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып тақырыпқа сай шағын мәтін құрастырыңыз және бұл сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

қадағалау -

өкілдік -

әзірлеу -

бақылау -

ұйым -

құқық -

сақтандыру қызметі -

қауымдастық -

қаржы -

жүзеге асыру -

төлем -

cыйақы -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі – әлеуметтік сақтандыру. Cақтандыру дегеніміз сақтандыру ұйымдарының біреудің не бір ұйымның мүлкін, жекебасын келеңсіз оқиғадан қорғау мақсатымен жүргізілетін үрдіс. Ашып айтар болсақ, сақтандыру – азаматтарды қартайғанда, сырқат, не жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себебіне және т.б. жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

Сақтандыру компаниясы – азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға. Сақтандыру компаниялары, негізінен, ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бірақ коммерциямен айналыспайды.

Сақтандыру нысандарына Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады. Олар: жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру. Жеке басты сақтандыруға сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер жатаса, мүлікті сақтандыруға мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер жатады. Ал жауапкершілікті сақтандыруға сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянын өтеумен байланысты мүдделер жатады.

Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі (сондықтан да сіз жеке басыңызды не мүлкіңізді сақтандырғыңыз келсе, алдымен сол заңмен танысып алғаныңыз дұрыс).

(Ғаламтор материалдарынан құрастырған автор)

3-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Cақтандыру дегеніміз не?

  2. Сақтандырудың қандай түрлері бар?

  3. Жеке басты сақтандыру мүдделеріне нелер жатады?

  4. Мүлікті сақтандыру немен байланысты туындаған?

  5. Жауапкершілікті сақтандыру мүддесі дегеніміз не?

  6. Жеке тұлғалардың мүлкін кімдер сақтандыра алады?

  7. Сақтандыру қызметін кімдер және қалай жүргізеді?

4-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, айтылғандарды не құптаңыз, не теріске шығарыңыз.

Cөйлем

Шын

жалған

Дұрысы

Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз жеке тұлғаны біреуден қорғау.

Cақтандыру дегеніміз сақтандыру ұйымдарының біреудің не бір ұйымның мүлкін, жекебасын келеңсіз оқиғадан қорғау мақсатымен жүргізілетін үрдіс.

Сақтандыру компаниясы – тек қана жеке тұлғаларға қызмет етеді.

Сақтандыру компаниясы – зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Әлеуметтік көмек және жәрдемақы» Заңымен реттеледі.

5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

  • Жан ауырса тән азады,  Қайғы басса, жан азады. 

  • Жасырғанның жарасы асқынады.

  • Боранын бұрқыратқан қыстан,  Сай-сүйегіңді сырқыратқан  Сары уайым жаман. 

  • Үшнәрсенің алдын ал:  Аурудың алдын ал,  Жаудың алдын ал,  Қайта қозған даудың алдын ал. 

  • Айдалада атқан оқ  Ажалдыға тиеді.

  • Бас аманда мал тәтті,  Бас ауырса, жан тәтті. 

  • Күлегештің көңілі азбас,  Күтіншектің өзі азбас. 

  • Күлкі — ашылған гүл,  Көңіл — шашылған нұр. 

  • Жеңіл барып, ауыр қайт,  Аман барып, сау қайт. 

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Сақтықта қорлық жоқ

Ой түрткі:

  1. Қазақстан қандай елдермен шекаралас?

  2. Қазақстан ел тыныштығы үшін қандай сақтық шараларын жүргізеді?

  3. Елімізге қатер төнсе, сіз не істер едіңіз?

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

болашақ –

іргетас –

тұрақтылық –

cаясат –

тұтастық –

жағдай –

тыныштық –

бағыт –

басымдық –

жоспар –

қауіпсіздік –

мақсат –

күрес –

міндет –

шешім –

әлеует –

2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді ажыратыңыз.

Мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі үшін ұлт қауіпсіздігі мен мемлекеттілігі сақталуы қажет. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру қажет. Болашақ ұрпаққа қандай да бір ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар қалдырсақ, олар бізді кешірер, бірақ мемлекеттілігімізден айрылып, өз жеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Сондықтан да сыртқы «арам пиғылдылардан» (дін атын жамылған секталардан, түрлі митингілерден және т.с.с.) сақ болуымыз керек. Егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Сондықтан да Елбасы елдігімізді нығайту, елімізді дамыту мақсатында үнемі стратегиялық жоспарлар құрып, соның орындалуын назарда ұстауда. Болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Ел тыныштығы мен тұрақтылығын пайдалана отырып, біз Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайтуды көздеуіміз керек.

Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін, біріншіден, күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Екіншіден, «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізінде демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысты күшейту қажет. Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдалануымыз керек. Төртіншіден, еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеруге тиіспіз. Бесіншіден, Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуымыз шарт.

Біздің еліміз қазіргі кезде әлем бойынша ең бейбіт, тыныштық пен тұрақтылық дәрежесінде өмір сүріп жатқан бірден-бір ел. Дегенмен, қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Атамыз қазақ «Сақтықта қорлық жоқ» деп тегін айтқан емес...

(«Қазақстан – 2030» стратегиясы

негізінде мәтінді әзірлеген автор)

3-тапсырма. Төменде берілген сөздерді қатыстырып, тақырыпқа сай әңгіме құрастырыңыз.

Мемлекет, тәуелсіздік, ұрпақ, болашақ, жағдай, егемендік; қалау, алып беру, жол ашу, жалғастыру, шыға білу, сақтап қалу.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашыңыз, 1, 3, 4, 6, 11, 13, 14-ші мақалдарды жаттап алыңыз.

  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

- Бірлік – ынтымақ, байлық – бақ.

  • Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

  • Сырттан келген жаудан да,

Іштен шыққан дау жаман.

  • Ынтымақ болмай іс оңбас.

  • Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

  • Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

  • Бас жарылса, бөрік ішінде,

Қол сынса, жең ішінде.

  • Ел бірлігі – ел теңдігі.

  • Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

  • Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

  • Бірлікті ел бұзылмас.

- Бір кісінікі мақұл,

Екі кісінікі – ақыл.

  • Топтанып ұшқан торғайға,

Тұрымтай да бата алмас.

ІІІ модуль: Әлеуметтік құқықтар мен міндеттер

  1. Әлеуметтік құқықтың заңдық негіздері

  2. Экономикалық құқықтар

  3. Білім алу құқығы

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Әлеуметтік құқықтар мен міндеттер

Ой түрткі:

  1. Біздің мемлекетімізде адам құқығы қаншалықты дәрежеде сақталады деп ойлайсыз?

  2. Әлеуметтік құқық дегенді қалай түсінесіз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен шағын әңгіме құрастырыңыз.

общество -

взаймосвязь -

пространство -

подчиняется -

социум -

укрепить -

социальное положение -

улучшение -

процесс развития -

свобода -

2-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын тірек сөздерді көшіріп жазыңыз.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму үрдісінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынастарды реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Сондықтан бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Адам азаматтық қоғамның мүшесі болғандықтан да адам құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты. Қоғамдағы құқықтарды экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар деп бөліп қарауға болады. Бірақ бұл құқықтар бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде әлеуметтік құқықты жеке қарастыратын болсақ, ол физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктерін қоғамның мүмкіншіліктері шегінде адамның белсенді қызметі арқылы қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Ақпаратты не құптаңыз, не жоққа шығарыңыз.

Cөйлем

шын

жалған

Дұрысы

Адам құқығы тұрақты. Ол заңмен бекітілген, ешқашан өзгертілмейді.

Әлеуметтік құқық – физикалық, материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктерін қоғамның мүмкіншіліктері шегінде адамның белсенді қызметі арқылы қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені.

Жеке адамның құқығы ешбір құқықпен байланысты емес, ол өз алдына дербес категория.

Әлеуметтік норма қоғамдағы қарым-қатынастарды үнемі реттеп, басқарып отырады.

Қоғам дамып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады.

Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норманың әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молайып, күрделене түседі.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстанның ............ әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтар мен .............. барлығын толық иеленетіндігі көрсетілген. Елдің әлеуметтік-экономикалық және ......... даму деңгейіне сәйкес өмір сүріп тұрған ................ құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асу ......... күшейту және мазмұнын ........., көлемін арттыру мүмкін бола түсуде. Қазақстанда ............ қоғам, құқықтық мемлекет, ................ мәдениет кұру және қоғамның материалдық-техникалық .............. нығайту Қазақстан Республикасының Конституциясында: ............ қамтамасыз етілу құқығы; мәдениет ............... пайдалану; ............ қызмет құқығы; мемлекеттік және қоғамдық ........... олардың кызметін жақсарту жөнінде .............. енгізу құқығы; лауазымды адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың әрекетіне ............. сияқты азаматтардың жаңарған, жаңа құқықтарын жариялауды мүмкін етіп берді. Еркін еңбекке, демалысқа, денсаулық сақтауға, білімге және т.б. деген құқықтың мазмұны мен кепілдігі ........... кеңейді.

Қажетті сөздер: кәсіпкерлік, кеңейту, шағымдану, баспанамен, ұйымдарға, конституциялық, бостандықтардың, мәдени, жетістіктерін, құқықтық, кепілдігін, базасын, демократиялық, ұсыныс, азаматтары, айтарлықтай