Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк жаластырушы 2015.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

2 Сабақ

Лексикалық тақырып: Экономикалық құқықтар

Ой түрткі:

  1. Экономикалық құқық дегенді қалай түсінесіз?

  2. Қалай ойлайсыз, мемлекеттік қаржы, мемлекеттік қазына деген не және ол не үшін қажет?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

мемлекеттік бюджет –

өтпелі кезең –

ақша қорлары –

тигізер ықпалы –

бюджеттік тапшылық –

бірінші кезекте –

бюджеттен тыс –

жергілікті деңгейде –

қаржылық ресурстар –

құқықтық тұрғыдан –

әлеуметтік-экономикалық даму процестері –

нормативтік қаулылар –

жұмсалатын шығыстар –

пайдалануға қолайлы –

Президенттің жарлықтарына сәйкес –

құрамдас бөлігі –

қорларды қалыптастыру көздері –

мақсатқа бағытталған –

мүддені қамтамасыз ету –

зейнетақы қоры –

мақсатқа сай пайдалану –

ақшалай қаражат –

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз және түсінгеніңізді айтыңыз.

Мемлекеттік қаржы – нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін құрал. Ал қаржылық құқық – әлеуметтік-экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал. Мемлекеттік қаржы экономикалық қатынастардың жиынтығынан тұрады. Ал ондай экономикалық қатынастарға мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жатады.

(Е. Баянов Қазақстан Республикасының мемлекеті мен

құқығының негіздері. 2-ші кітап. - Алматы, 2009. -11бет (– 368 бет))

3-тапсырма. Оқу құралын пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мемлекеттік қаржы дегеніміз не?

  2. Мемлекеттік қаржы не үшін керек?

  3. Қаржылық құқық деген не?

  4. Экономикалық қатынастарға нелер жатады?

  5. Материалдық мағынасында мемлекеттік қаржы не үшін қажет?

  6. Мемлекеттік қаржылардың функцияларына нелер жатады?

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

  • Ақша дүниені шыр айналдырады

  • Тиыннан теңге құралады

  • Ажалдан ақша беріп құтылмас

  • Алтын шыққан жерді белден қаз

  • Ұры байымас,

Сұқ семірмес.

  • Байға құл болғанша,

Байғұсқа ұл бол.

  • Тіл – шекер,

Байлық – кетер.

3 Сабақ

Лексикалық тақырып: Білім құқығы

Ой түрткі:

  1. Білім құқығы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Қазақстанда білім беру қалай жүзеге асырылуда?

  3. Сізді еліміздегі жалпы орта білім беру және жоғары білім беру жүйесі қанағаттандыра ма?

  4. Еліміздегі білім беру жүйелеріне қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

құқық –

азаматтық –

құқықтық қатынастар –

тараптар –

заңда көрсетілген –

ықпал –

заң жүзінде тең –

ерекшеліктер –

2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді жазып алыңыз.

Қазақстан Республикасында білім алудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ол дегеніміз жасөспірім балалардың орта білім алуға міндеттілігі. Екіншіден, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Үшіншіден, қазақстандық кез келген азамат ҰБТ нәтижесі негізінде төлемақылы негізде жеке меншік оқу орындарында да білім алуға құқылы. Жеке меншік оқу орнында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің жалпыға міндетті нормаларын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға сай болуы керек.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жаңа замандағы әлеуметтік-экономикалық және ............. қайта жаңарулар оңай емес міндеттерді алға қояды, олардың көбі білім институтын қалыптастырумен байланысты. Осыған орай, қазіргі заманғы қоғамдық дамудағы ........., бүкіл мемлекеттің және әрбір адамның бәсекелесуге ............... арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

............. білім беру жүйелері дүниежүзілік білім ............ ықпалданусыз дами алмайды.

Қазақстан білімге негізделген қоғамды құрудағы ең тиімді әлемдік ............. өз білім жүйесінде қолдануда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, білім реформасы  «мемлекетіміздің әрбір .............., тиісті білім және біліктілікті алғаннан кейін, әлемнің кез келген .................. талап етілетін маман бола алатындай» деңгейге жетуі тиіс.

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық ................ ............... мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ............... отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық ........ мен ұлттық ................ өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне ....... ......... талап ете отырып әсерiн тигiзедi.

(Бекмуратова С.Н.)

Қажетті сөздер: ұлттық, ықпалдаса, қабілеттігін, қуаты, мемлекеттерінде, тәжірибелерді, қауiпсiздігiнiң, техникалық, нарықтық экономикалы, сай болуды, білім, кеңістігіне, азаматы.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

Білім басы – бейнет,

соңы – зейнет.

Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні кәріп. 

Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

Жердің сәні – егін,

Адам сәні – білім.

Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Ілім – жанып тұрған шырақ.

Ғылым – теңіз,

Білім – қайық.

Көзі жоқ, құлағы саудың

Ақылы толады.

Құлағы жоқ, көзі саудың

Ақылы солады. 

Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар

Көп жасаған білмейді,

Көп көрген біледі.

Тіліңмен жүгірме,

Біліммен жүгір.

Кітап – алтын қазына.

Алтын алма, білім ал.

ІҮ модуль: Жарнама

1 Жарнама ақпараттың бір түрі

2 Жарнама сауаттылығы

3 Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Жарнама ақпараттың бір түрі

Ой түрткі:

  1. Жарнама дегеніміз не?

  2. Жарнаманың қоғам және адам өміріндегі маңызы қандай?

  3. Қалай ойлайсыз, жарнама қашан пайда болды?

  4. Қазіргі жарнамаға сіздің көңіліңіз тола ма?

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

реклама –

процесс –

рекламировать –

ценность –

научно-технический –

социум –

научно-практический –

нужда –

объявление –

продажа –

оформление –

информация –

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Жарнама (франц. reclame, лат. reclamo – жар саламын) – тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама. Ол өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылыс. Жарнама негізінен белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары немесе қандай да бір тауар, жылжымайтын мүлік туралы хабар таратып, оларды әйгілеу мақсатында теледидар, радио, газет-журналдар, ғаламтор сияқты ақпараттық құралдар арқылы жүргізіледі. Соңғы кезеңдерде жарнаманы билборд арқылы беру де сәнге айналған. Бұл тауар өнімін көптеп сатудың бірден-бір көзі. Және оны адам мұқтажын өтеудің, оның уақытын үнемдеудің де бір жолы деп түсінуімізге болады. Демек жарнама хабарламалық, назар аудартушылық сипн ерекшеленеді.

Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын. Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне айналды. Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер бола отырып, жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде де көріне бастады.

Жарнама сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет үдеткіші» де болып отыр. Өркениетті тіршіліктің негізін құрайтын ұстынымдардың біріне айналған жарнама төңірегінде зерттеушілер мен практик мамандар тарапынан түрлі пікірталастардың туындағанына көп болды. Зерттеушілердің көбі оны ғылымның арнайы бір саласына жатқызса, практиктер басқару, кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді, ал жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар оны шығармашылық үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды. Бұл пікірлердің қай-қайсысында да шындық жатыр.

(Ғаламтор материалдарынан өңдеп беруші автор)

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді негізге ала отырып, досыңызбен жарнама туралы сұхбат құрастырыңыз.

4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Жарнаманың түрлері көп. Оларды өз ішінен сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.с.с. деп ажыратуға болады.

Қазіргі заманғы жарнаманы өмірге әкелген факторлар қатарына:

  • экономикалық факторлар (өнеркәсіптік революция);

  • ғылыми-техникалық прогресс (коммуникацияның озық әдістерінің-телефонның, телеграф пен радионың, кинематографтың пайда болуы);

  • әлеуметтік өзгерістер (халық санының өсуі, бұқара санасының оянуы, көші-қон үдерістерінің жеделдеуі);

  • мәдени ілгерілеушілік (қала мәдениетінің басым бола бастауы, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың көрініс беруі) жатады.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Жарнама сауаттылығы

Ой түрткі:

  1. Қалай ойлайсыз, жарнамаға сауаттылық керек пе?

  2. Жарнама сіз үшін не?

  3. Сіз жарнамаларға жиі назар аударасыз ба?

  4. Егер жарнамадан қате көрсеңіз сіз не істейсіз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

сауаттылық -

жарнаманың даму үдерісі -

ағартушы -

саяси өмір -

қоғам қайраткері -

қоғамдық қатынастар -

мәдениеттанушы -

ақпараттық төңкеріс -

өркениет -

кеңінен тарау -

қалыптасуы -

тікелей байланысты -

шартты түрде -

әсерін тигізу -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Жарнама негізінен Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы мен «Жарнама туралы» Заңына сай жазылып, орындалуы тиіс. Мекеме басшылары, қожалық иелері мекеме атаулары жазылатын тақтайшаны болса да, банер, билбордтарды болса да негізінен жарнама агенттіктеріне тапсырыс беру арқылы жасатады. Және ол аз ақша тұрмайды. Алайда кейде сауда үйлерінің маңдайша тақтайындағы, ақпараттық тақтайшалардағы, көшедегі билбордтардағы, асхана прейскуранттары мен баға көрсеткіштеріндегі жазуларда өрескел қателер ұшырасып жатады. Өкінішке орай, қателердің көбі дүкен (кафе, мейрамхана, шаштараз, т.б.) атауының қазақша нұсқасында болады. Ол қазақ әріптерінің қате берілуі, түсіріліп кетуі, кейде басы артық қазақ әріптерін жазып қоюы, орфография, грамматика заңдылықтарын сақтамау сияқты қателер. Сондай-ақ жарнамалық тақталарда «Тілдер туралы» Заң талаптары да сақтала бермейді. Бұл сол дүкен (мейрамхана, шаштараз, кафе, т.с.с.) иесінің сауатсыздығын ғана емес, мәдениетінің төмендігін де көрсетсе керек. Дүкен иесі, не жарнама беруші тілді жетік білмеген болса, жергілікті жердегі Тілдер басқармасының, я мамандандырылған аудармашылардың көмегіне жүгінуі қажет.

Қазіргі талапқа сай мекеме, дүкен, т.с.с. атаулары екі тілде берілуі тиіс. Және мемлекеттік тілдегі атау бірінші тұруы шарт. Осыған орай көбіне ақша үнемдеу мақсатында стилдік, я грамматикалық қателер бой алуда. Мысалы, кафе атауы жазылғанда «Әсем» кафесі Кафе «Асем» болуы керек. Алайда көптеген кафе атаулары Кафесі «Әсем» деп берілген. Ал зат есімге тәуелдіктің ІІІ жағының (-сы, -сі, -ы, -і) жалғауы оның алдында анықтауыш болған жағдайда ғана жалғанады. Ендеше Дүкені «Аружан» емес, «Аружан» дүкені болуы керек. Мұндай қателіктер бой алса, қазақ тілін үйреніп жүрген басқа ұлт өкілі оны солай қабылдап, тілді үйренуде қателіктер жіберіп, түсінбеушілік пайда болады.

Кейде біз калька тәсілімен аударылған және орыс сөздерін аудармай, оған қазақ қосымшаларын жалғай салып берген жарнамаларды да кездестіреміз. Мысалы, Строительные товары оптом и в розницу - Құрылыс заттары көтерме және бөлшек (дұрысы «Көтерме және бөлшек сатылатын құрылыс заттары болуы керек) немесе Ремонт автомобилейАвтомобильдер жөндеу (дұрысы «Автокөліктерді жөндеу»).

Негізінен қожалық иесі, мекеме бастығы мекеме атауы жазылған маңдайша тақтай мен жарнамалық тақтайшаларға үнемі назар аударып жүргені дұрыс. Себебі табиғат құбылыстарымен, не басқа да жағдайлармен байланысты кейде ол жазулардағы әріптер түсіп қалады да, оны оқыған адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырады (не түсініксіз әріптер тізбегі шыға келеді). Мысалы, «Ақ ниет» мейрамханасы дегендегі «х» әріпі түсіп қалса, ол «Ақ ниет» мейрам анасы, Сауда орталығы дегендегі «с» әріпі түсіп қалса, ауда орталығы, Сауықтыру мекемесе дегендегі алғашқы әріптер түсіп қалса, уықтыру кемесе болып шыға келеді. Сондай келеңсіздікті болдырмас үшін жарнамаға немқұрайлы қарауға болмайды.

3-тапсырма. Мәтінде берілген негізгі ақпаратқа баға беріңіз.

4-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрып, ой өрбітіңіз.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

привлекает -

не нужные материалы -

порядок -

психологичаская атака -

собственность -

пустая трата времени -

стабильность -

поставить цель -

запрещать -

непосредственно -

специально -

незаметно -

регулярно -

незамечает -

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы. Жарнама – жар және нама деген екі сөзден тұрып, «жар» - жария, мәлімдеме, хабар, жариялылық; «нама» - араб, парсы тілдерінде «жазылған хат, дастан» дегенді білдіреді.

Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай: а) сыртқы жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, панно, плакаттар); ә) теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер); б) парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштері); в) газет жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері) деп бөлінеді.

Қазіргі таңда жарнама орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Және орыс тілінде қалай жазылса, үтір, нүктесіне дейін қазақ тілінде солай жазу да кездеседі. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы, қиыстыру жүйесі ескерілмейді. Сондықтан жарнама аудармаларын оқығанда, не оқып, не түсінгеніңді білмей де қаласың. Негізінен жарнама қазақ тілінің семантикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтап қазақ тілінде әзірленуі керек.

Тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің жарнамаланып отыруын реттейтін жарнама агенттіктері қажет. Және ол агенттіктерде мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ халқының этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандар мен аудармашылар жұмыс істеуі тиіс.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жарнама дегеніміз не?

  2. Жарнама қалай беріледі?

  3. Таралу жолдары мен қамтитын тақырыптарына қарай жарнаманың қандай түрлері бар?

  4. Жарнаманың негізгі қызметі неге байланысты?

  5. Жарнама қалай әзірленуі керек?

  6. Жарнама агенттіктеріне қойылатын талап қандай болуы қажет?

  7. Жарнама қандай заңдарға сүйеніп жасалады?

4-тапсырма. Жағдаяттық тапсырмаларды орындаңыз.

  1. Сіз қазақ тілін оқыту орталығын ашқалы жатырсыз, өз орталығыңызды жарнамалаңыз.

  2. Сіз осы оқу орнының ректорысыз өз оқу орныңызды жарнамалаңыз.

  3. Сіз осы мамандықты дайындайтын кафедраның меңгерушісіз, өз мамандығыңызды жарнамалаңыз.

  4. Сіз кеңсе тауарлары дүкенін ашқалы жатырсыз, дүкеніңізді жарнамалаңыз.

  5. Сіз жарнама агенттігінде жұмыс істейсіз, сіздерге жылжымайтын мүлікті жарнамалауға тапсырыс берілді, не істер едіңіз (бірнеше жарнама үлгілерін әзірлеңіз).

  6. Сіз Қазақстан туризмі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама дайындаңыз.

5-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді оқып, түсіндіріңіз.

  • Сапасыз көп жұмыс бітіргенше, сапалы бір істі тындырған абзал.

  • Білімді адам мен білімсіздің айырмашылығы тірі мен өлінің айырмашылығына пара-пар.

  • Тәрбие – бақытты кезіңде басыңа көрік береді, бақытсыз кезіңде басыңа пана болады.

  • Кез келген адам қателеседі, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін ешқашан мойындамайды.

  • Ақылыңа ақыл қосатын сөзді есту ғанибет.

Ү модуль: Ұлылық ұлыдан

  1. Ұлылардан қалған сөз

  2. Халықаралық сыйлықтың лауреаты

  3. Ұлық адам қызық адам

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлылардан қалған сөз

Ой түрткі:

  1. «Ұлы» сөзі қандай мағына береді?

  2. Қандай ұлы адамдарды білесіз, солардың ішінде қазақ ұлылары кімдер?

  3. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегенді қалай түсінесіз?

  4. Өмірде өзіңіз істеген істеріңіздің ішінен «ұлы іс» деп айта алатындайы бар ма?

  5. «Ұлыстың ұлы күні» деп қай күнді айтады?

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

великий -

отрывок -

отдалятся -

знаменитый -

произведение -

сблизится -

известный -

сон -

охватывает -

мудрый -

наяву -

отказыватся -

гениальный -

надежда -

ложь -

ученый -

величие -

философ -

лекция -

движение -

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ұлағатты сөздердің мағынасын түсіндіріңіз және өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Аристотель біздің дәуірімізге дейін 384-322 жылдар шамасында өмір сүрген ұлы ойшыл және данагөй ғалым. Ол Афинада Платоннан дәріс алған. Өзі Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқырнайынның) ұстазы болған. Аристотельдің шығармашылығы сол замандағы барлық білім салаларын кеңінен қамтиды.

Аристотельдің айтқан ұлағатты сөздерінен үзінді:

  • Үміт – өңіңдегі түсің.

  • Өмір қозғалысты қажет етеді.

  • Жеке адамда және жалпы барлық адамдарда белгілі мақсат болады, сол мақсатқа жету жолында олар бір нәрсеге ұмтылады, бір нәрседен жырақтайды.

  • Ақиқатты жалғандықтан арашалау үшін ең қымбаттың мен ең жақыныңнан да бас тарту – адамгершілік парызың.

  • Ұзақ уақыт қозғалыссыз жата беру адамды аздырады және тоздырады.

  • Ғылымда алға шыққанымен, адамгершілік жағынан тонала бастаған адам ілгері емес, кейін кетіп бара жатқан адам.

  • Әрнеден тек күлкі іздеп отыру, ұсақтықтың белгісі. Өйткені күлкі шақыратын жағдай көбірек сияқты, әрненің тек бетін ғана қалқитындар соны ғана байқайды.

(«Тіл кабинеті» әдістемелігінен)

2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

Конфуций ілімінің қысқа әрі нұсқа тұжырымы Қытайдағы Ци мемлекеті патшасының «елді қалай билеуге болады?» деген сұрағына берген мына жауабынан айқын көрінеді:

- Патша – патша болуы керек, етікші – етікші, әке – әке, бала – бала болуы тиіс. Әркім өз орнын білсе – жеткілікті, - деген екен ол.

Сол дәуірлерде ғұмыр кешкен Цзи Вэнь Цзы есімді шәкірті әр ісін үш рет ой елегінен өткізіп барып, іске кіріседі екен дегенді естігенде, Конфуций «екі рет ойланса да аз емес» депті.

Конфуцзий күнделікті тіршілігінде тәртіпті ұнатады екен. Біреудің баспана есігі алдындағы төсеніші жөнсіз жатқанын байқаса, ол үйге бас сұқпай өтіп кететін болған.

Ұлы ойшыл бірде шәкірттеріне:

- Адамдар үшін от пен судан гөрі бір-біріне деген шынайы ықылас, сыйластық қымбат. Мен суға батып бара жатқан немесе өртенгендерді құтқару үшін дереу от пен суға бас қоя еніп, көз жұмғандарды көрдім. Бірақ адамдарды жақсы көргеннен қайтыс болғандарды кездестірмеппін, -депті.

Конфуций саналы ғұмырында төрт нәрседен қашық болуға тырысқан:

  • Бос қиялға берілмеген.

  • Пікірін ешқашан үзілді кесілді айтпаған.

  • Бірбеткей болудан сақтанған.

  • Тәккапарсынуды қаламаған, өзін қарапайым ұстаған.

(«Тіл кабинеті» әдістемелігінен)

3-тапсырма. Төменде берілген даналық сөздердің мәнін ашыңыз.

  1. Дән көтерген құмырсқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой (Фирдоуси)

  2. Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық (Абай).

  3. Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол – тіршілік арқауы (Венналин Франклин).

  4. Уақыттың босқа кеткеніне оны бағалайтын адам ғана қиналып, қынжылады (Иоганн Гете).

  5. Уақытты қысқартқың келсе, бос қара да отыр (Антон Чехов).

  6. Төзім тамаша қасиет, бірақ ұзақ төзуге уақыт жоқ (Мұхтар Әуезов).

  7. Дүниеде үш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн – қайтып оралмайды (Даумер).

(Ғаламтор материалдарынан)

4-тапсырма. Ұлылар мен ұлылық туралы айтылған даналық сөздерді оқып, олардың мәнін ашыңыз.

  • Ұлы адамға да жағдай керек, онсыз оның орны бос қалуы мүмкін.

  • Ұлының өзімен кездеспесең де, сөзімен кездесуге асық, көңіл қиялыңдағы арманыңа жетесің.

  • Ұлы адам періштеден ары болмаса, кем емес.

  • Ұлы адамдардың өзі біртұтас әлем, көрген сайын көре бергің келеді.

  • Ұлы адамның белгісі, біз елемегенге көп мән беріп, көрмегенді көріп көрікті етуінде.

  • Ұлылардың есімін ғана жаратқанның есімімен қатар қою керек, бұл тарихи әділеттілік.

  • Ұлы дәуірдің адамдары да ұлы. Мысалы: М.Әуезов, Қ.Сәтпаев, О.Сүлейменов, М.Мақатаев, Д.Қонаев, Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов, т.б.. Қазақ елі ұлыларға толған сайын көркейе бермек.

  • Ұлы адамдарда көрінбейтін қанат бар, әлемді шарлап кетеді.

  • Осалдық болмай, ұлылық жоқ. Кемшілік ұлы адамдарды іздеп жүреді.

  • Келешекті жақсартуды, жақындатуды ұлы адамдардан үйрену керек.

  • Қай салада болмасын, еңбек етіп, сол еңбегінің нәтижесін көріп, ал ол нәтиже халық игілігіне айналса, сол адамдарды ұлы дейді.

  • Ұлының бір еңбегінен мың адам ризығын тауып жүр.

  • Кемеңгерді уақыт күтеді, кемеңгер уақытты күтпейді.

  • Ұлы адамның еңбегінің соңына түс, оқы, ізден, үйрен, түсінетін сәтің келеді.

  • Ұлылықтың дауы көп.

(«Даналардан шыққан сөз»)

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Халықаралық сыйлықтың лауреаты

Ой түрткі:

  1. Сіз халықаралық сыйлықтардың лауреаттарын білесіз бе?

  2. Халықаралық сыйлық не үшін беріледі?

  3. Өзіңіз білетін адамдардың ішінде халықаралық сыйлыққа лайықты дейтіндей адамдар бар ма?

1-тапсырма. Төменде берілген сөздермен әңгіме құрастырыңыз және бұл сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Халықаралық сыйлық, сый-сыяпатқа лайық, талай тұлғалар, данышпан, ғұлама, нағыз ғалым, өз ісінің шебері, мол мұра, ұрпаққа үлгі, еңбекқорлық, қажырлылық, табандылық.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, досыңызбен ақын жайлы сұхбаттасыңыз. Өзіңіз білетін ақындар жайлы не айтар едіңіз.

Қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шаханов – «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шетелдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мұхтар Шаханов қандай сыйлықтардың иегері?

  2. М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін қашан және қандай медаль берілді?

  3. М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін қандай атақ берілді?

  4. Мұхтар Шахановты «Нобельдің Алтын медалімен» қайда марапатталды?

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді нақышына келтіре оқыңыз да, олардың мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Жердің көркі – орман, тоғай, бұлақ,

.......... . ......... – қала, қыстақ, тұрақ.

  1. Ағаш жапырағымен көрікті, жер .............. көрікті.

  2. Арық қазған су ішер, араздасқан ...... ішер.

  3. Қыс – қыс сияқты болсын, қыз – ........... ....... болсын.

  4. Жаман көлдің суы ащы, жаман әйелдің .......... ащы.

  5. Тау мен тасты сел бұзар, адамзатты ....... бұзар.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлық адам қызық адам

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Өмірде талай қызық бар. Кейде өзің бір қызық жағдайға тап болсаң, кейде қызық жағдайдың куәгері болып жатасың. Ұлы адамдардың да бойынан кейде қызық қасиеттер байқалып жатады. Кейін оқу бітіріп, өмір жолына түскенде дөңгелек дастархан басында туған-туыс, дос-жарандармен әңгіме дүкен құрғанда айта жүрсін деп, төменде ұлы адамдардың басынан өткен жағдайлардан үзінді беріп отырмыз (автор).

Ұлы Абай Семей қаласының кітапханасына кіріпті. Қазақша киінген зор денелі адамды (Абайды) көрген, сол залда отырған қаланың бір чиновнигі кекесінді үнмен:

- Бұл кітапханаға қашаннан бері түйелер келетін болған? – депті дауыстап. Сонда Абай:

- Мұнда түйелер білім іздеп кеп тұр ғой, ал есектер неғып отыр, - дегенде жұрттың бәрі ду күліпті. Әлгі есер чиновник кірерге тесік таппай, жерге қарап отырып қалыпты.

Кедей ақын Көкбай бір-екі жерде бай болыстарды мақтап, сонысы үшін байлар оған ат мінгізген екен. Оны естіген Абай ренжіп Көкбайға: «Мен сені дүние-малға сатылмайтын турашыл ақын деп ойлайтын едім, мұның қалай?» - деп ренжіпті. Сонда Көкбай: «Жігітке кедейшілік үлкен салмақ. Жүргем жоқ біреуді алдап, біреуді арбап. Қысқа жіп күрмеуіме келмеген соң, жібердім ар жағына кендір жалғап», - дегенде Абай оның жауабына риза болған екен дейді.

Сәбит Мұқанов үлкенмен де, кішімен де шүйіркелесіп тез сөйлесе кететін ақкөңіл адам болған. Бір күні Алматының бас поштасының алдында бір жас жігіт сәлем береді. Кісімісіп, я танымадым деп тұратын Сәбең бе?! Керісінше:

- Иә, бала, амансың ба, келін аман ба? -депті салған жерден.

- Мен әлі үйленгенім жоқ, - депті, жігіт ұялып.

Сонда жолын тауып кетіп Сәбең:

- Е, білем ғой, шырағым-ау, сенің шешеңнің өзі маған келін болады ғой, - депті де, - ал бұл жерге қашан келдің? – деп сұрайды.

- Мен осында тұрамын ғой, Сәбе, -десе, - Е, оны білем ғой, мен міне тап осы жерге қашан келдің деп тұрмын ғой,- деп Сәбең таяғының ұшымен жерді түртіпті.

Сәбең «дұ-рыс» деген сөзді көп айтады екен. Бір күні қаламгер Қасым Қайсенов Сәбеңе телефон соғып: «Сәбе, ауырып қалдым», - десе, Сәбит Мұқанов: «Дұ-рыс», - дейтін көрінеді. Оны түсінбей қалған Қасекең: «Көзіме ота жасайтын шығар», - десе, Сәбит тағы да: «Дұ-рыс», -депті. Сонда әріптесі енді не дер екен деп: «Бір көзіңді алып тастаймыз дейді»,- депті. Сәбең тағы да: «Дұ-рыс», - депті. Шыдай алмай кеткен Қасым:

- Ойбай-ау, Сәбе, оның несі дұрыс?! – депті ренжіп, сөйтсе Сәбекең: «Ә, бұл дұрыс емес екен», - депті.

Жаңа талаптанып жүрген жас жазушының бірі Ғабит Мүсіреповтен:

- Ғабе, қолаң шаш деген не? - деп сұрапты. Сонда қолаң шаштың не екенін білмеген жазушысымаққа Ғабең жақтырмай бір қарап алыпты да:

- Қолаң шаш деп осы күні жапон шампунімен жуылған шашты айтады, - деген екен.

(«Деген екен». – Алматы, 1984. -78-85 бб.)

2-тапсырма. көп нүктенің орнына керекті сөз не сөз тіркестерін қойыңыз да, айтылған ойдың мағынасын түсіндіріңіз.

1. ...қарай кісіні ал, кісіге қарап ... алма (Абай).

2. ...көркі – тіл, тілдің көркі –... (Ж Баласағұни).

3. Әр халықтың – білімнің кілті (А.Жұбанов).

4. Кей... асылды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, тұратын шағы бар (М.Әуезов).

5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген ... толық мәнді интеллигент емес деуге болады (М.Әуезов).

6. Ана тілін тек ……. ғана менсінбейді, ..... қана аяққа басады (Ғ.Мүсірепов).

3-тапсырма. «Ұлық адам – қызық адам» дегенмен келісесіз бе? Ой бөлісіңіз.

4-тапсырма. Махмұт Қашқари айтқан көсемсөздерді нақышына келтіре оқыңыз, өзіңізге ғибрат алыңыз.

  • Алатын – арыстан, Қарыздар – тышқан.

  • Атан жүгіндей ас болса да, аш адамға аз көрінеді.

  • Айламен арыстан ұстауға болады, қара күшпен қуыршақ та ұстай алмайсың.

  • Кісі аласы ішінде,

Жылқы аласы сыртында.

  • Бөтен кісінің малы мал болмайды.

  • Дос адамнан артық нәрсе алмас болар.

  • Қаз көтерілсе, үйрек көлді иемденер.

  • Бар жақсылықтың басы – тіл.

  • Бес саусақ бірдей емес.

  • Арпасы болмай, ат асудан өте алмайды,

Сүйеніші болмай, батыр соғысқа кіре алмайды.

  • Жылан өзінің иір-иір екенін білмейді,

Түйенін мойнын иір дейді.

  • Жалқауға бұлттың көлеңкесі де жүк болады.

  • Жаны тоқ адам тез қартаймайды.

  • Азығы бар адам арымайды.

  • Aт теппейді деме,

Ит қаппайды деме.

  • Алыппен күреспе,

Бектермен тіреспе.

  • Тай ат болса – ат тынығады,

Ұл өссе – әке тынығады.

  • Жуаспен жұлыссаң да, ұятсызбен ұстаспа.

  • Кеңескен білім өседі, Кеңеспеген білім өшеді.

(Махмұт Қашқари)

ҮІ-модуль: Қазақстан және сыртқы саясат

1 Халықаралық қатынастар

2 Қазақстан дипломатиясы

3 Бизнес тілі

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Халықаралық қатынастар

Ой түрткі:

  1. Халықаралық қатынас дегеніміз не?

  2. Біріккен ұлттар ұйымы туралы не білесіз?

  3. Біріккен ұлттар ұйымын қысқаша қалай атайды?

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

экономикалық құрылым -

ғаламдану процесі -

басымдық берілетін бағыттар -

сыртқы саясат -

географиялық орналасуы -

ұлттық мүдде -

халықаралық ынтымақтастық -

жаңа көзқарас -

аймақтық деңгейде -

іске асыру -

түзетулер енгізу -

2-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастарды жасаушы мемлекеттердің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулерді, акциялар мен түрлі ресми әрекеттерді түсінеміз. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі – бірлік пен тұтастықты қалыптастыру.

Мемлекетпен қатар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымы (бұдан әрі БҰҰ деп қысқартылып беріледі) және оның органдары: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат.

БҰҰ мақсаты – халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік үрдістерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық мәселелерді шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашу. БҰҰ халықаралық-құқықтық шеңберде жұмыс істейді.

1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско қаласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері: соғысты болдырмау; адамзат, адамның негізгі құқықтарына, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың арасында пайда болатын проблемаларды шешу үшін жағдайлар жасау; бейбіт тұрғындарды қарулы террордан қорғау және т.б..

Ерікті халықаралық ұйым болып табылатын БҰҰ әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық әрекеттен туындайтын салдарларды басты назарда ұстайды. Сондай жағдайлар бола қалса, ондай апаттардың салдарын тоқтату, гуманитарлық және басқа да көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіреді.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастарды реттейді.

(Ғаламтор материалдарынан мәтінді құрастырған автор)

3-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазіргі халықаралық қатынастар дегеніміз не?

  2. Халықаралық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады?

  3. Халықаралық қатынастардың негізі не?

  1. Біріккен ұлттар ұйымы қандай қауымдастық және ол не үшін қажет?

  2. Біріккен ұлттар ұйымының міндеттері мен мақсаттары не?

  3. БҰҰ органдарын атаңыз.

4-тапсырма. Мақалдарды оқып, мағынасын ашыңыз, есіңізге сақтаңыз.

* Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

* Достық пен жолдастығы мықты елдің бақыты тасыр,

Ұрыс-керісі көп елдің ырысы қашар.

* Татулық табылмас бақыт.

* Ұрыстың мерейі – ерлік,

Ырыстың мерейі – бірлік.

* Ерегескен ел болмайды,

Есептескен дос болмайды.

* Дос таппай көңіл тыным таппас.

* Көршің қолайлы болса, қораң кең.

* Біреу жаныңа жолдас,

Біреу малыңа жолдас.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстан дипломатиясы

Ой түрткі:

  1. Қазақстан дипломатиясы туралы не білесіз?

  2. Қалай ойлайсыз, дипломат болу оңай ма?

  3. Қазақстанда дипломаттар дайындайтын мектеп (ЖОО) бар ма?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

халықаралық қатынас -

ой жүйріктігі -

байланыс орнату -

тілді білу -

сыртқы саясат -

тіл таба алатын -

инфрақұрылым -

білімді -

тиімділік -

кәсіби шеберлік -

пайдалы жағы -

өзін ұстай білу -

қиын кезеңді бастан кештік -

мықты болу -

баса назар аудару -

күшейту -

жеңіл болған жоқ -

нығайту -

2-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Единственное качество, которое должно выделять дипломатов – это профессионализм.

Неслучайно вопросам подготовки специалистов-международников Президент Н.Назарбаев иеизменно уделяет повышенное внимание. Во многих университетах открыты факультеты и отделения международных отношений. Создана дипломатическая академия.

Глава государства постоянно обращает внимание на необходимость дальнейшего повышения эффективности дипломатической службы, ее кадрового укрепления и усиления аналитической составляющей в работе по реализации внешней политики страны.

В течение 18 лет была создана полноценная дипломатическая инфраструктура в центре и за рубежом.

Президент, согласно Конституции, определяет основные направления внешней политики страны. Другими словами, он непосредственно осуществляет внешнеполитический курс Казахстана.

(Токаев К. Президентская дипломатия // «Мәдени

мұра» журналы. №1 (28)қаңтар-наурыз 2010. -9-17 б.)

3-тапсырма. Біліміңізге сүйеніп, төмендегі сауалдарға жауап беріңіз.

1. Дүние жүзіндегі ірі державаларды атаңыз?

2. Қалай ойлайсыз: Қазақстан не үшін ірі державалармен байланыс орнатуы керек?

3. АҚШ-пен Қазақстанның байланысын сипаттаңыз.

4. «Инвестиция» дегеніміз не, ол не үшін қажет?

5. Қазақстанның Англиямен, Германиямен байланысы бар ма, бар болса, қандай байланыс?

6. Қазақстанның Венгрия, Болгария, Чехия, Румыниямен достық қарым-қатынасты дамытуы туралы не айта аласыз.

4-тапсырма. «Дипломат болу үшін...» немесе «Елшілік қызмет» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз.

3-cабақ

Лексикалық тақырып: Бизнес тілі

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ой өрбітіңіз. Ағылшын тілінің қазақтар үшін пайдасы мен зиянын көрсететіңіз (Екі шағын топқа бөліп пікірталас түрінде өтуге болады).

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңының «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» деген II тарауының 18-бабында «Мемлекеттік тілдің қаржы қызметі мен банк жүйесінде қолданылуы туралы» жазылған. Онда былай деп көрсетіледі.

18.1. Меншік түріне қарамастан, Қазақстан аумағындағы қаржы институттары, банк жүйесі, өнеркәсіп пен бизнес саласындағы ісқағаздары және статистикалық қаржылық есептері мен басқа да құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажетті жағдайда, өзге тілдерде де жүргізілуі мүмкін, бірақ мемлекеттік тілдегі мәтіні түпнұсқа болып табылады.

18.2. Ұлттық валюта, бизнес құнды қағаздары, несиелік облигациялар, тағы басқа да бизнес қауымдастығы пайдаланатын құнды қағаздар мемлекеттік тілде шығарылады. Демек Қазақстанның бизнес тілі мемлекеттік тіл болып саналмақ. Ал әзірше әлемдік бизнес тілі – ағылшын тілі болып табылады.

(Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік тіл туралы» Заңынан)

2-тапсырма. Берілген сұрақтарды оқып, ойланып жауап беріңіз.

- Мемлекетіміз егемендік алғаннан бері, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Содан бергі ғылым-білім саласындағы қандай елеулі жаңалықтарды білесіз?

- ...

- «Болашақ» бағдарламасына қандай мемлекеттер ықпал жасауда?

- ...

- Халықаралық қатынастар нәтижесі экономика саласына «инвестиция» терминін әкелді. Осы термин туралы қарапайым түсінік бере аласыз ба?

- ...

- Біздің жастарымыз да дүниежүзіндегі ірі мемлекеттерде білім алуда. Осы жөнінде, яғни олар не үйреніп, қандай дәрежеде білім алып келетіндігі жөнінде не айта аласыз?

- ...

3-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олардың әрқайсымен сөйлем құрастырыңыз.

Орысша

Қазақша

Сөйлем

1

политика

2

внутренняя войска

3

вооруженные силы

4

граница

5

психическая атака

6

результаты

7

перед Родиной

8

Ответственность

9

задача

10

гражданин своей страны

11

особая роль

12

стратегические планы

13

быть начеку

14

подтянуты

15

долг

16

статус

17

исторический

4-тапсырма. Отан туралы ұлы адамдар толғауын дәптеріңізге жазып, жаттап алыңыз.

Адам табиғатындағы аса жоғары әрі аса тамаша сезім – туған жерге деген махаббат, өз Отанының заңдары аясында өзіңді еркін де тәуелсіз сезіну.

И. Гете

Өлерін ойламаған патшаның елі ойран болады.

Ә. Hayаи

Еліне жапа көрсеткен өмірден опа көрмейді.

С.Сараи

Өз жүрегін тазарта білген бүкіл елді де ұры-қарыдан қорғай алады.

Рашид-ад-Дин

Мемлекет ісінің бір парасы – сабырлықты, енді бір парасы – біле тұрып білмеуді, көре тұрып көрмеуді талап етеді.

Әмір Темір

Елін, елінің тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлты өз тілін де шет тілдердің мойынтұрығынан құтқаруға тиіс, құтқара алады да.

Ата Түрік

ҮІІ модуль: Түгел сөздің түбі бір

1 Көне түркі жәдігерлері сыр шертеді

2 Көне түркі жазуын меңгереміз

3 Орта ғасыр ойшылдары

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Көне түркі жәдігерлері сыр шертеді

Ой түрткі:

  1. Жәдігер дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тарихтан сыр шертетін қандай дүниелерді (туындыларды, еңбектерді) білесіз?

  3. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Хайдар Дулати туралы не айта аласыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

биыл -

ортақ ескерткіш -

уақыт -

жазба ескерткіш -

кезең -

түркі әлемі -

тарих -

мұра -

болашақ -

ұрпақ -

көрсету -

әлемдік деңгей -

танысу -

2-тапсырма. Мәтінді оқып, одан қандай ақпарат алуға болатынын айтыңыз.

1969-1970 жылдары ҚазСР Ғылым академиясы археологтары Қазақстан территориясындағы 2200-2300 жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақтардың көсемі, ақсүйек жауынгердің Есік қорғанындағы бай жерлеуін қазып алды. Олжа бүгінде бүкіләлемдік «Алтын адам» деген атпен белгілі. Есік қорғанынан алынған бұл төрт мыңнан астам алтын зергерлік бұйымдардан, жазба ескерткіштерден (күміс тостағандардағы жазу), қару-жарақ және тұрмыстық заттар, киім қалдықтары, бас киім және аяқ киімнен құрылған ескерткіштер көптеген ақпарат беретін шағын тарихи жәдігерлер болып табылады.

(«Мәдени мұра» журналынан)

3-тапсырма. «Көне жәдігерлер» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

4-тапсырма. Үш тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз.

  1. «Тарих қойнауында»

  2. «Көне түркі жазба ескерткіштер»

  3. «Түркі әлемі»

2-cабақ

Лексикалық тақырып: Көне түркі жазуын меңгереміз

Ой түрткі:

  1. Көне жазулар туралы не білесіз, ой бөлісіңіз.

  2. Қазақтарда бұрын жазу-сызу болған ба?

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

Государственый язык -

политический -

тюркские языки -

научный -

тюркоязычный народ -

литературный -

история казахского языка -

художественные литературы -

к древнетюркским языкам -

представители народов -

2-тапсырма. Көне түркі жазуы туралы деректермен танысыңыз.

Көне Түркі жазуы – біздің заманымыздан бұрынғы (бұдан былай б.з.б. деп қысқартылып беріледі) V ғасыр - б.з. X ғасырында Орта Азия түркі тайпалары қолданған жазу. Бұл жазулар алғаш рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысынан (қырғыз қағандығы) табылды. Сондықтан да оны басқаша «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері» деп атайды. Кейде оны «руник жазбасы», «руникалық жазбалар» деп те айтады. Бұл жазбаларға «Алтын ғасыр» кезіндегі (б.з. VIII ғ.) әліппеге 38 таңба және сөз бөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке және жуан дыбыстыларды жазуда айырмашылық жоқ. Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.

Көне Түркі жазулары негізінен ҮІ-Х ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуымен байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Одан кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары қолданып жүрген Латын және Кирилл әліпбилерін қолданыла бастады.

3-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Көне Түркі жазуын кімдер қолданған?

  2. Көне Түркі жазба ескерткіштері қайдан табылды?

  3. Көне Түркі жазуы қандай қағандық тұсына сай келеді?

  4. Көне Түркі жазуының таралу аймағы қандай?

  5. Қазақ жазуының тарихын атаңыз.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемдерді оқыңыз.

Біздің заманымыздан бұрынғы (әрі қарай б.з.б.) ҮІІІ ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары ......... Бұлар Көне ................ келген. Ғұн заманынан қалған қысқа ......... оқу осы жазулармен байланысты. Мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген ......... береді де, қазіргі Түркі тілдерінде (Мысалы: қазақ тілінде) «сеңгір таулар», «зеңгір көк» // «заңғар көк» сияқты ............. кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу.

Кейін б.з.б. ІІІ ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы ............... б.з.б. ІІІ және б.з. Ү ғасырлар аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы ............ Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. ІІ-І ғасырларға жатады.

Қажетті сөздер: мағына, мемлекетінде, Үндістаннан, қазіргі, жазуларды, тіркестерде, тараған.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Орта ғасыр ойшылдары

Ой түрткі:

  1. Орта ғасыр ойшылдарына кімдерді жатқызамыз?

  2. Орта ғасыр ойшылдары білімді қалай алған?

  3. Неліктен олар ойшыл болған?

  4. Жан-жақты терең білімді болу үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

духовный -

углублять -

знатный -

поэт -

всесторонний -

философ -

уважаемый -

землянка -

непорочный -

изучать -

религиозный -

исследовать -

2-тапсырма. Мәтіннен алынған ақпаратқа баға беріңіз.

Ахмет Яссауи – бiлiмпаз ғалым, ақын, дiндар-теолог, ойшыл, бүкiл түркi жұртының рухани атасы. Ол Сайрамда туып, Жiбек жолының бойында орналасқан Түркiстан қаласында тұрған. Оның «Диуани хикмет» атты дастаны бар. Ол «Алланың ақ жолын баяндайтын кiтап» деген мағынаны бiлдiреді.

Бүкiл Орта Азия елi Ахмет Яссауиды «Мәдинада – Мұхаммед, Түркiстанда Қожа Ахмет» деп құрмет тұтқан. Қожа Ахмет жетi жасында Арыстан бабтан сабақ алып, дiн жолын қуады. Және бүкiл өмiрiн исламды уағыздауға, шәкiрт тәрбиелеуге арнайды. Алпыс үш жасында жер астынан бiр кiсiлiк жертөле жасап «Мұхаммед пайғамбар жасынан астым. Ендiгi өмiр сүруiм күпiрлiк» деп, қалған өмiрiн сол жертөледе өткiзiп, осы еңбегiн жазып қалдырады.

Яссауидiң «Хикмет» кiтабы адамдарды адамдық жолға, iзгiлiкке шақырып құдайға құлшылық ету, күнәдан айырылуға уағыздайды. Яссауи уағыздаған бес нәрсе:

1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық болу;

2. Менмен, тәкаппар болмау;

3. Арамдықтан аулақ болу;

4. Дүние-мүлiк үшiн арды сатпау;

5. Ерiншек болмай – еңбектi сүю.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Төменде берілген ақпаратты оқып, ой өрбітіңіз.

Х-ХҮ ғасырлар аралығында «Шығыстың екiншi Аристотелi» атанған әл-Фарабиден бастап, бiр топ ойшыл ғалымдар түркi топырағында өмiр сүрiп, ғылым-бiлiмдi өркендетуде өшпес iз қалдырған. ....

4-тапсырма. М.Қашқаридың ел аралап жинаған мақал-мәтелдеріне қазақтың қандай мақал-мәтелдері сәйкес келеді? Мақал-мәтелдердің мағынасына жазбаша түсінік беріңіз.

  1. Қорада лақ туса, өрісте оты өнеді.

  2. Сарттың (саудагердің) азығы адал болса, жол бойы жейді.

  3. Дайын асты алдына тосса, (қонақ оны) жоқ екен деп ойламайды.

  4. Күн жүзінде сызат жоқ,

Бек сөзінде қайту жоқ.

  1. Ерінбегеннің ерні май болады,

Ерінгеннің басы қан болады.

ҮІІІ модуль: Нобель сыйлығының лауреттары

1 Альфред Нобель сыйлығы. Нобель сыйлығының лауреаты

2 Мен білетін ұлы ғалым

3 Нобель сыйлығын алмаған ғұлама

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Нобель сыйлығы және Нобель сыйлығының лауреаттары

Ой түрткі:

  1. Сіз Альфред Нобель туралы не білесіз?

  2. Нобель сыйлығы кімдерге беріледі?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

әйгілі -

зор үлес қосқан -

жаңалық -

халықаралық сыйлықтар -

мәдениет -

бүкіл әлемдік -

ынта -

өсиетнама -

өкіл -

ғылыми зерттеулер -

жыл сайын -

қоғам дамуына -

2-тапсырма. Нобель сыйлығы жайлы ақпаратты оқып, ол жайында сұхбат құрастырыңыз.

Нобель cыйлығы (шведше:Nobelpriset, ағылшынша: Nobel Prize) – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.

Бұл сыйлық 1895 жылы Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған және ол әдебиет,физика,химия,физиология және медицинасаласының өкілдеріне және бүкіл әлемде бейбітшілік жасауғаіс-әрекететушілерге беріледі.

1900 жылы Нобель қоры жасалды. Бастапқы капиталы 31 миллион швед кронынан тұрған бұл дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. Қазіргі уақытта Нобель сыйлығы шамамен 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.

1969 жылдан бастап Швед банкініңынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті.1901жылдан бастап физика, химия, медицина және физиология, әдебиет, әлемді қорғау салалары, ал1969 жылдан бастап экономикасаласында жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі. Негізіненалғашында Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз. Көбінесе оны сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлер атымен байланыстырады. Болжамдарға сенсек, оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған екен. Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдаған.

Ғылымның көптеген салалары Нобель сыйлығымен «қамтылмай» қалды. Нобель сыйлығының беделділігі мен танымалдығына сәйкес, басқа салалардағы ең беделді марапаттауды бейресми түрде «Нобельдік» деп атайды.

Мәселен, Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын. Нобель сыйлығының лауреаты жыл сайын 12 қазанда жарияланады. Барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Нобель сыйлығы қалай құрылды?

  2. Нобель сыйлығы кімдерге беріледі?

  3. Нобель қоры қашан құрылды?

  4. Нобель қорының бастапқы капиталы қанша болды?

  5. Қазіргі кезде Нобель қоры қанша қаражаттан тұрады?

  6. Нобель сыйлығы қай кезде беріледі?

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

  • Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

  • Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  • Қойшыны таяғы асырайды,

Қасқырды аяғы асырайды.

  • Еңбек қылмай ер оңбас,

Бірлік қылмай ел оңбас.

  • Атан түйе жүк астында қартаяр.

  • Шеберді саусағы асырайды.

  • Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

  • Түйір нан – тамшы тер.

  • Бақыт кілті еңбекте.

  • Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

  • Қолы қимылдаған адамға

Кедейлік жоқ.

Аяғы қимылдаған адамға

Алыстық жоқ.

  • Әлің барда еңбек ет,

Еңкейгенде емерсің.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Мен білетін ұлы ғалым

Ой түрткі:

  1. Қазақтан шыққан қандай атақты ғалымдарды білесіз?

  2. Сіздің мамандығыңыз бойынша әлемдік жаңалық ашқан қандай ғалымдар бар?

  3. Шапық Шокин деген кім?

  4. Қаныш Сәтбаев туралы не білесіз?

  5. Шоқанның шын аты кім?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

нысап/лақап аты -

зерек -

лауазым -

шын аты -

ізденімпаз -

ресми түрде -

әулет -

нағашы жұрты -

арғы атасы -

осал емес -

бейім -

қызыққан -

ынта, ықылас -

құштарлық -

көзқарас -

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қандай мүше екенін және қалай жасалып тұрғанын мәлімдеңіз.

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқанның анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес – Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Мұса Шорманов орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.

Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін, даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасқа дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Ол сурет салуды да ерте үйренді. Бұл өнерді оған орыс суретшілері, топографтары мен геодезистері үйретті. Олар Уәлихановтардың отбасында жиі болып тұратын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі-жиі қонаққа келіп тұратын декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың бойында ғылымға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түсті.

Шоқан жас кезінен халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол бала кезінің өзінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіндегі оқиғалардың өрбу желісімен жоспар құрыңыз. Мәтін тақырыбын айқындаңыз.

4-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды негізге ала отырып, кестемен жұмыс істеңіз.

Сөйлем

шын

жалған

Дұрысы

Шоқан Уәлиханов 1836 жылы Cырымбет бекінісінде дүниеге келген.

Шоқанның атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы болған.

Мұхамедханафия Уалихановты Шоқан деп еркелетіп атап кеткен нағашы атасы Мұса Шорманов.

Шоқанның әкесі Шыңғыс Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны болған.

Шоқан 12 жасына дейін Сырымбет мектебінде орысша оқыған.

Анасы Айғаным Шоқанға ежелгі қазақ аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін, даналық сөздерін жиі айтып отырған.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Нобель сыйлығын алмаған ғұлама

Ой түрткі:

  1. Қазақстаннан Нобель сыйлығын алған азаматтар бар ма?

  2. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда Нобель сыйлығына лайық адамдар бар ма?

  3. Нобель сыйлығының тағайындалуы туралы не айта аласыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

белсенді -

дереккөз -

қолға алды -

бейресми -

деңгей -

қолдау -

ресми өкіл -

ахуал -

бөліп алу -

бейбітшілік -

жетекші -

құтқару -

алғаш рет -

құрылық -

көмектесу -

алтыншы мәрте -

үлесі -

жетілдіру -

жарты ғысырдан астам -

қатер -

ұсыну -

2-тапсырма. Мәтіннен алынған негізгі, жаңа ақпаратқа, хабарға баға беріңіз.

Кейбір бейресми дерек көздері Қазақстан үкіметінің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынуды 2000 жылдардың басынан қолға алғанын айтады. 2003 жылы бұл мәселе бойынша Қазақстанның ресми өкілдері халықаралық деңгейде қолдау іздей бастайды. Ал 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы, пәкістандық теолог және америкалық конгресмен ресми түрде президент Н.Ә. Назарбаевты әлемде бейбітшілікті сақтауға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына ұсынды. Бірақ та бұл жылы сыйлықты Бангладештегі ең кедей топтарға тиімді несие беру ісін жетілдіріп, «кедейлер банкін» құрған, жүздеген мың адамды ашаршылық пен қайыршылықтан құтқарып қалған Мухаммад Юнус алды.

2008 жылы АҚШ Конгресінің екі мүшесі Қазақстан президентін «ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан үлесі» үшін сыйлыққа тағы ұсынады. Алайда бұл жолы да ұсыныс қолдау таппады. Бұл жолы фин дипломаты Мартти Ахтисаари БҰҰ-ның қызметкері ретінде бірнеше құрлықта басын қатерге тіге жүріп қарулы қақтығыстардың алдын алып, өте сәтті бітімге шақыру жұмыстарын жасағаны үшін Бейбітшілік сыйлығына лайық деп танылды.

2009 жылы шешенстандық балалар үйі Қазақстан Президентінің сталиндік қуғын-сүргіннен жапа шеккендерге жасаған қамқорлығы үшін оны сыйлыққа қайыра ұсынады. Бұл жолы Сыйлық АҚШ президенті Барак Обамаға бұйырды.

2010 жылы Дүниежүзілік түркі елдері Ассамблеясының жетекшісі мен түрік журналисті президент Назарбаевты Семей полигонын жапқаны үшін тағы бір мәрте ұсынады. Бірақ бұл жолы Бейбітшілік сыйлығы әлемдегі ең репрессивтік режимдердің бірінде ұзақ жылдар бойы тынбай адам құқықтары үшін күресіп келе жатқан қытайлық қоғам қайраткері Лю Сяобоға тапсырылады.

2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевты Нобельге ұсынушылар саны күрт артты. Норвегиялық үкіметтік емес ұйым, «Ақ Орда» қозғалысы, шешен-ингуш мәдени орталығы, Қырғызстан Парламенті ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ядролық қарусыздану мен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін» атай отырып, оны Бейбітшілік сыйлығына лайық тұлға ретінде танитындарын жеткізеді. Бірақ бұл жолы Африка мен Араб елдерінде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге тікелей ықпал еткен Либерияның демократиялық жолмен сайланған Президенті Эллен Джонсон-Серлиф, осы елдің қоғамдық белсендісі Лейма Гбови мен йемендік оппозиция жетекшісі Тавакул (Тәуекел) Карман Бейбітшілік сыйлығын бөліп алды.

2012 жылдың тамыз айында Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференцияда БҰҰ-ның канадалық өкілі Дуглас Рош пен АҚШ Конгресінің мүшесі Ени Фалеомаваега Қазақстан Президентін Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына алтыншы мәрте ұсынды. Бұл бастаманы Жапония Парламентінің депутаты Хироюки Морияма да қолдады. Әйткенмен 2012 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы жарты ғасырдан астам уақыт кәрі құрлықтағы интеграция мен демкоратиялық ахуалды жақсартуға қосқан үлесі үшін Еуропа Одағына табыс етілді.

(«Азаттық» радиосынан алынған ақпарат)

3-тапсырма. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз, және оған өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

4-тапсырма. Қанатты сөздерді оқып, ой түйін жасңыз.

  • Қанағат – асыл қазына.

  • Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

(Майқы би)

  • Қанағатсыздың көзі үлкен, ақылсыздың сөзі үлкен.

  • Ынсап сайын береке.

  • Барымен базар.

  • Елің жүрсін есіңде – мал мен баққа есірме,

Мал мен баққа есірсең – кез боларсың кесірге.

  • Өлгеніңше – тою жоқ, түңілмей – ырза болу жоқ.

(Шортанбай Қанайұлы)

ІХ модуль: Тәуелсіздік төрінде

  1. Тәуелсіздік мәңгілік болу үшін не істеу керек?!

  2. Жастар және Тәуелсіз Отан

  3. Тәуелсіз елдің өнерпаздары

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Тәуелсіздік мәңгілік болу үшін не істеу керек?!

Ой түрткі:

  1. Қалай ойлайсыз, тәуелсіздік мәңгілік болу үшін не істеу керек?!

  2. Қазақ елі тәуелсіздікке қалай қол жеткізді?

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

суверенный -

внутренняя войска -

интелегентный -

элитный -

официально -

авторитет -

согласие -

доверие -

мир -

национальный -

принимать решение -

символы -

зашищать -

независимый -

2-тапсырма. Мәтін тақырыбын, ондағы оқиғалардың өрбу желісін айқындаңыз, оларды дәптеріңізге жазып алыңыз.

1991 жылы еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстанды әлем елдері жақсы жағынан тани бастады. Қазіргі күнге жету үшін біздің аталарымыз бен әкелеріміз көптеген тер төкті. Демек бұл ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап, біздер қол жеткізген ең басты құндылығымыз. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ. Жиырма жылда екі ғасырға татитын еңбек сіңіргендіктен ғана қос ғасырға бергісіз табысқа жеттік. Тоқсаныншы жылдардан бері еліміз қарыштап дамып келеді. Қазақстан – қай мағынада алғанда да жас мемлекет. Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жастар мәселесі Елбасы назарынан тыс қалмаған, мемлекеттің ең басты мәселелерінің бірі. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл ел», «Жастар – Отанға!», «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. «Жас Отанды» қоса есептегенде Қазақстанда он бір ірі жастар ұйымдары жұмыс істейді.

3-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз:

Тәуелсіз Қазақстан

4-тапсырма. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» тақырыбына эссе жазыңыз.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Жастар және Тәуелсіз Отан

Ой түрткі:

  1. Жастардың тәуелсіздікке қатыстылығы қанша?

  2. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде сіздің елімізге қосар үлесіңіз қандай болмақ?

1-тапсырма. Мәтінді оқып, оны өз ойыңызбен толықтырыңыз.

Кез келген қоғамның көшбасшысы – жастар. Ал жастардың күшін бір арнаға тоғыстырып, біріктіріп отырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия (ХДП) жанынан 2008 жылы құрылған «Жас Отан» жастар қанаты. Бүгінде (2012 жыл санағы бойынша) 200 мыңнан астам адамды қамтитын «Жас Отан» жастар қанаты жастар саясатын дамыту ісімен шұғылданушы партия. «Жас Отан» жастар қанаты тек партиялық жастардың ғана емес, сонымен қатар студенттердің, жұмыс істейтін жас отбасылардың, жалпы, әрбір жас қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселелерді де қарастырады.

2012 жылдың 16 қарашасында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті. Бұл съезде жасотандықтар жақын болашақтағы басты құжат «Жастар – Отанға!» деп аталатын 2020 жылға дейінгі стратегиясын талқылады. Стратегияның басты мақсаты – жастарды еліміздің қуат-күшін арттыру жолында нақты істерге жұмылдыру. «Жастар – Отанға!» деп аталатын стратегиялық жоспардың алар орны ерекше. Бұл стратегиялық құжатта жастар өміріне, болашағына қатысты басты 11 бағытты қамтитын мәселелер қарастырылды. Оның ішінде сапалы білім, жастардың әлеуметтік еңбекке бейімделуі, мәдени даму және бірлік, жастар кәсіпкерлігі мен ғылымды дамыту, еріктілер қозғалысын өркендету сияқты келелі мәселелер бар.

(2012 жылдың 17 қарашасындағы №756-760 (27832) «Егеменді Қазақстан» газетінде шыққан материалдардан теріп

құрастырған автор: Ғ.Қ.Резуанова)

2-тапсырма. Мәтін бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жастардың күшін бір арнаға тоғыстырып, біріктіруге не себепкер болды?

  2. «Жас Отан» жастар қанаты қай жылы және қалай құрылды?

  3. «Жас Отан» жастар қанатында неше адам бар?

  4. «Жас Отан» жастар қанаты немен айналысады?

  5. «Жас Отан» жастар қанаты қандай мәселелерді назарда ұстайды?

  6. «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі қашан өтті және онда қандай мәселелер қарастырылды?

  7. «Жастар – Отанға!» деп аталатын 2020 жылға дейінгі стратегия қандай мәселелерді қамтыған?

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыз.

Жастар пайдалы жұмыстар ........ Жастар үнемі сауалнама ..... Жастар Отаны үшін аянбай ....... Жастар мемлекеттегі барлық іске ......... Жастар болашақта осындай бағдарламаларды ....... Жастар осындай биіктерді .........

Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: бағындырады, атсалысады, жүргізіп отырады, жүзеге асырады, атқарып жүр, еңбек етеді.

4-тапсырма. «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбына ой толғау жазыңыз.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Тәуелсіз елдің өнерпаздары

Ой түрткі:

  1. Өнер қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Қазақтың қандай өнерпаздарын білесіз?

  3. Өнердің қандай түрін ұнатасыз?

  4. Нұрғиса Тілендиев туралы не айта аласыз?

  5. Қазіргі Қазақстанның танымал классик әншілері жайлы не айта аласыз?

1-тапсырма. Сөздерді орыс тіліне аударып, бұл сөздермен тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

өнер –

бірлікте –

мәдениет –

халық композиторлары –

әнші –

қазақтың жазба әдебиеті –

күйші –

ертеден –

ақын –

дәстүрлі –

домбырашы –

отбасы-тұрмыстық –

тарихи –

әлеуметтік –

жетекші –

музыкалық аспаптар –

мәтін –

2-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз:

Өнер түрлері

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз да, ондағы негізгі мағынаны беретіндей етіп жоспар құрыңыз.

Қай халықтың болса да мəдениеті музыка өнерімен тығыз байланысты. Қазақ халқы музыкалық шығармаларының негізгі түрлері – əн мен күй. Алғашқыда жеке əн салу болатын болса, қазіргі кезде ол екі дауыспен ән салу, топпен (трио, квартет) және хор деңгейіне жеткен. Қазақта сондай-ақ аспапты жеке тарту да кең тараған. Жалпы алғанда жиырмадан аса əр түрлі музыкалық аспаптары болған. Олар: шертер, жетіген, саз сырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ жəне тағы басқа. Олардың кейбіреулері музыка өнерінің кəсіби талаптарына сай келмей, біртіндеп жойылған. Қазіргі кезде көптеп қолданылатыны – домбыра, қобыз, қылқобыз, сыбызғы, дауылпаз. Олар ұлттық аспап оркестрін құруға негіз болып отыр. Əн мен күй халық өмірінің барлық салаларымен байланысты. Бұрындары ақсақалдар кеңестері, жайлауға көшу мен қыстауға қайтып оралу да əн-күймен басталатын. Əйелдер үй тігіп, мал сауып, жүн сабап, жіп иіріп, кілем тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып, балаларын тербете отырып, бесік жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған отбасын жұбататын көңіл айту, қуаныш хабарға сүйініп сүйінші сұрап, құттықтау дəстүрі де өлеңмен айтылған. Ауылдарды аралап жүретін әнші, күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналды. Музыка өнерінің дамуына XIXғасыр мен XX ғасыр ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің әсері ерекше болды. Олардың арасынан Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ақансері, Тәттімбет, Мәди, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.

Қазақтың музыкалық туындылар мазмұны мен құрылымы жағынан эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, лирикалық, тарихи, әлеуметтік әндер деп бөлінеді. Тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын əндер, сондай-ақ балалар əндері, бесік жыры қысқалығымен, əсерлілігімен ерекшеленеді. Бұларды жұрттың бəрі айтатын болған. Ал лирикалық, əлеуметтік тақырыптарға, тарихи, эпикалық жəне аңыздық сюжеттерге шығарылған əндер мен күйлердің əуендері ырғақты қайырмалы, формалары күрделі болып келеді.

Кəсіби музыкалық өнерпаздардың дарындылығы көпшілік алдындағы арнайы айтыстарда көрінген. Аса көрнекті ақындардың есіміне «сал», «сері» деген құрметті атақтар қосылып айтылған. ХVIII ғасырда əншілердің, аспаптарда ойнаушылардың, ақындардың шығармашылық-орындаушылық шеберлігі барынша дамыды. Осы ғасырдағы тарихи оқиғалар, атап айтсақ, жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілері шығармаларының, күйлерінің орны ерекше.

(Ғаламтор материалдарынан өңдеп берген автор)

4-тапсырма. Төменде берілген өнерге байланысты сөздерді жаттап алыңыз.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.

Абай

Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді.

Г.Потанин

Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер.

Халық даналығы

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең

Абай

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті – оның шын жүректен шыққан эмоционалдық сезімталдығы мен сезгіштігі, әуендерінің оралымдығы, олардың құлақтан кіріп бойды аларлығы, ән тақырыптарының әр алуандығы – осы қасиеттердің бәрі халық психикасының аса терең толғауын көрсету арқылы, қазақ әншілерінің жарқын орындаулары арқылы айқын сезіліп отырады.

(музыка зерттеушісі, академик Б.Асафьев)

Ақылың болса, жыр тыңда.

Халық даналығы

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Оның тәтті оралған мәні оятар

Абай

Х модуль: Тарихыңды таны

1 Ерлік туын көтерген ерлер

2 Кешегісін ұмытпаған ертеңгісін бағалай біледі

3 Ғасырлық тұлға

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Ерлік туын көтерген ерлер

Ой түрткі:

  1. «Ерлік туын көтерген ерлер» деп кімдерді айтуға болады?

  2. Ерлік жасаған әйел адамдарды білесіз бе?

  3. Ұлттық тұлға биігіне көтеріліп, биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға лайықты болған кімдердің атын атай аласыз? Және олар қандай істері арқылы осындай дәрежеге жетті?

  4. Қазіргі кезде ерлік жасайтындар бар ма?

  5. Ерлік деп жалпы нені айтамыз?

  6. Сіз еліңіз үшін және адамзат, не басқа адам үшін ерлік жасай алар ма едіңіз?

  7. Қабанбай, Райымбек, Бөгенбай батырлар туралы не білесіз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен тақырыпқа сай әңгіме құрастырыңыз.

cудьба страны -

наследие -

единство народа -

личность -

в разные периоды -

героизм -

ставит выше -

национализм -

гражданский долг -

целостность -

2-жаттығу. Мәтінді оқып, ой өрбітіңіз.

Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Оларды ұлттық тұлғалар деп айтамыз. Ұлттық тұлға – тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке бара алатын адамдар. Аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін баға берген.

Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Олар әртүрлі қиын-қыстау уақиғаларды басынан кеше отырып, ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған ұлан-ғайыр жерді көз сұққан талай жаулардан қорғап, ұрпағына сый етті.

Ондай ерлік туын көтерген батырлардың қатарына Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар, сондай-ақ Қарасай мен Ағынтай, Өтеген мен Сұраншы, Тайлақ пен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Жәнібек пен Тілеуке, Есенқұл мен Сыпатай сынды батырлар жатады. Олардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес. Ұмытпауға тиіспіз де. Қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап нұрын шашқан қазақ батырларының мәңгі өшпес рухы ұзақ күткен тәуелсіздігімізді баянды етуге, алған бетімізден адаспауға жол ашады.

(Қансейіт Әбдезұлы. Қазақ батырлары//

«Қазақ әдебиеті» журналы. № 3 1996.)

3-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

1. Ертеде қазақ батырлары тек әскери кәсіппен ғана (занимались). 2. Наурызбай Құтпанбетұлы – (один из трех батыров Абылай хана), қолбасшы. 3. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені (широко распространилось по казахской степи). 4. (В областях, районах Казахстана) Наурызбай батырдың аты (присвоено улицам), Наурызбай батырға арнап (установлены памятники). 5.1750-1752 жылдары көп қазақты (освободил из плена). 6. (В войне с джунгарами) оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры да (погибли). 

4-тапсырма. Төменде берілген нақыл сөздерді мәнерлеп оқыңыз.

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп бағала.

Өзегің талса өзен жағала.

Басыңа іс түссе көпшілікті жағала.

Өзіңе кәміл бол,

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол.

Досыңа адал бол.

Төле би

Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз,

Достығымызды сақтай білген елміз.

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.

Қазыбек би

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.

Бай болып еліңе пайдаң тимесе,

Батыр болып еліңе пайдаң тимесе,

Елден бөлек үйің күйсін.

  Әйтеке би

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Кешегісін ұмытпаған ертеңгісін бағалай біледі

Ой түрткі:

  1. «Тәуелсіздік» пен «егемендіктің» арасында айырмашылық бар ма?

  2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай келді?

  3. Елге тәуелсіздік не үшін керек болды?

  4. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қандай ерлерді білесіз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

не легко -

заглядывать в прошлое -

жертвовать -

принимать решение -

призывать -

сформировавший -

сильный духом -

свидетель -

смелость -

гордость -

сила-воля -

последние дыхание

2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік жөнінде сұхбат құрастырыңыз.

Қазақстан үшін ел тәуелсіздігін алу оңайға түскен жоқ. Осы жолда қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, қаншамасы жанын пида етті. Талайлары алаш туы астында бүкіл қазақты ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға шақырды. Солардың бірі Қайраттай өр рухты қайсар ұлымыз бен Сәбира мен Ләззаттай батыр қыздарымыз. Олардың жігері мен батылдығы талай қазақ жастарына үлгі болып, патриоттық рухын оятты. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Алайда, қазақ аңсаған арманына қол жеткізді.

Қазақ – ержүрек, батыр халық, намысшыл халық. Ел басына күн туса, елі үшін туған ерлеріміз намыс отын жағып, топырағын ақтық демі қалғанша қорғағанына тарих куә, кешегі қиын-қыстау заман куә. Еліміздің осынау қиыншылықпен, арпалыс-күреспен келген ұлы мерекесі – 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні». Бұл мереке жылдан жылға биік дәрежеде аталып өтуде. Бұл күндері күллі қазақ – үлкені де, кішісі де халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихын, көрген қиындықтарын еске алып, бүгінгі күнге қалай жеткенімізге, өткенімізге көз жүгіртуі тиіс. «Өткенін ұмытқан – қолындағысын бағаламас» демекші бұл күнде тәуелсіздік құрбандарын еске алуымыз қажет.

Қазіргі кезде біз ашық аспан аясында өмір сүріп жатырмыз. Алдағы уақытта тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа аманат. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі зор міндет.

Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Біздің міндетіміз – білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

3-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

  • Батырды жауда, шешенді дауда сына.

  • Еліңді сүйсең ерлік істейсің.

  • Тізерлеп жүріп түңілткеннен,

Тік жүріп өлген артық.

  • Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

  • Ердің ісі – елдің мойнында,

Елдің ісі – ердің мойнында.

  • Ауырлықты жер көтерер,

Ауыр қазаны ер көтерер.

  • Ерлік білектен емес, жүректен.

  • Ер салмағын ел көтереді,

Ел салмағын жер көтереді.

  • Жауға жалынба,

Досқа тарылма.

  • Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

  • Отызыңда орда бұзбасаң,

Қырқыңда қырып келдім дегеніңе ешкім сенбейді.

  • Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

  • Елін сүйген ер болар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

Туған жер, қазақ халқы, тәуелсіз ел, елеулі өзгерістер, халықаралық ұйымдар, елдің өркендеуі, жетістіктерге жету, шешім қабылдау, қамтамасыз ету, жақсы даму, байланысын нығайту.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Ғасырлық тұлға

Ой түрткі:

  1. Қазіргі кезде «жыл адамы» деген түсінік қалыптасты, бұл дұрыс па?

  2. «Ғасырлық тұлға» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Сіз кімді «ғасырлық тұлға» деп атар едіңіз?

1-тапсырма. Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

мемлекет -

өркениет -

егемендік -

байланыста -

елдермен -

халықаралық -

қарым-қатынас -

елшілік -

саясат -

бедел -

бейбітшілік -

достық -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылында туып-өскен. Мектепті аяқтағаннан кейін Днепродзержинск техникалық училищесіне түсіп, оны 1960 жылы аяқтайды. Осы жылдан бастап еңбек жолына түседі. 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатына қатардағы жұмысшы ретінде кіріп, домна пешінің аға газдаушысына дейін көтеріледі. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатынының жоғары техникалық оқу орынын, ал 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің Жоғары партия мектебін аяқтайды.

1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына кіріседі. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден бастап атқарады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989 ж.), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991 ж.), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. 1990 жылы 24 сәуірде Н.Ә.Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайланды.

Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымның докторы, академик, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының Төрағасы.

Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын тәуелсіз, егеменді ел ете білді. Қазіргі кезде Қазақстан көп тілді, көп конфессиялы ел ретінде әлемге танымал.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Н.Ә. Назарбаев қашан және қай жерде туылған?

2.Өз еңбек жолын ол қандай жұмыстан бастады?

3. Кеңес үкіметі жылдарында Н.Назарбаев қандай қызметтер атқарған?

4. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген еңбектері туралы айтыңыз.

5. Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық сахнадағы беделі қандай?

4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, тақырыпқа сай әңгіме құрастырыңыз.

Мемлекеттік деңгей, тәуелсіздік, жаңа заман, жыл сайын, мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік сала мамандары, әскери шенділер, құқық қорғау саласы, ел өміріне белсенді араласқандар, іс-шара, одақ құрамында, ыдырау, мойындау, отшашу, ұйымдастыру.

ХІ модуль: Ғылым мен техника

1 Ғылым – инновациялық экономиканың негізі

2 Қазақстандықтардың ғылыми жаңалығы

3 Әлем картасындағы ғылыми технологиялар (биотехнология мен биохимия, экоэнергетика, экология, антикәрілік)

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Ғылым – инновациялық экономиканың негізі

Ой түрткі:

  1. «Ғылым – инновациялық экономиканың негізі» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Сіз болашақта ғылым мен экономиканы дамыту үшін не істер едіңіз?

  3. Қазақстан экономикасы туралы не айта аласыз?

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

ғылыми-технологиялық міндеттер -

ұзақ мерзімді -

әлемдік тәжірибеге сәйкес -

нарық -

инновациялық белсенділік -

басымдық -

әлеуметтік-экономикалық даму -

инновациялық даму -

мемлекеттік бағдарлама -

тұжырымдама -

инновациялық жүйе -

2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз да соның негізінде түсінгеніңізді мазмұндаңыз.

2012 жылдың 27 қаңтарында ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жолдауын жариялады. Әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әділеттік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар.

ҚР-ның нарықтық экономиканы құрудағы басты бағыттары мыналар болып табылады:

а) экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуіштерді енгізу, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвесторлар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру;

ә) көп ұстынды экономиканың негіздерін қалыптастыру: экономикада жекеше секторлардың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарықтық нышандар үлгілерін енгізу, кәсіпкерлікті, шағын және орташа бизнесті дамыту, толымды нарықтық бәсекені өрістету үшін жағдай жасау.

(Назарбаев Н. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы»

// «Егеменді Қазақстан» газеті. 10 шілде 2012 жыл)

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңыз.

1. Дамуды ойлаған ел, ең алдымен, әлемдік ғылымның деңгейін ойлайды. 2. Қазақ ғылымының болашағы зор. 3. Ғылымды ұйымдастырудың түбегейлі жаңартылуы – іргелі зерттеу тақырыптарының гранттық қаржыландырылу конкурстары арқылы іріктелуі. 4. Тарих, тіл мен әдебиеттану, өнертану салалары ұлттық идеологияға қызмет ететін руханиятымыздың тірегі, халқымыздың, мемлекетіміздің айнасы. Бұл салалар халықтық рухани құндылықтарға негізделгендіктен, елдің елдігін шыңдауда және оны ширатуда өлшеусіз қызмет атқарады. 5. Дамыған елдердің экономикасын қазіргі уақытта индустрияланудан кейінгі ақпараттық немесе білім экономикасы, қызмет көрсету технологиялық экономикасы анықтайды. 6. Егер біз әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасқымыз келсе, егер жаһанданудың талаптарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда өзіміздің дамуымызда бұдан әрі қарай да тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек. 7. Экономикалық өсудің және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретінде Қазақстанның айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар. 8. Инновация адами интеллектінің, ғылыми-техникалық нәтижелердің жетістіктерін өмірге келтірудің арнасы болып табылады. 9. Қазіргі экономикада инновациясыз бірде-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес.

4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Өркениетті елдерде ....... ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда ......... барлық жағдай жасалған. Ғылымды дамыту үшін ......... жоспар құрастырылған. Тек ғылым арқылы .......... төтеп бере аламыз. Ғарышты игеру – ...... жетістік.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстандықтардың ғылыми жаңалығы

Ой түрткі:

  1. Қазіргі кезде ғылыми жаңалықтарға нелерді жатқызуға болады?

  2. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда ғылыми жаңалық ашатындар саны көп пе?

  3. Өзіңіз оқып жатқан мамандық саласында қандай жаңалық ашуға болады?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз және бұларды қатыстырып тақырыпқа сай әңгіме құрастырыңыз.

ғылыми орталық -

құрылған сәттен бастап -

ғылыми зерттеулер -

дербестендірілген медицина -

зерттеу нәтижесі -

жүрекке ота жасау -

қолданбалы зерттеулер -

бірегей ғылыми аспаптар -

іргелі зерттеулер -

мүмкіндік береді -

қазақ қоғамына -

иммунобиология -

дамыту -

аурудың алдын алу -

ғылыми болжам -

обыр ауруы -

нанотехнология -

жасуша -

ғылыми жоба -

сұрыптау -

ғылыми негіздеме -

негізделген -

2-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын сөздерді көшіріп жазыңыз.

Қазіргі кезде еліміз жасөспірімдерді мектеп жасынан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуда. Сондықтан да мектеп түлектері мен ЖОО-да оқитын жастарымыз шетелдерге барып өз ғылыми жобаларын әлем ғалымдарының алдында қорғап, жоғары баға алуда. Мәселен, ҚазҰУ-дың химия факультетінің 4-курс студенті Қайрат Кеңес Күн энергиясын өндіру технологиясын жасауды өзіне мақсат етіп отыр. Ол Күн батареяларына арналған материалдарды синтездеумен айналысып жүр.

Бүгінде дүние жүзі бойынша халық санының өсуі, зауыттар мен өнеркәсіп жүйелерінің күн санап көбеюі салдарынан энергиялық қажеттілік артып келеді. Мұнай, көмір секілді дәстүрлі энергия көздері қорларының азаюы және олардың экологиялық жағынан зиянды болуы балама (альтернативті) энергия көздерінің дамуына әсер етуде. Осы ретте сарқылмайтын энергияның ең оңтайлысы күн энергиясы болып саналады.

Әлемде күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн батареяларына деген қызығушылық күн санап артып келеді. Осыған байланысты алпауыт елдерде оларды өндіру, сапасын арттыру, ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) көрсеткішін жақсарту мақсатында дәстүрлі марафон жалғасуда. Ол елдердің алдыңғы қатарында Италия, Германия және азиялық алпауыттар Қытай мен Жапония тұр. Олар қолданатын негізгі материал кремний болып есептеледі. Ал Қазақстан кремний қоры және оның тазалығы жөнінен әлем бойынша алдыңғы қатарлы орында. Сонымен бірге «күн уақыты» бойынша 3000-4000 аралығында. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл көрсеткіш жоғарыда аталған Еуропа елдерінде 1500-2000 шамасында. Яғни, біздің елде күн энергиясының қолданылуы мен өндірісін дамыту мүмкіндігі жоғары. Міне, Қайраттың негізгі жұмыс барысы осы аталған күн батареяларында қолданатын фотоэлементтердің синтезделу процесін, технологиясын жасаумен байланысты. Дүние жүзінің ғалымдары Қазақстанда Күн батареясын қолдану мүмкіндігі басқа елдерге қарағанда екі есе артық деп айтып жүр. Өйткені Қызылорда, Шымкент, Алматыда жылдың 200-210 күні бұлтсыз, ашық болады. Қайрат өзінің: «Күн батареяларына қызығуымның себептері де жоқ емес, бұл алдымен, қолданысқа қажетті өнімді арзан бағада өндіру, өнімнің сапалылығы, экологиялық тұрғыдан тазалығы және жоғары сұранысқа ие болуы», - дейді.

(Ғаламтор материалдарын өңдеп беруші автор)

3-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

4-тапсырма. «Мен ғылымға қандай үлес қоса аламын?» тақырыбына ой толғау жазыңыз.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Әлем картасындағы ғылыми технологиялар

Ой түрткі:

  1. Кәрілікті тоқтатуға бола ма?

  2. Робoттардың пайда болуына көзқарасыңыз қандай?

  3. Әлемде болып жатқан қандай жаңалықтар туралы айта аласыз?

  4. Өмірдегі жаңалықтардың бәрі бірдей жақсылыққа әкеледі ме?

  5. Әлемдегі жаңалықтарды бірден жақсы қабылдайсыз ба, әлде күмәнмен (Мәселен, адамға ағза ауыстыруға, әжімдерді кетіру үшін теріні тартуға, т.с.с.) қарайсыз ба?

  6. Толеранттылық туралы не айта аласыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

в конце XX столетия человечество -

ряд проблем -

общественный процесс -

глобализация -

информационная технология -

производство -

постоянные изменения -

влияют -

социальный заказ -

формирование -

подготовка специалистов -

развития -

европейское образовательное пространство -

приобретения -

дистанционное образование -

распространения -

возможности -

доступ -

расширяется -

обеспечить -

отражается -

пространство -

взаимодействие -

посредством -

2-тапсырма. Мәтіннен фактіге негізделген ақпараттарды алыңыз.

Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде.

Биологиялық және техникалық ғылым салаларындағы генетикалық және клеткалық инженерия жетiстiктері негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн тiрi жүйелердiң (ең алдымен микроорганизмдер) әлеуеттi мүмкiндiктерiн пайдалануға болады.

Ұлт салауаттылығы, экономикалық ауқаттылық немесе қорғаныс қабiлеттiлiгi болашағының даму мәселелерiн шешуде биотехнология маңызды рөл атқарады. Ол ғылымды барынша қажетсiнетiн салалардың жетiстiктерiн жинақтайды. Және сол арқылы олардың дамуын ынталандыра отырып, жеткен нәтиженi барлық қалған салаларға таратып, олардың мүлдем басқаша сапалық деңгейге серпiндi көтерiлуiне мүмкiндiк бередi.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша ХХI ғасырда биотехнология барлық қызмет салаларында және ең бiрiншi кезекте азық-түлiк өнiмдерiн, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экология, энергетика салаларында адамзаттың дамуын анықтайтын болады.

Жекелеген салаларда биотехнологиялық әдiстердi енгiзу өндiрiстiк базаның сапалық өзгеруiне әкеледi. Соңғы онжылдықта биологияда болған өзгерiстер биотехнологияның дамуында қағидалы жаңа перспективаларды ашты. Өндiрiсте биологиялық процестердiң қолданылу шектерi кеңейдi. Он жылдың iшiнде жiңiшке химия (биокатализаторлар, органикалық синтездiң өнiмдерi), өндiру өнеркәсiбi (биогеотехнологиялар, топырақ биоремедиациясы), жартылай өткiзгiштердi өндiру (жаңа материалдар), ақпараттық технологиялар (микроэлектрондық жүйелер, биоинформатика құралдары, биологиялық қағидаттар негiзiндегi құрылғылар, биокомпьютерлер) сияқты экономиканың маңызды салаларында биотехнологияны қолдау аясы біршама кеңейді.

Биотехнологияларды қолданумен алынатын өнiм әлемдiк химикаттар рыногының шамамен 30%-ын құрайды. Бұл рыноктың көлемi 1,5 трлн. долларға бағаланады. Генетикалық модификацияланған дақылдарды кеңiнен тарату гербицидтер мен пестицидтердiң сатылуын жыл сайын 30% кемуiне әкелiп соғады. 

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз.

4-тапсырма. Тірек сөздер легін жазыңыз.

ХІІ модуль: Қазақ елінің ұлттық байлығы

1 Материалдық және рухани игіліктер

2 Қазақстандағы табиғи байлықтар

3 Ұлттық байлық және тәуелсіздік. Ұлттық құндылықтар

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Материалдық және рухани игіліктер

Ой түрткі:

  1. Сіз үшін байлық дегеніміз не?

  2. Материалдық игілік пен рухани игіліктің аражігін айтыңызшы.

  3. Адам өмірінде материалдық игілік басым болуы керек пе, рухани игілік пе?

  4. Материалдық игілік пен рухани игіліктің байланысы бар ма?

1-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

рухани байлық -

мәдениет -

зиялы қауым -

қауіпсіздік -

дәстүрлі дін өкілдері -

адамгершілік -

дамыған елдер -

ұғым -

армандаған -

қазына -

қабілет -

билік -

қол жеткізу -

әділдік -

үйлесімділік -

садақа -

2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ой өрбітіңіз.

Қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым – ол байлық. Байлық рухани және материалдық болып ажыратылады. Рухани байлық ұғымы әлемде немесе белгілі бір елде жасалған рухани қазыналардың жиынтығын, сол қазыналарды игеруді мұрат тұтқан жеке адам басындағы сезім, ақыл, парасат, өнер, білім қабілеттерін қамтиды. Ал, материалдық байлық ұғымы адамзат қауымына, жеке мемлекетке не адамға тиесілі материалдық игіліктерді білдіреді. Сондықтан адамдар қарым-қатынасындағы билік, әділдік ұғымдарын қарастырып, адамзат қоғамында үйлесімділікке жету жолдарын іздеген ойшылдар байлық ұғымын айналып өте алмаған. Кез келген қоғамда адамдардың рухани және материалдық байлыққа қол жеткізуіне жағдай туғызылғанда ғана сол қоғамның дамуы орнықты болады. Мұндай қоғамдағы мүмкіндікті ақылмен пайдаланып, қажымай күш-жігер жұмсағандар бай болады. Бұл пікірді Абайша білдірсек, «Байлықты, кедейшілікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес». Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын халқымыз «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген моральдық ұстаным қалыптастастырған.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Байлық дегеніміз не?

  2. Рухани байлықты қалай түсінеміз?

  3. Материалдық байлыққа нелер жатады?

  4. Адам үшін байлықтың қай түрі маңызды?

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Қазақ халқының мәдениеті – ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ...... жасаушылары болды.

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан-ұрпаққа, жаңа, рухани

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстандағы табиғи байлықтар

Ой түрткі:

  1. Табиғи байлық дегеніміз не?

  2. Сіз табиғатты, табиғат сыйын сақтап қалу үшін не істедіңіз немесе не істер едіңіз?

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз:

Жер шары -

алқаптар -

бастапқы табиғи қалпы сақталған-

экожүйе -

табиғи аумақтар -

қорықтар -

ұлттық табиғи саябақтар -

құрылық -

табиғи нысандар -

қорықшалар -

ерекше қорғалатын -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибденнен – үшінші, мыстан – төртінші, ураннан – бесінші, алтыннан – алтыншы, темір кенінен – жетінші, қалайы мен никельден – сегізінші, көмір мен табиғи газдан – тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Хромиттің әлемдік қорының үштен бір бөлігі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі Қазақстан жерінде орналасқан. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбе, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайын-Жем) жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсаттан – 15-ші, мұнай өндіруден – 23-орында. Қазақстанның үлесіне зерттелген мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат – шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.

Қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.

Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.

(Ғаламтор материалдарынан)

3-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сауалдарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан мұнай өндіруден нешінші орында?

  2. Қазақстан дүние жүзінің неше елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында?

  3. Қазақстан хромит, күміс және цинк бойынша нешінші орында?

  4. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры қанша?

  5. Қазақстан қандай кен бойынша әлемнің 186 елінің ішінде үшінші орынды иеленеді?

  6. Уран мен марганецтің қанша бөлігі Қазақстан жерінде орналасқан?

  7. Қазақстан қандай көмір бассейндерін білесіз?

  8. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қорының көлемі қанша?

  9. Қазақстанда мұнай мен газдың үлкен қоры қай жерден табылған?

4-тапсырма. Біліміңізге сүйеніп, төмендегі тақырыпшалардың бірі бойынша ой бөлісіңіз.

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

4. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

5. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық байлық және тәуелсіздік. Ұлттық құндылықтар

Ой түрткі:

  1. Ұлттық құндылық дегенді қалай түсінесіз?

  2. «Ұлттық құндылықтар» ұғымы қалай пайда болды?

  3. Сіздердің орталарыңызда ұлттық құндылық қаншалықты дәрежеде бағаланады?

  4. Сіздің отбасыңыз ұлттық құндылықтарды сақтайды ма?

  5. Сіздің ойыңызша қазіргі жасөспірімдердің, балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін не істеу керек?

1-тапсырма. Қоршаған ортадағы табиғи денелердің қазақша аудармасын жазыңыз.

небо -

земля -

солнце -

лес -

вода -

трава -

гора -

степь -

растения -

цветы -

сосны -

береза -

клен -

кусты -

тополь -

сад -

дерево -

дуб -

2-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз.

Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі.

Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен мәртебесін алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат-мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұратқа болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші – идеал. Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу.

Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі.

Қазақ даласы Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес қосқан асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пікірлеріне ғана емес, сонымен бірге Еуропа ғылымына да ықпал етті. Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.

(asyl-bilim.kz // bigox.kz // ihsan.kz)

3-тапсырма. Мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, оның әр бөлігіне және жалпы мәтінге атау беріңіз.

4-тапсырма. Мәтінді оқып, соның негізінде өзіңіз білетін табиғаты ерекше жерді сипаттаңыз.

Қазақстанда табиғаты ерекше аймақтар өте көп. Соның бірі – Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай жері. Бұл жердің бұлақтары жанға шипа берер емдік қасиетімен әйгілі. Зерттеулерге сүйенсек, су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, карбонат, нитрат тұздары бар. Бұлақ суы – жүйке ауруларына таптырмайтын ем.

Қатонқарағайда ерекше ажар беретін аңдар: марал, бұғы мекендейді. Олардың мүйізінің қаны «панта» деп аталып, одан «пантокрин» деген емдік дәрі даярланады. Ол әлсіреген жүйке тамырына күш береді.

(«Атамекен» кітабы)

ХІІІ модуль: Жастар және экологиялық білім

1 Экономикадағы экология

2 Менің қаламдағы экологиялық жағдай. Экология мүдде және нарық

3 Ұлттық мүдде және нарық

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Экономикадағы экология

Ой түрткі:

  1. Экономикадағы экология дегенді қалай түсінесіз?

  2. Лингвистика – «тіл білімі» деген ұғымды білдіреді, ал эколингвистика деген не?

  3. Сіз экологияны сақтау үшін не істедіңіз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

шикізат -

қосымша өнім -

қамтамасыз ету -

орта есеппен -

несие -

экономикалық дағдарыс -

түсім -

есеп айырысу -

шығын -

индикативтік көрсеткiштер -

пайда -

инфрақұрылымдық нысандарды ескеру -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Жаңа экологиялық-экономикалық жобаны экономика аясында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етіледі. Қоғам мен техникалық салалардың өзара қарым-қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрылымдары мен функциялары (өндіріс бөлу және тұтыну) оған тартылады.

Адамзат қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл экономиканың іргелі тәртіптерінің негізіне байланысты қалыптасатынын естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстар мен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру үшін экологиялық процестерді оңтайландыру керек.

Негізінен экономика табиғи ресурстармен қамтамасыз етіледі. Демек, экономиканың дамуы табиғи ресурстарға байланысты, әрі тәуелді. Өндіргіш күштердің соңғы онжылдықта қарыштап дамуына байланысты бұл тәуелділік қатты сезілуде. Мәселен, топырақ құнары 1%-ға төмендесе, өткен жылғы егін шығымдылығын сол деңгейде сақтау үшін шығынды 10%-ға арттыру керек болды. Кесілген орманның орнына өскен жаңа ағаштың сапасы бұрынғы шырышы бұзылмаған орман ағашынан кем болатыны анықталды. Көріп отырғанымыздай, ресурстарды пайдалануда шаруашылық қызметтерінің ұқыпсыздығы, немқұрайдылығы бізге өте қымбатқа түсуде. Ең бастысы – әлеуметтік және экологиялық-экономикалық зиянның аса зор болуынан қоршаған орта да ластануда.

Бұл проблеманы әлеуметтік-экономикалық саланың экологияландыру жолымен келесі жағдайлардың негізінде шешуге болады:

- экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде байлықтың өзге категорияларымен тең болатын экономикалық категориялар санында қайта жаңғыртылатындарын іске қосу;

- экологиялық шектеулер мен төлем жүйесінің кеңеюімен балансталған табиғатты пайдаланудың принципін және ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын бағындыру;

- табиғатты қорғаудың функциясын тікелей өндіріс экономикасына енгізу;

- өндірістің техникалық жарақтануы негізінде сапалы өсудің стратегиясына көшуі;

Осы күнге дейін табиғат қойнауынан қанша ресурстарды алуға болады және оның салдары қандай болатындығы туралы нақты негіздеме жасалған жоқ. Бізге тек экономиканың ресурстарды пайдалануға бейімделгендігі ғана белгілі. Әрине, оны пайдаланудың өсе түсуі ұлттық табыстың өсу тепе-теңдігіне (бірдейлілігіне) әкелмейді. Шетел тәжірибелері көрсеткендей, қай мемлекет табиғи ресурстарды аз пайдаланса, сонда ұлттық табыстың өсуі жоғары болады.

(Мамыров Н.Қ. Табиғатты пайдалану

экономикасы.- Алматы, 2005. -103 б.)

3-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді көрсетіңіз.

4-тапсырма. Өз қалаңыздағы экономикалық жағдай мен экологиялық жағдайды сипаттаңыз.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Менің қаламдағы экологиялық жағдай. Экология мүдде және нарық

Ой түрткі:

  1. Қазақстан экологиясы туралы не айта аласыз?

  2. Өз қалаңыздың экологиясы қандай?

  3. Еліміздің экологиялық таза аудандары қайсы деп ойлайсыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орысшаға аударыңыз.

мөлтек аудан -

шектелу -

баға беру -

ластандырушы -

шығындарын есептеу -

айғақ -

ауруға шалдығу -

сынақ -

қауіпін ескеру -

тексеріс -

жағымсыз әсер -

улылық -

газ қалдықтары -

айыппұл -

сәйкес келмейді -

шара -

көміртегі тотығы -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазіргі кезде экологиялық тұрғыдан баға беру жеке заттардың валдық шығындарын есептеумен ғана шектеліп қоймайды, атмосферада территорияның едәуір ауданында жеке заттардың трансформациясын, адамдардың ауруға шалдығу қауіпін ескере отырып қосындылар концентрациясын анықтау және есептеу мәселесі де қойылады.  

Қоршаған ортаға жағымсыз әсерін газ қалдықтарымен қатар ондаған ластандырушы заттарды шығаратын автомобиль көліктері де тигізеді. Оның айғағы ретінде төмендегі сынақ шарасын қарастыруға болады. Еліміздің ең таза өлкелерінің бірі Көкшетау аймағы. Онда жүргізілген «Таза ауа»  операциясы тексерісінен 364 автокөлік өткізілді, олардың ішінде 47-сі улылықтың рауалы нормаларына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Тексеріс көліктік өнеркәсіптерде жүргізілді, мұнда улылықты асыру фактісі анықталған соң, бұзылуды жойғанға дейін жұмысқа шығарылған жоқ.

Тексерілген автомашиналардың 12,9% нормативтермен бекітілген улылық нормаларын асыра жұмыс істейтіндігін анализ көрсетті. Көміртегі тотығының құрамы  артқан автокөлікті жұмысқа шығарғаны үшін кезекші механикке әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы Көкшетау қаласы бойынша бақылауды орынша өткізетін құралдар (газ анализаторы, түтін өлшегіш және т. б.) және қоршаған ортаны қорғау аналитикалық зертханасының болмауынан атмосфераның автокөліктен жыл сайын нақты (дұрыс) қанша ластанатыны жайында мәліметтер алынбайды екен.

Атмосфера және адам денсаулығына автокөліктің тигізетін әсерін зерттеу мәселелері: атмосферадағы зиянды заттардың құрамын және топырақтағы зиянды заттардың құрамын анықтау; атмосфераның жылжымалы көздерден ластануының қарқындылығын бағалау; қала көшелері мен мөлтек аудандардың жол бойында қандай ауыр металдардың барын зерттеп салыстыру; қала көшелері мен мөлтек аудандардың жол бойында автокөліктен ауаға қанша мг/м3 шаң және газдарын бөліп шығаратынын зерттеу және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандарына, қалалық МАИ қызметкерлеріне, қала экологтарына жылжымалы көздерден шығарылатын ластанушы заттардың мөлшерін бағалауды дифференциялау үшін қажет.

(Ақпарат ғаламтор материалдары негізінде дайындаған автор)

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз және жоспарға сүйене отырып, мазмұндаңыз.

3-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық мүдде және нарық

Ой түрткі:

  1. Ұлттық мүдде дегенді қалай түсінесіз?

  2. Нарықтағы ұлттық мүдденің рөлі қандай?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

ұлттық басымдық -

ұлттық байлық -

ұлттық құндылықтар -

ұлттық тәрбие -

ұлттық қабілеттілік -

ұлттық мүдде -

2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

Ұлттық құндылықтар, ұлттық байлық, ұлттық қабілеттілік, ұлттық тәрбие, ұлттық басымдық

3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үрдістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Инновация біздің экономикамыз үшін нөмір бірінші басымдыққа айналды. Бірақ оның іске асырылуы әлі де болса уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс.

Белсенді қалыпта болатын инновациялық ұлттық қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдану үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиғатын тек қана мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек. Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты ұлттық диалогтың тақырыбы болуы тиіс.

Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды. Шет мемлекеттермен, оның ішінде, әсіресе, экономикасы мықты дамыған елдермен тиімді байланыстар орнатуға қол жеткізілді.

Ел экономикасының қалыпты дамуы халықтың өмір сүруі жағдайына байланысты мәселелерді өз ретімен шешіп отыруға бірден-бір оңтайлы мүмкіндіктер туғызды.

Ғылыми әзірлемелердің дайын болмауы, соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі өндіріс факторларының өнімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебінен мүмкін бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлінің жете бағаланбауынан туындап отыр.

(Дүйсенова Ү.Б. Қазақстан Республикасындағы инновациялық

қызметтің қалыптасу ерекшелігі // «Саясат-Policy» №11, қараша 2009. -19 б.)

4-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын тірек сөздерді теріп жазыңыз.

5-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.

ХІҮ модуль: Жастар және әлемдік бәсекелестік

  1. Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде

  2. Бәсеке: плюсі мен минусы

  3. Әлемдегі ең үлкен, ең көп және ең мықты, сондай-ақ ең бай адамдар

1-сабақ

Лексикалық тақырып: Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде

Ой түрткі:

  1. Бәсеке, бәсекелестік дегенді қалай түсінесіз?

  2. Бәсекелестік пен бақталастық деген бір ме?

  3. Бәсекелестік бақталастыққа ауыспас үшін не қажет?

  4. Ұлттық мүддеге нелер жатады деп ойлайсыз?

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз және оларды қатыстырып, тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

конкуренция -

изучать -

производитель -

производство -

поддерживать -

потребитель -

свободный выбор -

продовать -

участники -

рабочее место -

товар -

стабильность -

заработная плата -

интеграция -

спрос -

основное направление -

улучшать -

качественный -

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелестік қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Өйткені, нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке. Бұл нарықтық экономикаға қатысушылардың арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысындағы ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.

Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі – еркін таңдау: өндіруші үшін өңдірілетін өнімді, тұтынушы үшін тауарды, жұмысшы үшін жұмыс орнын таңдау еркі.

Кез келген мемлекеттің ұлттық мүддеге сай экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты – ішкі өндірісті өркендету. Ғылыми көлемді, жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау. Соның негізінде әлемдік шаруашылық жүйесіне шоғырлану.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың талаптарына, тұтынушылық сұранысқа сай болуға тырысуда. Әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Сондықтан тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекет етуде. Нарықтың бұл қатал шартына сай отандық өнім өндірушілер де бәсекелік қауқарын нығайтуы, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарына төтеп берулері, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауы кажет. Біздің мемлекетіміз нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгілеуі керек. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуы тиіс.

(Ғаламтор материалдарын пайдалана отырып,

мәтінді даярлаған автор)

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Нарықтың маңызды қызметі не?

  2. Бәсеке дегеніміз не?

  3. Бәсеке мен бақталастық бір ұғым ба?

  4. Бәсеке не үшін қажет?

  5. Өндірушілер арасында бәсекенің рөлі қандай?

  6. Тұтынушылар арасындағы бәсеке дегенді қалай түсінесіз?

  7. Бәсекенің қандай түрлері бар?

4-тапсырма. «Мен өндіруші болсам» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Бәсеке: плюсі мен минусы

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Конкурентоспособность, здоровая конкуренция, оценка, таварооборот, внешний фактор, контроль, отрицательные понятия

2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді ажыратыңыз.

Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке. Бәсеке – өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы деуге болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Бәсекенің екі түрі бар: өндірушілер арасындағы бәсеке және тұтынушылар арасындағы бәсеке. Тұтынушылар арасындағы бәсеке – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар. Кейде бәсекелестікті бақталастыққа жеткізетін кездер де болады. Бәсекелестік пен бақталастық бір емес. Бәсеке – құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Бәсеке дұрыс болуы керек. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нарықта байқалып қалады.

Монополия кезінде бақталастық болмайды. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті егер оның тауар өндірісінде үлесі жоғары болса, шағын кәсіпорынның өзі де монополист болуы мүмкін. Ал, керісінше, ірі корпорацияның рыноктық қарқыны басқа өндірушілермен тепе-тең болса, монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін.

Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсекелестік жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік ортаның қалыптасуында шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі ерекше.

Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсағанын аңғартады.

Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5-тен аз болмағаны жөн, ал 8-15-тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады.

Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау бар. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады.

3-тапсырма. Бәсекенің плюсі мен минусын сараптап көріңіз. Ойыңызды жазбаша түрде жазыңыз.

4-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып тақырыпқа сай шағын әңгіме құрастырыңыз.

Білген соң, болғандықтан, көріп, зерттейтін, өнім, өндіруші, бәсекеге қабілетті, көп жылғы тәжірибе

3-cабақ

Лексикалық тақырып: Әлемдегі ең үлкен, ең көп және ең мықты

1-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын сөздерді көшіріп жазыңыз.

Әлемдегі «Ең... Ең... Ең...» деген ерекше нәрселерге көңіл аударып көрдіңіз бе? Бұлар жер бетіндегі «Ең...» деген күшейтпелі теңеуге тең келер және қайталанбас «нәрселер»:

  • ҚазАқпарат - GFMS консалтингтік компаниясының зерттеуі бойынша Қытай әлемдегі алтынды ең көп қолданатын мемлекет болып танылды. Алтынның әлемдік қорын зерттеген ұйымның мәліметіне сүйенсек, Қытай былтыр 1189,8 тонна бағалы металл сатып алған. Бұл 2012 жылға қарағанда 32 пайызға көп. Алтынның 724 тоннасы зергерлік бұйымдар жасауға бағытталған. Осы ретте Қытай бірінші рет Үндістанды басып озды. Үндістер 987,2 тонна алтын алған болатын.

The Financial Times газетінде жарияланған мақалаға жүгінсек, Қытайда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар инвестициялық мақсатта пайдаланылады. Сондай-ақ қытайлықтардың тарапынан алтын құймалары мен тиындары да зор сұранысқа ие деп жазады.

  • Әлемдегі ең көп қолданылатын дінге келетін болсақ, 1 орында Христиан діні. Оны 2, 1 млрд адам ұстанады екен. 2 орында Ислам діні. Оны 2 млрд адам ұстанады. Ал 3 орында Будда діні. Бұл дінді ұстанушылар 780 млн адам.

  • Ал соңғы ақпарат бойынша әлемдегі ең көп жасаған адам – боливиялық Кармело Флорес Лаура. Ол дүниеден 123 жасында қайтқан екен.

(Таңшолпан, 12.06.2014)

2-тапсырма. Берілген ақпараттармен танысыңыз.

Федор Васильев (1707-1782 ж.) Шуя қаласында өмір сүрген қарапайым орыс шаруасы болған. Оның бірінші әйелі Валентина Васильева - есімі тарихта алтын әріппен жазылған батыр ана.Олай дейтініміз, Валентина Васильева әлемдегі ең көп құрсақ көтерген ана болып отыр. «Ол саналы ғұмырында 69 сәбиді дүниеге әкелген» - , деп жазады 24.kz. Нақтырақ айтсақ, әйел 16 рет егіз, 7 рет үшем және 4 рет төртемді босанған. Жалпы ғұмырында батыр ана 27 рет жүкті болыпты.

Ал, бүгіннің ең көп балалы анасы Чили Республикасының азаматшасы Леонтина Альбина. Ол өзін 64 баланың анасы ретінде таныстырады. Сол секілді көп балалы ананың бірі ретінде румыниялық Ливия Лонс саналады. Ол егіз тумаған, 18 рет құрсақ көтеріп, сонша нәрестені өмірге әкелген. Оның кенжесі 2008 жылы Канадада дүние есігін ашыпты.

(http://news.nur.kz/318764.html)

  • Әлемдегі ең бай футболшы Аргентинаның «Барселона» футбол клубының сапында доп теуіп жүрген Лионель Месси. Оның жалақысы дүниежүзі бойынша ең үлкен болып танылды деп хабарлайды France Football. France Football-дың хабарына сенсек, барлық жарнамалардан келіп түсетін қаражатты қоса есептегенде, Мессидің жалақысы 33 миллион еуроны құрап отыр.

Месси «Лос-Анджелес-Гэлэкси» сапында өнер көрсетіп жүрген Дэвид Бекхем мен «Реалдың» намысын қорғап жүрген Криштиану Роналдуның алдын орап кеткен.

Бір айта кететіні, ресейлік «Анжи» футбол клубының шабуылшысы Самюэль Это'О бұл тізімнің төртінші тармағында орналасқан. Оның жалақысы 23,3 миллион еуро. Жаттықтырушылар арасында ұйымдастырылған дәл сондай тізімдегі Жозе Моуринью көш бастап келеді. Моуриньюдің жалақысы 14,8 миллион еуро шамасында. Моуриньюның әріптесі Карло Анчелотти 13,5 миллион еуро жалақысымен екінші орында. Үштікті «Барселона» футбол клубының жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола тамамдап отыр.

3-тапсырма. Мәтіннен фактіге негізделген ақпараттарды алыңыз. 

Қазіргі таңда әлемдегі ең ұзын адам Түркия азаматы Сұлтан Косен болып табылады. Бойы 2 метр 51 сантиметрді құрайтын алып жақында шаңырақ көтерді. Бұл туралы the mirror сайты хабарлап отыр. 30 жастағы Сұлтан Косеннің жары Мерво Дибо Сириядан қоныс аударып келген екен.

Екеуі футбол алаңында танысқан көрінеді. Естеріңізге сала кететін болсақ, Сұлтан Косен 2010 жылы әлемдегі ең ұзын адам болып Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Қолының ұзындығы – 27,5 сантиметр болса, ал аяғының жалпақтығы – 36,5 сантиметрді құрайды.

(28 Қазан 2013 жылғы дерек бойынша)