Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая 1 задача.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.23 Mб
Скачать

2 Курстық жұмысына тапсырмасы

Қателер ықтималдылығының минимумы критерий бойынша квази-оптимальдік байланыс жүйесiн құрастыру керек. Оның негізгі параметр-лерін есептеп, құрастырылған байланыс жүйенің даму жолдарын атап шығу керек.

2.1 Цифрлық модуляция түрлерінің потенциальдік бөгеттерге ор-нықтылығы үшін қысқаша салыстырмалы талдауын өткізу керек. Байла-ныс жүйесінің жалпыланған құрылымдық сұлбасын келтіру керек.

2.2 Шығу көзімен шығаратын ақпараттық сигналдың спектрі шек-телген (спектрдің жоғарғы жиілігі- Fж). Бұл сигнал- төменгі жиілікті аналогтық сигнал екенін ескере отырып, оны цифрлық ИКМ сигналға түрлендіру керек. Бірінші, аналогты-цифрлық түрлендіргіштегi (АЦТ) түрлендіруiнiң түрлерiн түсiндiрiп жазу керек. Одан кейін, дискреттеу жиілігi мен дискреттеу интервалын анықтау керек. Кванттау қадамы - ға тең бір қалыпты кванттау кезінде, симметриялық екілік кодпен кодтау үшін АЦТ-ның техникалық параметрлерін есептеп келтіру керек. Беріл-ген санақтардың кодтық комбинацияларын құрастырып, цифрлық ИКМ сигналдың уақыттық диаграммасын тұрғызу керек.

2.3 Бөгеттерге орнықты, жұптыққа тексеретiн кодпен кодтау кезін-де, кодтау процесін түсiндiрiп жазу керек және кодердің құрылымдық сұлбасын құрастыру керек. Бұл кодпен кодталған цифрлық сигналдың кодтық комбинацияларын құрастырып, сигналдың уақыттық диаграмма-сын тұрғызу керек.

2.4 Кодталған цифрлық сигналдың тактылық жиілігiн және такты-лық интервалын (кодтық комбинациядағы элементтің ұзақтығын) анық-тау керек.

2.5 N- арналы цифрлық тарату жүйесінің модуляция жылдамдығы мен ақпаратты тарату жылдамдығын анықтау керек. Олардың мәндері арасындағы айырмашылығын түсіндіру қерек және R<В, R=В, R>В бола-тын жағдайларын атап шыгу керек.

2.6 Берілген модуляцияның түрі үшін цифрлық модулятордың құ-рылымдық сұлбасын құрастырып, оның жұмыс алгоритмін жазу керек. Модулятордың кірісіндегі ақпараттық сигналдың және шығысындағы модуляцияланған сигналдың, сонымен қатар модулятор сұлбасының нү-ктелеріндегі сигналдың уақыттық диаграммаларын тұрғызу керек. Модуляцияланған сигналдың спектрлiк диаграммасын тұрғызу керек және

спектрдiң енін анықтау керек.

2.7 Берілген модуляцияның түрі мен қабылдау әдісі үшін демодулятордың құрылымдық сұлбасын құрастырып, оның жұмыс алгоритмін жазу керек. Демодулятордың кірісіндегі модуляцияланған сигналдың және шығысындағы демодуляцияланған (модуляциядан шығарылған) ақпараттық сигналдың, сонымен қатар модулятор сұлбасының нүктеле-ріндегі сигналдың уақыттық диаграммаларын тұрғызу керек.

2.8 Егер, сигналға әсер ететiн бөгетін, қуаттың спектрлiк тығызды-ғы W0 «ақ шуы» деп есептесек, берілген рқат қатенiң (элементті қате алу-ының) ықтималдылығын қамтамасыз ететiн демодулятордың кірісіндегі h2 параметрінің мәнін анықтау керек. Анықталған h2 мәніне жеткiзетiн модуляцияланған сигналдың Um амплитудасын анықтау керек.

2.9 Қарапайым және түзетуші (бөгеттерге орнықты) жұптыққа тек-серетiн код үшін кодтық комбинацияны қате декодтауның (қабылдауы-ның) ықтималдылығын анықтау керек.

2.10 Ұйымдастырылған байланыс арнаның нақты және потенци-альдік (Шеннон шегі) өткізгiштiк қабiлеттіліктерін анықтау керек.

Жұмыстың нәтижелері бойынша қорытынды жазу керек:

а) бөгеттерге орнықты кодтауының тиімділігін бағалау керек. Қа-рапайым және түзетуші кодтармен кодталған кодтық комбинацияларын қате декодтауының ықтималдылықтарын салыстырып, қорытынды жазу керек;

б) берілген модуляцияның түрі мен қабылдау әдісі үшін, арнаның өткізгiштiк қабiлеттілігінің пайдалану тиімділігін бағалау керек. Ұйым-дастырылған арнаның нақты және потенциальді мүмкінді өткізгiштiк қа-бiлеттіліктерін салыстып, қорытынды жазу керек.

2.1 кесте

Нұсқа нөмерiнiң

екінші цифры

Цифрлық модуляцияның түрі мен қабылдау әдісі

1

ЦАМ, оптимальдік когеренттік қабылдауы

2

ЦАМ, оптимальдік когерентсіз қабылдауы

3

ЦАМ, оптимальдік емес қабылдауы

4

ЦЖМ, оптимальдік когеренттік қабылдауы

5

ЦЖМ, оптимальдік когерентсіз қабылдауы

6

ЦЖМ, оптимальдік емес қабылдауы

7

ЦФМ, корреляциялық қабылдағышқа оптимальдік когеренттік қабылдауы

8

ЦСФМ, оптимальдік когеренттік қабылдауы (полярлықты салыстыру)

9

ЦСФМ, оптимальдік когерентсіз қабылдауы (фазаларды салыстыру)

0

ЦФМ, келістiрілген сүзгiлерге оптимальдік когеренттік қабылдауы

2.2 кесте

Нұсқа нөмерiнiң цифрлардың айырымы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

Fж, кГц

3,4

5,2

9,5

14,1

18

23,4

2,5

12,0

8,2

7,8

2.3 кесте

Нұсқа нөмiрiнiң

екінші цифры

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

М

64

128

256

512

1024

64

128

256

512

1024

2.4 кесте

Нұсқа нөмерiнiң цифрлардың айырымы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

, мВ

1,6

1,7

1,8

1,9

2,1

2,2

2,3

2,4

2,5

2,6

2.5 кесте

Нұсқа нөмiрiнiң

екінші цифры

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

N

1

3

6

12

15

24

30

120

480

1920

2.6 кесте

Нұсқа нөмерiнiң бірінші цифры

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

W0, В2/Гц

10-7

2∙10-6

10-5

5∙10-6

4∙10-7

8∙10-7

3∙10-7

7∙10-6

8∙10-6

5∙10-7

2.7 кесте

Нұсқа нөмiрiнiң бірінші цифры

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

рқат

10-7

2∙10-6

8∙10-7

2∙10-7

5∙10-6

7∙10-7

3∙10-6

10-6

9∙10-6

9∙10-7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]