- •Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.
- •1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3 Тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4 Тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8 Тақырып Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып Халықаралық экономикалық құқық
- •12 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2.3 Халықаралық құқықтың негiзгi салалары.
- •13 Тақырып Консулдық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •16 Тақырып Аумақ және халықаралық құқық Мақсаты: халықаралық территория ұғымын беру және түрлерімен таныстыру, студенттердің осы тақырып бойнша көзқарастарын қалыптастыру Негізгі сұрақтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •17 Тақырып Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып Халықаралық әуе құқығы
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •21 Тақырып Халықаралық экологиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •23 Тақырып Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •26 Тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ғты реттеу
- •Қосымша әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.
9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.
10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.
11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.
12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.
13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.
14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.
15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.
16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,
17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.
18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.
19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.
9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
Мақсаты: Халықаралық құқықтағы жауапкершілік түсінігін беру; халықаралық құқық бұзушылықтың ерекшеліктерін атап көрсету; оның құрамының ішкі мемлекеттік құқық бұзушылық құрамынан айырмашылығын көрсету; мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершіліктерінің нысандарын айқындау
Халықаралық –құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен негіздері
Халықаралық құқық бұзушылық ұғымы
Халықаралық құқық бұзушылық түрлері
Мемлекеттердің халықаралық –құқықтық жауапкершілігінің түрлері мен нысандары
Әлемге және адамзатқа қарсы қылмысы үшін жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі
Халықаралық құқықтағы жауапкершілік–бұл халықаралық құқық бұзушылықты және оны істеген субъектіні әлемдік қауымдастық тұрғысынан бағалау және құқық бұзушыға нақты шараларды қолдану қажеттілігі.
Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі туралы нормалар халықаралық құқықтың салаларында “шашылған”, мысалы, халықаралық құқық субъектілік құқығы, халықаралық ұйымдар құқығы, халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қазіргі уақытта БҰҰ халықаралық құқықтың Комиссиясы жауапкершілік институтын кодификациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Халықаралық жауапкершіліктің негізі – бұл халықаралық - құқықтық нормалармен қарастырылыған объективті және субъективті белгілер болып табылады.
Халықаралық –құқықтық жауапкершіліктің негіздерінің 3 түрі бар:
заңдық;
фактілі;
іс жүргізушілік.
Халықаралық құқық бұзушылық – бұл халықаралық құқық бұзушылық құрамының элементтері (белгілері) болатын халықаралық –құқықтық қатынастардың субъектілерінің іс - әрекеті.
Халықаралық құқық бұзушылықты мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
халықаралық қоғамдық қауіптілік – бұл халықаралық құқықпен қорғалатын қатынастар мен объектілерге халықаралық құқық бұзушылықтың зиян келтіру қабілеттілігі;
Халықаралық құқық бұзушылықтың құқыққа қайшылығы – мемлекеттердің немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің халықаралық – құқықтық міндеттемелерінде белгіленген мінез – құлық ережелерінің болуымен байланыстырылған және осы міндеттемелерді немесе басқа субъектілердің құқықтарын бұзуда көрінеді;
Себеп – салдарлы байланыс – келтіріліген зиянның себебі халықаралық құқық бұзушулық болып табылатындығында көрінеді;
Жазаланушылық – бұл халықаралық құқық бұзушылықтың құқықтық салдарлары болып табылады. Нақты іс – қимылдарды құқық бұзушылық деп танып, халықаралық құқықтың субъектілері құқық бұзушыны халықаралық – құқықтық жауапкершілікке тарту мүмкіндігін белгілейді.
Халықаралық құқық бұзушылықта да субъектіні жауапкершілікке тартудың негізі болып табылатын халықаралық құқық бұзушылық құрамын құрайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын бөліп айтуға болады. Халықаралық құқық бұзушылық құрамының элементтері ІМҚ сияқты, бірақ әр уақытта ІМҚ бірдей бола бермейді.
Халықаралық құқық бұзушылықтың 3 түрі бар:
халықаралық қылмыс;
халықаралық сипаттағы қылмыстар;
халықаралық деликттер (өзге де халықаралық құқық бұзушылықтар).
Халықаралық қылмыстар – бұл әлемдік қауымдастықтың негізін қалаушы, тіршілік үшін маңызды мүдделерін бұзушы іс – әрекет.
Халықаралық қылмыстарға мыналар жатады: агрессия (басқаның жерін басып алу үшін әскер күшімен шабуыл жасау), апартеид, геноцид, құлдық жалшылық..
Халықаралық сипаттағы қылмыстар– бұл екі немесе бірнеше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қол сұғатын жеке тұлғалардың іс - әрекеті.
Халықаралық сипаттағы қылмыстарға мыналар жатады:
халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға қол сұғу;
әуе және теңіз кемелерін заңсыз басып алу;
ақша белгілерін қолдан жасау;
адамдарды кепілдікке алу;
радиоактивті заттармен заңсыз операциялар жүргізу.
Халықаралық деликттерге мыналар жатады (алдыңғы екі топқа кірмейтін халықаралық құқық бұзушылықтар):
негізін қалаушы мән – маңызы жоқ келісімшарттық міндеттемелерді мемлекеттердің бұзуы;
заңды және жеке тұлғалардың халықаралық конвенциялардың жағдайларын (ережелерін) орындамауы, мысалы, 1980ж. тауарларды халықаралық сатып алу - сату туралы Конвенцияның жағдайларын;
Халықаралық Соттар мен арбитраждардың шешімін орындамау;
Мемлекеттердің өздерінің біржақты халықаралық міндеттемелерін орындамау.
Мемлекеттердің халықаралық – құқықтық жауапкершіліктерінің 2 түрі бар:
материалды;
материалды емес (саяси жауапкершілік);
Материалды жауапкершілік реституцияменрепарациянысанында көрінеді.
Мемлекеттердің материалды емес жауапкершіліктері мынадай нысандарда көрінуі мүмкін:
ресторация;
сатисфакция;
егемендікті шектеу;
декларативті шешімдер.
Әлемге және адамзатқа қарсы қылмысы үшін жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі
Қылмыс жасаған субъектілердің екі тобын бөліп көрсетуге болады:
басты әскери қылмыскерлер (мемлекет басшылары, саясаткерлер, әскери қызметкерлер), олар өз қылмыстары ретінде де және қатардағы орындаушылардың қылмыстары үшін жауаптылыққа тартылады;
қылмыстық бұйрықтарды орындаушы тікелей орындаушылар немесе өз ұйтқысы бойынша қылмыс істеушілер;
Әскери қылмыскерлерді арнайы құрылған халықаралық соттар – халықаралық әскери трибунал немесе осы тұлғалар қай территорияда жасаса, сол мемлекеттің ұлттық соттары соттай алады.
Трибуналдың Жарғылары және үкімдері мынадай халықаралық қылмыстың түрлерін белгілейді:
әлемге қарсы қылмыстар, атап айтқанда: агрессиялық соғысты немесе халықаралық келісімдерді, шарттарды бұзған соғыстарды жоспарлау, дайындалу, соғыс өртін тұтандыру, жүргізу, сонымен қатар осындай әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған жалпы жоспарға немесе қаскүнемдік іске қатысу;
адамзатқа қарсы қылмыстар, атап айтқанда: соғысқа дейін және соғыс уақытында азаматтық тұрғындарға қатысты жасалған қастандықпен өлтіру,, езіп –жаншу, қырып жою, жер аудару және басқа да қатыгездіктер, трибуналдардың юрисдикциясына осы әрекеттер елдің ішкі құқығын бұзушы болып табылса, қайда істегеніне байланыссыз жатқызылатын болса, кез келген қылмыстарды жүзеге асыру мақсатында саяси, нәсілдік немесе діни себептер бойынша қудалау.
Халықаралық әскери трибунадың Жарғысымен және үкімімен белгіленген қылмыстардың тізімі толық емес. Ол 1949ж. Женева Конвенциясымен, І Қосымша Хаттаманың нормаларымен, басқа да халықаралық құжаттардың Жағдайларымен толықтырылған.
Халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес әскери қылмыскерлерге баспана берілуі мүмкін.
1968ж. әскери қылмыстарға және адамзатқа қарсы қылмыстарға ескіру мерзімін қолданбау туралы Конвенция әскери қылмыстарға оның жасалған уақытына байланыссыз ескіру мерзімін қолданбау туралы ережені белгіледі, ол адамзатқа қарсы қылмыстарға - олар соғыс немесе бейбіт уақытта жасалғандығына байланыссыз ескіру мерзімін қолданбау туралы ережені белгілейді.
Өзін - өзі тексеру үшін арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтары
Халықаралық – құқықтыұ жауапкершілік түсінігін беріңіз
Халықаралық-құқықтық жауапкершіліктің қандай негіздерін білесіз?
Халықаралық құқық бұзушылық түсінігін беріңіз
Халықаралық құқық бұзушылықтың қандай белгілері бар?
Халықаралық құқық бұзушылық құрамы қандай?
Халықаралық құқық бұзушылық құрамының мемлекет ішінде жасалатын құқық бұзушылық құрамынан айырмашылығы бар ма?
Халықаралық құқық бұзушылықтың түрлерін атаңыз
Халықаралық қылмыс түсінігін беріңіз және оған қандай құқық бұзушылықтар жатады?
Халықаралық сипаттағы қылмыс түсінігін беріңіз
Халықаралық деликтке қандай құқық бұзушылықтар жатады?
Халықаралық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттердің жауапкершілігінің қандай нысандары бар?
Реституция дегеніміз не?
Репарацияны қалай түсінесіз?
Ресторацияға анықтама беріңіз
Сатисфакция дегеніміз не?
Әлемге және бейбітшілікке қарсы қылмыс жасаған жеке тұлғалардың қандай тобы бар және олар жауапкершілікке қалай тартылады?
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.
2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.
3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.
5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.
