- •Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.
- •1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3 Тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4 Тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8 Тақырып Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып Халықаралық экономикалық құқық
- •12 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2.3 Халықаралық құқықтың негiзгi салалары.
- •13 Тақырып Консулдық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •16 Тақырып Аумақ және халықаралық құқық Мақсаты: халықаралық территория ұғымын беру және түрлерімен таныстыру, студенттердің осы тақырып бойнша көзқарастарын қалыптастыру Негізгі сұрақтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •17 Тақырып Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып Халықаралық әуе құқығы
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •21 Тақырып Халықаралық экологиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •23 Тақырып Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •26 Тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ғты реттеу
- •Қосымша әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.
9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.
10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.
11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.
12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.
13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.
14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.
15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.
16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,
17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.
18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.
19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.
20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
Мақсаты: халықаралық ғарыш құқығы туралы білімдер жүйесін беру
Негізгі сұрақтар
1) Халықаралық ғарыш құқығының түсiнiгi, қайнар көздерi және субъектiлерi
2) Ғарыш кеңiстiгi мен аспан денелерiнiң халықаралық – құқықтық режимi
3) Ғарыш объектiлерiнiң халықаралық – құқықтық режимi
4) Ғарышкерлердің құқықтық мәртебесi
5) Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершiлiк ұғымы
6) Халықаралық ғарыш ұйымдары
Халықаралық ғарыш құқығы – ғарыш қызметіндегі субъектілердің арасындағы қарым қатынастарды реттейтін, ғарыш кеңістігін, сонымен бірге аспан денелерін игеру мен зерттеу қызметіндегі ғарыш қызметіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін халықаралық құқықтық сала.
Халықаралық қатынастардың барлық аймағын реттейтін құқықтар мен міндеттер халықаралық құқықтың жалпы қағидалары мен нормаларында ғана емес, сонымен қатар ғарыш кеңістігі мен ғарыш қызметін реттейтін арнайы қағидалар мен нормаларында көрініс табады.
Халықаралық ғарыш құқығы термины оның тура мағынасына қарамастан, ғарыш кеңістігінің қызметі мен аспан денелерінің қызметіне ғана емес, сонымен бірге олардың жердегі және әуе кеңістігіндегі зерттеулер мен игеру қызметтерінеде таралады.
Халықаралық ғарыш құқық нормаларының қызметі тек қана қазіргі кезде ғарыш кеңістігін өзінің техникалық құралдарын пайдаланып зерттеуге қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар басқа аумақтар шегіне де таралады. Халықаралық ғарыш құқығының жалпыға танымал нормалары ғарыш қызметінде әрекет етуіне қарамастан, барлық мемлекеттерге құқықтары мен міндеттері бірдей таралады.
Халықаралық ғарыш құқық объектісіне ғарыш кеңістігі (теңіз деңгейінен 100 километр биіктіктен басталатын жер үсті кеңістігі), Күн жүйесінің планеталары, Ай, жасанды ғарыш объектілері және оларды құраушы бөліктер, ғарыш экипаждары, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу мен игеру қызметі, ғарыш қызметінің нәтижелері жатады, мысалы, алыс қашықтықтан жерді аймақтарға бөлу ақпаратын ғарыштан жіберу, аспан денелерінен жерге жіберілген ақпараттар және т.б. Жер үсті әуе және ғарыш кеңістігіне бөлінеді. Бұндай бөліну ұшу аппараттардың әр түрлі техникалық жылжуына байланысты анықталады. Авиация үшін – қанаттың көтерілу күші мен тежегіштің тартуы. Ал ғарыш үшін жер және басқа планеталардың тартылу әсері арқылы инерциялық қозғалыс1.
Халықаралық ғарыш кеңістігінің субъектілері болып халықаралық көпшілік құқығының субъектілері танылады, яғни халықаралық үкіметаралық ұйымдар мен мемлекеттер, соның ішінде өздері тікелей ғарыш қызметімен айналыспайтындар.
Халықаралық ғарыш құқығының қазіргі халықаралық құқықтың саласы ретінде қалыптасу тарихы.
Халықаралық ғарыш құқығының пайда болуы, 1957 жылы 4 қарашада Кеңес Одағындағы жердің жасанды серігін ұшырумен тікелей байланысты. Бұл адамның ғарышты игеруіне алғашқы баспалдағы болуымен қатар, көпшілік өмірінің көп жағына терең әсер етті. Адамның жердегі өміріне үлкен әсерін тигізетін жаңа қызмет өрісі ашылды.
Басты рөл халықаралық құқыққа тиесілі, құқықтық реттеу қажет болды. Халықаралық ғарыш құқығы жасалуы халықаралық қауымдастық өмір қажеттілігіне тез назар аудару қабілетін көрсетеді. Алғашқы жер серігін ұшырған кезде бірінші дағдылы норма пайда болды.
Ол мемлекеттердің өз жерінде бейбітшілік мақсатымен ғарышты ұшып өту және әуе кеңістік бөлігінде ұшыру мен қондыру құқығын мойындау кезінде пайда болды.
Ғарыш туралы арнайы келісім шарт жасасқанға дейін 1967 жылы халықаралық ғарыш құқығы бір қатар қағидалар мен нормалар әдеттегі құқықтық нормалар ретінде пайда болды. Кейбір ғарыш қызметіне байланысты құқықтық қағидилар мен нормалар қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бірауыздан қабылданған резолюциясынан көрініс тапты. Олардың арасынан №721 1961 жылғы 20 желтоқсандағы және №1962 1963 жылғы 13 желтоқсандағы резолюциясын ерекше атап өтуге болады. Соңғысы ғарыш кеңістігін игеру мен зерттеудегі мемлекеттер қызметінің құқықтық қағидасы мағлұмдамасын мазмұндайды.
Халықаралық ғарыш құқық негізінде келісім шарт түрінде қалыптасқан.
1967 жылы «Ғарыш туралы» алғашқы шарт пайда болғанға дейін, ғарыш қызметі аспектілерді реттейтін жеке келісім шарт нормалары болған біз оларды кейбір халықаралық актілерде көреміз:
1963 жылы 5 тамызда Мәскеуде қолданылған ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынақтан өткізуге тиым салатын келісім шарт;
1945 жылы 26 маусымдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы (1945 жылы 24 – қарашада күшіне енді). Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі болып, 185 мемлекет болып (1996 жылғы деректер бойынша), соның ішінде, Ресей мемелекеті 1945 жылы 15 – қарашадан бастады)2.
1970 жылы 24 тамыздағы Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым – қатынас жайындағы халықаралық құқық қағидалар мағылұмдамасы.
1975 жылы 1 тамыздағы Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік жайлы Қорытынды Актісі. (1975 жылы 1 – тамызда күшіне енді).
Мемлекеттер ғарыш эрасының басталуымен ғарыш қызыметімен байланысты қарым – қатынастарында халықаралық құқық жалпы қағидалары мен нормаларға сүйенген.
Ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының жасап шығарған, кейіннен қол қойылған және мемлекеттердің көпшілігі пайдаланатын негізгі халықаралық келісім шарт топтарын атап айтуға болады.
Мысалы:
1967 жылы 27 қаңтардағы ғарыш кеңістігін, айды, басқа да аспан денелерін зерттеу мен игеру тауралы мемлекеттер қызыметінің қағидасы туралы келісім шарт (1968 жылы 10 – қарашада күшіне енеді);
1968 жылы 22 сәуір ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлер мен объектілердің оралуы, ғарышкерлерді құтқару жайында келісім (1968 жылы 3 – желтоқсанда күшіне енді)3.
1972 жылы 29 наурыз ғарыш объектілерімен келтірілген зиянға халықаралық жауапталақ жайлы Конвенция (1972 жылы 1 – қыркүйекте күшіне енді)
1974 жылы 12 қазан ғарыш кеңістігіне жіберілітін объектілерді тіркеу туралы Конвенция (1976 жылы 15 қыркүйекте күшіне енді)
1979 жылы 18 – желтоқсанда ай және басқа аспан денелеріндегі мемлекеттің келісімі туралы келісімі (1984 жылы 11 – шілдедде күшіне енді)1.
Келісім шарттар арасында жалпы ғарыш қызметінің халықаралық құқық қағидаларын белгілейтін, басты орын алатын 1967 жылы «Ғарыш туралы» Келісім екені даусыз.
Мемлекеттердің көпшілігі (222 қатысушы) оның қатысушылары болып келеді. Халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың жеке саласын құрауы осы келісім шартпен байланысты болып келеді.
Халықаралық ғарыш қағидаларының екінші тобының қайнар көздерін мемлекеттің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін халықаралық ғылыми – техникалық келісімдер, конвенциялар құрайды. Ғарыштың ғылыми – техникалық келісімдер оларды анықтайтын нормалардың атауына, бағытталуына, формасына, сипатына қарай әртүрілі болып келеді, мысалы, “Интеркосмос”:
1976 жылы 3 қыркүйекте халықаралық ұйымның теңіз спутнигінің байланысы туралы конвенциясы (Конвенция күшіне енді)2;
1982 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 37/92 мемлекеттің жердің жасанды серігін теледидардан хабар таратуға пайдалану туралы резолюциясы;
1976 жылы 13 шілдеде ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатында зерттеу мен игеру туралы келісім. Олардың арасында үкіметаралық ұйымдардың ұйымдастырылған актілері, ғарыштағы бірлескен мемлекеттер қызыметінің негізгі және нақты сұрақтар бойынша көп жақты және екі жақты келісім.
Халықаралық ғарыштың қағидалары келесі келісім шарт түрі – құтқару келісім шарты болып келеді. 1969 жылы құтқару туралы келісім ғарыш объектісінің және ғарышкерлердің оралуы мен оларды құтқару жұмыстары бойынша жерде жүргізілетін іс шараларды реттейді.
Ал 1972 жылы конвенцияның халықаралық жауапкершіліктің негізгі мақсаты ғарыш объектілері және олардың құраушы бөліктері жерге құлаған кезде келтірген зардаптарының орнын толтыру.
Шығыс Европаның және басқа мемлекеттердің ғарыш аумағындағы ынтымақтастық құтқару негізгі 1976 жылы ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатында зерттеу, меңгеру туралы келісім болып табылады. “Интеркосмос бағдарламасының негізгі бағыты ғарыш кеңістігінің функциялық қасиеттерін, ғарыш метереология, ғарыш биологиясы мен медицинасын, ғарыш байланысын және ғарыштан табиғи ортаны зерттеуді көздейді.
1991 жылы 30 желтоқсанда Минскіде Азербайджан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан ғарыш кеңістігін қолданып және зерттеу туралы бірге қызымет ету жайында келісімге қол қойды. Ол келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Бұл келісімге сәйкес 9 мемлекеттің бірлескен қызметі мемлекет аралық бағдарлама негізінде жүзеге асады. Оларды орындау ғарыш бойынша мемлекеттік аралық кеңеспен қадағаланады. Әскери ғарыш бағдарламаларды бірлескен стратегиялық қарулы күштер жүзеге асырады. Қаржыландырудың негізгі көзі қатысушы мемлекеттердің үлестік салымы. Келісім бұрынғы Кеңестер Одағының құрамындағы қатысушы мемлекеттер жерінде болған ғарыш кешендерін және ғарыш объектілерін сақтауға бағытталған.
Халықаралық ғарыш құқығының тағы да бір басқа қалыптасу бағыты- халықаралық органдардың мекемелері мен ұйымдары болып саналады.
80-ші жылдан бастап ғарыш қызметін жекешелендіру мен коммерцияландыру ісін жүргізу бүгінгі таңда халықаралық жеке ғарыш құқығының қалыптасуына әкеп соқты.
Бірқатар мемлекеттерде бұл ұстаным ұлттық ғарышты заңдастырудың дамуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар халықаралық ғарыш қызметі тек қана халықаралық көпшлік құқығымен реттеледі деген көзқарас бар. Себебі әрбір елдің заңды және жеке тұлғалар ғарыш қызыметіне жауапты мемлекеттің рұқсатынсыз құқықтық қатынастарға араласа алмайды.
1975 жылы Еуропалық зерттеу ұйымы мен Еуропаның ракета тасымалдаушы жасау ұйымының бірігуі нәтижесінде Еуропаның Ғарыш Агенттігі болып қайта жасақталды.
Құрылтайшы актісіне сай Еуропалық Ғарыш агенттігінің міндеті - Еуропалық мемлекеттердің ғарыш ғылымын және техникасын бейбітшілік мақсатта қолдану мен өңдеу ынтымақтастығын дамыту мен және келтіру. Европалық Ғарыш Агенттігінің штаб – пәтері Парижде орналасқан.
1964 жылы Жердің жасанды серігі арқылы таратылатын Халықаралық байланыс ұйымы уақытша әрекет ететін жасанды серіктер жүйесін құру туралы келісім негізінде пайда болды (ИНТЕЛСАТ).
1971 жылы ИНТЕЛСАТ жайындағы тұрақты мемлекеттер келісімге қол қойды. Жиырмадан астам мемлекет ИНТЕЛСАТ мүшесі айналды. ИНТЕЛСАТ мақсаты - коммерция негізінде ғаламдық байланыс жүйесін құру және пайдалану. ИНТЕЛСАТ-тың штаб – пәтері Вашингтонда орналасқан.
1971 жылы Интерспутник халықаралық ғарыш байланысының ұйымы құрылды. Бұл ұйымның мақсаты – жердің жасанды серігі арқылы мемлекеттіік мүшелерге байланысты құру мен пайдалануын реттеу. Интерспутник штаб – пәтері Мәскеуде орналасқан.
1976 жылы халықаралық теңіз байланысының ұйымы құрылды. (ИНМАРСАТ) 60 астам мемлекет мүшесі болып кіреді. Бұл ұйымның мақсаты - ғарыш сегіментін қамтамасыз ету арқылы теңіз бойын жақсарту, яғни қауіптілік жағдайда хабарландыру, теңіздегі адам өмірінің қорғалуын қамтамасыз ету, кеме және оларды басқару жұмысының нәтижелі өсуі, теңіздің хат – хабар қызыметінің, радио анықтау қызыметінің жеңілдету мүмкіншілігі.
ИНМАРСАТ штаб – пәтері Лондонда орналасқан.
Басқа да бірқатар халықтары үкіметтік ғарыш ұйымдары бар, соның ішінде серік байланысы бар араб ұйымы (АРАБСА), метеорологиялық серіктікті пайдаланатын Еуропалық ұйым (ЕВМЕТСАТ) және т.б. Ғарыш қызметінің белгілі бір бағыты Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы ұйымдар жүйесінің шеңберіне кіреді.
Жан-жақты электр байланыс одағы;
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО);
Бүкіләлемдік меторологиялық ұйым;
Білім, ғылым және мәдениет туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО);
Үкімет аралық теңіз ұйымы.
1967 ж. ғарыш жайлы келісім шарт үкіметтік емес заңды тұлғалардың ғарыш қызметіне сәйкес қатысушы мемлекет рұқсаты мен қадағалауы бойынша жарияланады.Бұндай қызметке мемлекеттер жауапты және келісім шартқа сәйкес жазыла қамтамасыз етілуі тиіс.
Халықаралық үкіметтік емес абыройлы ғарыш ұйымының бірі болып ғарыш кеңістігін зерттеу комитеті және халықаралық астронавтикалық ұйымы саналады.
Ғарыш кеңістігін зерттеу комитеті 1958 жылы халық аралық ғылыми Одақ Кеңесінің бастамасы бойынша құрылаған.
Комитеттің негізгі мақсаты – ғарыш техникасын қолдану. Мемлекетке байланысты саладағы ауқымды ғылыми зерттеуге көмек беру. Ғарыш кеңістігін зерттеу Комитеті құрамына ғылым академия, оларға теңестірілген ұлттық теңемелер, қырыққа таяу мемлекеттер, оннан астам халықаралық ғылым одағы кіреді.
Халықаралық астронавтикалық ұйым ресми түрде 1952 жылы тіркелген. Бірақ оның пайда болу уақыты 1950 жыл болып саналады. Бірқатар Батыс Еуропа елдері мен Аргентинаның астронавтикалық қауымдастығы ғарышқа ұщу мәселесімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес ұйым құруға шешім қабылдады.
Федерацияның мақсаты – астронавтиканың дамуына үлес қосу, ол туралы хабар тарату, астронавтиканың барлық саласын дамытуда көмек көрсету, жыл сайын астронавтикалық конгресс өткізу.
Халықаралық астронавтика ұйымының құрамына, біріншіден, ұлттық мүше әр елдің астронавтикалық қауымдастығы, екіншіден, ғарыш тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізетін мамандарды дайындайтын оқу орны, үшіншіден сәйкес халықаралық ұйымдар кіреді. Халықаралық астронавтикалық ұйымына тәуелсіз ұйымдар бірақ онымен тығыз байланыста болады.
Адамзаттың ғарышты игеру нәтижесінде оның қызметіндей ауқымды сипаты бүгінгі таңда ғарыш кеңістігін игеру мен зерттеуде реттеу шараларын қолданатын бүкіл ғаламдық ғарыш ұйым құру жайында мәселе туады.
1986 жылы Кеңестер Одағы Біріккен Ұлттар Ұйымына, сондай ұйым жайында ұсыныс берді. Бүкіл әлемдік ғарыш ұйымының мақсаты, функциялары, құрылымдары, қаржыландыру тәртібі сипатталған Жарғы ұсынды.
Халықаралық құқық қағидаларының түсінігі.Халықаралық құқық ерекшелігі онда негізгі қағидаларының кешенді болып келуі, сонымен қатар бұл қағидалар ерекше саяси және моралды күшке ие болады. Саяси себепті оларды дипломаттың тәжірибеде халықаралық қарым – қатынас қағидалары деп аталады. Бүгін қандай да болмасын маңызды саяси шешім негізгі қағидаларға сүйенсе сенімді болады. Бұл фонтаны маңызды халықаралық актісіндегі осы қағидаларға сілтемелер дәлелденеді.
Қағидалар тарихи шарт. Бірінші жағынан халықаралық қарым – қатынас пен халықаралық құқық жүйесінің жұмыс істеуінде қажетті, екінші жағынан қазіргі тарихи жағдайда әрекет ете алады. Қағидалар мемлекеттің негізгі мүддесін және халықаралық қауымдастықтың мүддесін қамтиды. Субъективті жағынан мемлекеттің халықаралық қарым – қатынас жүйесінің заңдылығын, өзінің ұлтын және жалпы мүдделерін түсініп қамту деңгейі.
Халықаралық құқықтың әртүрлі қағидалар түрлері бар. Олардың арасында қағида – идея маңызды орын алады. Оларға бейбітшілік, ынтымақтастық, адамгершілік, демократия және тағы басқа жатады. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында, адам құқығын қорғау бойынша және басқа құжаттарда қамтылған. Қағида – идеаның негізгі мөлшері нақты норма арқылы әрекет етіп, нысандарының мазмұнын қамтып, қызметке бағыттайды.
Қағидалар маңызды функцияларды атқарады. Олар субъективтік қарым – қатынасының негізін анықтап, мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндетін бекітеді. Қағидалар бейбітшілік, ынтымақтастық, адам құқығы деген негізгі адамзат құндылықтар жиынтығын біріктіреді және қорғайды. Олар халықаралық құқықтың дамуы мен оның саяси құқық келбетін анықтайды.
Қағида халықаралық заңдылықтың белгісі болуы керек. Халықаралық қауымдастықтың жүйесінің негізі болып келіп қағидалар жаңа субъектілер жаңа ынтымақтастырудың өрісі пайда болған кезде жалпы авнкартты реттеуді анықтайды. Мысалы, жолға ғарыш саласындағы мемлекеттердің ынтымастықтарының болысымен қағидалардың қызметі бұл өріске дереу таралды. Сонымен қатар пайда болған жаңа мемлекет халқаралық құқық қағидаларымен байланысты болады.
Қағидалардың маңызды рөлінің бірі халқаралық құқық кемшіліктерінің орнын толтыру. Халықаралық құқықтың нормаларының бірі бұрынан қағида аталса, басқалары халқаралық құқық реттеу кезіндегі өзінің рөліне, маңыздылығын күшейтуге байланысты атала бастады.
Құқық қағидасының обективті тәртібінің қоғамдық тәжірибенің, қоғамдық даму заңдылықтарының нормативті қамтылуы (бұл процестерді субъективті таныстыру емес).
Халықаралық қағидалары қоғамдық тәжірибе нәтижесінде пайда болған субектілерді басқаратын заңда бекітілген халықаралық құқықтың бастамасы болу керек ережелері. Бұл халықаралық құқықтың барлық субъективті міндетті сипаттама нормасы. Халықаралық құқық қағидаларын сақтау міндетті.
Жеке және бір топ мемлекеттерге халықаралық құқық қоғамның бұзу қағидаларының тәжірбиені жауапқа шақырса да күші жетпейді.
Кез – келген мемлекет қоғамдық тәжірибесі қағидалары бұзылса да түзетуге міндетті.
1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының ұйым туралы баяндамасында «Елеулі өзгерістер байқалды. Халқаралық мәселе ұзақ уақытқа шешілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында салынған жалпыға танылған қағидаға сүйеніп шешу керек»1 деп айтылған.
Халықаралық
құқық қағидасы әдепті жүйе келісім шарт
жолымен қалыптасады. Олар екі функцияны
жүзеге асырады. Халқаралық қарым –
қатынасты тұрақтандыру мақсатында
нормативті белгілермен шектеп, халықаралық
қарым – қатынас тәжірбиесінде
алмастырылған жарнамаларды бекітіп,
мұндай жолмен олардың дамуына көмектеседі.
Халықаралық құқық қағидаларының өзіне тән ерекшелігі - әмбебаптылығында. Халықаралық құқық субъектісінің қағидасын қатаң сақтауы міндетті. Себебі кез – келген халықаралық қарым – қатынастарының басқа қатысушылардың заңды мүдделерін қозғайды. Бұл халықаралық қағидалары халықаралық қатынастардың нормативтік жүйесінің заңдылығының критериі. Қағидалардың қызметі қандай да бір себепен нақты нормативімен реттелмей қалған субектілер аумағына тарайды.
Сонымен қатар оларға тән сипат байланыстылығы тек бір – бірімен байланысу арқылы олар өз функцияларын жүзеге асырады. Олардың байланысы халықаралық құқық қағидалары туралы декларациясында көрснтілген. 1970 жылғы 24 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мемлекеттер аралық ынтымықтастық және достастық қарым-қатынасқа сәйкес «жоғарыда аталған кағиданы қолдану және талқылау кезінде әр бір қағида басқа қағидалар контексінде қарастырылуы керек»1-деп айтылған.
Қағидалар комплексіне кейбір сатылы лауазым тиесілі. Басты орынды күш қолданбау қағидасы алады. Бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатына барлық қағидалар бағынады. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сотымен бекітілгендей, дауды бейбітшілік жолмен шешу қағидасы күш қолданбау және күшпен қатер төндірмеу қағидаларын толықтырылады.
Құқық пен сыртқы саясат арасында үздіксіз байланыс бар. Сыртқы саясат ғарышты игерумен тығыз байланысты. Кезкелген аумақтағы сыртқы саясатты жұзеге асыру үшін мемлекеттер жалпы халықаралық құқық қағидаларын үстануы қажет.
Олардың негізгі заңды нысаны әдет – ғұрпы болу керек. Оның түрлері жүріс тұрыста емес нормативті тәжірбиеде анықталады. Резомация қағидасының мазмұнын қалыптастырады, ал мемлекеттер заңды күшін мойындайды. Қағида жалпыға міндетті болу үшін, оны халқаралық қауымдастық толығымен келісе мемлекеттердің көпшілігімен өкілдерімен мамандандырлуы қажет. Қағидалардың қатынасумен ұйымдастыру ерекшелігі олардың қажетті әлемдік тәртіп кезін және халқаралық құқықтарының қатысу мен бекітуі едәуір мөлшерде анықталады. Олар өз бетімен қажетті құжатты толтырады.
Халықаралық қағидалармен баяндалған жерде жалпы құқық қағидасы түсініктемеде таңдасылуға болмайды.
Бұл мәселе бойынша әр түрлі көзқарас бар. Жақтаушылар бұл ұғым табиғи құқықтармен әділеттілігінің жалпы қағидаларын қамтиды және халқаралық қатынастардың ерекше қайнар көзі деп есептейді. Басқа конценцияны ұстанушылар жалпы қағидаларды халқаралық қатынастардың негізгі нормалары ретінде түсіну керек деп санайды.
Бірақ соңғылары таяу арада ұлттық құқықтардың жалпы қағидалары бола қоймас. Сонымен қатар жалпы құқықтар ұғымы халқаралық құқықтардың негізгі қағидасы ұғымына дейін табылған болатын.
Ал үшінші концепцияға сәйкес жалпы қағидалар деп, ұлттық қауым жүйесіндегі жалпы қағидалар айтылады. Кезінде кез – келген құқық жүйесінде қолданылатын нормалардың заңдылығын көрсететін ережелер жайында айтылады.
Халықаралық құқық үшін процесуалды құқық күші дамыған қағидалар маңызды.
Халықаралық құқық жүйесіне ену үшін ұлттық құқық жүйесінде жалпы қағида болуы жеткіліксіз. Осы жүйеде әрекет етуі қажет. Ол халықаралық құқықта халықаралық қауымдастығының келісімі нәтижесінде оңайлатылған тәртіпке басым енуі қажет. Жалпы қағидалар әдетте норма қалпында халқаралық құқық қатынастарының ерекше қайнар көзі ретінде қарастырлмайды. Сот тәжірибесі европалық интегорциялау жағдайларында да жалпы құқық қағидасы бұл тек қана қатысушы мемлекеттердің ұлттық құқық қағидасы ғана емес, сонымен қатар халқаралық құқық қатынастар қағидалары деп санайды.
Халықаралық құқық негізгі қағидалары Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының қағидасы кеңінен танылған yus cogens сипатында көрінеді. Яғни жоғарғы тәртіптің міндеті болып, мемлекеттрмен жеке немесе өз ара келісімі арқылы өзгертіле алмайды.
Қазіргі халқаралық құқық қағидаларының көзқарасын алатын ең абройлы құжаттар 1970 жыл 24 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясымен қабылданған қағидалар туралы декларация қатысушы мемлекеттер өз ара қарым – қатынасында 1975 жылы 1 август СБСЕ қорытынды актісінде сипатталған қағидалар декларациясымен қолданылды.
Халықаралық құқық қағидаларын қолданып, талқылау кезінде ескеретін маңызды жай, олар бір – бірімен байланысып, әрбіреуі басқа барлық қағидалармен бір контексте қаралады.
Халықаралық ғарыш құқығы қағидаларының түрлері мен ерекшеліктері.Халықаралық ғарыш құқықтарының қағидалары 1976 жылы мемлекеттің ғарыш кеңістігін, айды, аспан денелерін зерттеумен игеру келісім шартта бекітілген.
Егеменді теңдік қағидасы. Мемлекеттік теңдік қағидасы негізгі қағидалардың бірі болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында қағида туралы бабында бірінші орында ұйымның барлық мүшелері сувернді теңдігінің қағидасы негізінде құрылған деп айтылған.
Бұл қағида Біріккен Ұлттар Ұйымы негізі ғана емес, сонымен қатар халқаралық қарым – қатынасты басқару жүйелерінде негіз болады. Қағиданың негізгі мазмұны мемлекеттердің егеменді теңдігінің бір – бірімен ерекшелігін, сувертекст тән құқықты, басқа мемлекеттердің құқық субектілігін санауға міндетті.
Әрбір мемлекет өзінің саяси, әлеуметтік, экономиканың және негізгі жүйесін еркін талдауға және дамытуға құқылы. Және өзінің заңдылығы мен әкімшілік ережелерін орнатуға құқылы. Барлық мемлекеттер бір – бірін құрметтеуге міндетті және басқа мемлекеттер мен қарым – қатынасын халықаралық құқықтарына сәйкес өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Әрбір мемлекет халықаралық ұйымдар мен келісім шарттарға қатысуға құқылы. Мемлекеттер халқаралық құқық міндеттерін егеменді теңдік қағидасы бұрыннан танымал екі қағида құрметтеу және теңдік қағидаларының механикалық бірлестіктіні емес. Бірлестік жаңа қағиданың қосымша пәнін береді.
Екі элементтің үзіліссіз байланысы байқалады. Теория және тәжірбие кездесетін көзқарас халықаралық құқық қатынастарының кез – келген халықаралық міндеттерімен мемлекеттердің егемендігін жетілдіреді. Негізінде халықаралық суверенитеті қамтамасыз етіп, оны теріс қолдануға мүмкіндік бермейді. 50 жылы дайындалған халықаралық құқық кабинетіндегі А.Н. Чехословацкидің баяндамасында халықаралық құқық мемлекеттің суверинтетін шектемейді, керісінше мемлекет шекарасынан тыс жерде көрініп, қолданылуына мүмкіндік береді деп айтылған.
Халықаралық құқықтағы теңдік ол теңдіктердің құқығы (yus inter pares). Тең теңдердің үстінен билік жүргізе алмайды (perin parem ron habet potestatem). Бүгінгі таңда халықаралық мемлекет құрлымы теңдеулер құрлымы субъектілер жүйесі ретінде қаралады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы теңдіктер құқығының ұйымының негізгі мақсаты бейбітшілікті сақтау, ынтымақтастық достық қарым – қатынастың дамуына шарт ретінде бекітті.
Сонымен қатар теңдік құқығын қамтамасыз ету мәселесін жеңілдетуге негіз жоқ. Халықаралық қарым – қатынастың бүкіл тарихы үстемдік, ықпал ету жолындағы күреспен сипатталады. Бүгінгі таңда бұл тенденция ынтымақтастығына және құқықтық тәртіпке зиян келтіреді. Біршама авторлар мемлекеттің теңдік құқығы ауыз болып келеді деп санайды. Екінші мемлекеттің нағыз теңсіздігін жоққа шығармайды. Ол заң жүзінде теңдіктің орнауын көрсетеді. Адамдарда өз мүмкіншіліктері бойынша теңдік болмайды, бірақ олардың сот алдындағы теңдігі ешқандай күмән тудырмайды. Теңділік басқа мемлекеттердің және халықаралық қауымдастарының мүдделерін ескере отырып жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі халықаралық құқық көпшілігі мемлекеттер қатысуымен қалыптасады.
Мемлекеттің теңдік құқық мәртебесі халықаралық құқық қатынастарының нормаларында бірдей қолданып, міндетті теңдік күшімен ие болады. Мемлекеттер құқығының жасалуына және өзіне міндеттілерді қабылдауға теңдік қабілетімен ие болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық сот тіркеуі бойынша теңдік халықаралық құқықпен реттелмейтін істерде де теңдік бастамдылығын білдіреді.
Барлық мемлекеттер заңды мүдделеріне қатысты халықаралық мәселенің шешімдеріне қатысуға тең құқықпен ие болады. 1974 жылғы картада экономикалық құқық және мемлекеттің міндеттемелерінде: барлық мемлекеттер заңды түрде тең құқылы және халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде халықаралық шешім қабылдау процесс толық және нәтижелі түрде қатысуға құқықтары бар деп айтылған.
Сонымен шындыққа көз жұмып қарамауымыз қажет. Ірі державалардың қалыпты шығарма жазу іс жүргізуге елеулі ықпал етеді. Ғарыш кеңістігінің тәртібі осылармен айналысады. Қарулану шешімінің аумағында келісім шарт жасау оларға тәуелді. Осының негізінде кейбір құқығының алдындағы теңдік оны жасау дейді. Бірақ та халықаралық және тәжірбие барлық мемлекеттердің қалыпты шығармашылығының іс жүргізуге қатысу тең құқығын қабылдайды.
Сонымен қатар ірі мемлекеттердің ықыласымен жасалатын актілері бар халықаралық қауымдастықтың мүддесін ескеруі міндетті. Ғарыш қызметінде пайдаланылатын бұл қағида барлық мемлекеттердің ғарыш қызметінде жүзеге асыу барысында (саяси және құқықтардың сипаттағы сұрыптаулар) теңдігін білдіреді.
Теңдік құқықтың қағидасы 1967 жылы ғарыш туралы келісім шартта көрініс таптты. Онда ғарыш кеңістігін игерумен зерттеу экономикалық және ғылым дамуына қарамастан, барлық халықтың игілігіне бағытталушы тиіс деп жазылған. Келісім шартта теңсіздіктердің ғарыш кеңістігімен аспан денелерін зерттеу мен игеру ешқандай келіспеусіз теңдік негізінде, аспан денелерінің аумағына кедерсіз кірсу құқығы арнайды. (сонымен қатар басқа мемлекеттердің істерінде негізінде ғарыш обектілерінің ұшуын бақылау сұранысы қаралады).
Ғарыш кеңістігі ашық халқаралық кеңістігі болу керек. Бұл кеңістік өлі және басқа аспан денелерін қосқанда халықаралық қатынастармен сәйкес игерумен зерттеулерге ашық қандай да болмасын ұлттық иеленуге жатпайды. 1976 Болта (Калурбия) конференциясындағы бір қатар экваторлар мемлекеттің аумағына тиселі гестоционарлық сталция сегментына өз суверинтетін таратуға әрекет жасау ғарышты иеленбеу қағидасына қайшы келеді. Геостационарлық столция жер экваторының жазықтығынан 36 км биіктікте кеңістік сақшысын бейнелейді. Бұл кеңістікте ұшырылған жер серігінің бұрыштық жылдамдықпен айналуы жылдамдығына таяу. Бұның нәтижесінде жер серігі жер бетіне қатысты қозғалыссыз орынында тұратындай. Бұл жер серігін пайдаланудың кейбір түрлеріне оптималды жағдай туғызады. (мысалы: теледидар хабарын таратуда).
11бапта мемлекеттің Ай және басқа аспан денелеріндегі құрметтеу туралы келісім шартта айтылады. Ай және оның табиғи ресурстары адамдардың жалпы мұрасы болып табылады. Сондықтан ұлттық меншіктелуге суверенитет жариялау жолымен басқа әр түрлі пайдаланушыға жатпайды. Осы баптың 3 бөлігінде айдың бетіндегі немесе айдың жер қойнауындағы, сонымен қатар оның бетіндегі немесе жер қойнауындағы аумақ немесе табиғи ресурстар орналасқан аумақ қандайда болмасын мемлекеттің халықаралық ұйым аралық немесе үкімет аралық емес мекемелердің немесе ұлттық ұйымның немесе кез – келген жеке тұлғаның меншігі бола алмайды. Ай бетіндегі немесе оның жер қойнауындағы орналасқан ғарыш аппараттары, құрал саймандар, қондырғылар, стомурелялар және ай бетімен күн оның қатынауымен тығыз байланысты құрылыс айдың бетіне немес жер қойнауына немесе аумағына меншік құқығын туғызбайды. Сонымен қатар қатысушылар ай және жер аспан денелерін кемістусіз теңдік негізінде халықаралық құқық қатынастарына сәйкес және бұл келісімнің шарттарына сәйкес игеруге және зерттеуге құқылы.
Күш қолдану және қоқан-лоқыға тыйым салу қағидасы. Кез – келген құқық жүйесінде күш және құқық қатынасы ортақ мәселе болып келеді. Ұлттық жүйеде күшті ашық қолдану мемлекетпен автоматтандырылып монополандандырылған. Халқаралық өмірде мемлекет үсті өкімет күші жоқ болғандықтан субектілердің өз тарапында болды. Мұндай жағдайларда жалғыз шешім күш қолданушыға құқықтық шектеу орнату.
Күш және күш қолдану қаупі қолданбалы міндетін барлық мемлекетке тарайды. Себебі халқаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік барлық мемлекеттердің аталған қоғамдағы ұстамын талап етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес құқықтық қарсы күш қолдану сипаты
болғандықтан, қарулы күшті және қарулы зорлықты қолдауға тиым салынған. Қарулы күш қолдану бейбітшілік ісіне үлкен қауіп тудырады. Халықаралық құқық идеясын ойлап шығарғандар бұны жақсы түсінген. 16 ғасыр Виттерия, Б. Айала, Г. Гроцей соғыс өзін қорғау ретінде немесе құқығы қорғалуды соңғы айла ретінде пайдалану мүмкін деп санаған.
Бірақ мемлекеттер бұл жағдайды қабылдауға дайын болмады. Өзінің суверенды құқығымен шексіз құқығы бар деп саналған. Бұндай қатынас халқаралық құқықпен қайшы келеді. Бұл сиымдықты түсіну үшін адамзат жоғары баға төледі. Бірінші отан соғысындағы көп қырғынға және топтың соғысты тоқтату талабына қарамастан ұлттық лиго статусы тек кейбір шектеулер енгізді. Бұл жағдайларды түзеу бастамасы 1928 жылы Парижде соғыстан бас тарту ұлттық саяси қару ретінде қолданылды, Бұл маңызды қадам халқаралық құқықтық қатынасқа күш қолданбау қағидасының әдеттегі норма ретінде қалыптасты. Бірақ оны бекіту үшін адамзат екінші дүниежүзілік соғыста қырғынға ұшырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының басты мақсаты ретінде болашақ ұрпақтың соғыс қасіретінен құтылуын, қарулы күшті тек жалпы мүддеге сай қолдануды бекітті. Жарғы қарулы күшті қолданушыға ғана емес күш қолданушыға да тиым салды. Халықаралық норма және тәжірбие зерттеулерді күш мағанасында қарауы күш түсінігі бар.
Бұнда бірінші кезекте қарулы күш қатері түсінігі ұғынады. Орны толмайтын шығынға ұшырататын көлемді акцияларға тиым салынады. Бірақ бұл жағдай күшпен қатер туғызуға жариялылық беруді халықаралық құқықтың басқа нормаларымен тиым салады. Әзірге дипломатиядан ұшпен қатер туғызу әлі алынған жоқ. АҚШ мемлекетінң хатшысы арызында, сенат комитетінде – Америка жетекшілігі біздің дипломатияны күш көрсету арқылы қолдауымызды талап етеді деп айтылған.
Халықаралық қарым – қатынаста күш және күш қолдану қаупіне тиым салатын қағида мемлекеттердің ғарыш қызметіне және осыған байланысты туындайтын өз ара қарым – қатынасына таралады. Ғарыш қызметі бейбітшілік пен қауіпсіздік мүдделеріне сай жүзеге асады. Орбитаға кез келген ядролық топты жою қаруын шығаруға тиым саланған және бұндай қаруды ғарыш кеңістігінде, аспан денелерінде орналастыруға тиым салынған.
Ай және басқа аспан денелері бейбітшілік мақсатта пайдаланылады. Оларда әскери құрлыс құруға, қаруды сынақтан өткізуге тиым салынған. Бірақ Кеңестер Одағымен 1972 жылғы келісім шартына қарамастан ракетаға қарсы ғарыш базасының жүйесі бағдарламасы әлі бар. Бұл келісім шартта ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу мен ұқсас жүйені қалыптастырып, сынақтан өткізуге тиым салынады.
Күш және күш қолдану қаупін қолданбау қағидасы 1979 жылы Ай туралы келісімде көрініс тапты.
Ай барлық қатысушы – мемлекеттермен тек бейбітшілік мақсатында ғана пайдаланады. Ай бетінде күш қолдану қаупін тудыру немесе кез келген басқа араздық қаупін тудыруға тиым салынады. Ай бетінде немесе жерге, айға, ғарыш кемелеріне, ғарыш кемелерінің қызметшілеріне, жасанды ғарыш объектілеріне қарсы қандай болмасын қауіп төндіруге тиым салынады. Әскери қызметтерді ғылыми зерттеулерге немесе басқа бейбітшілік мақсатында пайдалануға тиым салынбайды. Сонымен қатар айды бейбітшілік мақсатында зерттеу мен пайдалану үшін кез келген құрал жабдықтар пайдалануға тиым салынбайды33.
1963 жылы ядролық қаруды ауада, судың астында және ғарыш кеңістігінде сынақтан өткізуге тиым салатын келісім шарт қабылданды. Оның қатысушыларын ядерлық қаруды сынақтан өткізбеуге, алдын алуға және кезкелген басқа ядерлық жарылыстарды ғарыш кеңістігінде жүргізбеуге міндеттейді.
1977 жылы Конвенция бойынша әскери және басқа түрлерімен табиғи ортаға ықпал етуге тиым салынады. Табиғи процестерді қасақана басқару жолымен қирату тәсілін қолдану басқа мемлекеттерге зиян тигізіп, сонымен қатар ғарыш кеңістігінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Сонымен Айдың және басқа аспан денелерінің делимитациясы және ғарыш кеңістігінің бөлігінің делимитациясы жайында айтуға болады. Халықаралық құқық ғарышта әдеттегі қаруы бар обьектілерді орналастыруға тиым салмайды. Ядерлық қаруы бар объектілерге ғарыштан ұшып өтуді шектемейді.
Халықаралық құқық доктринасы ғарышты әскери басқыншылық емес мақсатында пайдалануға тиым салмайды, мысалы, басқыншылықты тойтару мен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, қолдау мақсатындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы.
Ғарыштың әскери әрекеттер театрына айналу қаупі өз уақытында Кеңестер Одағының үкіметінің ғарышты делимитаризациялау және нейтрализациялау ықыласын көрсетті.
Ол 1981 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ғарыш кеңістігінде қарудың кез келген түрін орналастыруға тиым салатын келісім шарт жасауға ұсыныс жасады.
1983 жылы ғарыш кеңістігінде күш көрсету және ғарыштан жерге қатысты келісім-шарт жобасын ұсынды. Бұл жобалар қарулану конференциясына жіберілді.
1985 жылы Женевада ядролік және ғарыш қарулары туралы Кеңес-американдық келіссөздер жүріп өтті.
Ғарышты әскери әрекеттерге пайдалануды шектеулердегі маңызды орынды алатын келісім шарттар:
стратегиялық шабуыл қаруы;
оған кіретін траекториясы ғарыш арқылы өтетін континетаралық баллистиқалық ракета туралы совет-американдық келісімі;
1972 жылы АҚШ пен Кеңестер Одағыарасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеуі туралы келісім шарты.
Халықаралық дауларды бейбітшілік жолымен шешу қағидасы.
Халықаралық дау ұғымы мемлекеттердің бір-біріне қойған талаптарын белгілеу ұшін пайдаланады. Халықаралық дау негізінде бір қатар әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери, халықаралық құқық сипаттағы фактілер бар. Жалпы түрде халықаралық дау екі немесе оданда кө! Халықаралық құқық субектілерінің арасында пайда болған саяси құқықтық қарым-қатынас негізінде қарастыруға балады.
Даудың пайда болған кезінен бастап оның барлық даму сатыларында, халықаралық дамуды халықаралық құқықтың жалпыға танылған императивті қағида – бейбітшілік шешім қағидасы әрекететеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 2 бабындағы 3 тармағына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өзінің халықаралық дамуын бейбітшілік жолмен, яғни халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікке қатер төндірмеу арқылы шешеді. Мемлекеттер өзінің дауларын халықаралық құқық және әділеттік негізінде реттеуғе міндетті. Бұл талап дауды шешу кезінде халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын келісім-шарт және әдеттегі құқықтық нормаларды қолданады.
38 бапқа сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық сот мәртебесі халықаралық құқық негізінде дауларды реттеу келесіні білдіреді.
Халықаралық конвенция – жалпы және арнайы ережелерді бекітеді, мемлекетаралық дауласуды білдіреді.
Халықаралық дәстүр жалпы тәжірибенің дәлелі ретінде, құқықтық норма ретінде танылды.
Өркениет ұлт ретінде танылған жалпы құқық қағидасы.
Құқықтық нормаларды анықтау үшін көмектесу шарасы ретінде мамандандырылған мамандардың сотшешімдерін, доктриналарын және көпшілік құқықты пайдаланады35.
38 бап – сот міндеті - халықаралық құқық негізінде дау бойынша шешім қабылдауы, оның әділетті және мейірбанды шешім қабылдауына құқын шектемейді.
Жалпы халықаралық құқық мемлекеттердің халықаралық дауларын бейбітшілік жолымен шешуге шақырады, бірақ бұл процедураны ұстануға міндеттемейді. 1907 жылы Гаага Конвенциясында халықаралақ қақтығысты бейбітшілік жолымен шешуге, ал соғысты пайдалануды тиым салмады. Бейбітшілік шараларды пайдалануды міндеттемеуді, бейбітшілік шараларының тар шеңберін ұсынды.
Халықаралық дауды бейбіт жолмен шешу қағидасының дамуы халықаралық шарттардың және келісім шарттарының көптігімен байқалады. Олар соғысты пайдалану құқын шектей отырып халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен шешу шараларын дамытып, мемлекеттердің бұл шараларды қолдануына заңды міндеттер орнатты.
Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы-мемлекеттері өзіне қабылдаған міндеттерді халықаралық дау мен халықаралық жағдайды реттеу мен шешу, халықаралық құқық және әділеттік қағидасына сай бейбітшілік жолмен жүргізу (Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы 1баб 1 тармақ).
Халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен шешу қағидасының механизмі халықаралық құқықтың жүйе ретінде жүзеге асырып реттеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 33 бабына сәйкес - дауға қатысушылар келіссөздер, зерттеулер, делдал, татуласу, арбитраж, сот қарауы, жергілікті органдарға жүгіну, келісімдер жасау немесе өз қалауы бойынша басқа бейбітшілік шараларын таңдау арқылы дауды шешуге тырысуы керек деп айтылған.
Халқаралық құқық қазіргі концепцияларына сәйкес мемлекеттер өздерінің дауларын тек бейбітшілік жолымен шешуге міндетті. Халықаралық конференциясында кейбір елдердің өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысындағы қағидасына «тек» сөзін қоспай түсіндіреді. Және Жарғы
дауды бейбітшілік жолмен шешуді емес, халықаралық дауды шешу кезінде бейбітшілікке қатер және мемлекеттерге қауіп төнбеуін бекітеді деп санайды.
Бірақ жарғыда керісінше айтылады.Жалпы жағдайдың 2 бабының 3 тармағында барлық дауларға және халықаралық бейбітшілікке қатер туғызу жалғасына таралады. Жарғының 1 бабы 1 тармағына сәйкес халықаралық дау әділеттік және халықаралық құқық қағидасына сәйкес шешілуі тиіс. Айтылып кеткен бапта бүгінгі таңда дауды бейбітшілік жолмен шешудің барлық белгілі түрлері аталған.
Бірақ одан пәрменділік шара «жақтарға кеңес беру» жоқ. Дауларды бейбітшілік реттеуді 2 дүние жүзілік соғыстан кейін қолдана бастады. Кеңес алушы жақтар кездесу кезеңін, кеңес комиссияларын алдын ала құра алады. Аталған кеңес берудің ерекшеліктері дауласқан жақтардың компромисты шешімге келуге мүмкіндік береді. Және жаңа даулардың, дағдарыс жағдайларының болуының алдын аалады. Жақтардың ерікті тұрде келісуі негізіндегі міндетті кеңес беру процесі кеңес берудің 2 функциясын қолдануға мүмкіндік береді.
Дауды шешу және мүмкін болатын дау мен жанжалдың алдын алуының дербес шарасы ретінде;
Дауласқан жақтардың реттеудің басқа шараларын қолданудағы келісім ретінде.
Ғарыш қызметінде қолданылатын бейбітшілік жолмен реттеу шарасы көптеген нормативті құжаттарда орын алады. Мысалы, 1967 жылы мемлекеттердің ғарыш кеңістігін, айды және басқа аспан денелерін зерттеу мен иегудегі қызметі принціпі туралы келісім шартта ғарыш кеңістігін игеру мен зерттеу кезіндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымдардың қызметі кезінде пайда болған практикалық сұрақтар қатысушы мемлекеттермен немесе сәйкес халықаралық ұйымдармен немесе осы халқаралық ұйымдардың бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттермен шешіледі.
1967 жылы ғарыш туралы келісім – шартта қатысушы мемлекет жасалған қызмет немесе тәжірбие бөлісе қатысушы мемлекеттің қызметіне зиянды кедергі келтіруіне негіз болса, онда ол мемлекет халқаралық кеңес өткізуге тиіс.
Ай және басқа аспан денелерінен мемлекеттік қызмет туралы келісімділігінің екінші үшінші тармағының бесінші бабында қатысушы мемлекет басқа қатысушы мемлекет осы келісімдерді оған жүктелген міндеттерін орындалмағанына негіз болса немесе мемлекет осы келісімге сәйкес құқықты бұзса бірінші мемлекет қатысушы мемлекетпен кеңес өткізуді сұрауына болады. Егер қатысушы мемлекет осындай сұраныс бағытталса, ол кідірместен кеңеске кіреді. Бұндай кеңес беруге қатысуға талап еткен кез – келген басқа қатысушы мемлекет қатыса алады. Бұндай кеңеске қатысатын кез – келген қатысушы мемлекет, кез – келген дауды өзара қолайлы реттеуге және барлық басқа қатысушы мемлекеттердің құқықтары мен мүдделерін ескеруге тырысады. Бұл кеңестердің нәтижесі туралы мәлімет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысына жіберілді. Ол алған мәліметтерді барлық мүдделі қатысушы мен таратылады. Егер кеңестер барлық қатысушы мемлекеттердің мүдделері мен құқықтарын ескере отырып өзара қолайлы реттеуге келмесе, мүдделі жақтар дауды мән – жайларына және сипатына қарай өз талдаулары бойынша басқа бейбітшілік жолымен шешуге шара қолданады. Егер кеңсенің бастаоуына байланыстты жаңалықтар туса немесе кеңес беру өзара жайлы реттеуге келмесе, кез – келген қатысушы мемлекет дауды шешу мақсатында басқа жақ келісімсіз бас хатшыдан көмек сұрай алады.
Мүдделі қатысушы мемлекетпен дипломдық қарым – қатынасты ұстанған қатысушы мемлекет бұндай кеңесте өз қалауы бойынша немесе тікелей, немесе басқа қатысушы мемлекетпен аралық немесе делдал ретінде бас хатшы қатысуымен болады. Көпшілік мемлекеттің ой бойынша жоғардағы әділеттік сілтеме кез – келген немесе дауды байланыстыратын шарамен шешу міндетті екен.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы дауға қатысушыларға сол дауды шешуге ол тиымды деп санаған бейбітшілік жолдарын таңдауға еркін береді. Халықаралық конферанциялар бұл сұрақты талдау тәжірбиесі көптеген мемлекеттер бейбітшілік жолмен шешу жүйесінде дипломатиялық келіссөздерді таңдауды көрсетеді. Даудың көпшілігі солардың көмегімен шешіледі
Тікелей келіссөздер халықаралық даулардың тез шешілуіне екі жақты теңдігіне кепіл береді. Саяси және заңдылық дауларды шешуде қолданылуы мүмкін. Жанжалды пайда болысымен оны реттеуге даудың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздігіне қатер төндіретін көлемге дейін жол бермейді. 1970 жылдары халықаралық құқық қағидалары туралы декларациясында және 1975 жылы СБСЕ қорытынды актілерінде халықаралық дауды бейбітшілік жолмен шешу қағидасын толығымен қарсылығна қарамастан бір қатар маңызды ережелерді сақтап қалу. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы сәйкес ережелердің орнына қарай дамуына септігін тигізеді.
Олардың ішінде мемлекеттердің міндеттері халықаралық құқықтарға сүйене отырып, аз уақыт ішінде әділетті шешім қабылдауға әрекет жасау. Дауды бейбітшілікпен реттеу жолын өзара келісім бойынша іздестіру міндетті. Дауды шеше алмаған жағдайда бұндай жағдайларды ауырлататын, халқаралық бейбіт пен қауіпсіздікті ұстануға қауіп төндіретін, сонымен қатар дауды бейбітшілік жолмен реттеуге қиындық тудыратын кез – келген әрекеттерді тежеу. Олардың барлығы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы қағидалар мен мақсаттарына сәйкес әрекет етуі тиіс. Деректер дауды бейбітшілік жолмен шешу қағидасының мазмұнының қарқынды дамуына дәлел болады.
1972 жылы ғарыш обектісімен келтірілген залалдың халықаралық жауаптылығына таралып Конвенцияда келтірілген залалдану орнын толтыру мәселесі туралы дауларды реттеу рәсімі қарастыралады. Егер екі жақтың келіссөздері бір жыл ішінде дауды шеше алмаса кез – келген бір жақты сұрауы бойынша дау келісімді, тергеу және арбитрожды талап игеру органдарына сәйкес комессияға беріледі.
Талапты қараушы комиссия үш мүшеден тұрады. Өндіруші алушы мемлекет тағайындаған комессия мүшесі және екі жақ бірлесіп таңдаған төр ағасы. Әрбір жақ талабын қарау туралы комессия құру талап ету күнінен бастап екі ай мерзімінде тағайындалуы қажет. Егер комиссия құру туралы талабының төрт ай мерзім ішінде төрағаны таңдай алмаса, кез – келген жақ БҰҰ бас хатшысына келесі екі ай мерзімде төраға таңдауына ұсыныс бере алады.
Ынтымақтастық қағидасы. Жан – жақты халықаралық ынтымақтастық идеиясы мемлекеттің әртүрлі саяси, экономика және әлеуметтік дауларына қарамастан әртүрлі саладағы бейбіт пен қауіпсіздікті ұстануды, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғыдағы жариялану жүйесіндегі негізгі ережесі болып келеді. Қағида ретінде 1970 жылы халқаралық құқық қағидалары туралы декаларцияда қалыптасқан. Халықаралық ынтымақтастық қағидасы, біріншіден, мемлекеттердің егемендік теңдігімен; екіншіден, ішкі ісіне қол сұқпаушылықпен; үшіншіден, мемлекеттердің әр түрлі салаларда қарым-қатынас жасаумен; төртіншіден, мемлекеттік егемендігін сыйлаумен; бесіншіден, өзіне қабылдаған міндеттемелерін адалдықпен орындаумен сипатталады.
Ынтымақтастықтардың негізгі бағыттары анықталған:
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстану;
Егеменді теңдік қағидасына сәйкес әр түрлі аумақтағы халқаралық қарым – қатынасты жүзеге асыру;
Жарғыда көзделген және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтасуына шара қолдану.
Бұл қағидада басқа қағидаларға мазмұнына өзара мән қосады. Бұл байланыс түсінікті, себебі барлық қағидада тек қана ынтымақтастық жолымен жүзеге асырылады. Ынтымақтастық қағидасының және де осында бекітілген мысалы, 1986 жылы Совет идеиясының дамуының декаларациясында былай деп айтылған, - бейбітшілікпен тіршілік ету, халықаралық қарым – қатынастардың әмбебап нормасы болуы қажет. Ядролық ғасырда конферанцияның орнына ынтымақтастық орнату үшін халықаралық қарым – қатынасты қайта құру қажет.
Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы БасАссамблеясы «Біріккен Ұлттар Ұйымыныңнегізгі мақсаттарының бірі- бейбіт нығайту мен соғыстың алдын алуы екенін ескертеді».
Халықаралық құқық комиссиясының халықаралық қауымдастығының негізделген негізгі сілтемесі мемлекеттің болуы, яғни олардың ынтымақтастығы.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы ынтымақтастық қағидасын қабылданғаннан кейін көптеген халқаралық ұйымның халқаралық келісім шарттың, көптеген резалюция мол декларациялар жарығында тіркелді.
Кейбір халықаралық мектебінің өкілдері мемлекеттің ынтымақтастық міндеті құқықтық емес, декларотивті сипат алады деп санайды. Мұндай тұжырымдар шындығында сәйкес келмейді. Әрине ынтымақтастық мемлекеттік биліктің ерікті актісі рет кезінде болғаны рас, бірақ халықаралық қарым – қатынастың даму талабына сәйкес ерікті актіден құқықтық міндеттерге айналды.
Жарғы ынтымақтастық қағидалардын қабылдағаннан кейін, ол басқа қағидалар қатарында өз орнын алды. Қазіргі құқықтық сәйкес сақталуға міндетті. Сонымен Жарғыға сәйкес мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықты халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипатты мәселелерді шешуде қолданылуы, сонымен қатар бейбітшілік және қауіпсіздігін сақтау маңыздылығының нәтижесі ұжымдық шара қолдануға міндетті. Әрине ынтымақтастық нақты нысаны мен көлемі мемлекеттің материалды ресурыс қажеттілігінің ішкі заңнамаға және өзіне қабылдайтын халықаралық міндетке байланысты.
Барлық мемлекеттің бір – бірімен ынтымақтастық міндеті, мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарығын және халықаралық құқық нормаларын әділетті сақтауын болжайды. Егер қандай бір мемлекет жалпыға танылған қағидалардан және халықаралық құқық нормаларынан шығатын міндетін елемесе өзінің ынтымақтастық негізін үзеді.
Халықаралық құқығымен бекітілген ынтымақтастық жалпы қағидасы ғарыш кеңістігін зерттеу мен игерудегі мемлекеттік аралық қарым – қатынасқа толығымен қолданады. 1967 жылы ғарыш туралы келісім шартта мемлекеттің ғарыштағы халықаралық ынтымақтастықты әр жақты дамуына және бұл келісім шарттың көптеген баптарында ғарыш кеңістігін зерттеу мен игерудің мемлекеттік ынтымақтастықтығын халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидаларына жетілдіруге негіз береді.
Сонымен 1967 жылы ғарыш туралы келісім шартта мемлекеттің ынтымақтастықтығының қағидасы халықаралық ғарыш құқығының негізгі бастамасы ретінде жалпы қағидалардың бірі ретінде бекітті. 1967 жылы ғарыш туралы келісім шарттың бір қатар ережелері ынтымақтастықтығының қағидасынан шығып, оны құрайды. Мысалы: ғарыш қызыметін жүзеге асыру кезінде барлық басқа мемлекеттің сәйкес мүддесін ескеру міндеті. Басқа мемлекеттер қызыметіне зиянды кедергі келтірумен, басқа мемлекеттің ғарышкерлеріне мүмкіндігінше көмек көрсету, барлық кеңістігінде өз құқықтық нәтижесі, сипаты, орны, жүріс – тұрысы барлық елдерді хабардар ету.
Халықаралық ғарыш құқығы ынтымақтастық қағиданың негізгі мазмұны ғарыш кеңістігін игеру кезіндегі мемлекеттің бір – бірімен ынтымақтастық міндеті. Яғни тарихты зерттеу мен игерудегі бірлескен жұмыстарды өткізуге жағдай жасау және үлес қосу міндеті.
Ғарыш кеңістігін зерттеу мен игерудегі мемлекеттің ынтымақтастық дамытуының жетінші ролі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясына тиісті. Ол ғарыш қызыметін құқығының уақыт тәртібінде маңызды жетістіктерге жетті және оны халықаралық ғарыш құқық қорын жасау аумағында халықаралық ынтымақтастық орталығы деп санайды.
Халықаралық міндетті әділетті орындау қағидасы. Халықаралық міндетті әділетті орындау қағидасы халықаралық құқық әдет ретінде мемлекеттің алғашқы даму сатысында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген екі жақты және көп жақты халықаралық келісіміндекөрініс табады.
Қағиданың мазмұны халықаралық құқық нәтижелі өсуінің қажеттілігінде дамыды. Қағиданың әлеуметтік саяси негізі, халықаралық құқық сияқты мемлекеттердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін және адамзат тіршілігіне қажетті бола бастады. Аталған қағида субъективті жалпыға танылған мінез – құлық нормасы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғыда бекітілген. Оның преамбуласы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесінің шешімін көрсетеді. Халықаралық құқық қайнар көздерінен және басқа келісім шарттардан шығатын міндеттерге құрмет және әділеттілік ұстануға жағдай жасау. Жарғының 2б. 2т сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері осы Жарғы бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді әділетті орындау арқылы (құқықтар мен артықшылығын қамтамасыз ету) ұйым мүшелерінің құрамына жататын құқықтар мен артықшылығын қамтамасыз ету.
Жарғы міндеттердің кемшілігі міндеттер дан және халықаралық құқық нормаларынан шығады. Одан кейін келісім шар бойынша міндеттемелер. Осы қағидалар мен нормаларға сәйкес әрекет етеді. Жобаның алдыңғы қатарына жарғы бойынша міндеттемелер және жалпыға танылған нормаларды жою. 1970 жылы қағида туралы декларациясын халықаралық құқық жалпылығын әмбебап сипатын көрсетеді. Сонымен қатар жалпы халықаралық құқық жалпыға танылған қағидалар мен нормалардан тұратын орталық жағдайы.
Халықаралық құқықтың дамуы қарастырылатын қағиданың әмбебап сипатын растайды. 1986 жылы халықаралықтың құқығы туралы Вена Конвенциясына сәйкес әрбір әрекеттері келісім шарт олардың қатысушыларына міндетті және қажет. Сонымен қатар қатысушы келісім шартты орындамағанына ақтау ретінде ішкі құқыққа сілтеме жасай алмайды.
Қарастырылып отырған қағиданың қызмет ету жүйесі соңғы жылдары кеңейіп, халқаралық құқық құжаттарының қалыптасуында көрініс тапты. 1970 жылы халқаралық құқық қағидалары туралы декаларациясына сәйкес әрбір мемлекет өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы бойынша қабылдаған міндеттерін адал орындауы тиіс. Олар жалпыға танымал нормалар мен халқаралық құқықтық қағидаларынан, сонымен қатар халқаралық келісім – шарттан шығатын міндеттемелер, жалпыға танылған қағида мен халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес әрекет етеді.
Халықаралық міндеттерді адал орындау қағидасы тек келісім – шартқа қолданады. Бұл қарастырылып отырған қағида тек ерікті, теңдік негізінде жасасқан халықаралық келісім – шарттарға қолданады. Кез – келген тең құқылы емес халқаралық келісім – шарт мемлекеттердің суверинитетін және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғыларын бұзады. Себебі Біріккен Ұлттар Ұйымы оның барлық мүшелерінің суверенді теңдік қағидасына негізделіп, өздеріне ұлт арасында достық қарым – қатынасты тең құқылы қағидасына негізделе отырып дамуына міндеттер қабылдаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына қайшы келетін кез келген келісім – шарт жарамсыз екені жалпыға белгілі. Ешбір мемлекет бұндай келісім – шартқа сілтеме жасай алмайды және оның артықшылықтарын қолдана алмайды. Бұндай ереже Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы 103 бабына сәйкес. Сонымен қатар халықаралық келісім – шарт туралы вена конвенциясының 53 бабында айқындалғандай, кез келген келісім – шарт халықаралық құқықтың имеративті нормаларына қайшы келе алмайды.
Қарастырылып жатқан қағида РФ заңнамасымен бекітілгенін атап айтқан жөн. 1995 жылы 16 маусымның «РФ халқаралық келісім – шарттары туралы» РФ заңдамасында былай айтылған «РФ нормаларды және жай нормаларды бұлжытпай орындауды талап етеді. Өзінің халықаралық құқықтарының негізін қалаушы қоғамда халқаралық құқықтың міндетін адал орындау қағидасына ұстануын дәлелдейді47». Қарастырылдатын қағиданың элементі ретінде адалдық қағидасы осы нормалардың қоғамдық жүйесіне кіреді. Мән жайдың дұрыстығын мемлекеттің және халық ұжымының ықыласын адал білуге міндетті. Қолдануға жататын нормаларды адал таңдау нормалардың халқаралық құқықтың және нормаларға субектінің басқа міндеттемелеріне сәйкестік нормалар қамтамасыз ету. Құжатты асыра пайдалануды болдырмауға міндетті.
Қолдануға жататын нормаларды адал таңдау48. Адал орындау басқа мемлекеттің нормаларды бұзуына себептес болуын білдіреді49. Міндетті адал орындау өзара түсіністікке негізделген. Норманны бұзушы Адам шығатын құқықты қолдауға талап білдірмеу керек. Нормадан шығатын құқықтарды қолдану мүмкіндігінен айыру реперасиалдық негізгі түрі болып келетіндігін еске түсіргеніміз жөн.
Қарастырылатын қағиданың мазмұны едәуір шамада басқа негізгі қағидалардың өзара байланыстығымен анықталады. Соңғысы міндеттің орындалу процессінің тән сипатын анықтайды. Адамның қағидасы күшпен қорқыту және оны қолдану қауіпсіз өту керек. Даулар бейбітшілік жолмен шешіледі. Нормаларды қолдану ынтымақтастық жолмен суверенді теңдік негізінде жасалады. Жауапкершілік қағидасына байланысты міндеттерді орындамау жауапкершілікке жөн соғады. Келісім – шарт мемлекеттерге бір қатар міндеттер қояды.
Ғарыштық ғылым зерттеулерде халыққа ынтымақтастыққа көмектесу.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын қоса ғарышты зерттеу мен шеру қағидасын халыққа құқықа сәйкес жариялау және халыққа бейбітшілік және қауіпсіздікті қолдану ықыласы, халыққа ынтымақты және өзара түсінушілікті дамыту.
Апат жағдайында және қалуға мәжбүр болған жағдайда басына мемлекеттің ғарышкерлеріне көмек көрсетіп (жіберуші мемлекеттің тыс кез – келген жерде), тез арада оларды ұшырған мемлекетке қайтару.
Өмірге және ғарышкерлер декаларациясына қауіп төндіретін ғарыш құбылысын туралы жедел басқа мемлекеттерді және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысын хабарландыру.
Өзінің өкмет органының және өкіметтік емес зерттеу ғарыштағы қызметке халыққа жаңалықтың болуы.
Ғарыш обектілері келтірген зиянға халыққа жауапты болу.
Жіберген мемлекеттің сұрауы бойынша ғарыш обектілерін қайтару. Жіберген мемлекеттен тыс жерде табылған ғарыш обектілерін қайтару.
Ғарышты зерттеу кезінде басқа мемлекеттердің мүдделерін ескеру.
Ғарышты зиянды ластауға және жер айналасының қолайсыз өзгеруіне шара қолдану.
Зиянды салдары болуы мүмкін. Сынақты өткізу алдында халыққа кеңес өткізу.
Басқа мемлекеттің ғарыш обектісінің ұшуын бақылауы мүмкіндігі туралы сұранысын негізде қарастырып (яғни бақылау станция орналастыру)
Мүмкін болғанша практикалық орындау дәрежесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысын қоғамды халқаралық ғылым қауымдастығын өзінің ғарыш қызметінің нәтижесі сипаты орыны туралы хабарландыру.
Өзара келісу кезінде басқа мемлекеттің ғарышкерлеріне барлық станцияларын қондырғыларын және аспан денелеріндегі ғарышкерлерін ашу.
Келісім – шарт тиым салады.
Ғарыш кеңістігіне және аспан денелеріне суверениттер жариялауға және оны ұлттық иеленуге.
Орбитаға шығару (ғарышта орнату) аспан денелерінде кез – келген ядролық қаруы бар және басқа көпшілікті жою қару түрлері бар объектілерді орнатуға.
Айды және басқа денелерді бейбітшілік емес мақсатта қолдану.
Табылу орнына қарамастан басқа мемлекеттің ғарыш объектісін иелену.
Келісім – шарттан шығатын құқық мемелекет міндетін ғарыш объектісін жіберетін мемлекеттерге сонымен қатар басқа мемлекеттерге таралады.
Халықаралық құқықтық жауапкершілік қағидасы. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі олардың халықаралық құқық пайдалы көздер келісім – шарттар шығатын халықаралық міндеттерді бұзу нәтижесінде пайда болады. Халықаралық ұйымның жауапкершілігі туралы сұрақ бірнеше халықаралық келісім – шартта көрініс тапты. Халықаралық ұйымның жауапкершілігі ғарыш кеңістігін игерумен зерттеу келісім – шартында ғарыш қызметін жүзеге асыру, бұл қызметпен келтірілген зиянға жауаптылық орнатылады. (1967 жылы ғарыш кеңістігін, айды және басқа аспан денелерін зерттеумен игерудегі мемлекеттердің қызмет қағидасы туралы келісім – шарт; 1972 жылы ғарыш объектісімен келтірілген зиянға халықаралық жауаптылық туралы Конвенция).
Халықаралық құқық жауаптылығы - қиын, әрқилы құбылыс. Алдымен олар халықаралық құқық қағидасы (бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысымен бекітілген) оған сәйкес құқыққа қарсы әрекетке кінәлі субъекті халықаралық құқық бойынша жауапкершілікке тартылады. Және басқа халықаралық құқық субъект келтірілген зиянды жоюға міндетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқық комиссиясы жауаптылық - бұл көптеген жағдайға мемлекеттің және сот тәжірбиесімен заңды әдебиеттерде неғұрлым бекітілген қағидалардың бірі болып келеді деп айтты.
Жауаптылық халықаралық құқыққа қарсы әрекеттен туады. Оның элементтері:
Субъективті элементі - субъектінің кінәсінің болуы (сол немесе басқа тұлғаның емес, тұтас мемлекеттің)
Объективті элементі – субъектінің өзінің халықаралық құқықтық міндетін бұзуы.
Жауаптылық қағидасының мақсаты келесіден тұрады:
Құқық бұзуышыны ұстау.
Құқық бұзушы өз міндетін тиісті орындауын қадағалау.
Жәбірленушіге оған келтірлген моральды және материалды зиян үшін компенсация төлеу.
Екі жақтың мінез-құлқына олардың өз міндеттерін адал орындау мақсатында ықпал ету.
Жауаптылықтың өзі мемлекетте болып келеді. Ол тек қана өзінің органдары мен лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне ғана емес, сонымен қатар оның юрисдикциясындағы заңды және жеке тұлғалардың әрекетіне жауапты болып келеді. Мемлекеттің барлық органдары халықаралық құқық нормаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі мемлекеттің жалпыға танымал міндеті.
Белгілі себептермен халықаралық ғарыш құқықғы ғарыш қызметінің жауапкершілігіне ерекше көңіл бөледі. 1967 жылғы ғарыш туралы келісім шарт халықаралық ғарыш құқығы нормаларының бұзылуына мемлекетер жауапты деген жалпы ереже орнатты. Яғни ғарыш қызметін жүзеге асырушы үкметтік органдар немесе үкметтік емес органдар болсада мемлекет жауапты тұлға болады. Ол бұл саладағы қызметтің халықаралық құқыққа сәйкес болуын қамтамасыз етуі тиіс. Ғарышта халықаралық ұймдар қызмет атқарған жағдайдада ұйымның өзі де оған қатысушы мемлекеттерде жауапты болады.
Ғарыш обьектілерімен келтірілген залал туралы мәселелерге 1972 жылғы ғарыш объектілерімен кетірілген залалға халықаралық жауаптылық туралы Конвенция арналған. Ол жіберуші мемлекеттің ғарыш обьектісімен жер бетіне немесе әуедегі кемеге келтірілген залаға абсалютты жауаптылық тағайындады1. Яғни мемлекет өзінің кінәлілігінен қарамастан келтірілген
зиянға жауапты болады. Бұл Конвецияның ерекшелігі залал келген жақтың ұлттық соттқа немесе тікелей сол мемлекетке талап қоюына мүмкіндік береді. Осы негізде 1978 жылы Канада СССР-ға совет жер серігінің құлауынан оған келген зиянды өтеуіне талап қойды. Канада үкметі 1972 жылғы Конвенцияға ғана сілтемей, сонымен бірге абсалютты жауаптылық қағидасы қауіптілігі жоғары қызмет аумағында және ғарыш құқықғының жалпы қағидасы ретінде қарастырылады деп жариялады. Совет үкметі өтемақы төледі1. Егер залал жер бетінде емес, ғарыш немесе әуе кеңістігінде бір мемлекеттің ғарыш обектісі баска мемлекеттің сондай обьектісіне зиян келтірсе бірінші мемлекет оның кінәсі болған жағдайда ғана жауапкершілікке тартылады. Жіберуге қатысқан барлық мемлекет ынтымақтастық жауапкершілікке ие болады..
Конвенция жіберуші мемлекеттің азаматтарына келген зиянға жауапкершілік, жіберуге қатысқан шет елдіктерге қатысты емес.
Жауапкершілік мәселесі зиян заңды және жеке тұлғамен келтірілген болсада мемлекет аралық деңгейде шешіледі. Залалды өтеу туралы талап дипломатиялық жолдармен беріледі, келісімге келмеген жағдайда талап қарау комиссиясына беріледі. Әрбір жақ бір мүше тағайындайды, олар үшіншіні таңдайды. Ғарыш қызметімен келтірілген зиянды өтеу жауаптылығы мәселесінің маңызы зор. Бұл қызмет қоршаған ортаға әсер етіп өмір мен меншіктің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғау қағидасы. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау – осы құқық жүйесінің саласын және оның субъетулерінің қоршаған ортаға залалдың алдын алу, шектеу және жою қызметін құрайтын халықаралық құқық нормаларының және қағидаларының тұтастығы.
Қоршаған орта ұғымы адамның тіршілік жағдайларымен байланысты кең элементтер жүйесін қамтиды. Олар негізгі 3 объектіге бөлінеді.
Тірі объектілер ортасы;
Өлі объектілер ортасы;
Жасанды объектілер ортасы.
Экологиялық қауіпсіздік – бұл кұрделі бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді планетаның экологиялық құраушы жүйесі. Сонымен қатар олардың арасындағы табиғи балансты сақтау мен колдау.
Кез келген қызмет басқа мемлекеттерге ғана емес барлық халықаралық қауымдастыққа зиян келтірмеуі тиіс.
1979 жылғы Ай туралы келісім бойынша Ай және оның табиғи ресурстары адамзаттың жалпы мұрасы. Бұл келісімнің қатысушылары айдың табиғи ресурстарын пайдалану мүмкін болғанда халықаралық режим орнатуға міндеттелді.
Ғарыштағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың белсенді әрекеті ғарыш ортасына әсерін тигізеді. Бұл орайда соңғы жылдары ғарыш қоқысы мәселесі көп назар аудартады. Әр түрлі объектілердің жүмыс атқару нәтижесінде ғарышта көп керексіз заттар жиналады:
түрлі қорғаныс қабықтары;
түсіп қалған бояу қалдықтары
Біріншіден ондай заттар атмосфераның толық қабатына енгенше жер шарын жоғары ғарыш орбиталарында көп жылдар бойы айналады. Екіншіден ғарыштағы объектілерінің жылжыуының үлкен жылдамдығы ең кішкентай затты оққа айналдырады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ғарыш қоқысы ғарыш объектілеріне қауіп туғызады.
Халықаралық ғарыш құқығының салалық қағидаларының мәні. Халықаралық ғарыш құқығы жаңадан пайда болғанына қарамастан онда дәстүр ретінде қалыптасқан құқықтық қағидалар бар:
ғылыми зерттеулерге ғарыштың бостандығы;
ғарышты адамзат игілігіне пайдалану.
Бұл қағидалар ғарыш қызметінің тәжірибесі нәтижесінде пайда болды. Осы екі қағида ғарыш туралы келісім шартта келісі нормалары ретінде бекітілсе де, барлық халықаралық қатынс қатысушыларына міндетті болып келеді.
Жалпы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта игеру үшін зерттеу және пайдалану аясында жүргізілетін бірлескен жұмыстар мен шаралар, зерттеу нәтижелеімен ойырбас жасау, кейбір мәселелерді кеңесе отырып шешу шексіз мүмкіндіктерді үсынады.
Ғарышта адамзаттың игеруге ұмтылуы, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану үрдісіне деген әлемдегі мемлекеттердің қызығушылықтарының деңгейі адамзатты ұлы мүмкіндіктерге бастайды. Ғарыш саласындағы өзара ыетымақтастыққа қол жеткізу мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынастардың және бірліктің, бірлескен әрекеттер мен іс-қимылдарды өркендетудің басты кепіліне айналады. Көп жағдайда халықаралық ғарыш құқығының салалық принциптері басқа да негізгі принциптер сияқты келісім-шарттарға негізделеді.
Көмек беру қағидасы. 1967 жылғы келісім шартқа сәйкес ғарышкерлер «адамзаттың ғарыштағы елшісі» болып танылады. Заңгерлердің көпшілігі бұл нақты-заңгерлік емес, салтанатты-декларативті сипатқа ие, әрі ғарышкерді «әлем азаматы» деп санайтын ұлттық үстемдік статусты тағайындайтын алғышарт ретінде түсінуге болмайды деген пікірді ұстанады.
Ғарышкерлер мен ғарыштық жасанды нысандардың құқықтық мәртебесінің нақты сипаттамасы халықаралық келісім-шарттарда келтірілген.
Ғарышкерлерге кемелері істен шығып, әр түрлі зардаптарға ұшыраса, қауіпті жағдайларға душар болса, шет елдердің территориясына, ашық теңізде еріксіз немесе ойламаған жерден, алдан-ала жоспарламай қонуға мәжбүр болса, жәрдем беру туралы қағида қарастырылған. Осындай жағдайда ғарышкерлердің қауіпсіздігі қаматамасыз етіледі, ал сол мемлекеттің меншігіндегі ғарыш кемелері бірден өз еліне қайтарылады.
Сондай-ақ ғарыштағы немесе аспан денелеріндегі іс-әрекеттер барысында да әр мемлекеттердің ғарышкерлері мүмкіндігінше бір-біріне қол ұшын созуға міндетті.
Әрбір мемлекет ғарышкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін кеңістіктегі қауіпті құбылыстарды анықтаумен қатар, дер кезінде ақпараттармен бөлісіп отыруы тиіс. Ғарыш кеңістігінде немесе аспан денелерінде жұмыстар атқару кезінде ғарышкерлер мен ғарыш кемелері өз мемлекеттерінің бақылауы мен заңды қамқорлығының аясында болады.
Ғарыш жасанды нысандарына және олардың құрамдас бөліктеріне, бөлшектеріне меншік құқы ғарыш кеңістігінде, аспан денелерінде немесе Жерге қайтып оралған соң да сақталып қалады. Егер белгілі бір мемелекеттің меншігіндегі ғарыш нысандары оның территориясынан тысқары аймақта байқалса, онда сол мемлекетке міндетті түрде қайтарылуы қажет. Алайда, ғарыш кемесін ұшырған мемлекетке ғарышкерлерді қайтару міндетті, ал сол мемлекеттің ғарышкерлерін іздестіру мен құтқару операцияларына жұмсалған шығындарды өтеуі міндетті болмаса, онда ғарыш кемесі мен оның бөлшектерін қайтарып беру міндетті емес. Мемлекет меншігіндегі ғарыш нысандары мен олардың құрамдас бөліктерін қайтарып алу үшін, алдымен өз өтініштерін ресми түрде білдіруі тиіс, қойылғвн талаптарға сәйкес меншікті растайтын нысандардың айрықша белгілері туралы деректермен таныстыруы керек. Мемлекеттің өзі меншігіндегі ғарыш нысандары мен олардың бөліктерін, ғарышкерлерді іздестіру мен құтқару операцияларына басқа мемлекеттің жұмсаған шығындарын өтеуі міндетті.
Тіркеу қағидасы. 1975 жылғы ғарыш кеңістігіне шығарылатын ғарыш нысандарын тіркеу жөніндегі Конвенция бойынша әр бір нысан ұлттық регистрге енгізілу арқылы тіркеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ғарыш нысандарының Реестрін жүргізіп отырады. Әр бір ғарыш нысаны туралы оларды ұшыратын мемлекеттердің ұсынған деректерін осы құжатта көрсетіледі.
Мемлекет иелігіндегі ғарыш нысандары Жер орбитасына немесе одан ары ғарыш кеңістігіне шығарылған кезде оларды тіркеуге береді. Егер осы ғарыш нысандарын ұщыруды бірнеше мемлекет бірлесіп жүзеге асыратын болса, онда аталмыш нысанды тіркеу құқығына ие болатын мемлекетті өзара кеңесе отырып белгілейді. Осы мемлекеттер әр регистрдің мазмұнынын, оны жүргізу шарттарын айқындайды.
Әр мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына таяу арада регистрға енгізілген ғарыш нысаны жөніндегі келесі ақпараттарды ұсынады:
ғарыш нысандарын ұшыратын мемлекет немесе мемлекеттердің атауы;
ғарыш нысандарының айрықша таңбасы немесе тіркеу нөмірі;
ұшырылған күні, уақыты мен орны;
орбитаның негізгі параметрілері:
айналу периоды;
көлбеулігі;
апогей;
перигей;
ғарыш нысанынң жалпы атқаратын қызметі.
Тұжырымдаманың алгышарттарына сәйкес кейде бір мемлекетке, оның заңды немесе нақты мүшесіне залал келтірген қауіпті және зиянды сипаттағы ғарыш нысандарын дөп басып анықтай алмауы мүмкін. Ғарыш жасанды нысандарын және олардың құрамдас бөліктерін бақылайтын, ұшу бағыттарын қадағалайтын мүмкіндіктері жоғары құралдары бар басқа қатысушы мемлекеттер осы мемлекеттің немесе оның атынан өтініш білдіруші Бас хатшының сұрауы бойынша көмек беруі тиіс. Көрсетілетін көмектің шарттары әділ, әрі талапқа сай болуы қарастырылады. Өтініш білдіруші мемлекет оқиғаның сипаттамасы мен себептері, мерзімі жөніндегі дәйекті ақпараттарды барынша толық деңгейде ұсынуы қажет. Көмек беру шарттары екіжақты келісімдердің негізі болып саналады.
Ғарыштық қызметтердің қолданбалы түрлері туралы қағида. Ғарыштық қызметтердің қолданбалы түрлері деп, тек Жерге қатысты сарамандық маңызы бар түрлерін түсінеміз. Бұл іс-әрекеттер түрлерінің салдарларының жаһандық сипаттамасынан халықаралық-құқықтық реттеу қажеттілігі туындайды.
1961 жылдың желтоқсан айының 20 жұлдызында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1721 (16) резолюциясына орай жасанды жер серіктерінің көмегімен жүзеге асырылатын байланыс бүкіл әлемдік деңгейде барлық мемлекеттерге қолайлы болуы, яки өзара келіспеушілікке, үстемдікке жол бермеуі керек.
Жасанды жер серіктері арқылы жүзеге асырылатын барлық байланыстар жүйелерін пайдалануды жолға қою олардың тиімді қызмет атқаруы мен сан алуан кедергілерді болдырмау мақсатында Халықаралық электрлік байланыс одағының аясында орындалады.
Халықаралық электрлік байланыс одағының 1992 жылғы Жарғысының 44 бабында жасанды жер серіктерінің жиілігі мен орбитасы шектелген табиғи ресурстар болып саналады. Олардв барынша ұтымды және үнемді пайдалану назарда ұсталады. Дамушы елдер мен кейбір елдердің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың орбитада және қажетті жиіліктегі сұраныстарын қанағаттандыратын қолайлы жағдай туғызу крек.
Арнайы теледидар қабылдағыштары аулай алатын жасанды байланыс серіктерінен келіп жеткен сигналдарды зерттейтін техниканың пайда болуы халықаралық теледидар арқылы хабар тарату қызметін жүзеге асыратын құқықтық реттеу қажеттілігін тудырды.
1982 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы халықаралық теледидар арқылы хабар тарату үшін жасанды жер серіктерін пайдалану принциптерін қабылдады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық теледидар арқылы хабар тарату қызметі мемлекеттер арасындағы өзара келісімдер мен келісім-шарттарға негізделеді.
Жасанды серіктері көмегімен космостан жер қыртыстарын фотоға түсіру және олардан шағылысу сәулелерін өңдеу арқылы жер қыртыстары туралы алынған мәліметтерді пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Нәтижесінде Жерді қашықтан зерттеу және оның мәліметтерін пайдалану қызметтерін халықаралық-құқықтық реттеу қажеттілігіне әкелді. Алынған деректер арқылы Жердегі құрылықтың, мұхиттың, ауа қыртысының, табиғат байлықтар қорының, алуан түрлі антропогендік нысандардың жағдайларын анықтауға қол жетті. Осы мәселе аясында қарулану мен карусыздану келісім-шарттарын орындауды ғарыштан бақылау да қарастырылады.
1986 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ғарыш кеңістігінен Жерді қашықтан зерттеу туралы принциптерді айқындап, қабылдады. Аталмыш принциптерге байланысты шет елдердің территорияларын ғарыштан зерттеу заңды деп табылып, осы мәселелер бойынша барлық мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықты дамытуға барынша қолдау көрсетуі керек. Зерттеуді жүзеге асыратын мемлекеттер территориясы зерттелетін мемлекеттерге толыққанды мәліметтер мен өңделген ақпараттарды жеткізуі және үнемі кеңесуі назарда ұсталады.
1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ғарыш кеңістігінде энергияның ядерлық көздерін пайдалануға байланысты Принциптерді қабылдады. Бұл құжат ғарыш нысандарының іс жүзінде энергияның ядерлық көздерін пайдалануға мәжбүрлігінен туындайды. Бұл орайда әр мемлекет адамдар мен Жер бетіндегі биологиялық қабаттарды зиянды қалдықтардан сақтауды көздейді. Энергияның ядерлық көздерін орбитаның жеткілікті жоғары деңгейінде планетааралық ұшулар кезінде келісімдерге сай, қауіпсіз жағдайларда пайдалануға рұқсат беріледі. Энергияның ядерлық көздерін пайдалануға дейін оның эалалсыздығы сараптама негізінде бағаланады. Тексеру нәтижесі ғарыш нысаны ашық ғарышқа шықпай тұрып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына дереу тапсырылады. Сондай-ақ дәл осындай ақпарат радиобелсенді зиянды қалдықтардың Жерге қауіп төндіргені анықталса дереу хабарланады.
Мемлекеттер энергияның ядерлық көздерін пайдаланудың ұлттық іс-әрекеттері үшін өз мойнына орасан зор халықаралық жауапкершілікті алады. Мемлекеттерге келтірілген зияндар және оның зардаптарын өтеу үшін материалдық жауапкершіліктер те жүктейді. Шығындарды өтеу құрамына зиянды территорияны залалсыздандыру, халықты осы жерден басқа жаққа көшіру, іздестіру операцияларына жұмсалған қаржы толық кіреді.
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық ғарыш құқығының түсінігін беріңіздер
2) Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерін атаңыздар
3) Халықаралық ғарыш құқығының қағидаларына анықтама беріңіздер
4) Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілікті түсінідіріп беріңіздер
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.
2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.
3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.
5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.
