- •Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.
- •1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3 Тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4 Тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8 Тақырып Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып Халықаралық экономикалық құқық
- •12 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2.3 Халықаралық құқықтың негiзгi салалары.
- •13 Тақырып Консулдық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •16 Тақырып Аумақ және халықаралық құқық Мақсаты: халықаралық территория ұғымын беру және түрлерімен таныстыру, студенттердің осы тақырып бойнша көзқарастарын қалыптастыру Негізгі сұрақтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •17 Тақырып Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып Халықаралық әуе құқығы
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •21 Тақырып Халықаралық экологиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •23 Тақырып Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •26 Тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ғты реттеу
- •Қосымша әдебиеттер:
12 Тақырып Дипломатиялық құқық
Мақсаты: дипломатиялық құқыққа түсінік беру, оның қайнар көздерімен таныстыру, дипломатиялық құқық пен консулдық құқық туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; дипломат пен консулдың құқықтық мәртебелеріне салыстырмалы талдау жасап, олардың ерекшеліктерін айқындау
Негізгі сұрақтар
Дипломатиялық құқықтың түсiгiнi мен қайнар көздерi
Дипломатиялық органдар түсінігі мен түрлері
Дипломатиялық өкiлдiк
БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердiң тұрақты өкiлдiктерi
Дипломатиялық хаттама
Дипломатиялық құқық – бұл дипломатиялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасындағы, мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың саласы
Қайнар көздері:
1961ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы (ҚР 1993ж. қосылуы);
1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы;
1975ж. универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастарда мемлекеттердің өкілдіктері туралы Вена Конвенциясы
1973ж. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды жою және жазалау туралы Конвенция
Мемлекеттердің дипломатиялық қызметі сыртқы қатынастар органдары арқылы жүзеге асырылады:
Ішкі мемлекеттік сыртқы қатынас органдары:
мемлекет басшылары;
Парламент;
Үкімет;
Сыртқы Істер Министрлігі;
Сыртқы экономикалық байланыс ведомстволары;
жекелеген сұрақтар бойынша сыртқы қатынастарды жүзеге асыру қызметтеріне кіретін өзге де қызметтіктер;
Шетелдік сыртқы қатынас органдары: тұрақты және уақытша, мысалы, дипломатиялық өкілдіктер және елшіліктер, сауда өкілдіктері, халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері, халықаралық конференциялардағы делегациялар, арнайы миссиялар.
Дипломатиялық өкілдіктер – бұл мемлекеттердің шетелдік сыртқы қатынас органдары ішіндегі орталық орган болып табылады.
Тұрақты дипломатиялық өкілдіктерге: елшіліктер, миссиялар, сауда және мәдениет өкілдіктері мен миссиялар, халықаралық ұйымдардағы және мекемелердегі тұрақты өкілдіктер; екі жақты және көпжақты халықаралық конференцияларда, конгрестерге қатысу үшін жіберілетін делегациялар, уақытша өкілдіктер.
Дипломатиялық өкілдіктің 2 түрі бар: елшілік және миссия.
Елшілікті – Төтенше және Өкілетті елші, Миссияны – Төтенше және Өкілетті елші-өкіл немесе сенім білдірілген өкіл басқарады.
Дипломатиялық қатынастар сәйкес мемлекеттер арасындағы келісім негізінде белгіленеді.
1961ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының 14 б. сәйкес елшілеі мемлекет басшысы жанынан аккредиттеледі, ал елші-өкілдер – СІМ жанынан, сол үшін олар өз министрінің сәйкес министрін тапсырады. Сенім білдірген өкілді тағайындау уақытша сипатта болады.
Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары 3 класқа бөлінеді:
Төтенше және Өкілетті Елшілер – мемлекет басшылары жанынан аккредиттелген;
Төтенше және Өкілетті Елші-өкілдер – мемлекет басшылары жанынан аккредиттелген;
Сенім білдірген өкіл – сыртқы істер министрі жанынан аккредиттелген.
Нақты мемлекеттегі өкілдік басшыларының кластары дипломатиялық қатынастарды белгілеу туралы мемлекеттер арасындағы келісіммен анықталады.
Дипломатиялық өкілдіктердің атқаратын функциялары мынадай:
келген елде өз мемлекетінің өкілдігін жүзеге асырады;
келген елде аккредиттелген мемлекеттің, оның азаматтарының мүдделерін қорғау;
келген елдің үкіметімен келіссөз жүргізу;
келген елдегі жағдайлар мен оқиғаларды барлық заңды құралдармен анықтайды;
аккредиттелген мемлекетпен және келген елдің арасындағы достық қатынастарды қолдау.
Дипломатиялық өкілдіктердің басшысын тағайындау. Өкілдіктің басшысын тағайындалар алдында аккредиттелген мемлекет нақты мемлекеттегі өкілдіктің басшысы етіп нақты тұлғаны тағайындауға баратын шетелдің құзырлы билік органынан агреман – келісім – согласие сұрайды. Агреманнан бас тарту немесе сұрауға жауап қайтармау тұлғаны өкілдіктің басшысы етіп тағайындауға кедергі келтіреді. Агреманнан бас тартуын мемлекет дәлелдеуге міндетті емес. Агреманды ағаннан кйін тұлға өкілдіктің басшысы болып тағайындалады және сенім қағазын беріледі.
Сенім қағазы – бұл осы мемлекеттің атынан баяндалатын осы тұлғаға сенуді сұрайтын, баратын елдің билігіне жіберілген құжат. Тағайындалған елге келгеннен кейін өкілдік басшысы өзінің сенім қағазын мемлекет басшысына немесе СІМ тапсырады.
ҚР шет елге жіберілген елшілігі (дипломатиялық өкілдігі) ҚР Парламентінің қаулысымен құрылады. Елшілікті (дипломатиялық өкілдікті) Төтенше және Өкілетті елші басқарады. Парламенттің келісімі бойынша және ҚР шетел министрінің ұсынысы бойынша ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалады.
Дипломатиялық өкілдіктің персоналы 3 топқа бөлінеді:
а) дипломатиялық персонал;
б) әкімшілік – техникалық персонал;
в) қызмет көрсетуші персонал.
Дипломатиялық өкілдердің кластары мен рангалары:
1961ж. Конвенцияға сәйкес мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мынадай кластарға бөлінеді:
елші және нунций (Ватикан елшілері);
елші-өкілдер және интернунций (Ватиканның елші-өкілдері);
сенім білдірілген тұлғалар.
Рангалар:
елші;
елші-өкіл;
кеңесші;
І Хатшы;
ІІ Хатшы;
ІІІ Хатшы;
атташе- шетелдегі дипломатиялық елшіліктің қарамағына іс-сапарға жіберілген белгілі бір мәселе бойынша маман;
Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен қорғаншылықтары
Егеменді мемлекеттің органы болып табылатын дипломатиялық өкілдіктер үшін 1961ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында жеңілдіктер қарастырылған:
өкілдіктің ғимаратына қол сұғылмайды; бұл келген елдің билігі дипломатиялық өкілдіктің ғимаратына кіруге құқылы емес, сонымен қатар осы ғимаратты басып кіруден қорғау үшін барлық шаралар қабылдауға міндетті. Оларда елшіліктің ғимараты, қозғалатын құралдары, мүліктері қамауға, реквизицияға, тінтуге және өзге де әрекеттерге ұшыратылмайды;
дипломатиялық өкілдіктің ғимараты барлық салықтардан, баж салығынан және жинаулардан босатылған (нақты қызмет көрсету түрлерінен басқалары); осы ғимараттың фискалды қорғаншылығы бар.
кез келген уақытта және олардың мекен-жайына байланыссыз дипломатиялық өкілдіктің архивіне және құжаттарына қол сұқпауға кепілдік береді;
қатынастар бостандығы- бұл өкілдіктер өз үкіметімен байланыс құралдарының барлығын пайдалана алады, елшілік дипломатиялық курьерлерді (қағаз тасушы, шұғыл тапсырмалармен жүріп-тұратын адам), шифрлы (арнайы кесте бойынша оқылатын құпия жазулардың, шартты белгілердің жүйесі) және кодталған (шартты белгілердің жүйесі) депешаларды, телеграммаларды пайдалана алады дегенді білдіреді;
туды және эмблеманы пайдалану құқығы – бұл мемлекеттің егеменді рәміздерін өкілдік ғимаратының үстіне, оның басшысының резиденциясында, елшілік жүріп-тұру құралдарына іліп қоюларына құқылы.
Дипломаттардың қорғаншылықтары мен артықшылықтары:
дипломаттың жеке басына қол сұғылмаушылық– дипломатиялық өкілдіктің басшылары және мүшелері тұтқындалмайды және ұсталмайды. Келген мемлекет дипломаттарды олар келген елдің территориясына кірген сәттен бастап қауіпсіздіктерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларды қабылдауға міндетті.
дипломаттың тұрғын үйіне қол сұғылмаушылық – дипломат қайда тұрмаса да, тұрақты немесе уақытша (резиденцияда, қонақ үйде, дем алу үйінде, пәтерде) оның тұрғылықты жеріне қол сұғылмайды. Дипломаттың мүлкі, корреспонденциясы, дипломаттың жүріп-тұру құралына дақол сұғылмайды – бұл келген елдің билігі жүріп-тұру құралдарын ұстауға және оларда тінту жүргізілмейді дегенді білдіреді. Бірақта, егер автомобиль жүргізіп отырған дипломат жол ережесін бұзса, оны тоқтатып жол ережесін бұзғаны туралы айтылады.
Диломаттың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан қорғаншылығы бар;
Кедендік жеңілдіктер мен артықшылықтар берілген – бұл дипломат өкілдіктің, өз және отбасының мұқтаждығы үшін заттар әкелуге құқылы, кедендік қараусыз және кедендік алымдарсыз, жинауларсыз, салықтарсыз өткізіледі. Дипломат отбасының мүшелері де, егер олар келген елдің азаматтары болмаса, кедендік артықшылықтарды пайдаланады;
Фискалды қорғаншылық (фиск-казна-қазына)- жеке, мүліктік, мемлекеттік, аудандық сипаттағы барлық салықтардан, жинаулардан, баж салықтарынан дипломаттар босатылады. Бұнда ерекшелік, жанама салықтарды, мұраға салық ерекшелікті құрайды. Келген мемлекеттің міндеті дипломаттарды еңбектік, мемлекеттік, әскери міндеттерден босатады.
Елшіліктің басқа да қызметкерлерінің қорғаншылықтары мен артықшылықтары – жеке артықшылықтар мен қорғаншылықтарды халықаралық құқық дипломатиялық өкілдіктің басшыларына, персоналдардың мүшелеріне береді. Артықшылықтар мен қорғаншылықтарды халықаралық құқық әкімшілік-техникалық, қызмет көрсетуші персоналға бермейді, бірақ практикада олар пайдаланады.
1961ж. Вена Конвенциясы өкілдіктің мүшелері және олардың отбасыларының мүшелері, егер олар келген мемлекеттің азаматтары болмаса, артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады, ал кедендік артықшылықтар толық емес көлемде беріледі; ал азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан қорғаншылықты өз қызметтік міндетін орындағанда пайдаланады.
Өкілдіктің қызмет көрсетуші персоналына өз міндетін орындағанда қорғаншылық беріледі, лар салықтан, жинаудан және еңбек ақыға салынатын салықтан босатылады.
Халықаралық ұйымдардың дипломатиялық құқықтары
Халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерді тек нақты халықаралық ұйымдардың мүшелері ғана құрады. Мүше емес мемлекеттер, егер де бұл осы ұйымның ережесі бойынша рұқсат етілген болса, тұрақты байқаушылар миссияларын құрулары мүмкін.
БҰҰ мүше-мемлекеттердің осы ұйымдардағы өкілдіктері қызмет етеді. Мемлекеттер халықаралық ұйыммен байланыс жасау үшін, осы ұйымдардың істері туралы хабардар болып отыру үшін, оның көмегімен өзінің мүдделерін қорғау үшін құрады.
Тұрақты өкілдіктер мен миссиялардың, олардың қызметкерлері нақты артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады және олардың дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтардан еш айырмашылығы жоқ.
1946ж. 13 ақпандағы БҰҰ артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенцияөкілдіктердің, олардың орынбасарларының, кеңесшілерінің, сарапшыларының, хатшыларының қорғаншылықтарын қарастырады, бірақ БҰҰ –дағы мемлекеттердің өкілдіктерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы айтылмаған.
Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары. 1975ж. 14 наурыздағы универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынас жасайтын мемлекеттердің өкілдігі туралы Вена Конвенциясы мемлекеттердің өкілдіктеріне нақты халықаралық-құқықтық мәртебе береді және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтарының кеңейтеді.
1975ж. Конвенцияның маңызы артықшылықтар мен қорғаншылықтар туралыережелері халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің тұрақты байқаушыларына да таралады.
Арнайы миссиялар– бұл нақты сұрақтар бойынша келіссөздер жүргізу үшін немесе арнайы міндеттерді жүзеге асыру үшін басқа мемлекетке жіберілетін, соның келісімі бойынша, бір мемлекеттің делегациясы.
Арнайы миссиялардың құқықтық негізін әдет-ғұрыптар, 1969ж. 16.12. арнайы миссилар туралы Конвенция құрайды, осы Конвенцияға сәйкес арнайы миссияның мүшелері 1961ж. диломатиялық қатынастар туралы Конвенцияда қарастырылған дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтар беріледі.
Бақылау сұрақтары
Дипломатиялық құқыққа түсінік беріңіз
Дипломатиялық құқығының қайнар көздерін атаңыз
Арнайы миссиялары дегеніміз не?
Дипломатиялық өкілдік пен дипломатқа қандай артықшылықтар мен қорғаншылықтар берілген?
Консулдық өкілдік пен консулдың артықшылықтары мен қорғаншылықтарының дипломатиялық өкілдік пен дипломатқа артықшылықтар мен қорғаншылықтарынан қандай айырмашылықтары бар?
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.
2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.
3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.
5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.
