- •Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.
- •1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3 Тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4 Тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8 Тақырып Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып Халықаралық экономикалық құқық
- •12 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2.3 Халықаралық құқықтың негiзгi салалары.
- •13 Тақырып Консулдық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •16 Тақырып Аумақ және халықаралық құқық Мақсаты: халықаралық территория ұғымын беру және түрлерімен таныстыру, студенттердің осы тақырып бойнша көзқарастарын қалыптастыру Негізгі сұрақтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •17 Тақырып Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып Халықаралық әуе құқығы
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •21 Тақырып Халықаралық экологиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •23 Тақырып Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •26 Тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ғты реттеу
- •Қосымша әдебиеттер:
2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
Халықаралық әуе құқығының арнайы негізгі қағидаты мемлекеттін өз әуе кеңістігіне толық және ерекше егемендігінің таралуы.Әуе кеңістігіне егемендік қағидатының мазмұны мемлекеттер өз әуе кеңістігінде өздері құрған құқықтық режимін қолдануы болып табылады.Осы қағидат халықаралық келісімдерге қалай бекітілсе дәл солай әр елдің заңдылығында да бекітіледі.Кез келген әуе кемелері қандайда бір мемлекеттің аумағы шегінен ұшып өткенде, сол мемлекеттің әуе хабарландыруына байланысты заңдар мен тәртіптерді қатаң орындауға міндетті.Өз әуе кеңістігіне егемендік қағидатын негізге ала отырып, мемлекеттер әдетте ұшу жолдары мен бағыттарын, ал қажет болғанда тыйым салынған аймақтар арқылы ұшу және радиобайланыс ережелерінің тәртібін анықтап, ұшу қорғасын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттер өз құзіреті органдары арқылы әуежайға ұшып келген шетел әуе кемесінің құжаттарын тексеруге құқылы.Сондықтан халықаралық әуе хабарландыруларын жүзеге асырушы шетел әуе кемелері қандайда бір мемлекет аумағына келгенде сол мемлекеттің заңдарына бағынады.
Ашық әуе кеңістігіндегі ұшу еркіндегі қағидаты.Ашық немесе халықаралық әуе кеңістігіне жағалаудағы мемлекеттің аумақтық суының әрі қарйғы кеңістігі жатады.Әуе кемелері халықаралық әуе кеңістегіндегі еркін ұшу мәселесі халықаралық келісімдер мен ИКАО регламентінде белгіленеді.
1944 ж.Чикаго конвенциясы мен ИКАО белгіліген Ашық теңіз үстімен ұшу ережелерін кез келген мемлекет өз әуе кемелерінің қатаң түрде сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Ашық әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшу ережелерінің жүйесі «әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшу ережелері – аэронавигациялық қызмет көрсету рәсімі» туралы Чикаго конвенциясынын қосымшасында белгіленген.
Халықаралық азаматтық авиациацының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты.Бұл қағидат бойынша бір жағынан авиациялық техниканың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, екінші жағынан азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз актілермен араласуға қарсы күресу.
1944 ж.Чикаго конвенциясы мен ИКАО-ны құрудың негізгі мақсаты халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіздігі мен тәртіпті түрде дамуы болып табылады.Оған конвенцияда көрсетілгендей, аэронавигациялардың қауіпсіздігіне қойылған талаптар жатады.Бұл талаптар авиация саласында ғылыми – техникалық прогрестің дамуына байланысты ылғи өзгертіп отырады.Бұл жұмыстарды орындау ИКАО-ға жүктелген.Осы мақсатпен қажет болған жағдайда мемлекеттер ИКАО-тен бірге халықаралық регламенттерді қабылдайды.Бұл регламенттер әуе кемелерін пайдалану мезгілін және тіркеу мен борттық құжаттарын, байланыс жүйесін және аэронавигациялық картасын т.б мәселелерді қарастырады.
ИКАО-ның бастамасымен және қамқорлығымен 70-жылдары азаматтық авиацияның қөызметіне заңсыз араласуға қарсы күресуде мемлекеттер қарым-қатынасын дамыту және ұйымдастыру жөнінде халықаралық конвенциялар шығарылды: 1970 ж. әуе кемелерін заңсыз басып алуға заңсыз күрес туралы Монреаль конвенциясы.Бұл конвенцияда ұшып бара жатқан әуе кемелерін қорқыту немесе күш қолдану арқылы басым алса, онда ол ауыр қылмыс болып табылады.
Монреаль конвенциясында мұндай қылмыстың түрлері көбірек көзделген:әуе кемесі ішіндегі адамдарға қарсы, әуекемелерін бұзса не жойса, әуе кемелерінің жұмысына қауіп төндіретін жалған (ақпарат) мәләмет айтса.Осы конвенцияға мүше мемлекеттің барлығы да осындай қылмыс жасағандарға қатаң жаза түрін қолдануға міндетті.1988 ж.Монреаль конвенциясының хаттамасында халаықаралық әуе кемелерін ұшыруға қызмет көрсету кезінде әуежай жұмысына зиян келтіру.
Мемлекет аумағында ұшу ережелері
Тәжірибеде мемлекет аумағынан әуе кемелерінің ұшуы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақты ұшу алдын ала бекітілген кестемен, жоспармен белгіленген сызықпен жүзеге асырылады.Ал тұрақсыз ұшу әуе (чартерлік әуе тасымалдау) қатынастары екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасында екіжақты келісіммен белгіленеді.Кейбір мемлекеттер (мысалы АҚШ) авиакәсіпорындарға өз аумағына келгенде сақтауға міндетті қосымша талаптар қойылған пайдалану рұқсатын береді.
Чикаго конвенциясының 5 бабына сәйкес осы конвенцияға мүше мемлекеттердің халықаралық әуе хабарландыруында тұрақты ұшуға жатпайтын әуе кемелері басқа мемлекет аумағынан ұшуға тек сол жағдайда құқылы, егер олар Чикаго конвенциясының нормаларын бұзбай және конвенцияға мүше мемлекет аумағына ұшып өту немесе коммерциялық емес мақсатта рұқсат етіледі.Мемлекеттер өз аумағында ұшып бара жатқан шетел әуе кемесін тоқтатуға құқылы.
Егемендік қағидадынан мемлекеттер өз аумағында әуе кемелері мен басқа да ұшу аппарттарының ұшуы жүзеге асырылуы үшін ережеге шығарады.Чикаго конвенциясынын 6-бабына сәйкес «арнайы рұқсат немесе осы мемлекеттін басқа бір санкциясы және осындай рұқсат пен санкцияның жағдайларына қатысты болмаса, келісім жүргізіп жатқан мемлекеттін аймағы үстінде немесе аймағында ешқандай халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыруы мүмкін емес».
Тәжірибеде шетелдер аумағының шегінде әрдайым ұшу құқығын мемлекеттер әуе хабарландыру туралы келісім арқылы алады.Кейбір мемлекеттер (әсіресе АҚШ) авиакәсіпорындарға сол аумаққа ұшуда әуе кемелері талаптарының тізімі бар қосымша пайдалану рұқсатын береді.
1952 ж.ИКАО кеңес халықаралық әуе хабарландыруы арқылы әрдайым ресми анықтама қабылдайды.Халықаралық навигацияда әрбір әуе кемесінің тіркеу туралы куәлік, ұшуға жарайтындығы туралы куәлік, борттық журнал және т.б құжаттары болуы керек.
Шет мемлекеттердің әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне сол мемлекеттің заңы және кедендік, валюталық, карантиндік бақылауы тарайды.
Әуе кемесі апатқа ұшыраған жағдайда қай мемлекеттің аумағында апатқа ұшыраса.Сол мемлекет апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмектесуі тиіс.
Шекараны бұзған немесе әуе жолынан шығып кеткен шетел әуе кемесін әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың өміріне қауіп төндірмей және әуе кемесінін қауіпсіздігін сақтауға әрекет жасау керек.
4. Халықаралық әуе тасымалдауын құқықтық реттеу
Халықаралық әуе тасымалдауындағы негізгі мәселе шетел авиакәсіпорындарының коммерциялық қызметтерін реттеу болып табылады.Осы проблема өз кезінде ірі авиациялық державалар мен олардың авиакомпанияларының арасында үлкен дау туғызған.Егер коммерциялық құқық ұғымына келетін болсақ, бұл авиакәсіпорындарға жолаушылар, жүктер мен поштаны сыйақы үшін әуе арқылы тасымалдауына рұқсат беру.
Халықаралық әуе тасымалдау ұғымы әдетте коммерциялық құқықтармен ашылады:
Транзиттік құқықты берген мемлекеттің аумағында қондырусыз транзиттік ұшу құқығы.
Коммерциялық емес мақсатта транзиттік ұшу, қондыру құқығы.
Әуе кемесі тіркелген мемлекетке ұшуда шет мемлекеттен бортқа алынған жолаушылар мен жүктерді және поштаны алып кетуге құқылы.
Әуе кемесі тіркелген мемлекеттен бортқа алынған жолаушыларды шығару, жүк пен поштаны шығару шет мемлекетке алып келуге құқылы.
Осы негізгі «ауа еркіндігінен» тағы да басқа құқықтар.
Өз мемлекетінің аумағы арқылы үшінші мемлекетке тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.
Өз мемлекетінің аймағынан өтпей, үшінші мемлекеттің аймағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.
Қазіргі уақытта осы көрсетілген ауа еркіндігінің түрлері әуе кемесін тіркелген мемлекетке ғана емес, сонымен қатар мемлекет – пайдаланушыда (әуе кемелерін жалға алушы) қолданылады.
Батыс Еуропада коммерциялық құқықты реттеудін жаңа бағыты бойынша әуе тасымалы туралы екіжақты келісімдер (мысалы:1984 ж7Ұлыбритания мен Нидерланды арасындағы келісім, ФРГ мен Люксембург) ашық тәртіпті маршрут қағидатына сәйкес бесінші «еркіндік» құқығы бойынша өкілетті авиация органдарымен (үкіметпен емес) қолданылады.
Қазақстан Республикасының көлік және телекоммуникация министрлігі басқа міндеттермен қатар, халықаралық және мемлекетаралық көлік аймағында қызмет етеді. Қ.Р көліктік кешенді басқарудағы мемлекеттік орталық басқару органы болып табылады.Оның құрамына сонымен қатар әуе көлігі де кіреді, мұны басқаратын Азаматтық авиация комитеті.Одан басқа Қазақстанда жеке авиациялық кәсіпорындар қызмет істейді, қазіргі кезде Қазақстан 70-тен астам әуекомпанисы бар, оның ішінде 40%-ның әуекомпаниясында өз әуе кешелері жоқ, соған қарамастан олардың жасайтын қызметтері халықаралық тарифпен бірдей.Өкілеттік мақсатта, осы кәсіпорынның мүддесін қорғау үшін авиациялық кәсіпорындар шетелге өзінің өкілдіктерін жібере алады, мысалы:Қ.Р әуе нарығында шетелдік әуе компаниялар 70% болып саналады.
5. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік
Мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекеттер халықаралық әуе құқығының қағидаттары мен нормаларын бұзғандары үшін саяси жауапкершілікке тартылады.Ол жауапкершілік ИКАО Ассамблемына дауыс беру құқығынан айрылу түрінде болуы мүмкін.Сонымен қатар, мемлекеттер басқа мемлекеттін әуе кеңістігі егемендігін бұзғаны үшін халықаралық жауапкершілікке тартылады.
Әуеде тасымалдаушы (авиакәсіпорын) жолаушылар мен жүк иелеріне келтірген шығындары үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартылады.
1929 ж. Варшава конвенциясына сәйкес тасымалдаушы жолаушының өліміне алып келген немесе кез келген дене жарақаты және жүктің жоғалуы мен жеткізіп беру уақытын кешіктіргені үшін келтірген зиянға жауап береді.
Варшаваға келісім – шарт жүйесінде әуеде тасымалдаушы жуапкершілігінің максимум шекті көлемі белгіленген.Әрбір жолаушы үшін (апттан қайтыс болған жағдайда) жауапкершілік шегі - 250 мың француз аптыны, әрбір - 1 кг салмақ жүк үшін – 250 мың француз алтыны, әрбір қолды ұстап жүрген затқа 5 мың француз алтыны.1966 ж. Монреаль келісім – шарты бойынша тасымалдаушының жуапкершілік шекті көлемі 75 мың американ долларына көбейтілді.1971 ж. Гватемала хаттамасы жауапкершілікті өтеудің көлемін 100 мың долларға өсірді.
6 Халықаралық Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО)
ИКАО – ұғымының ағылшын тілінен аударылған аты. Бұл ұйым 1944ж. Чикаго конвенциясында азаматтық авиация мәселелерін шешу үшін құрылған. ИКАО-ның өзінің ішкі жарғысы бар. 1946ж. бұл ұйым БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы мәртебесін алды.
Қазіргі уақытта ИКАО – азаматтық авиация саласындағы үлкен ұйым.Оның құрамына 150 мемлекет бар. Қазақстан Республикасы 1992 ж. 21 тамызынан бастап осы ұйымға мүше.
ИКАО-ның негізгі мақсаты Чикаго конвенциясына сәйкес халықаралық азаматтық авиациялардың қауіпсіздігін және дамуын қамтамасыз ету.
ИКАО-ның жоғарғы органы Ассамблея болып табылады.Оған барлық мемлекет қатысушылары қатысады.Олар әр үш жылда бір жиналады және онда олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.Атқарушы органы – кеңес болып табылады.Ол жыл сайын үш рет жиналады және оның мүшелері 33 мемлекет.Әуе навигациясы комиссиясы 15 адамнан тұрады.Оның мүшелері әуенавигациясы саласындағы заңды тұлғалар болады.Секретариатты кеңес сайлаған Бас хатшы басқарады.Заңды комитетке ИКАО-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің бәрі қатысады.
ИКАО-ның тұрғылықты жері – Канаданың Монреаль қаласы.
Сонымен қатар халықаралық әуе қатынастарында маңызды халықаралық ұйымдарға Азаматтық авиацияның Еуропалық конвенциясы (ЕКАК), Аэронавигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа Ұйымы (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК) т.б.
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық әуе құқығының түсінігін беріңіздер
2) Халықаралық әуе құқығының қайнар көздерін атаңыздар
3) Ммемлекеттік территорияның үстінен ұшу реттеу тәртібін анықтаңыздар?
4) Ашық теңіздер және халықаралық –құқықтық режимдегі территориялардың үстінен ұшу ерекшеліктерін атаңыздар
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.
2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.
3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.
5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.
