- •Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.
- •1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3 Тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4 Тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8 Тақырып Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып Халықаралық экономикалық құқық
- •12 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2.3 Халықаралық құқықтың негiзгi салалары.
- •13 Тақырып Консулдық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •16 Тақырып Аумақ және халықаралық құқық Мақсаты: халықаралық территория ұғымын беру және түрлерімен таныстыру, студенттердің осы тақырып бойнша көзқарастарын қалыптастыру Негізгі сұрақтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •17 Тақырып Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып Халықаралық әуе құқығы
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •21 Тақырып Халықаралық экологиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •23 Тақырып Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •26 Тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ғты реттеу
- •Қосымша әдебиеттер:
3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
БҰҰ Конвенциясының 136-бабына сәйкес, континенттік қайраңнан тыс Аудан деп аталатын теңіз түбі "адамзаттың жалпы мұрасы" болып табылады. Аудан ресурстарына барлық құқықтар жалпы адамзатқа тиесілі, ол Теңіз түбі жөніндегі халықаралық орган атынан жүзеге асырылады. Аудан мен оның ресурстарының құқықтық мәртебесін Конвенцияның 137-бабы былай анықтайды:
1) бірде-бір мемлекет ауданның немесе оның ресурстарының бөліктеріне қатысты егемендікті немесе егеменді құқықтарын талап ете алмайды, бірде-бір мемлекет немесе занды тұлға оның қандай да бір бөлігін иелене алмайды. Егемендік пен егеменді кұқықтарды жүзеге асыру және оны иелену мойындалмайды.
2) ауданның ресурстарына барлық құқықтар барлық адамзатқа тиесілі, оның атынан Орган әрекет етеді. Бүл ресурстар сатуға жатпайды, бірақ дегенмен ауданнан алынатын пайдалы қазбалар осы бөлім және нормамен органның ережелері мен рәсімдеріне сәйкес сатылуы мүмкін.
3) бірде-бір мемлекет, жеке немесе занды тұлға ауданнан алынатын пайдалы қазбаларға құқықты талап ете алмайды және ондай құқықтар танылмайды.
Ауданның жаңа режимінің маңызды ерекшелігі — барлық минералды ресурстарды барлау және өңдеу жөніндегі қызмет мемлекеттердің жұмыс жоспары және органның рұқсаты негізінде органның бақылауымен жүргізіледі.
Қазіргі кезде теңіз түбінің ресурстарын игеру іс жүзінде әлі басталмағанымен, барлық негізгі нормалар мен қағидаттар бекітіледі және аудандағы мемлекеттің кең көлемді қызметі үйлестіріледі.
Теңіз түбі жөніндегі халықаралық органның кұрылымы мен міндеттері Конвенцияның 156-бабында көрсетілген. Осы органның Бас органы немесе бөлімшелері Ассамблея Кеңесі және Секретариат. 158-бапқа сәйкес, Ауданның ресурстарын барлау, өңдеу, тасымалдау, қайта өңдеу және пайдалы қазбаларды алу Органның өнеркәсіптік және коммерциялық бөлімшесі болып табылатын кәсіпорны арқылы орындалуы тиіс. Аудан ресурстарын пайдалану жөніндегі қызмет Ауданнан алынатын пайдалы қазбалардың қүрлықтағы түрлерін алушы мемлекеттің мүддесі есеп-ке алына отырып жүзеге асырылады. Осы мақсатта БҰҰ Конвенциясында сол мемлекеттерге өтемақы төлеу жүйесін белгілейтін ережелер карастырылған.
Бірақ жоғарыда келтірілген Конвенцияның XI бөлігіндегі ережелер жоғары дамыған индустриалды мемлекеттерден қолдау таппады (AҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония, Нидерланды, Бельгия). Олардың ойынша, Аудан және халықаралық орган туралы қаулылардың барлық кешені өндірістік дамыған мемлекет пен компаниялардың ұлттық мүдделерін қорғау кепілдігіне қатысты тиімсіз деп есептейді.
1984 ж. 3 тамызда бұл мемлекеттер теңіз түбінің учаскелерін өзара бөлуге бағытталған "Теңіз түбінің мәселелері бойынша уақытша келісу" туралы Спарт келісіміне қол қойды. Сегіз дамыған мемлекеттің қаржы-экономикалық қатысуынсыз Конвенцияның XI бөлігін жүзеге асыру мүмкін болмағандықтан, дайындық комиссиясы теңіз түбі халықаралық ауданының құқықтық режимі және Теңіз түбі халықаралық органының кызметіне қатысты жан-жақты, толық нұсқасын жасап шығара алды.
1982 ж. "Теңіз құқығы жөніндегі" БҰҰ Конвенциясының XI бөлігін жүзеге асыру туралы келісім 1994 ж. 28 маусымда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 48/263 қарары мен БҰҰ-ның ресми құжаты мәртебесін алды. Келісім уақытша негізде Конвенциямен 6ip мезгілде күшіне енді. Келісім мен Конвенцияның XI бөлігінің арасында сейкессіздік болған жағдайда Келісімнің артықшылық күші бар
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық теңіз құқығына анықтама беріңіздер
2) Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздерін атаңыздар
3) Халықаралық теңіз құқығының пәнін айқындаңыздар
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.
2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.
3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.
5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.
