- •Дәріс жинағы
- •1 Бөлім. Халықаралық құқыққа кіріспе. Халықаралық құқықтың жалпы бөлімі.
- •1 Тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2 Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3 Тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Қосымша әдебиеттер:
- •4 Тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •6 Тақырып Халықаралық шарт құқығы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8 Тақырып Халықаралық және мемлекеттік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып Халықаралық-құқықтық жауапкершілік
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып Халықаралық экономикалық құқық
- •12 Тақырып Дипломатиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2.3 Халықаралық құқықтың негiзгi салалары.
- •13 Тақырып Консулдық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •16 Тақырып Аумақ және халықаралық құқық Мақсаты: халықаралық территория ұғымын беру және түрлерімен таныстыру, студенттердің осы тақырып бойнша көзқарастарын қалыптастыру Негізгі сұрақтар:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •17 Тақырып Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •3.7 Теңіз түбінің халықаралық аудандандары және халықаралық шығанақтар мен каналдар
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып Халықаралық әуе құқығы
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •20 Тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •21 Тақырып Халықаралық экологиялық құқық
- •Қосымша әдебиеттер:
- •23 Тақырып Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары
- •Қосымша әдебиеттер:
- •26 Тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ғты реттеу
- •Қосымша әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.
9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.
10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.
11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.
12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.
13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.
14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.
15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.
16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,
17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.
18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.
19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.
7 Тақырып Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі. Бұұ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
Мақсаты: халықаралық ұйымдар құқығының түсінігі туралы, халықаралық ұйымдардың қайнар көздері туралы, халықаралық ұйымдар түсінігі мен түрлері туралы, халықаралық ұйымдардың құзыреті, функциялары және шешімді қабылдау тәртіптері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Негізгі сұрақтар
Халықаралық ұйымдардың құқығының түсінігі және қайнар көздері
Халықаралық ұйым түсінігі және классификациясы
Халықаралық ұйымдарды құрудың тәртібі
Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәні
Халықаралық ұйымдардың құзырлығы, өкілеттілігі және функциялары
Халықаралық ұйымдардың органдары.
Халықаралық конференциялар
Халықаралық ұйымдар мен конференциялар құқығының түсінігі мен қайнар көздері. Бүгінгі күндерде халықаралық аренада мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының ауқымы кеңейіп, барлық жаңа қатынастар халықаралық-құқықтық реттеу пәні болып отыр. Мемлекет аралық ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық нысандарының, көпжақты дипломатияның бірі халықаралық ұйымдар болып табылады.
Халықаралық ұйымдар құқықтық феномен ретінде салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ХІХғ. аяғы мен ХХғ. Басында халықаралық байланыстардың сұраныстары тұрақты, үнемі әрекет ететін мемлекет аралық құрылымдарды талап етті. Осылай, 1874 жылы Бүкіл әлемдік почталық Одақ пайда болды, 1919 жылы халықаралық еңбек ұйымы пайда болды. Нақты саяси бағыттағы алғашқы халықаралық ұйым 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы болды. Ол Версаль жүйесінің жағдайларына және 1946 жылға дейін формалды түрде қызмет етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әртүрлі сфералардағы халықаралық қатынастарға түсетін мемлекет аралық қарым-қатынастардың ұйымдық негізін қалайтын, қамтамасыз ететін жүздеген халықаралық ұйымдар құрылды. Солардың бірі БҰҰ, ЮНЕСКО, Араб мемлекеттерінің Лигасы, НАТО және т.б. Кез келген халықаралық ұйымдарды заңды түрде ашу халықаралық келісімшартты жасасумен рәсімделеді, сондықтан халықаралық құқықта халықаралық ұйымдардың құрылу тәртібін және қызметін реттейтін нормалардың бірқатар жеткілікті жиынтығы қадыптасты. Халықаралық – құқықтық регламентацияның көлемі және сапасы халықаралық құқықтың дербес, жеке саласының бірі екендігі туралы қорытынды жасауға әкелді. Ол – халықаралық ұйымдар құқығы.
Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық – құқықтық нормалардың 2 тобынан тұрады, және олар мынаны құрайды: біріншіден, ұйымның «ішкі құқығы» (ұйымның құрылымын, оның органдарының құзырлығын және жұмыс тәртібін, персоналдың мәртебесін, өзге де құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар); екіншіден, ұйымның «сыртқы құқығы» (мемлекеттермен және басқа да халықаралық ұйымдармен ұйымның келісімшарт нормалары).
Халықаралық ұйымдар құқығының нормалары – келісімшарт нормалары, ол ұйымдар құқығының өзі – халықаралық құқықтың ең кодификацияланған саласының бірі болып табылады.
Осы саланың қайнар көздрі ретінде мыналарды атауға болады:
халықаралық ұйымның құрылтай құжаттары;
1975ж. универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын мемлекеттердің өкілдігі туралы Вена Конвенциясы;
1986ж. мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы;
Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы келісімдер.
Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігінің ерекшелігін қарастырамыз, бірақ сонда да айта кететін жайт, бұл халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектілері бола отырып, дербес, деке еріктері болады, және оның мемлекеттердің ұйымдарына жай қатысушылардың еріктерінің жиынтығынан өзгеше болады. Кейбір ұйымдардың, мысалы, БҰҰ, Араб мемлекеттерінің Лигасы, МАГАТЭ, өз мүшелеріне міндетті шешімдер қабылдауға құқығы бар және мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдану құқығы бар, соның ішінде олардың жарғысының жағдайларын бұзатын мемлекеттерге қатысты қолдана алады. Бірақта, халықаралық ұйымдардың еріктері мемлекеттердің еріктерінен айырмашылығы олардың ерік-жігерлері егеменді емес.
Халықаралық ұйымдар құқығы – ұйымдардың қызметін, құқықтық жағдайларын, халықаралық құқықтың өзге де субъектілерімен қарым-қатынастарын, халықаралық қатынастарға қатысуын реттейтін нормалардың жиынтығы.
Халықаралық ұйымдардың түсінігі және классификациясы
Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар мемлекеттердің ынтымақтастығының және көпжақты дипломатия нысаны ретінде маңызды рөл атқарады.
ХІХғ. халықаралық ұйымдар пайда болып қоғам өмірінің көптеген жақтарын интернационализациялаудың объективті тенденциясының көрінісі мен салдары болып табылады. 1815ж. бастап (Рейн бойынша навигацияның Орталық комиссиясы) халықаралық ұйымға өз құзырлықтары мен өкілеттіліктері берілді. Олардың дамуының жаңа кезеңі алғашқы универсалды халықаралық ұйымдардың құрылуы – Дүниежүзілік телеграф Одағы (1865ж.) Дүниежүзілік пошта Одағы (1874ж.) – бұлардың тұрақты құрылым болды.
Қазіргі уақыттағы халықаралық ұйымдар өздерінің құзырлығын және құрылымдарының күрделенуі тән.
Қазіргі уақыттағы халықаралық ұйымдар арасындағы өзара байланыс және ынтымақтастық орталығы БҰҰ болып табылатын халықаралық ұйымдар жүйесі туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ХХғ. Бастап 4,5 мыңнан астам, соның ішінде 300 – үкіметаралық халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Ал бұл жаңа құрылымдардың пайда болуына әкелді.
«Халықаралық ұйым» термині үкіметаралық және үкімет аралық емес ұйымдарға бірдей қолданылады, бірақ олардың заңды табиғаты әртүрлі.
Үкіметаралық ұйымдарға мынадай белгілер тән:
1) мемлекететрдің мүшелілігі;
2) құрылтайшы құжаты- халықаралық келісімшарттың болуы;
3) тұрақты органдар;
4) мүше-мемлекеттердің егемендігін құрметтеу.
Сонымен, халықаралық үкіметаралық ұйым - бұл мүше – мемлекеттердің өз егемендіктерін құрметтей отырып, ортақ мүдде де әрекет ететін және тұрақты органдары бар, жалпы мақсатқа жету үшін халықаралық келісімшарт негізінде құрылған мемлекеттердің бірлестігі. Және де тек осы үкіметаралық халықаралық ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады.
Үкімет аралық емес халықаралық ұйымның басты белгісі – бұлар мемлекетаралық келісімшарттың негізінде құрылмаған және заңды немесе жеке тұлғаларды біріктіреді. Мысалы, халықаралық құқықтық Ассоциация, Қызық Крест қоғамының Лигасы және т.б.
Халықаралық ұйымдарды құру тәртібі және олардың қызметін тоқтату тәртібі
Халықаралық ұйым халықаралық құқықтың туынды субъектілері ретінде оларды мемлекеттер құрады және ол 3 кезеңнен тұрады:
1) құрылтай құжатын қабылдау;
2) ұйымның материалдық құрылымын құру;
3) ұйымның қызметінің басталуын растайтын негізгі органдарын шақыру.
Мемлекеттердің халықаралық ұйымды құруға келіскен ерік білдірушіліктері 2 тәсілмен белгіленуі мүмкін:
а) халықаралық келісімшартта;
б) әрекет етіп отырған халықаралық ұйымдар шешімінде.
Ең көп тарағаны – халықаралық шартты жасасу – бұл халықаралық ұйымның құрылтайшы актісі болып табылатын келісімшарттың мәтінін дайындау және қабылдау үшін халықаралық конференцияны шақыру. Бұл актінің әртүрлі атауы бар: статут (Ұлттар Лигасы); Жарғы (БҰҰ, АМҰ, АБҰ), конвенция (ВОИС; ВПС). Оның күшіне ену датасы ұйымды құру күні деп аталады.
Халықаралық ұйым ықшамдалған тәртіпте құрылуы мүмкін, басқа халықаралық ұйымның шешім қабылдау нысанында. Практикада БҰҰ бірнеше рет қолданды, қосалқы орган мәртебесінде жеке орган Бас Ассамблея құрылды, мысалы, дәл осылай 1964ж. ЮНКТАД –бұл сауда және даму бойынша БҰҰ конференциясы құрылды.
Бұл жағдайда мемлекеттердің халықаралық ұйым құру туралы келісілген ерік білдірушілігі қабылданған сәттен бастап күшіне енетін құрылтайшы резолюцияға дауыс беру жолымен көрінеді.
2 – кезеңі – ұйымның материалды құрылымын құруды білдіреді. Осы мақсатта көбінесе арнайы дайындық органдары жиі пайдаланылады.БҰҰ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, теңіз түбі бойынша халықаралық органды құру үшін, теңіз құқығы бойынша халықаралық трибуналды құру үшін дайындық комиссиясының құрылу практикасы дәл осылай.
Дайындық органдары жеке халықаралық келісімшарт негізінде, немесе құрылатын ұйымның жарғысына қосымша негізінде, немесе басқа халықаралық ұйым резолюциясы негізінде құрылады. Бұл құжатта органның құрамы, оның құзырлығы мен функциялары анықталады. Бұл органның қызметі болашақ ұйымның органдары іс-шараларының ережесінің жобасын дайындауға, штаб – пәтерді құруға қатысты сұрақтарды әзірлеуге, басты органдардың алдын-ала күн тәртібін құрастыруға, осы күн тәртібінің барлық сұрақтарына қатысты құжаттар мен ұсыныстарды дайындауға бағытталған.
Халықаралық ұйымның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер, егерде ұйым ережесімен белгіленген болса, халықаралық ұйым органдарының жұмысына қатысу үшін өз байқаушыларын жіберулері мүмкін. Кейбір ұйымдарда мүше емес мемлекеттерге тұрақты байқаушылар миссияларын аккредиттеуге рұқсат береді, мысалы, БҰҰ-да Ватиканың, Швейцарияның осындай миссиялары бар.
3 кезең – басты органдарды шақыру және олардың қызметінің басталуыхалықаралық ұйымды құру бойынша іс-шараны аяқтайды.
Халықаралық ұйым өмір сүруін тоқтату да мүше – мемлекеттердің келісілген ерік білдірушілігі жолымен жүзеге асырылады. Көбінесе ұйымды тарату туралы Хаттамаға қол қою жолымен жүзеге асырылады. 1991ж. 01 маусымда Прагада Саяси кеңес беруші Комитеттің жиналысында Варшава келісімшартына мүше-мемлекеттер: Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия (Варшава келісімшартының алғашқы екі қатысушысы одан ертерек шықты: Албания (1968ж.), Германияның бірігуімен байланысты ГДР (1990ж.) шыққан болатын) – 1955ж. 14 наурыздағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарттың әрекетін тоқтату туралы Хаттамаға қол қойды. ВКҰ тарату туралы Хаттаманы барлық қатысушы – елдердің Парламенттері ратификациялауға тиіс болды.
Халықаралық ұйымдардың құқықтық табиғаты
Халықаралық ұйымның табиғатының негізінде – мүше-мемлекеттердің ортақ мақсаттары мен мүдделерінің болуы жатыр.
Халықаралық ұйымды құруда мемлекеттердің егеменді теңдігі қағидасы жетекші болып табылады және мына белгілермен анықталады: халықаралық ұйымның келісімшарттық негізі; мүшелілік еріктілігі; ұйым шешімі негізінен ұсынушы сипатта болады; мемлекет аралық сипатта болуы; ұйым ішінде және одан тыс мемлекеттердің егемендігін және тең құқылылығын сақтау; халықаралық ұйымның құқықтық табиғаты үшін маңызды болып табылады: оның мақсаты, қағидалары, құзырлылығы, құрылымы, келісімді келісімшарттық неізі болады.
Қазіргі уақытта «мемлекеттер халықаралық ұйымдарды құра отырып, оларға нақты құқықтар мен әрекет қабілеттіліктерді береді» деген жағдай әрекет етеді: құқықтар мен міндеттерге ие болу; халықаралық құқықтың нормаларын құруға және қолдануға қатысу; халықаралық – құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету. Осындай мақұлдау нәтижесінде халықаралық құқықтың жаңа субъектісін туындатады және осылармен бірге халықаралық ынтымақтастық сферасында құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық функцияларды жүзеге асырады.
Халықаралық ұйымдарға құқықтар мен міндеттер беру дегеніміз олар халықаралық құқықтың негізгі субъектілері – мемлекеттерге теңестіріледі дегенді білдірмейді. Олардың құқық субъектілігінің көлемі өте аз және мақсаты функционалды сипатта болады.
Өз функцияларын атқару үшін халықаралық ұйымдарға қажетті заңды құралдар, амал-тәсілдер болуы қажет. БҰҰ Жарғысының 104б. осы мақсатта былай қарастырылған: «БҰҰ өзінің әр мүшесінің территориясында өз функцияларын атқару үшін және мақсатына жету үшін қажет болатындай құқық субъектілікті пайдаланады». Дәл осыған ұқсас жағдайлар көптеген құрылтай құжаттарда да жазылған.
Халықаралық ұйымның келісімшарттық құқық субъектілігі болады, яғни өз құзырлығы шегінде әртүрлі келісімдер жасасуға құқылы.
Мемлекеттер мен халықаралық ұйым арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясының 6 бабында былай деп белгіленген: халықаралық ұйым келісмарт жасасуға құқық субъектілігі осы ұйымдардың ережелерімен реттеледі». Осы Конвенцияның 2б. 1 тармағы «ұйымдардың ережесі», атап айтқанда, олардың құрылтай құжаттары, соларға сәйкес қабылданған шешімдері мен резолюциялары, сонымен қатар ұйымдардың практикасынан қалыптасқан тәжірибесін білдіреді.
Халықаралық ұйым құрылтай құжаттарының анализінің қорытындысы – олардың құқық субъектілігі 2 тәсілмен бекітілгендігін растайды:
а) ұйымның міндетін орындауға ықпалын тигізетін кез келген келісімшартты жасасу құқығын қарастыратын жалпы жағдайда, мысалы, 1944ж. халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясының 65б.;
б) не болмаса арнайы жағдайда, не болмаса нақты бір категориядағы келісімдерге ұйымның жасасу мүмкіндігін анықтайтын жағдайда, мысалы, БҰҰ Жарғысының 43 және 63б. (кез келген мемлекеттермен немесе мүше-мемлекеттермен ғана, кез келген халықаралық ұйым немесе олардың кейбіреулерімен ғана).
Халықаралық ұйымның дипломатиялық байланыстарға қатысуға қабілеттілігі болады. Оларда мемлекеттердің өкілдіктері аккредиттеледі, олардың өздерінің мемлекеттерде өкілдіктері болады (мысалы, БҰҰ ақпараттық орталықтары) және өзара айырбас жүргізеді.
Халықаралық ұйым мен олардың лауазымды тұлғалары артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады (1946ж. БҰҰ артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция, 1947ж. БҰҰ арнайы мекемелерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция; 1980ж. нақты ынтымақтастық облыстарында әрекет етуші мемлекет аралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі, артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы Конвенция және т.б.).
Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық ұйым құқық бұзғаны үшін және өз қызметімен зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылады және жауапкершілік туралы талаптармен қатысуы мүмкін.
Халықаралық ұйым келісімшарттық негізде персонал жинақтауға құқылы. Бұлар тек қана халықаралық ұйымға бағынатын және соның атынан және соның мүддесінде ғана әрекет ететін халықаралық лауазымды тұлғалар болып табылады.
БҰҰ Жарғысының 10б. Бас Хатшы және Хатшылық персоналы «ұйымға бөтен қандайда бір үкіметтің немесе биліктің нұсқауын сұрауға немесе алуға міндетті емес».
Әрбір халықаралық ұйымның қаржылық қоры болады, көп жағдайда мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады, тек ұйымның жалпы мүддесінде ғана жұмсалады.
Халықаралық ұйым, сондай-ақ мемлекеттердің ішкі құқығы бойынша заңды тұлғалардың барлық құқықтары бойынша әрекет етеді, мысалы, Еңбектің халықаралық ұйымының Жарғысының 39б. былай деп белгілейді: ЕХҰ заңды тұлғалардың барлық құқықтары болады, атап айтқанда, келісімшарт жасасуға құқық, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді алуға және оларды пайдалануға құқық, сот істерін қозғауға құқық.
Дәл осындай құқықтар БҰҰ және оның органдарына, бағдарламаларына, қорларына да берілген.
Халықаралық ұйымның құзырлығы, өкілеттіліктері мен функциялары
Мемлекеттер құрған халықаралық ұйымдар белгілі бір міндеттерді орындау үшін өздерінің құрылтай актілерінде белгіленген нақты құзырлықтары болады.
Халықаралық ұйымның құзырлығы – бұл оның қызметінің объектісі немесе аясы.
Бірақта, халықаралық ұйымның құзырлығының түсінігін анқтау үшін оның айналысатын сұрақтарының шеңбері арқылы сиаттау жеткіліксіз. Сондықтан да осы ұғымды толық анықтау үшін өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін берілген өкілеттіліктерді қосу керек.
Сонымен, халықаралық ұйымның құзырлығы – бұл оның айналысатын мәселелерінің шеңбері жҗне осы үшін берілген өкілеттіліктер.
Халықаралық ұйымның функциясы – бұл өзіне жүктелген міндеттерді атқару бойынша қызметінің сыртқы бағыттары, мысалы, реттеуші, бақылаушы, оперативті және өзге де.
Бұл кезде ұйым өзіне берілген құзырлық шегінде ғана өз фукцияларын жүзеге асыруға құқылы.
Халықаралық ұйымдардың құзырлығының келісімшарттық негізі бар және келісімшарттық шектермен шектелген.
Халықаралық ұйымдардың органдары. Халықралық ұйымдардың органдары – бұл халықаралық ұйымның құрылымдық бөлігі, оның құрылымдық бірлігі; орган халықаралық ұйымның құрылтай құжаты немесе өзге де актілерінің негізінде құрылады; нақты құзырлытар, өкілеттііктер мен функциялар берілген; өзінің ішкі құрылымы және нақты құрамы болады; олардың шешім қабылдауының тәртібі әзірленген; құрылтай немесе өзге де актілерінде оның құқықтық мәртебесі белгіленген.
Халықаралық ұйымның органының құзырлығы құрылтай құжатта немесе өзге де халықаралық келісімдерде анықталады және келісімшарттық сипатта болады, және халықаралық ұйымдарға мүше-мемлекеттерінің тиісті нысанда көрсетілген келісімінсіз өз еркімен өзгертілмейді.
Халықаралық ұйым органдарының түрлері:
1) мүшелілік сипаты бойынша:
а) үкіметаралық;
б) парламентаралық;
в) әкімшілік;
г) жеке бас сапасы бар тұлғалардан тұратын;
д) әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерінен тұратын органдар.
Осы аталғандардың ішінде маңыздылары – үкіметаралық органдар болып табылады. Оларға мүше-мемлекеттер өздерінің тиісті өкілеттіліктері мен үкімет атынан әрекет ететін өкілдерін жібереді және олардың дипломат болуы тиісті емес. Бірқатар ұйымарға өкіл болу үшін сәйкес мамандығының болуы талап етіледі, мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үшін медициналық білімі бар тұлға немесе ЮНЕСКО үшін мәдениет облысындағы маман қажет.
Парламент аралық органдар Еуропалық Одақ үшін тән. Олар тұрғындар санынан сайланатын Парламент депутаттарынан тұрады. 1976ж. бастап Еуропалық Парламент мүше-мемлекеттердің тұрғындарымен жалпы тікелей сайлау жолымен сайлануда. Еуропалық Кеңес органдарының бірі Парламенттік Ассамблея болып табылады.
Әкімшілік органдар – барлық халықаралық ұйымдың маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады. Олар халықаралық ұйымда қызмет ететін және тек соған ғана жауапты болатын халықаралық лауазымды тұлғалардан тұрады. Олар мүше-мемлекеттер үшін белгіленген квоталарға сәйкес келісімшарт негізінде алынады.
Жеке бас сапасы бар тұлғалардан тұратын органдар халықаралық ұйымдардың қызметінде өте маңызды рөл атқарады, мысалы, арбитраждық немесе сот органдары, сарапшылар комитеттері.
2) мүшелерінің саны бойынша:
а) пленарлық - барлық мүше-мемлекеттерден тұратын органдар;
б) шектеулі құрамы бар органдар.
Ұйымдардағы анағұрлым демократиялық құрылымы бар пленарлық органдар ұйымның саясатын анықтайды. Оларға анағұрлым фундаменталды сұрақтар бойынша шешім қабылдау жүктелген: ұйымның жалпы саясатын және оның қағидаларын анықтауға; конвенциялар мен ұсыныстардың жобаларын қабылдауға; бюджеттік және қаржылық сұрақтарды; жарғыларды қайта қарауға және оған түзетулер енгізуге; ұйымға мүше болумен байланысты сұрақтар – қабылдау, шығру, құқықтар мен артықшылықтарды тоқтату және т.б.
Сонымен қатар, бірқатар халықаралық ұйым қызметінде, әсіресе, БҰҰ арнайы мекемелерінде, шектеулі мүшелілік органдарының қызметтерінде жетекшілік етулеріне рөлдерінің жоғарылау тенденциясы байлалып отыр, мысалы, Халықаралық еңбек ұйымы, ИКАО.
Шектеулі мүшесі бар органдар үшін олардың құрамының сұрақтары маңызды болып табылады. Бұл органдар олардың қабылдайтын шешімі екі немесе бірнеше топтардың ғана емес, барлық мемлекеттердің мүдделерін өте көп дәрежеде көрсететіндей етіп құрылуы қажет.
Осындай органдар құру үшін мына қағидалар қолданылады:
1) әділ географиялық өкілдіктер;
2) арнайы мүдде;
3) мүдделері бірдей емес мемлекетердің өкілдіктерінің тең тобы;
4) анағұрлым көп қаржылықты емес;
5) саяси өкілдік.
Органдарды құруда көбінесе осы қағидалардың біреуі ғана қолданылады.
Халықаралық ұйымдардың органарын сипаттау үшін басқа да белгілер қолданылуы мүмкін:
-органдардың иерархиясы: басты және қосалқы.
-отырыстарының мерзімділігі бойынша: тұрақты және сессиялық органдар.
Халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауы. Халықаралық ұйымның шешімдерін оның органдары қабылдайды. Бұл осы ұйымның жарғыларында және іс-шаралардың ережелеріне сәйкес құзырлы органдардағы мүше-мемлекеттердің ерік білдірушілігі.
Шешімді тұжырымдау процес көптеген факторларға байланысты: құрылтай құжаттың жағдайлары, іс-шаралар ережесінен, органның құрамынан, соның ішінде саяси күштерді орналастырудан.
Шешімді қабылдау процесі бастама білдірумен басталады. Ол мемлекеттен, мемлекет топтарынан, халықаралық ұйым органдары мен лауазымды тұлғалардан туындайды.
Бастамашыл нақты мәселелерді зерттеуді ұсынады. Көп жағдайда ол болашақ шешімнің жобасын талқылауға шығарады. Өз шешімдерінің жобасын басқа мемлекеттер, сондай-ақ мемлекеттердің топтары шығаруы мүмкін.
Халықаралық ұйымда жобаларға тең авторларды тарту практикасы кеңінен қолданылады.
Екінші кезеңі – шешімнің қабылдаушы органның күн тәртібіне мәселелерді шығару. БҰҰ Бас Ассамблеясы алдын-ала күн тәртібі кезекті сессия ашылғанға дейін 60 күн бұрын құрастырылады, қосымша пункттері 30 күн бұрын енгізіледі, жаңа жедел пункттер – кемінде 30 күн ішінде немесе кезекті сессия кезінде енгізіледі. Сессия жұмысына жетекшілік ететін Бас Комитет қосымша пункттермен бірге алдын-ала күн тәртібін қарайды және әрбір пункті бойынша күн тәртібіне кіргізу туралы ұсыныс береді, немесе бас тартуға, не болмаса келесі сессияларға қалдырады. Содан кейін БА күн тәртібін қабылдайды. БҰҰ арнайы мекемелерінде әдетте, атқарушы органдар пленарлық органдардың күн тәртібін дайындайды.
Күн тәртібіне сұрақты кіргізгеннен кейін ол немесе арнайы құрылған комиссия мен комитеттердің қарауына беріледі.Осыдан кейін сұрақ өкілетті органның қарауына қайта беріледі, мысалы, БҰҰ БА іс-шарасы Ережесінің 65 ережесі бойынша күн тәртібінде тұрған бір сұрақ бойынша егер басқаша шешпесе, сол бойынша тиісті комитеттің баяндамасын алмағанға дейін біржолата шешім қабылдамайды.
Көп жағдайда халықаралық ұйым шешімді пленарлық органның талқылауына шығармастан бұрын ең алдымен, қосалқы органдардың қарауына береді, мәні бойынша шешімнің жобасы әзірленеді, оның жақтаушылары мен қарсыластары айқындалады. Сондықтан да қосалқы органның жұмысына көп көңіл бөлінеді. Халықаралық ұйым шешімді құрастыру процесінде талқылау кезеңі асты орын алады. Бұл басты немесе қосалқы органдар да болғанына қарамастан бұл талқылаудың тікелей саяси мәні бар және нақты заңды нәтиже болып табылады.
Шешім қабылдаудағы шешуші кезең – дауысқа салу.
Халықаралық ұйым органдарының көпшілігінде әр делегацияда бір дауыс болады. Тек органдарда шешім қабылдаудың салмақты жүйесінде ғана ұйымдардың қабылдаған белгілері бойынша мемлекеттердің дауыстары бөлектенеді, мысалы, БҰҰ жүйесінің қаржылық ұйымдарында әрбір мемлекет өзінің жарнасына тең дауыс саны болады.
Әрбір органның іс-шарасының ережесінде шешім қабылдау үшін кворум белгіленеді.
Шешім бір ауыздан, жай-немесе білікті көпшіліктпен қабылданады.
ХІХғ. халықаралық ұйым көп жағдайда шешім абсолютті бір ауыздылық қағидасы негізінде қабылданады. Бірақта осындай шешім қабылдау әдісінің ыңғайсыз екендігін көрсетті, өйткені бір мемлекет қана органның барлық жұмысын тоқтатуы мүмкін еді. Сондықтан, біртіндеп халықаралық ұйым салыстармалы бір ауыздылыққа, жай және білікті көпшілікке өтті.
Салыстырмалы бір ауыздылық қағидасы дауыс беруде жоқ болған немесе қлыс қалған мүшелерді есепке алмай оң дауыс беруді талап етеді, мысалы, дәл осындай дауыс беру практикасы Ұлттар Лигасының Кеңесі мен Ассамблеясында болды.
Жай және білікті абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін.
Абсолютті көпшілік органның мүшесінің барлығын есепке алуды талап етеді, ал салыстырмалы көпшілік – тек қатысқандардың және «иә» немесе «қарсы» дауыс бергендерді ғана есепке алады.
Халықаралық ұымның қызметінің практикасында консенсус негзінде шешім қабылдау процедурасы кеңінен таралуда. Консенсус органның мүше-мемлекеттерінің позицияларын келістіру жолы тән, бұл кезде барлғының пікірі мен мүдделерін есепке алады. Шешімнің келісілген мәтінін органның төрағасы дауыс беруді жүргізбей және толығымен шешім қабылдауда қарылық білдіру болмағанда жариялайды.
Халықаралық конференция түсінігі мен түрлері
Қатысушы субъектілеріне байланысты халықаралық конференциялар үкімет аралық және үкімет аралық емес деп бөлінеді.
Үкімет аралық конференциялар көп жақты дипломатияның нысаны және халықаралық келіссөздердің ең басты құралы болып табылады.
Қазіргі үкімет аралық конференция – бұл қатысушы егеменді мемлекеттердің келісілген мақсаттарына жету үшін құрылатын уақтыша ұжымдық органы.
Кез келген үкімет аралық конференцияның мақсаты мен қызметі алықаралық құқықтың жалпыға мәлім қағидаларына сай келуі қажет.
Үкімет аралық конференциялардың атауларының (съезд, конгресс, конференция, кеңес) арасындағы айырмашылықтардың заңды мәні жоқ.
Қатысушылардың саны бойынша конференциялар:
а) универсалды – оның жұмысына әлемнің кез келген мемлекеті қатыса алатын халықаралық конференция;
б) аймақтық – қатысушылары нақты бір аймаққа жататын мемлекеттер болып табылатын халықаралық конфреенция;
Көптеген конференцияларға, әсіресе, БҰҰ ақыратын конференцияға, байқаушылар ретінде мүдделі үкімет аралық және үкімет аралық емес ұйымдардың, сондай-ақ конференцияға қатыспайтын мемлекеттердің өкілдері жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар, кейбір қазіргі уақыттағы үкімет аралық конференцияларға байқаушылар ретінде ұлт-азаттық қозғалыстардың өкілдері де шақыралады.
Конференцияларды өткізу деңгейіне байланысты, мәселелердің маңыздылығымен немесе олардың талқылау және реттеу үшін дайындық дәрежесіне байланысты үкіметаралық конференцияларда делегацияларды мемлекет және үкімет, СІМ басшылары немесе өзге де ресми тұлғалар басқарады. Кез келген жағдайда д делегация басшысы өз мемлекетінің немесе үкіметінің атынан қатысуға өкілеттілігі маңызды.
Үкімет аралық конференцияны халықаралық ұйымдар не болмаса мемлекеттердің ұйтқысымен шақырылады.
Үкімет аралық ұйымдардың жарғыларын дайындау және қабылдау, нақты бір халықаралық проблемаларды талқылау, пікір таласу және ақпараттармен алмасу, сонымен қатарн ұсыныстар әзірлеу мақсатында шақырылады.
Халықаралық конференцияға дайындалу және шақыру. Халықаралық конференцияны шақыру туралы ұсынысты бір немесе бірнеше мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар беруі мүмкін.
Конференцияға дайындық оны шақыру мақсатын анықтаудан басталады, соған байланысты күн тәртібі құрастырылады. Көбінесе конференцияның күн тәртібіне қатысты мемлекеттердің көзқарастарын алдын ала келістіру жүзеге асырылады. Алдын ала , сондай-ақ өкілдіктьердің дейгейі, өткізу уақыты және орны, процедурасының ережесі де келсімді. Конференцияны шақыруға қатысты мемлекеттердің пікірлерін келістіру дипломатиялық каналдар немесе арнайы кеңес берушіліктер шегінде жүруі мүмкін.
Конференцияның қатысушылар санын, ондағы өкілдіктердің деңгейін анықтай отырып, мемлекеттер конференцияның мақсатын және сипатын белгілейді.
Егер де конференция үкімет аралық ұйымдардың шегінде немесе соның эгидасымен шақырылатын болса, оның шақырылу уақыты мен орны осы ұйымның сәйкес резолюциясында белгіленеді. Және де ол оның штаб – пәтерінде , немес ұйымның мүшесі болып табылатын мемлекеттің шақыруы бойынша соның территориясында өтеді.
Конференцияны өткізу тәртібінің және оның алдында тұрған процедурасының ережесін алдын ала келісу, ереже бойынша, дайындық кездесулерде өтеді. Жалпы дайындық өте маңызды.
Әрбір мемлекет конференцияға қатысуға дайындыққа үлкен және әртүрлі дипломатиялық жұмыстар өткізеді. Ол сыртқы қатынас органдары арқылы екі жақты және көпжақты консультациялар өткізу, хаттар аламасу жолдарымен жүзге асырылады.
Көптеген конференциялардың қызметі сессия түрінде өтуі мүмкін, және олардың арас бірнеше айларға созылуы мүмкін.
Конференциялардағы өкілдіктердің деңгейі қаралатын проблемалардың сипатымен, маңыздылығымен анықталады. Ол конференцияның жүру, өту барысында өзгеруі мүмкін, мысалы, СБСЕ – қорытынды құжатты дайындау бойыншща негізі міндеттерді анықтайтын – 1 кезеңі- СІМ деңгейінде өтті;
2 кезең – жұмысшы – министрлер орынбасарларының, СІМ департамент басшыларының деңгейінде;
3-кезең – қорытынды – мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен жоғарғы деңгейде. Конференцияның жоғарғы деңгейде өткізілуі олардың саяси маңыздылығын көтереді, қабылдайтын шешімдерге ерекше күш береді.
Сөз сөйлеулер дауыс беру себептеріне байланысты дауыс бергенге дейін және одан кейін рұқсат етілуі мүмкін. Дауыс беру процесі үзіліп қалуы да мүмкін.
Дауыс беру делегациялардың өз елдерінің атауы жазылған тақтайшалар көтеру әдісімен жүзеге асырылады, немесе кнопкаларды басу жолымен электрондық аппараттардың көмегімен жүзеге асырылады. Кез келген делегацияның өтініші бойынша әрбір делегацияның хаттамада
Кейбір процедуралық ережелерге сәйкес шешім қабылдау үшін дауыс беруге қатысқандардың 2/3 саны талап етіледі, бірақ процедуралық шешімдер әрқашанда қарапайым көпшілігімен қабылданады. Сондықтан, практикада консенсус ережесі қолданылады.
Дауысқа салынатын құжаттарға түзетулер енгізу нақты бір кезектілікке қойылады. Алдымен түзетуге дауыс салынады, содан кейін ұсыныстың өзі. Егер де бірнеше түзетулер болса, онда дауыс беру ұсыныстың мағынасына келмейтіндерінен басталады.
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық ұйымдар құқығының түсінігін беріңіз
2) Халықаралық ұйымдарды құру тәртібін анықтаңыздар
3) Халықаралық ұйымдарда шешім қалай қабылданады?
4) Халықаралық ұйымдарға конференция түсінігін беріңіз
5) Халықаралық конференцияның халықаралық ұйымдардан қандай айырмашылығы бар?
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.
2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.
3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.
5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.
