Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
%BD %AC%AB%BC%BB%BD%DF %EE%C5%C5.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

15 Тақырып Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық

Мақсаты: халықаралық қылмыспен күресу құқығы туралы, қылмыспен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы, халықаралық қылмыспен күресетін халықаралық ұйымдар туралы түсініктер беру

Негізгі сұрақтар:

1) Халықаралық қылмыспен күресу құқығының түсінігі

2) Қылмыстықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастығының қажеттілігі.

3) Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының салдары.

4) Халықаралық терроризм

5) Жалған ақша немесе ақша белгілерін қолдан жасау.

6) Әуе кемелерін басып алу және айдап кету.

7) Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасау.

8) Қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ұйымдар.

9) Халықаралық криминалогиялық қоғам.

10) Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерпол». Интерполдың негізгі мақсаттары.

11) Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді беру.

Халықаралық қылмыстық құқық - бұл жалпы сипаттағы қылмыспен күресу, халықаралық сипаттағы қылмыстармен, сонымен қатар халықаралық қылмыстармен күресу бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Жалпы қылмыстық істермен мемлекеттер өздерінің егемендіктерінің шегінде ұлттық-құқықтық құралдарды негізге ала отырып күреседі. Бірақ мемлекет жалғыз өзі өз аумағынан тыс жүрген, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты жзалаудың болмай қоймайтындығы қағидасын жүзеге асыра алмайды.

Халықаралық сипаттағы қылмыстарға терроризм, ұшақтарды айдап кету, нашақорлықты дамыту, контрабанда, қарақшылық, ядролық материалдарды ұрлау және т.б. жатады. Осы қылмыстардың халықаралық, «шетелдік» элементпен, және де солар үшін жауапкершілік халықаралық келісімдер де қарастырылғандығы олардың халықаралық сипатта болатындығын білдіреді. Солармен күресу мемлекеттердің ынтымақтастығының маңызды бағыттары болып табылады.

Қазіргі уақытта қылмыстың алдын алу бойынша, онымен күресу бойынша және қылмыскерлерді ұстау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары бар. Ол екі жақты, аймақтық және универсалды деңгейде жүзеге асырылады.

Қылмыспен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастықтарының негізгі нысандары болып мыналар табылады:

а) қылмыскерлерді ұстап беру (экстрадиция) және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектер көрсету;

б) ішкі мемлекеттік ғылыми және практикалық тәжірибелермен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу проблемаларын талқылау;

в) мемлекеттерге олардың қылмыспен күресуде кәсіби және техникалық көмектер көрсету,

г) бірнеше мемлекеттерді қамтитын қылмыстармен күресуді үйлестіру.

Келісімшарттарда экстрадицияның, алдын ала ұстаудың процедураларын анықтайтын ережелер, сондай-ақ өз азаматтарын бермеу және өзара көмек қағидалары да бектілген.

ХІХ ғасырдан ХХғ. 30-шы жылдарының аяғына дейін бірқатар мемлекеттердің мүдделерін қамтитын қылмыстармен күресуді шарттық- құқықтық үйлестіру сияқты халықаралық ынтымақтастықтың бағыты қалыптасты. Бұл кезеңде басқа да бағыттар да жетіле бастады: келісімшартқа отыру және қылмыстың алдын алу проблемаларымен айналысу үшін арнайы құрылған халықаралық органдар мен ұйымдар құрылды. 1872 жылдан 1950 жылға дейін Халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссия жұмыс істеді, кейіннен оның функциялары БҰҰ өтті. 1888ж. неміс криминалисті Франц фон Листтің инициативасы бойынша Халықаралық криминалистикалық қоғам құрылды, ол нақты халықаралық іс-шаралардың көмегімен халықаралық қылмыстарды зерттеуге және күресуге шақырды. 1923ж. құрылған Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы алдына мынадай мақсат-міндеттер қойды:

а) қатысушы – мемлекеттерде әрекет ететін заңдардың шегінде мемлекеттерде полиция органдары арасында іскер байланыстар орнатуға жәрдемдесу;

б) қылмыспен күрес жүргізуге арналған ұлттық мекемелер құру және олардың табысты жұмыс істеуіне жағдайлар жасау.

Егер де қылмыс жасаған адам сұралынып отырған елдің азаматы болса, онда қылмыскерді беруден бас тартылуы мүмкін, сондай-ақ осы мемлекеттің заңнамасы бойынша ескіру мерзімі өтіп кетсе; осындай тұлғаға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шығарылған үкім немесе қаулы да қылмыскерді бермеу негіздері болып табылады.

Қазақстанның басқа елдермен екі жақты ынтымақтастығының мысалы болып азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Монғолиямен жасасқан Шарты (1944ж. 22 маусымда ратификацияланған), қылмыс жасаған адамды беру, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе үкімнің орындалуын қамтамасыз ету туралы Шарт (1994ж. 12 шілде).

Халықаралық құқықта қылмыспен күресуде көптеген мемлекеттердің бірлескен күш салысуларын белгілейтін қол қойылып ратификацияланған көп жақты конвенциялар мен шарттар бар. Бұл 1961ж. 30.03. есірткі заттары туралы Бірыңғай Конвенция, 1971ж. 21.02. психотропты заттар туралы Конвенция, 1971ж. 23.09. азаматтық авияцияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы Монреаль Конвенциясы.

Халықаралық сипаттағы қылмыспен күрес бойынша көпжақты конвенциялар ынтымақтастықтың мынадай нысандарын қарастырады:

а) көптеген немесе бірқатар мемлекеттер үшін қауіп төндіретін қылмыстарды саралаумен байланысты мәселелерді келістіру;

б) халықаралық сипаттағы қылмыстардың алдын алу және тоқтату бойынша мемлекеттердің бірлескен күштерін үйлестіру;

в) қылмыскерлер мен қылмыстарға қатысты юрисдикцияны белгілеу;

г) жасаған қылмысы үшін жазаның болмай қоймайтындығы қағидасын қамтамасыз ету;

д) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету.

1973ж. 14.12. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды жою туралы Конвенция диплматтарды, консулдарды, халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдерін қорғауды қамтамасыз етеді. Осы Конвенцияның 2б. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға қарсы қылмыстардың тізімін белгіледі: өлтіру, ұрлау немесе шабуыл жасау, ресми, тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттарға немесе көлік құралдарына шабуыл жасау; осы аталған қылмыстарға қатысу.

Нақты бір мемлекеттің территориясында осындай қылмыстар жасалған кезде өзінің территориясында қылмыс жасаған тұлғаны өзінің материалдық және іс жүргізу заңнамасының негізінде қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қажетті шаралар қабылдауы қажет. Егер де сезікті адам басқа мемлекеттің территориясында жүрсе, онда сол мемлекет тиісті шаралар қабылдауға міндетті және олар туралы БҰҰ Бас Хатшылығы арқылы территориясында қылмыс жасалған мемлекетке хабарлауы тиіс.

Конвенцияға сәйкес мемлекет-қатысушылар қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беруі тиіс. Ұстап беруді осындай өтініш жасап отырған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Осы Конвенция баспана беруге қарсы емес, өйткені саяси баспана қылмыскерлер мен әскери қылмыскерлерге берілмейді.

Конвенцияның 13б. Конвенцияға түсінік берумен және қолданумен байланысты мемлекеттер арасындағы дауларды қарау мүмкіндігін қарастырады.

1961ж. 30 наурыздағы есірткі заттары туралы Бірыңғай Конвенция. Осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер есірткі заттарын

Интерпол. 1914ж. сәуірде Монакода халықаралық деңгейде қылмыспен күрес жүргізетін ұйым ретіндегі Интерполға бастама болған қылмыстық полиция Конгресі өтті.

Ұйым ретінде Интерпол 1923ж. 7 қыркүйекте рәсімделді. Осы кезде ғана Венада 20 елдің 138 өкілі жиналып Қылмыстық полицияның Халықаралық Комиссиясының Жарғысы қабылданған болатын. Комиссия алдына мынадай міндеттер қойды:

а) жекелеген елдерде әрекет ететін заңдардың шегінде қауіпсіздік органдары арасында өзара қызметтік көмек көрсету практикасының қалыптасуына ықпал ету;

б) қылмыспен күрес жүргізуге арналған барлық мекемелердің құрылуына және табысты қызмет етуіне ықпал ету;

Ұйымның қайта құрылуы 1956ж. болды, өйткені бұл кезде жаңа жарғы қабылданған болатын. Интерполдың тұрғылықты жері – Лион қаласы (Франция).

Интерпол – БҰҰ арнайы мекемелеріні құрылымы сияқты халықаралық ұйым. Оның пленарлық органы – Бас Ассамблея мен Атқарушылық Комитеті бар, оны Бас Хатшы басқарады. ИНтерполдың құрылымының ерекшелігі – ондағы ұлттық орталық бюролардың болуы, ондағы мүше-мемлекеттердің ұлттық полиция жүйелерінің құрамында бола отырып, сонымен біруақытта Интерполдың құрылымдық бөлімі болып табылады.

Интерпол – қылмыскерлерді халықаралық тіркеу орталығы және қылмыскерлерді халықаралық іздестіруді үйлестіруші.

БҰҰ қылмыспен халықаралық күресуге қатысуы. БҰҰ 1950ж. бастап қылмыспен халықаралық күресу проблемаларымен тікелей айналысады. Осы уақыттан бастап БҰҰ осы сферадағы халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары мен нысандарының дамуына жәрдемдеседі, үйлестіреді, қолдайды;

Бірінші дүнежүзілік соғыстан кейін бейбітшілікке, әскери қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған тұлғаларды ұстап беру туралы мәселе алғаш рет көтерілген болатын.

Версаль Шартының 227-229б. негізінде Германияның кайзерінің бұйрығы бойынша немесе оның бұйрығының соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзған тұлғалар жеңіске жеткен – елдерге берілуі тиіс. Елден қашып кеткен кайзердің өзі немесе өзге де тұлғалар берілмеді.2-ші дүниежүзілік соғыстың барысында Біріккен Ұлттардың коалициясының рәсімдеу процесінде осындай қылмыскерлерге экстрадицияны қолдану мүмкін болды.

Ұстап берудің екі институты қалыптасқан:

  1. қылмыскерлерді беру;

  2. халықаралық қылмыс жасағандарды.

Қылмыстықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі

Қылмыстық проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептеліп келді. Бірақ ұлттық қылмыстықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.

Біріншіден, халықаралық қылмыстың тұрақты өсуі, халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ котрабандасы және басқа қылмыстар қанат жайып келеді.

Екіншіден, қылмыстар жетік әрі шеьер тәсілдермен жасалатын болғандықтан, оларды бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.

Үшіншіден, шекарамен шектелмейтін ұлтаралық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдастырылған, әрі әр түрлі елдерде өз «өкілдерін» орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктер иеленіп, құқық қорғау ұйымдарымен қылмыстық байланыстар орнатды.

Қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресуге мемлекеттердің күштерін үйлестіру тарихта ежелден белгілі. Ынтымақтасудың негізгі түрі-халықаралық келісімдер бекіту. Олар: қылмыскерлерді беру туралы екіжақты шарттар, тергеу және сот тапсырмаларын өзара екіжақты орындау, кейбір қылмыстар мен қылмыскерлер жайлы өзара мәліметтер алмасу, оларды іздеу мен ұстау, қылмыстылықтың өсуіне байланысты ынтымақтасудың жаңа түрлерін іздеу. Арнайы үкіметаралық және үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер жиі-жиі халықаралық конгрестер, конференциялар шақырып, онда қылмыстылықпен күресу проблемасын талқылаумен қатар, халықаралық сипаттағы нақты ескерту іс-шараларын жасайтын болды.

Мемлекеттердің халықаралық қылмыстылықпенкүресудегі ынтымақтасуының екі түрін бөліп көрсетуге болады.

Олар:

  1. Шарттық-құқықтық немесе арнайы келісімдерді бекіту арқылы болатын конфенциялық тетік.

  2. Халықаралық ұйымдар аясындағы институциялық тетік.

Мемлекеттердің халықаралық қылмыстықпен күресудегі ынтымақтастығының негізгі нысандары:

  1. Мемлекеттер арасында арнайы келісімдер бойынша бекітілген қылмыстардың алдын алу мен ескерту;

  2. Бас бостандығынан айырылған, сотталған тұлғаларды жазасын өтеу үшін өзі азаматы болып табылатын мемелекетке немесе тұрғылыұты жеріне беру;

  3. Басқа мемлекеттің ұйымдарына шартты түрде сотталғандар мен шартты түрде босатылған құқық бұзушыларға қадағалауды беру;

  4. Басқа мемлекетке немесе халықаралық ұйымға қылмыстық қадағалауды жүзеге асыру үшін қылмыскерлерді беру;

  5. Бір мемлекет азаматтарына қатысты сот төрелігі басқа елде жүзеге асқанда олардыңқұқықтары мен бостандықтарын қорғау;

  6. Қылмыстықтың себептері мен басқа да мәселелерін бірлесіп зерттеу, сондай-ақ, полицейлікжәне басқа органдардыңқызметі жөнінде тәжірибе алмасу;

  7. Мамандар дайындау, сараптамалық қызметтер көрсету, басқа мемлекеттерге арнайы ғылыми-техникалық құралдарды жеткізу және материалдық-техникалық көмек көрсету;

  8. Жедел, құқықтық хәне басқа ақпараттар алмасу;

Халықаралық қауымдастық шеңберінде халықаралық қылмыстықпен күрес ұлттық қылмыстық және басқа да заңдарды қолданумен ғана емес, жиынтығында халықаралық қылмыстық заңнаманы құрайтын мемлекетаралық келісімдердің біртұтас жйынтығының көмегімен де жүзеге асады. Оның құрамына мыналарды кіргізуге болады:

  1. Құрамында халықаралық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейтін ережелері бар халықаралық құқықтың жеке бір салаларын немесе институттарын білдіетін әмбебап көпжақты шарттар. Мысалы, Теңіз құқығы қарақшылық үшін жауапкершілікті көздейтін ережелер орын алған. 1945 ж. Халықаралық әскери трибуналдың жарғысында, 1969 ж. адамзатқа қарсы әскери қылмыстар мен қылмыскерлерге қатысты ескіру тетігінің қолданылмайтындығы туралы конвенцияда, сондай-ақ басқа ережелерде қалықаралық қылмыстардың құрамы белгіленген.

  2. Халықаралық сипаттағы жекелеген қылмыстармен күресу жөніндегі көпжақты келісімдер. Мысалы, ақша белгілерін қолдан жасаумен күресу туралы халықаралық конвенция, нашақорлық заттар туралы біртұтас конвенция, әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенция және т.б.

  3. Халықаралық қылмыстықпен күресу мәселелері жөніндегі Аумақтық көпжақты келісімдер. Олардың арасында: 1957 ж. «Қылмыскерлерді беру туралы» Еуропалық Кеңестің Конвенциясы; 1985 ж. «Спорт жарыстарсында, әсірісе футбол ойындарында көрермендер тарапынан болатын күш көрсету мен тәртіпсіздіктер туралы» Еуропа Конвенциясы.

  4. БҰҰ және басқа үкіметаралық ұйымдардың шешімдері; БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған қарарлар мен басқа актілер. Олардың арасында мыналарды атауға болады:1948 ж. «Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жаза туралы» конвенция;1973 ж. «Апартеид қылмысының алдын алу мен ол үшін жаза туралы» конвенция; 1974 ж. «Агрессия анықтамасы туралы» конвенция;

  5. Жекелеген халықаралық қылмыстармен күресу жөнінде, қылмыстық істерді ашкға құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді беру жөнінді мемлекеттердің көтеген екіжақты келісімдері.

Мемлекеттер халықаралық қылмыстылықпен күресудің құқықтық негізі ретінде үлгілер мен кейбір жай ережелерді де пайдалануы мүмкін.

Нюрнбергтегі, Токиодағы т.б. белгілі халықаралық трибуналдардың қызметі халықаралық қылмыскерлердің соты үшін жалпыға танымал үлгі болып табылады.

Халықаралық құқық бұзушылықлар жасаған тұлғалар, өздері азаматы болып табылатын мемлекеттер осы қылмыстармен күресу жөніндегі тиісті конвенцияларға қосылу-қосылмайтындығын қарамастан, жауаптылықта болады. Бұл тәртіп жай ереже сияқты мемлекеттер арасында кеңінен таралып, мұндай тұлғалардың жауапкершілігінің заңды негізі-халықаралық қауымдасиық тарапынан қылмыстық пен оның жазаланатындығының танылуы болып есептеледі, ал олармен күресу міндеті халықаралық құқықтың императивті ережесі болып табылады.

Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыс жамаған тұлғаны жан-жақты қудалау, оның жазасының болмай қоймайтындығы туралы қағидаттар әрекет етеді, яғни олар қылмыстың жасалу орнына, азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Халықаралық қылмыстық құқық қылмыстылықпен халықаралық сипатта күресу тәжірибесінің ықпалымен және халықаралық қылмыстылықпен күресу туралы көптеген халықаралық құықтық актілердің негізінде белсенді түрде ХХ ғ. басында қалыптаса бастады.

1927 жыл Варшавадағы қылмыстық заңнамнны жүйеге келтіру туралы I Халықаралық конференция болып өтті. Бұл конференцияда халықаралық қылмыстардың қатарына мынадай әрекеттер жатқызылды: қарақшылық, метал ақшалар мен мемлекеттін қағаздарды қолдан жасау, әйелдерді және балаларды саудаға салу, есіркі, порнографиялық әдеби саудасы және т.б.

Халықаралық қылмыстық құқық қазіргі таңда халықаралық жария құқықтың арнайы бір саласы ретінде орнығып, оның даму процесі жалғасуда.

Ұлттық қылмыстық құқықпен салыстырғанда ХҚҚ бірқатар арекшкліктері бар. Біріншіден, оның реттеу пәні-халықаралық қылмыстықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы. Екіншіден, ұлттық қылмыстық құқықққа қарағанда халықаралық қылмыстық құқық кешенді сипатта болады, яғни оның қайнар көздері қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізушілік және қылмыстық атқарушылық құқық ережелері жатады. Үшіншіден, қылмыстық пен жазаны белгілейтін халықаралық қылмыстық құқық ережелерінің кейбір жағдайда кері күші бар. Бұл халықаралық трибуналдар жарғыларының материалдық ережелері. Төртіншіден, халықаралық қылмыстық құқықтың субьектілері тек жеке тұлғалар емес, сонымен қатар заңды тұлғалар мен мемлекеттер болады.

Халықаралық қылмыстық құқықты, халықаралық шарттармен көзделген мемлекеттердің қылмыстылықты ескерту жөніндегі ынтымақтастығын, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді хәне қылмыстар үшін жазалауды реттейтін қағидаттар мен ережелердің жиынтығы деп анықтауға болады.

Қазіргі уақытқа дейін халықаралық қылмыстық құқықтың ережелері жүйеге түсірілген.

1996 ж. БҰҰ-ның халықарлық құқық комиссиясы «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы» кодекстің саны бойынша үшінші жобасын қабылдады. Оның ережелері Кодекстің әрекет ету аясын, тұлғалардың жеке жауапкершілік қағмдатын, қылмысқа қатысушылықты, мемлекеттердің жауапкершілігін, қылмыстық бұйрықтың түсінігін, қылмыстық процес пен жаза тағайындау мәселелерін (1-15-баптан) анықтайды. 15-20 баптарда басқыншылық актілер, геноцит үшін, адамзатқа қарсы қылмыстар үшін, БҰҰ құрамына қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстар үшін жауапкершіліктер белгіленгіен.

1992 ж. БҰҰ-ның халықаралық құқық комиссиясы 60 баптан тұратын халықаралық қылмыстық соттың мәртебесі туралы жобаны қабылдап, Бас Ассамлеяға берді мәртебеге сәйкес соттың құзіреті, сотұа БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесімен берілген әскери қылмыстарға, адам құқықтарын жүйелі түрде және жаппай бұзу, қинау, кепілге алушылық, заңсыз есірткі айналымы, халықаралық терроризм және басқа қылмыстарға таралды. Бірақ бұл үшін мемлекеттер соттың құзіретін тну қажет. 1998 ж. 17 шілдесінде Римдеөкілетті өкілдердің БҰҰ-ның саясында өткізген Дипломатиялық конференциясында Халықаралық қылмыстық сот құрылып, оның заңы қабылданды.

Дегенмен мұндай сотты құру қажеттілігін барлық мемелекеттер қолдаған жоқ. 1999 ж. 1 қазанын қоса санағанда, Қалықаралық Қылмыстық Сот заңына 78 мемлекет қол қойды. Өйткені, олар мұны мемлекеттің ішкі ісіне араласу құралы деп есептеді. Сондықтан халықаралық қылмыстықпен күресудің негізгі міндеті мемлекеттерге тиесілі.

Халықаралық құқықта қабылданған топтамаға сәйкес мыналарды ажырата білу керек: 1. Халықаралық қылмыстар және 2. Халықаралық сипаттағы қылмыстар.

Халықаралық қылмыстар жасалғанда жауапкершілікті мемлекеттер көтереді. Жеке тұлғалар, егер олардың әрекеттері мемлекеттің қылмыстық қызметімен байланысты болса ғана жауапқа тартылады. Халықаралық қылмыстар деп-бейбітшілікті қамтамассыз ету үшін жеке тұлғаны қорғау және тұтастай алғанда халықаралық қауымдастықтың өмірлік маңызы бар мүдделері үшін негізгі маңызға ие болатын, халықаралық құқықтың адамзат дамуына аса қауіпті қағидаттары мен ережелерін бұзу танылады. Осылардың ішінде іс жүзінде мемлекеттердің қылмыстық саясатын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері аса қауіпті болып табылады. Мемлекеттермен қатар, бұл қылмыстар үшін халықаралық саяси және материалдық жауапкершілік көтеретін субьектілер болып мемлекеттердің басшылары, жоғарғы лауазымды тұлғлар мен басқа да қылмыстық саясатты орындаушылар танылады.

Алғаш рет халықаралық қылмыстардың тізімі 1945 ж. халықаралық әскери трибуналдың жарғысында белгіленді. Халықарлық әскери трибунал жарғысының 6-бабында халықаралық қылмыстар 3 топқа топтастырылған:

  1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар-басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау немесе жүргізу, соғысты халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзу арқылы жүргізу;

  2. Әскери қылмыстар-әскери заңдар мен әдет-ғұрыптарды бұзушылықтар: кісі өлтіру, жаулап алынған аймақтағы бейбіт тұрғындарды қорлау немесе құлдыққа әкету, әскери тұтқындарды өлтіру немесе қорлау, кепілге алынғандарды өлтіру, қоғамдық немесе жеке меншікті тонау, және т.б.

  3. Адамзатқа қарсы қылмыстар-кісі өлтіру, соғысқа дейінгі немесе соғыс кезеңінде бейбіт тұрғындарға қатысты қырып-жою, құлдыққа айналдыру, жер аудару және басқа да қаттыгездіктер; саяси, діни немесе нәсілдік себептер бойынша қудалау және т.б. Халықаралық қылмыстарға геноцид, апартеид, нәсілшілдік, отаршылдық, экоцид, биоцид т.б. жатады.

Халықаралық құқықта қалықаралық қылмыстардан басқа халықаралық сипаттағы қылмыстар ажыратылады.

Халықаралық сипаттағы қылмыстар нақты бір мемелекеттің қылмыстық қызметіне байланысты болмайды, бірақ олар бір уақытта халықаралық және ұлттық құқықтық тәртіпке, мемлекеттердің экономика, мәдени, сауда саласындағы бейбіт ынтымақтастығына, адамның құқықары мен бостандықтарына қол сұғады және көптеген мемлекеттерге қауіп төндіреді. Бұлар жалпы қылмыстық қылмыстар, бірақ «шеталдік элементпен».

Осы қылмыстарды жасау нәтижесінде мемлекеттер арасында күрделі азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және іс жүргізушілік қатынастар пайда болады. Қылмыс жасау нәтижесінде пайда болған мәселелердішешу қажеттілігі көптеген халықаралық-құқықтық актілер қабылдауды, арнайы халықаралық ұйымдар мен олардың өкілетті органдарының қызметін, мемлекеттердің белсенді ынтымақтастығы мен олардың әрекеттерінің өзара үйлесімділігі қажет етеді.

Халықаралық сипаттағы қылмыстарды халықаралық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық құл сұғынушылықтың обьектісіне байланысты шартты түрде мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

  1. Қалықаралық қатынастардыңтұрақтылығына қатысты қылмыстар: халықаралық терроризм, кепілге алушылық, әуе кемесіндегі қылмыстар, ядролық материалды ұрлау, жалданушылық, заңсыз радиохабарлар тарату, т.б.

  2. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына нұқсан келтіретін қылмыстар: жалған ақша жасаушылық, есірткі және психотропты заттармен жасалатын заңсыз операциялар, контрабанда, заңсыз эмиграция, қоршаған орта, мәдениет құндылықтарына қылмыстық қол сқғынушылық;

  3. Адамның жеке құқықтары мен бостандықтарына қылмыстық қол сұғынатын қылмыстар: құлдық, құл саудасы, әйелдер мен балалар саудасы, үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануы, порнографияны тарату, қинау;

  4. Теңізде жасалатын қылмыстар: қарақшылық, су асты құбырын

  5. бұзу, зақымдау, теңіз кемелерінің соқтығысуы, теңізде көмек көрсетпеу, теңізді зиянды заттармен ластау, континеттік қайраң мен ерекше экономикалық айиақтың құқықтық режимін бұзу, теңізде балық аулау ережелерін бұзу және т.б.

Қылмыстықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының салалары. Мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асырады.

Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 жылы босталды. Осы жылы «Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау» Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.

Терроризм латынның «terror»-қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынандай анықтама берген: «Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет.

Халықаралық терроризм актілеріне шетелдік мемлекеттер және үкіметбасшыларын, дипломаттарды және мемлекеттік қорғаудағы басқа да тұлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдердің, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерін жару, жоғарыда аталған тұлғалардың үй-жайлары мен көлік құралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердегі және т.б. диверсиялар.

Бұл қылмыс түрінің субьектілеріне жеке тұлғалар да, террористік ұйымдар да жатады.

Террористік актілердің, әсіресе дипломаттарға қатысты, кең қанат жаюы мемлекеттерді 1973 ж. «Халықаралық қорғауы бар тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату мен жазалау туралы» конвенция қабылдауға итермеледі.

Сонымен қатар, аумақтық сипаттағы бірнеше конвенциялар қабылданды. Мысалы: 1971 ж. «Терроризм актілерінің алдын алу және оларды жасағаны үшін жазалар туралы» Америка конвенциясы, 1976 ж. «Терроризммен күрес туралы» Еуропалық конвенция, 1987 ж. Оңтүстік Азияның аумақтық ынтымақтастық Ассоциациясы мақұлдаған «Терроризмнің алдын алу туралы» Конвенция біріккен Араб мемлекеттерінің 1991 жылғы «Халықаралық сипатта болатын тұлғаларға қарсы қылмыс нысанындағы және қорқытып талап етушілікпен байланысты, терроризм актілерініңалдын алу және оларды жасағаны үшін жазалар туралы» Конвенция.

Сонымен қатар, мемлекеттер терроризммен күресуге бағытталған екіжақты шарттар да бекітеді. Атап айтсақ, 1995 ж. 10 сәуірде ҚР Үкіметі мен ГФР Үкіметі арсында «Ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен және қылмыстардың басқа да қауіпті түрлерімен күресудегі ынтымақтасу туралы» келісім бекітілді.

Терроризммен күресу үшін арнайы органдар да құрылады. Мысалы, БҰҰ жүйесінде халықаралық терроризм жөнінде арнайы комитет құрылған. Оның 35 мүшесі бар. Бұл комитеттің шеңберінде террористік актілермен күрес жөніндегі конференциялардың жобалары дайындалды. БҰҰ Бас Ассамблеясы Комитет дайындаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттердің әрекеттерін терроризммен күресуге бағыттайды.

Халықаралық, ұлттық және мемлекеттік терроризмдер ажыратылады. Мемлекеттік терроризм көбінесе басқыншылық акт деп сараланады.

1984 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында «Мемлекеттік терроризм саясатына және басқа тәуелсіз мемлекеттердегі қоғамдық саяси құрылымды бұзуға бағытталағн мемлекеттердің кез келген әрекетіне жол бермеу туралы» қарар қабылданды.

Егер террористік акт халықаралық өорғаудағы тұлғаларғабағытталса, егер террорлвқ акт бір мемлекетте дайындалып, басқа мемлекетте жасалса, егер терроршы мен жәбірленуші бір мемлекеттің азаматтары болып немесе әр түрлі мемлекеттердің азаматтары болып, бірақ террорлық акт аталған мемлекеттерден тыс жерлерде жасалса, егер терроршы бір мемлекетте террорлық акт жасап, басқа мемлекеттің аумағында жасырыныпжүрсе және оны беру туралы мәселе туындап отырса, халықаралық болады.

Терроршының көздейтін мақсаты халықаралық жағдайдың күрделенуін тудыру немесе оған саналы түрде жол беру. Кінаның нысаны тек қана қасақаналық болады.

Терроризммен күресуге бағытталған конвенциялардың ережелеріне сәйкес, террорлық акт жасаған тұлғаны ұстағанда»қылмыскер жазасының болмай қоймайтындығы» қағидаты орын алуға тиіс, яғни өз аумағында терроршыны ұстаған мемлекет «не бер, не сотта» деген қағидатта болуы керек. Мемлекет өз заңнамасына сәйкес, қылмыскерге қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қолданады немесе қылмыскерді аумағында қылмыс жасалған мемлекетке немесеқылмыскер азаматы болып табылатын мемлекетке береді. Мүдделі мемлекеттерге немес халықаралық ұйымдарға қолданылғаншаралар туралы хабарланады.

Терроризм жалпы қоғамдық жағымсыздық тудырады және террорлық актілердің барлық көріністері қай жерде және кіммен жасалмасын, құқыққа қайшы деп танылады.

Терроризммен күрес жөніндегі саяси шаралар ЕҚКК-нің қорытынды құжаттарында, Шарм-аш-Шейхтегі 34мемлекет басшыларының қорытынды жолдауларында, БҰҰ-ның 1994 ж. «Халықаралық террорихмді жою әдістері туралы» декларациясында бекітілгендей: «БҰҰ-ның мүше мемлекеттері салтанатты түрде сөзсіз қылмыстық және ақталуға жатпайтын терроризмнің барлық актілірін, әдістерін және терроризм тәжірибесін, олар қай жерде және кіммен жасалмасын, сынға алынатыны жарияланды».

Мемлекеттердің терроризммен күресуде қолданып жатқан барлық шараларына қарамастан, мемлекеттердің бұл саладағы ынтымақтастығының жіберген бір қателігі – бұл халықаралық терроризм ұғымы, оның заңды табиғаты мен бұл қылмыс үшін жауапкершілік, сондай-ақ халықаралық терроризм актілерінің барлық тізімі анықталған біртұтас әмбебап келісімнің болмауы.

Террористік актілер жасағаны үшін жауапкершілік туралы біртұтас актінің қабылдануы мемлекеттердің халықаралық терроризммен күресуінің тиімділігін арттырар еді.

Жалған ақша немесе ақша белгілерін қолдан жасау – ертеден келе жатқан халықаралық қылмыс түрлерінің бірі. 1929 жылы «ақша белгілерін қолдан жасау туралы» Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияға сәйкес қылмыстық әрекет деп жалған ақша белгілерін жасау мен өткізу, сондай-ақ ақша белгілерін жасау немесе өзгерту, оларды өткізу-елге кіргізу, өзі үшін іздеп табу, ақша белгілерін жасау немесе өзгертуге арналған құралдарды дайындау, алу немесе иемдену танылды. Қылмыс деп, сондай-ақ, аталған әрекеттерді жасауға оқталу мен қатысу да танылады.

Конвенцияға мүше мемлекеттер ақша белгілерін қолдан жасаумен күресуде өз мемлекетінің ақша белгісін қолдан жасағандармен ғана емес, шетелдік ақша белгілерін де қолдан жасағандармен бірдей күресіп, жазлайтындықтары туралы міндеттеме алды. Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттерге жалған ақша белгілерін дайындау мен өткізгені үшін айыпталған тұлғаларды және олардың қатысушыларын іздеу мен шетелге жасырынып қашып кеткен қылмыскерлерді қайтаруға көмектесетіндері туралы міндеттеме алды.

1929 жылы Женева Конвенциясы «Ақша белгілері» деген ұғымға айналымдағы қағаз ақшаларды да, металл монеталарын да кіргізді.

Ақша белгілерін қолдан жасау тұрақты өсу тенденциясына ие және соңғы жылдары вексельдерді, аккредитивтерді, чектерді, пошталық төлем белгілерін және басқа мемлекеттік құнды қағаздарды қолдан жасау кең қанат жайып отыр.

Сондықтан мемлекеттердің қылмыстың бұл түрімен күресудің тиімділігін арттыру үшін жаңа конвенция қабылдау қажеттілігі туып отыр. Онда жалған ақша белгілерін жасау мен өткізу үшін ғана емес, басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды жасағаны және өткізгені үшін жауапкершілік көзделген болар еді. Ал әзірше бұл мәселелер мемлекеттердің ұлттық заңдарының ережелерімен және екіжақты келісімдермен реттеліп отыр.

Әуе кемелерін басып алу және айдап кету қылмыстары 60-жылдардың аяғынан бастап кең қанат жайды.

1963 жылы «Әуе кемесіндегі құқық бұзушылықтар мен басқа да әрекеттер туралы» Токио конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда әуе кемесін басып алуға мынадай анықтама берілген: «Әуе кемесінің ішіндегі тұлға заңсыз, күш көрсету арқылы немесе күш көрсетемін деп қорқыту арқылы араласу, басып алу әрекетін және басқа тәсілмен әуе кемесіне ұшу барысында құқыққа қайшы түрде қадағалау жасаса». Токио конвенциясының кемшілігі – мұнда әуе кемесін басып алу жөніндегі әрекет қатаң жауапкершілікке алып келетін қылмыс ретінде сараланған жоқ.

1970 жылы «Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күресу туралы» Гаага конвенциясы қабылданды, бұл конвенцияға сәйкес әуе кемесін басып алу халықаралық сипаттағы қылмыс деп танылды. Конвенцияның кемшілігі – мұнда қылмыс деп тек әуе кемесін басып алу және айдап кету танылды.

1971 жылы «Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы» Монреаль конвенциясы қабылданды. Бұл конвенция әуе кемесіндегі қылмыстық қудалауға жататын әрекеттердің тізімін кеңейтті. Әуе кемесін басып алу мен айдап кетуден басқа қылмыстық әрекет деп мыналар танылды: әуе кемесіндегі тұлғаларға күш көрсету, әуе кемесін бұзу немесе бүлдіру, аэронавигациялық құралдарды бүлдіру, кемені пайдалануға араласу. Осы әрекеттерге оқталу және қатысушылық та қылмыс деп танылды.

1988 жылы Монреаль конвенциясында қосымша ретінде «Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуе жайлардағы заңсыз күш көрсету актілерімен күрес туралы» хаттама қабылданды.

Жоғарыда аталған конвенциялар мемлекеттердің тізіліміне енгізілген және әуе тасымалдау мақсатында тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін және басқа қажеттіліктер үшін пайдаланылатын азаматтық әуе кемелерінде ғана таралады.

Аумағында әуе кемесін айдап кеткен тұлға бар кез-келген мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес оған қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға құқылы немесе оны әуе кемесі тіркелген және сот үкімімен қылмыскерге қатысты тағайындалатын кез-келген мүдделі мемлекетке беруге құқылы. Бұл жерде қылмыскер сот төрелігінен қайда барып жасырынса да, оның жазаланбай қоймайтындығы туралы қағида орын алады.

Егер қылмыс мемлекеттік әуе кемесінде жасалса, оларға 1944 жылы қабылданған «Халықаралық азаматтық авиация туралы» Чикаго конвенциясы әскери, кедендік эжәне полицейлік қызметтерде пайдаланылатын кемелерді жатқызады және ұлттық юрисдикция қағидаты қолданылады (жалаудың айрықша қағидаты). Сондықтан мұндай кемелерді айдап кеткен тұлғалар басқа мемлекетке қонғаннан кейін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін және жаза қолдану үшін әуе кемесі тіркелген мемлекетке міндетті түрде берілуге тиісті.

Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасау – халықаралық қылмыстардың ішіндегі кең таралған түрі. Қылмыстың бұл түрімен күрес мемлекеттердің күштерін біріктіргенде және олардың осы саладағы ынтымақтастығы нәтижесінде ғана тиімді болады.

Есірткі құралдарын заңсыз таратумен күресуге бағытталған алғашқы халықаралық шарт 1912 жылы Гаагада бекітілді. Кейіннен бұл қылмыстармен күресуге бағытталған бірқатар халықаралық құқықтық актілер қабылданды. Олардың ішінде 1936 жылы «Есірткі құралдарының заңсыз саудасына тыйым салу туралы» Конвенция бар.

1961 жылы 1936 жылғы конвенциядан басқа барлық конвенцияларды ауыстырған, «Есірткі құралдары туралы» Біртұтас конвенция қабылданды.

1971 жылы «Психотропты заттар туралы» конвенция қабылданды. 1988 жылы «Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» БҰҰ конвенциясы қабылданды.

Аталған конвенциялардың барлығы есірткі құралдары мен психотропты заттарды медициналық мақсатта пайдаланудың заңдылығын және оларға қатысты заңсыз әрекеттердің құқыққа қайшылығын мойындайды. Біртұтас конвенцияның 36-бабы жауапкершілік пен жаза тудыратын әрекеттерге мыналарды жатқызады: Есірткілерді уағыздау, өндіру, дайындау, бөлу, коммерциялық мақсатта ұсыну, сатып алу, сату, кез-келген жағдайларда жеткізу, маклерлік, сақтау, жіберу, кіргізу мен шығару және т.б. Жалпы алғанда, Біртұтас конвенцияда есірткі заттарды өндірумен, сатып алу және жеткізуге байланысты 18 заңсыз әрекеттер қарастырылған. Мемлекеттер өздерінің ұлттық заңдарында жауапкершілік пен жазаны көздейтін есірткі заттармен жасалатын заңсыз әрекеттердің тізімін ұлғайтуға құқылы.

1971 жылы «Психотропты заттар туралы» Конвенцияда қылмыстық жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілмеген, бірақ психотропты заттарды өндіру мен таратуға бақылау жасау әдістері қарастырылған, қылмысқа қатысушылық пен оларды жасауға оқталғандық үшін жаза белгіленген.

1961 жылы «Есірткі құралдары туралы» Біртұтас конвенция және 1971 жылы «Психотропты заттар туралы» конвенция қарастырғандай, есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасағаны үшін мемлекеттер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануға тиіс.

1988 жылы «Есірткі құралдарының және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» БҰҰ конвенциясы қарастырғандай, мемлекеттер кінәлі тұлғаларға бас бостандығынан айырудан басқа айыппұл, мүлкін және табысын тәркілеу түріндегі жазалар қолдана алады.

Есірткі құралдарымен және психотропты заттармен заңсыз роперациялар жасағаны үшін айыпталғандар мен қылмыскерлерге қатысты жазаны қылмыс жасалған мемлекет шығарады.

Қылмыскерге жазаны оны ұстаған мемлекет те оны беру мүмкін болмаған жағдайда шығара алады.

Мемлекеттер есірткі құралдарын заңсыз таратумен күресуде ынтымақтастық туралы көпжақты конвенциялардан басқа, екіжақты конвенциялар да бекітуі мүмкін. Мысалы, 1996 жылғы 5 сәуірдегі «Есірткі құралдарының және психотропты заттардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы күресте ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің және Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім. 1997 жылғы 8 сәуірдегі «Есірткілерді бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім.

Есірткі құралдары мен психотропты заттарға халықаралық бақылауды БҰҰ-ның есірткі құралдары жөніндегі коммисиясы, Есірткілерді бақылау жөніндегі Халықаралық Комитет, есірткілерге бақылау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, есірткілерді теріс пайдаланумен күресу туралы БҰҰ қоры жүзеге асырады.

Қылмыстықпен күресетін халықаралық ұйымдар. Жоғарыда айтылғандай, халықаралық қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер ынтымақтастығының екі түрі бар: шартты-құқықтық, яғни арнайы келісімдерді бекіту жолымен және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық.

Халықаралық қауымдастық қылмыстылықпен күресу мәселелерін үкіметаралық және үкіметаралық емес ұйымдар шеңберінде үйлестіреді. Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу қызметін үйлестіретін мұндай орталық - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Сондай-ақ , бұл аяда басқа да халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

Қылмыстылықпен күресу мәселелері БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында талқыланады. БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің басты комитеттерінде халықаралық құқық комиссиясының көмегімен қылмыстармен күресу туралы конвенциялар қабылдайды. Қауіпсіздік кеңесі қылмыстылықпен күресу мәселелерін – агрессиялық актілер, терроризм және т.б. қылмыстар туралы мемлекеттердің шағымдарын қарайды.

Халықаралық криминологиялық қоғам. Оның негізі 1934 жылы қаланған, ал 1944 жылдан бастап БҰҰ-ның консультативтік мәртебесіне ие болды. Оның міндетіне қылмыспен күресу және бұл құбылысты неғұрлым кеңіреук зерттеу мәселелері бойынша ғалымдар мен практик-мамандардың күш-жігерін біріктіруге көмектесу жатады. Халықаралық криминологиялық қоғам конгресстер өткізеді, ұлттық институттар арасында криминологтардың ғылыми кадрлар алмасуын ұйымдастырады, халықаралық криминологиялық курстар және семинарлар өткізеді, халықаралық орталықтар құрады.

Қылмыспен күресуге қатысатын басқа да үкіметаралық емес ұйымдардың ішінде мыналарды атауға болады: Бас бостандығынан айрылғандарға көмек көрсететін Халықаралық Ассоциация, Халықаралық рақымшылық, Жасөспірімдер істері жөніндегі соттардың халықаралық ассоциациясы, Полицейлердің Дүниежүзілік Ассоциациясы т.б.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерпол» - халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей атсалысатын қылмыстық полицияның жалғыз халықаралық ұйымы болып табылады. Ол 1923 жылы орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықарлық комиссиясы ретінде құрылды. 1936 жылы өз қызметін фашистік Германияның австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 жылы қайта құрылды. Интерполдың жарғысы 1956 жылы күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. Қазақстан оған 1992 жылы мүше болды. Интерполдың штаб пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ-да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды.

Интерполдың негізгі мақсаттары: әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастықпен қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге көмек беретін мекемелерді құру және дамыту.

Интерпол «Қылмыстық полицияның халықаралық шолуын», «Жасандылық пен жалғандылықтар» бюллетенін, ұрланған өнер туындыларын іздестіру бюллетенін, әр түрлі анықтамалық басылымдарды шығарады.

Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, пошта және телеграфтық байланыс бар. Осы құралдар арқылы жыл сайын Интерполдың миллионнан астам ақпараттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радиоторабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беруді және алуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашудың шешуші жағдайы болып табылады.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді беру. Қылмыстық істерді тергеу үстінде немесе сотта талқылау кезінде іс бойынша басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан не қылмыскерлер, не жәбірленушілер мен куәгерлер, не заттай дәлелдемелер мен құжаттар жайында құқықтық көмек алу қажеттілігі туындайды.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мыналарды қамтуы мүмкін: тінту жүргізу, заттай дәлелдемелерді алу мен беру, құжаттарды беру, сараптама жүргізу, куәлардан, айыптаушылардан, сарапшылардан және т.б. тұлғалардан жауап алу, сот қарауын жүргізу, тиісті мемлекеттің сотымен сотталғандығы туралы, тұлғаның сотталғандығы жайында мәлімет беру, саусақ іздерін жіберу және т.б.

Қылмыскерлерді ұстап беру (экстрадиция) –бұл аумағында қылмыскер бар мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған немесе қылмыскер азаматы болып табылатын екінші мемлекетке қылмыскерді қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе күшіне енген үкімді орындау мақсатымен беруі.

Ұстап беру- белгіленген тәртіпте және шығындарды өтей отырып беріп жатқан мемлекеттің құзыретті органдарының өкімі бойынша жүзеге асады.

Бақылау сұрақтары

1) Халықаралық қылмыспен күресу құқығының мақсатын анықтаңыздар

2) Халықаралық қылмыстылықпен күресуде мемлекеттердің ынтымақтастығын сипаттап беріңіздер

3) Халықаралық сипатағы қылмыстармен күресу шараларын атаңыздар

4) Интерпол туралы не білесіздер?

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]