Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРА Қазақстан Республикасының кеден органдар жүйесіндегі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
528.9 Кб
Скачать

2.3. Құқыққорғау іс-әрекеттері

Кеден органдары құқыққорғау органы болып табылады, мемлекеттің кеден заңдарының негізіне сондай-ақ, міндеттің жүктелуіне сәйкес – шекара арқылы тасымалдану товарларға қатысты кедендік ережелер мен салық заңдарын бұзушылар, кедендік істер аясындағы контрабандалар мен қылмыскерлермен күрес жүргізу, есірткі өнімдерін таратушыларды тыю, Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттердің көркемөнер және тарихи заттарын, интеллектуалды меншіктік объектілері, жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, басқа да товарлар, сондай-ақ халықаралық террор және ҚР әуе жайларында заңсыз әрекеттері туындай қалса оларды жою жатады. Кеден заңымен белгіленген ережелерде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасмалдаушы қазақстан азаматтығына қарамастан (жеке және заңды тұлға) сыртқыэкономикалық іс-әрекеттерінің барлық қатысушыларына жазбаша өкім жазылған.

Осы ережелерге мынадай қажетті шарттар кіреді: тиісті кедендік режимдерін айқындау, кедендік бақылауды өту, кедендік ресімдеуді ресімдеу, кедендік төлемдері мен салықтарын жүзеге асыру, кедендік жеңілдіктерді және басқа ережелерді пайдалану осыларды бұзушылықтарына Қазақстан әкімшілік заңына сәйкес жауаптылық қарастырылған.

Кедендік ережелердің бұзушылығын негізінен кеден органының лауазымды тұлғасы жүргізеді. Істерді қарауды әкімшілік құқық бұзушықтар туралы 2001ж. 30 қаңтарында іс-әрекетке енгізілген Кодекс қағидасына сәйкес кеден органының өкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асырады. Көрсетілген кодекстің «кеден істері аясындағы әкімшілік құқықбұзушы» тарауы және 400-438 баптары бар.

Қазақстан Республикасы белгіленген заңдары және халықаралық шарттарына қол сұғушы тұлғалардың іс-әрекеттері кедендік ережелерді бұзушылар болып табылады.

Кедендік ережелерді бұзушыларды жауаптылықтан босату заңмен қарастырылған.

Жауаптылық шарасы ретінде ескерту жазбаша түрде шығарылады, ол туралы қаулы қабылданып ол негізгі жазалау болып табылады.

Штраф – ең аз жалақы төлеміне қолданатын есептелген сома түріндегі жазалау түрі.

Есептелуші сома товарлар және көлік құралдарының құнынан шығарылады (құқықбұзылған күннің бос немесе нарықтық бағасы). Заңмен «ең аз жалақы төлемі» түсінігі «жылдық не болмаса айлық есептік көрсеткіш» түсінігіне ауыстырылды, бұл практикада есептеу кезінде белгілі қиындықтарды тудырды, кеден заңдары көп уақытқа дейін осы өзгертуді сәйкестікке келтірмеді.

Лицезиялардың іс-әрекетін немесе квалификациялық аттестаттарын тоқтату негізгі жазалау түрі болып, мына жағдайларда қолданылады:

- кеден қоймаларының иелеріне, бажсыз сауда дүкендері, бос қоймалар және уақытша сақтау қоймаларына;

- кеден тасымалдаушылары және кеден брокерлеріне, сондай-ақ кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарына;

- Кеден ережелерін бұзушы тікелей объектілер болып табылушы арнайы құпия орнымен дайындалған товарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізілуші, тығылған заттары айқындалған жағдайлар тікелей бұзушылық болып табылады да белгіленген Қазақстан Республикасының заңымен мемлекеттік бюджеттің тәркіленуіне жатады және негізгі түрі болып қолданылып не болмаса қосымша жазалау түрі болып табылады.

Кеден ережелерін бұзушы тікелей объектілер болып табылушы арнайы құпия орнымен дайындалған товарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізілуші, тығылған заттары айқындалса товарлар мен көлік құралдарының құны сот тәртібінде өндіріп алуы ақша сомасын мәжбүрлеп алу болып келеді.

Тауарлар тасымалданған көліктер де кеден ережелерін бұзушы болып табылып, тәркіленулері қарастырылған. Жалпы алғанда тәркілеу кеден ережелерін бұзушы тікелей объектілер болып табылушы арнайы құпия орнымен дайындалған товарлар мен көлік құралдары кеден шекарасы арқылы өткізілуші, тығылған заттары айқындалған жағдайлар тікелей бұзушылық болып табылып, өндіріп алу түрінде әкімшілік құқықбұзушылар туралы Кодексінің санкцияларында қарастырылған.

Кедендік құқықбұзу күні болып кеден органының лауазымды тұлғасы нақты бұзушылықты ашқан күні немесе кеден ережесін бұзғанын көрсетуші айғақ табылған күні саналады.

Қылмыстық іс тоқтатылған не болмаса іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін де есептеу мерзімін бастай береді.

Кеден органдарының құқық қорғау міндеттерінің нақты орындалуы осы аядағы іс-әрекеттердің тиісті бекітілуі жаңа қабылданған қылмыстық және қылмыстық-поцессуалдық актілерімен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық заң осы кодекстен және қылмыстық жауаптылықты қарастырушы басқа заңдары қолданулары тек қана осы кодекске енгізілгеннен кейін қолдануға болады деп айтылған.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің (ҚК 250 б.) бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен ұштасқан кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізулері шектелген, есірткі өнімдері, есуастандырғыш улы күшті әсер етуші дәрі-дәрмектері, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қарулар, әскери техника, қару-жарақтар мен әскери қорлар, ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да көпшілікті жарақаттаушы материалдар мен жабдықтар.

Контрабанда (Қазақстан Республикасының 1995 жылға өзгеруімен қылмыстық Кодексте) жаңа жарияланды «контрабанда, яғни тауарлар мен басқа құндылықтар мемлекеттік не болмаса кедендік шекарадан заңсыз кедендік бақылаудан жасырын немесе кедендік не басқа құжаттарды алдап пайдаланып тасымалданса».

Жоғарыда келтірілген үзінділерден контрабанда түсінігі экономикалық аяны қорғау жағына қарай бірталай өзгергенін көреміз, бұл Қазақстан Республикасының қылмыс Кодексінің тиісті «Экономикалық іс-әрекеттерінің қылмыстары» және «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар » тарауларымен расталады.

Кедендік органның міндеті осы категориядағы істерді тексеруге қатысты құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынастығына байланысты.

Қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық Қазақстанның есірткі және есуастандырғыш улы қатты әсер етуші дәрі-дәрмектерді таратушы транзиттік мемлекеттер арасына қіргеніне абыржуда.

1998 жылғы шілденің 1-дегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан 1961 жылдың 30 наурызынан Нью-Йоркте қабылданған есірткі өнімдері жайлы Бірыңғай Конвенцияларға қосылды, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1998 ж. 14 мамырда «Есірткі өнімдері, есуастандырғыш улы қатты әсер етуші дәрі-дәрмектер заттарының заңсыз айналымына қатысты істері бойынша заңды қолдану туралы» қаулысын қабылдады. Азия аймағын көрсетуші Экономикалық ынтымақтастық Ұйымдарының елдері Қазақстанмен контрабанда және коммерциялық айлакерлікпен күресуде мүдделі екендіктерін білдіруде.

1999 жылдың қарашадағы Қазақстан қауіпсіздігінің Кеңесінде 1999-2005 жж. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданған болатын.

Онда Қазақстан географиялық орналасуы жағынан әлемдік есірткітрафигінің ең жанданған жол түйісінде тұруына байланысты шетел мемлекетінің азаматтары біздің республиканың аймағы арқылы есірткі контрабандалық тасулары өсіп келеді, ал жалпы алсақ заңсыз есірткі тасу 1991 жылмен салыстырсақ үш жарым есе артып отыр. Мамандардың бағалауы бойынша Шу өңірінде өсетін тек кендір өсімдігінен 5 мың тонна марихуана дайындауға болады екен. Қазақстанды есіртке бойынша транзиттік мемлекет қылғандары айтылып өткендей ерекше үрей тудырады. Есіртке мен есуастандырғыш заттарының заңсыз айналымымен күресу мәселесі өзекті және проблемалық болып отыр.

7 кесте. 2004-2005 жж. Кедендік істері аясындағы жасалған қылмыстардың саны.

р/р

№№

Көрсеткіштері

2004 ж.

2005 ж.

+ - %

1.

Қозғалған қылмыстық істердің саны – барлығы:

209 бп.

214 бп.

250 бп.

259 бп.

Басқа баптар

53

20

4

17

5

7

47

14

6

22

4

1

- 6

- 6

+ 2

+ 5

- 1

- 6

2.

Сотқа жіберілген істердің саны

13

16

+ 3

3.

Бір ізділігі бойынша тапсырылған істердің саны

12

24

+ 10 %

4

Тоқтатылған істердің саны

1

3

+ 2

5

Алдын-ала анықтаушылардың бірлігі

2

1

- 1

6

Бір анықтаушының жүктемесі

26,5

47

+ 21

2005 жылы Павлодар облысы бойынша КБД алдын-ала анықтаушы органымен 47 қылмыстық іс қозғалды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 10,6 % кем.

Қозғалған істердің талдауы үнемі өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының ҚК 214 бп. көрсеткіші 2 қылмыстық іске өскені, ҚР ҚК 250 бп. бойынша 5 іске өскені байқалады. Қылмыстың жалпы санынан экономикалық баптары 42,6 % құрады, бұл 2004 жылға қарағанда 2,7% кем. Экономикалық баптары бойынша қылмыстың азаюы СЭІӘ қатысушыларымен кедендің заңы жөнінде профилактикалық және консультация беру-түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінен.

2005 жылғы тоқтатылған 12 қылмыстың істердің :

- 8 қылмыстық ісі Павлодар облысының прокуратурасымен қозғалды, 3 қылмыстық іс екі реет тоқтатылды.

- 4 іс КБД-да қозғалып, содан кейін ҚР ҚАК 50 бп. 1т. Тоқтатылды.

Әр қылмыстық іс бойынша барлық қажетті әрекеттер жүргізіліп, тоқталуы облыс прокуратурасымен келісілді.

Осы фактілер бақылауға алынып, тергеу барысында тексеру материалдары бойынша дәлелдеме базасын бекіту үшін барлық қажетті әрекеттер жүргізіледі.

КҚКЖБ және КБД бөлімшелерінің қызметкерлерімен қылмысты айқындау кезінде алғашқы әрекеттерін жүргізу барысында білікті және тиянақты қараулары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қылмыстық істердің алдын-ала анықтаушылық мерзімдері шектелулеріне байланыстықылмыстық істі сотқа жедел жіберу туралы мәселені шешу жөнінде сот және прокуратура органдарымен жұмыстар жүргізіледі.

Қару-жарақ, әскериқұралдар, жарылушы заттар ұстау статистикалық мәліметінің талдауы Павлодар кедендік аймағында ұсталынған заттардың жалпы көлемі жоғары деңгейде сақталғандығын көрсетеді.

Әсіресе, 2004-2005 жылдары кезеңінде аймақтың кедендік органдарымен ұсталғаны:

  • суық қару – 13 бр;

  • пневматикалық қару – 3 бр;

  • аң ату қаруы – 3 бр;

  • КС-44 карабині – 1 бр;

  • СХТ ракетасы – 1 дана;

  • РГД 5 гранатасы – 3 дана;

  • Ф 1 гранатасы – 1 дана;

  • түтін шашкасы – 1 дана;

  • жарылғаш пакет – 1 дана;

  • 5,45 мм. калибрлі патрон – 67 дана;

  • 7,62 мм. калибрлі патрон – 44 дана;

  • 9 мм. калибрлі патрон – 20 дана;

  • Аң ату қаруының оғы – 2352 топ;

  • УЗРГМ запалы – 1 дана;

  • газды пистолет – 1 дана;

  • газды пистолетінің оғы – 5 дана.

Жоғарыда көрсетілген ұстау фактілерін талдауы ТМД елдерінің азаматтары кедендік заңды бұзу жағдайларының деңгейі жоғары екендігін дәлелдейді.

Ақырғы кезде әскери бөлімдерінде қарулар мен қару-жарақтардың есебі мен сақталуларына мән берілмегендіктен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз ұрлаулары байқалуда.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы валюталық құндылықтар, мәдени-өнер заттары, Қазақстан және шетел халқының тарихи және археологиялық қазбалары заңсыз тасымалдаулары қылмыскерлермен белсенді іске асырылуда.

Криминалды құрылымдар іс-әрекеттерінің ең негізгі аясы болып, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы интеллектуалды меншіктік объектілерінің заңсыз айналымы.

2005жылдың 1 жарты жылында интеллектуалды меншіктік объектілерінің заңсыз айналымының жұмыс аясы лицензияланбаған аудио-, бейне- өнімдері, оларды өндіру жабдықтары, алдын-ала сату комплектеу орындарын орнату, авторлық құқықтарын бұзуларын анықтау және тыюға бағытталды.

2 суретте қозғалған қылмыстық істердің динамикасы беріледі.

2005жылы Павлодар облысы бойынша КБД алдын-ала анықтау органымен 47 қылмыстық іс қозғалды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырсақ 10,6% кем.

3 сурет. 20042005жж. Қозғалған қылмыстық істердің саны.

Қозғалған істер талдауларының баптары бойынша өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының ҚК 214 бп. көрсеткіші 2 қылмыстық іске көбейгені, ҚР ҚК 250 бп. бойынша 5 іске көбейгені байқалады.

Қылмыстың жалпы санынан экономикалық баптары бойынша (209, 214 бп.) 42,6 % құрады, бұл 2004жылға қарағанда 2,7% кем. Экономикалық баптары бойынша қылмыстың азаюы СЭІӘ қатысушыларымен кедендік заңы жөнінде профилактикалық және консультация беру-түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінен.

Сондай-ақ есептік жыл кезеңінде сотпен 2 әкімшілік құқық бұзу ісі тоқтатылды (2004. – 2). Бір іс жөнінде шағымдануы туралы өтініш жіберілді.

2004ж.09.06. Павлодар облыстық соттың қадағалау алқасының қаулысымен тұлғаның кінәлі еместігі және оны әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы шешім шығарылып ауызша ескерту берумен шектелді.

8 кесте. 2004-2005 ж.ж.құқықбұзушылық сандарын талдауы

р/р

№№

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

+/-

1.

Әкімшілік құқықбұзу туралы іс жүргізілді, оның ішінен қаралғаны:

кедендік органдарымен

соттармен

1483

1329

154

1428

1248

180

-55

-81

+26

2

Тоқтатылған істер – барлығы:

Соның ішінде:

кедендік органдарымен

соттармен

2

0

2

2

0

2

0

0

0

3

Штрафтар есептелді

3862,7

6401,0

+2538,3

4

Нақтылы өндірліп алынды

3862,7

6217,2

2354,5

5

Конфискациялау туралы соттар шешімі (мың. теңге)

1081,6

385,5

-696,1

Осы фактілер үнемі бақылауға алынды, тергеуге дейінгі тексеру барысында материалдарды өндіру барысында тексеру материалдары бойынша дәлелдеуші базасын бекіту үшін барлық қажетті әрекеттер жүргізіледі. Қылмыстарды айқындау кезінде КҚКЖБ және КБД бөлімшелерінің қызметкерлерімен алғашқы әрекеттерін жүргізу барысында білікті және тиянақты қараулары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сот және прокуратура органдарымен тұрақты негізде мемлекетке келтірілген зиянның орнын толтыру оларды уақытымен қарастыру және шектелген мерзімімен анықтау жұмыстары жүргізіледі.

2004-2005 жж. есіртке өнімдерін контрабандалық фактілерінің ұлғайғанын айрықша белгілі. Павлодар облысының кеден қызметінің құқыққорғау бағытындағы басымшылығы мен ең өзекті мәселе аса қауіпті контрабанда түрлерімен күрес.

Елде жасырын есерткі нарығының интенсивті қайта құру құрылымы жалғасуда. Заңсыз айналымынан жиі жоғарғы концентратты, “Қатал”, ең қауіпті және қымбат тұратын синтетикалық есірткі контрабандалық шығу жолымен, каннабистік топ тағы дәстүрлі есерткіні ығыстырған. Контрабандалық есірткілердің елде тұрақты арналары қалыптасқан, және олардың аймақтарда және оның шеңберінде әрі қарай таратылуы қалыптасқан. Ақырғы кездерде заңсыз айналымнан есірткелердің алу көлемі өскен негізінен ең қауіпті түрлері- апиын мен героин.

Бірақ, осыған қарамастан Қазақстан Республикасының аймағын есірткілерді тасмалдау үшін пайдалану әрекетерін тоқтатпай келеді.

Есірткілерді тасмалдаушылар жылдан жылға амал тапқыш болып алды, бірақ негізінен талдау көрсткендей есірткілер автомобиль және темір жол көлігімен тасмалданады.

Үлгі ретінде, 2005ж 22.11. «Қосақ» кедендік бекетінде ұсталған фактіні келтіруге болады Қызметкерлер Газ –3110 автомошинасының жылыту бөлігінің желдеткішінің ішінен Қызметтік іздеу итінің көмегімен 14170 гр есірткі өнімдерін Қырғызстаннан Ресейге алып бара жатқан жерден ұстады.

Осындай ұқсас қылмыс «Үрлі- Төбе» кедендік бекетінде табылды, 2005ж 26.11. Газ –3110 а/м жылыту жүйесінің газ болнынан есірткілер өнімдерін тапқан, олда Қырғызстаннан Ресей Федерациясына бара жатқан жолда ұсталынды. Осы екі жағдайда да зансыз айналымынан есірткілер алында «ауыр топ» деп аталатын героин мен апиын. Біздің ел еақты өмірде есірткілер контрабандысынан өзінің шекарасын кілттеп қоя алмайды, бірақ біз қолдағы бар заңдардың бақылауын қантамасыз ету, тексеру және бақыладың басқа да түрлерін парасаттылықпен және сұрыптап қолдануын пайдалы.

Осындай жағдайларда кедендік органдарына тексеруді өткізулері өте қиын, елден шығатын барлық тұдғалар және көлік құралдарың мұқият байқауларын жүргізеге

Кедендік бекеттеріндегі Қызметін өтеу кезінде кедендік шекарадан тұлғыларды мұқият қарау қажет, қүдікті тұлғаларды байқау. Есірткілерді ұстауларының талдауы есеркілер табылған автомашиналар Қазақстан Республикасының аймағында ұзақ уақыт болғанын көрсетді. Есірткілерді негізінен тәжік, қырғыз және өзбек ұлтының тұлғалары айналасқаны көрінеді, олардың кейбірі Ресей азаматтығын аоғандар.

Тексеру кезінде жолға шығу мақсаты, баратын жерінің ақырғы пункті, тиісті маршруты, қалай киінгені және жолға шығу сапарына материалды жағдайы сай келетіндіктерін белгілеу қажет. Содай – ақ, автокөліетерді, бір аймақтан басқа аймаққа ұзақ маршурт бойынша тасмалданушы автокөліктерді мұқият қарау қажет. Мысалы, Алтай өлкесінен шыққан автокөлік немесе «Ертіс» кедендік бекетіне соқса немесе «Аманкелді» бекетіне, оған тиімдісі «Үрлі – Төбе» к/б арқылы не болмаса тіпті Қазақстан Республикасының аймағына кірмей –ақ Ресей Федерациясы арқылы жүру тиімді. Осындай күдікті автомашиналарды қарау қажет олрды бокстарға кіргізіп және ТСТК, мен СРС міндетті пайдалануымен тексеру.

Кедендік органдардың қызметкерлері есірткелерді заңсыз кіргізу жолындағы күрестің алдыңғы шебінде болады, тікелей жолаушылармен қатыстықта болады.

Оның жауапкершілігі күннен күнге өсіп отырады және контрабанданы жою міндеті орындалуы үшін қиын бола бастайды, бұзушы есірткіні жасрудың неше түрлі айласын қолданады.

Сондықтан кеден Қызметкерлерінің алдында ең ауыр міндет – селективтік әдіспен шекараны өту процесін бұзбай қауіп төндіруші, елге есірткі кіргізуші жолаушыларды айқындап анықтау. Осы үшін әлемдік практикада арнайы жасалған қадағалау техникасы мен жолаушылар арасында сұрау техникасы бар.

Төменде көрсетілген статистикалық деректерінің кейбір тенденциялар сипаттайды, аймақтың есептік кезеңінде қалыптасқан:

  • есірткі контрабандасының кенеттен көбеюі (2004ж –35кг, 2005ж-120кг);

  • Қазақстан Республикасының аймағына көкнәр сабанының енгізілу көлемі едәуір көбеюі (2000 ж. – 3,5 кг., 2002 ж. – 42 кг.);

  • Ұсталынған опиының үлес салмағы және фактілер санының едәуір өсуі (2004 ж. – факті, 2005 ж. – 40 факті);

  • «ауыр есірткілердің» ұсталуы (2004 ж. – 7факті, 2005 – 14 факті);

аймақта кокаин, героин, ЛЗД мен «экстази пайда болулары»;

  • Өзбекестан, Қырғыз және Түркиялан эфедринді кіргізу талаптарын жалғастырулары;

  • Қазақстан Республикасы аймағына естікетруші және қатты әсер етуші заттарды заңсыз кіргізу үшін «Қацырымдылық көмектері» жүктерін пайдалану;

  • Естікетіруші және қатты әсеретуші заттарды ұстау фактілерінің саны кеміді (2001 – 57, 2005 – 35);

  • Есірткі өндіру үшін қолданылатын химиялық заттарды Қазақстан Республикасы кедендік аймағына заңсыз кіргізу көбейді.

Белгіленген сандық көрсеткіштердің өсуі есірткі контрабандасымен, сондай-ақ аймақтағы осы құқықбұзушылық түрлерін айқындау мен жою жұмыстарының тиімділігі жұмыстарын жоғарлатуға байланысты.

2005 жылдың 4 айының ішінде іздестіру шараларының кедендік бақылауын жүргізу кезінде, сондай-ақ басқа құқыққорғау органдарымен бірігіп жүзеге асырылу барысында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған есірткінің 20 фактісі айқындалды, 105 кг. аса және 23 литр есірткі өнімдері алынды.

Салыстыру үшін 2005 жылдың сол кезеңінде есірткі контрабандасының 18 фактісі айқындалып, 12530,921 гр. және 143мл. есірткі өнімдері ұсталды.

9 кесте. 2004-2005 жж. департамент қызметкерлерімен ұсталынған есірткі өнімдерінің сипаттамасы.

р/р №№

Есірткі түрі

Ұстау фактісі

Ұсталынған заттың салмағы

2004 ж.

2005 ж.

2004 ж.

2005 ж.

1.

Марихуана

12

36

720,76гр

3233,898гр

2.

Гашиш

1

4

0,2531гр

952,7 гр

3.

Кендір сабаны

9

9

3504 гр

42012,2 гр

4.

Экстракционды апиын

8

20

328,1мл

74,8мл/11,63гр

5.

Кокаин

1

6,18 гр

6.

Апиын

8

41

8307,708гр

10290,35 гр

7.

Героин

5

6

4 271,96 гр

8.

Ноксирон

1

1

3,11 гр

9

МДМА

-

3

2,65 гр

10

Басқа синтетикалық

есірткі заттары.

2

2

29 387 мл 281,9 гр

Контрабандалық есірткілерді ұстау фактілерінің талдауы 2004 жылда есірткілер көбінесе автомобиль көліктерінде табылып, ұсталынған болса, 2001 жылдары теміржол көлігінде кездескендігін көрсетеді. Негізінен заңсыз есірткі өнімдерін тасымалдаушылар Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан азаматтары жауапкершілікке тартылған (құқық бұзушылардың жалпы санының 76%).

Есірткі заттарын ұстауларының саны

4 сурет. 2004-2005 жж. түрі және салмағы бойынша есірткі заттарын ұстауларының саны.

2005 жылы жалпы есірткінің заңсыз айналымының 32 фактісі анықталды, соның нәтижесінде 56901,4 г. есірткі өнімдері алынды.

10 кесте. Есірткі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес.

р/р №№

Көрсеткіштер

2003 ж.

2004 ж.

+/-

1

Қылмыстық істер саны:

250 бп.

259 бп.

18

13

5

23

19

4

+ 5

+ 6

- 1

Басқа баптары

0

0

0

2

Анықталған есірткі өнімдерінің заңсыз айналымының фактілері

Соның ішінде:

СРС қолдануымен

42

24

32

26

-10

+2

3

Алынған есірткі өнімдерінің саны (гр),

ҚІИ қолдануымен

43080,6

56901,4

+1382,04

4

Кинологиялық орталығында оқып шыққан инспекторлар-кинологтар саны

16

16

0

5

Кинологиялық орталығында оқып шыққандардың, ҚІИ саны

16

16

0

Есірткі өнімдерін іздестіру мен табуларының тиімді әдісі есірткі өнімдерін дайындалған қызметтік-іздестіру иттерімен ұстаулары болып табылады.

Павлодар облысы бойынша КБД кинологиялық қызметі өздеріне бекітілген қызметтік-іздестіру иттерімен 22 кинолог-мамандарынан тұрады.

Павлодар облысы бойынша КБД 2005 жылы тіркелген 32 есірткі өнімдерін ұстау фактісінің – 24 фактісі кинолог-мамандарымен айқындалды, КБД Кинологиялық қызметімен қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану барысында жүргізілді яғни 75%.

2005 жылы қызметтік-іздестіру иттерімен 56 кг. әртүрлі есірткілер (56288,258 гр.) табылып алынды. Оның ішінде:

Героин – 18149,45 гр., апиын – 33424 гр., гашиш – 792,56 гр., марихуана – 3627,14 гр. 2005 жылдың басыда қызметтік-іздестіру иттерімен 4 факті айқындалды, нәтижесінде 48,47 гр. есірткі өнімдері алынды.

Павлодар облысы бойынша КБД баланс есебінде қазіргі кезде 23 қызметтік-іздестіру иттері бар, оның ішінде 9-ы «Орыс аң аулау спаниеле» ҚІИ тұқымы, 1-і «Ағылшын кокер-спаниель» ҚІИ тұқымы, 10-ы «Неміс овчаркасы» ҚІИ тұқымы, 1-і «Курцхаар» ҚІИ тұқымы, 1-і «Белгиялық овчаркасы-Малинуа» ҚІИ тұқымы және 1-і «Ламбрадор Ретривер» ҚІИ тұқымы. Иттердің орташа жасы 3-те.

Иттерді үйретуге таңдау кезінде және есірткілерді іздеуде «Русский охотничий спаниель» мен «Немецская овчарка тұқымдарын артық көреді, Павлодар аймағының табиғатына жайлы деп, қызметке жарамды деп осы иттерді көбінесе пайдаланады.

Кинолог-мамандарды бекітілген қызметтік-іздестіру иттерімен дайындауларын ҚР Алматы қаласының ҚМ КБК Кинологиялық орталығында өткізеді. Кинологиялық Орталықта Қазақстан Республикасының кедендік органдарының мамандарын ғана емес сондай-ақ, Қазақстан Республикасы басқа құқыққорғау органдары мен жақын және алыс шетел мамандарын оқытып, үйретеді: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ауғаныстан.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі кеден бақылау комитетінің Кинологиялық қызметінің кинолог –мамандары халықаралық әріптестікті дамыту нәтижесінде оқулары мен үйренулерді Блекеде қаласының (Германия) кедендік қызметтік иттерді үйрету мектебінде және Францияның Канн-Эклюз қаласындағы кинологиялық полиция орталығында стажировкадан өтеді.

Өткен жылдың сәуір айында Германияның Блекеде қаласына Павлодар облысы бойынша КБД бір кинолог-маманын оқуға жіберу жоспарланған.

Ақырғы кезде контрабандалық есірткі өнімдерін тасу ағыны, контрабандалық есірткі өнімдерін табу жағдайлары қиындады, себебі күннен-күнге шетелдің криминалды тәжірибелеріне еліктеушілік көбейді. Көптеген жағдайларда есірткілерді мұқият жүктерге, көлік құралдарының конструкцияларына, дене мүшелеріне тығады. Есірткі өнімдерінің қымбат болуына қарай өмір сүру деңгейлері төмен мемлекеттері азаматтарының қызығушылығын арттырады.

Павлодар облысының ІІБ және Кедендік бақылау департаменті бірлесіп жылсайын есірткі өнімдерінің заңсыз айналымының фактілерін анықтау үшін жедел-профилактикалық операциялар өткізеді олар мынадай: «Допинг», «Көкнәр», «Канал», «Заслон» осыларды өткізу барысында есірткі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 13 фактісін анықтады және 91113,04 гр. есірткі тауып алды.

Қазіргі уақытта есірткі бизнесінің даму тенденциясы келесідей сипатталады:

- Павлодар облысының аймағына «ауыр» есірткілердің (героин, кокаин) және синтетикалық стимуляторлардың әкелінуі көбейді. Осы айтылған фактілер орын тапқан;

- есірткі, Ес кетіруші және қатты әсер етуші өнімдері дәрі-дәрмек түрінде өсіп отырғаны жалғасуда;

- Орта Азия, Ауғаныстан және Пәкістан елдерінен есірткінің жеткізілуі көбейді;

- Түркия мен Орта Азиядан Батыс Еуропаға автокөліктерді пайдаланып Қазақстан арқылы героинді тасу үшін аймақтың территориясын пайдаланады;

- Көкнар сабанының, сондай-ақ одан жасалушы, өнімдер контрабандасы ұлғаюымен

- Туркиядан Қазақстан аймағына контрабандалық эфедрин әр түрлі көлік түрлерімен келеді

- ҚР аймағынан Ресейге естікетіруші және қатты әсер етуші өнімдерінің контрабандалық шығарулары көбейді

- Химия өнімдерінің енгізулері жалғасуда заңсыз белгіленген ережелерінің бұзушылығымен пайдалануы үшін

- "Қайырымдылық көмек" жүктерін есті кеіруші және қатты әсер етуші заңсыз жеткізілімдер үшін;

- Контрабанда ұйымдарына осы мақсатта пайдаланылған халықаралық жүк тасуларына заңды тұлғаларды қатыстыру.

- Жоғарыда айтылғандар есірткі контрабандасымен күресті белсендіру бойынша қосымша шараларды қабылдау қажеттілігін көрсетеді, сондай-ақ әзірленетін, жоспарланатын жүзеге асырулышы шаралардың тиімділік жолын көтеру,ең алдыменжедел – іздестіру.

Павлодар бойынша кедендік бақылау департаменті кедендік бақылау техникалық құралдарын белсенді пайдаланады. Барлық қолдағы бар кедендік бақылау техникалық құралдары кедендік бекттер мен басқа бөлімшерінарасында біркелкі таратылған.

Шекаралық кедендік бекетерінің бақылау кезінде КБТҚ, белсенді қолданады және едәір бұзушылықтың бөлігі КБТҚ көмегіменайқындалды.

11 кесте. КБТҚ 2004 – 2005 ж.ж. Қылмыстарды айқындау кезінде пайдаланған.

р/н

Қылмыстар және құқық бұзуларды айқындау кезінде пайдаланылған ТСТК атаулары.

Көрсеткіштер

Айқындалған факторлар

2004

2005

+/-

1.

Байқауға дейінгі рентгендік техника (тасушы, стационарлық, мобильдік).

-

1

+1

2

Тасушының техникалық құралдары тістеуіштер, (теміріздегіштер, эндоскоп, байқаушы айна, радиациялық бақылау құралы)

13

17

+4

3

Идентификациялау техникалық құралдары (драгметалды және тасты айқындағыш, «Sabre 2000» есірткі мен жарылғыш заттарының детекторы, есірткі мен жарылғыш заттарды айқындау үшін хим.реактивтері, ультрафиолетовый фонарь, лупалар)

4

Анықтаушы техникалық құралдары (фотоаппараттары, бейнекамералар, бейнемагнитола, диктофондар).

-

1

+1

5

Оперативті құралдардың техникалық құралдары (тасушы радиостанция, мобильдік, стационарлық, факсимилді байланыс, электронды пошта, жерсеріктік байланыс)

-

3

+3

6

Техникалық көрнекі бақылау құралдары (дүрбі, түнгі қарау аспаптары, тепловизолар)

11

8

-3

7

Аудио-бейнеақпараттар тасушыларды бақылау техникалық құралдары (компьютерлік жүйелер, магнитофондар, бейне магнитофондар, плейерлер, телемониторлар, аудио-бейнеақпараттарды өшіру қондырғылары)

-

5

+5

8

Байқауға дейінгі аспаптар (прожекторлар, аспаптар мен кілттердің терімдері, фонарлар)

405

374

-85

«Бірыңғай аялдама» механизмін енгізу бойынша босату пунктерінде өз міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында біріккен бақылаушылар органдарымен жұмыс жүргізіледі.

Босату пункттерінде мемлекеттік шекарада келесі бақылаушы органдары өздерінің бақылауын жүргізеді:

- Шекаралық бақылау органдары ( Қазақстан Республикасының ҰҚК № 2033 әскери бөлімі шекара қызметі);

- Көліктік бақылау органдары (Қазақстан Республикасы КжБМ Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы);

- Малдәрігерлік – фитосанитарлық бақылау органдары (ҚР АШМ Павлодар облыстық Солтүстік – Батыс аймақтық меммалдәрігерлік облыстық басқарма бөлімі. Мемлекеттік шекараның босату пункінде санитарлық – эпидемиологиялық органының қызметтері бақылауды жүзеге асырмайды шттатық бірліктерінің жетіспеушілігіне байланысты, сондай-ақ, «Ертіс» кедендік бекетінде, олардың міндеттін кедендік бекеттің қызметкерлері орындайды, өз іс-әрекетерін «Ертіс», «Сұлу– ағаш», «Найза», «Аманкелді» кедендік бекеттері өзінің қызметін іске асырмайды.)

Қазақстан Республикасының мемлекттік шекарасы арқылы босату пунктерінде бақылауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-әрекеттік және бақылаушы органдарды орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың орындалуына. Павлодар облысы бойынша КБД «Бір аялдама» принципі бойынша босатуды бақылау пунктінде белгіл жұмыс жүзеге асырылды. Бақылаушы өкілдері мен бірқатар жұмыс кездесулері ұйымдастырылды. Кездесулердің нәтижелері, «Бірыңғай аялдамалар» принципі бойынша барлық бақыланушы органдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен кедендік бекеттері ғимараттарына бақылаушы органдардың өкілдерін орналыстыру тәртібін анықтау мақсатында, босату пунктіне бірігіп шығулары жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта кедендік бекеттердің барлық шекаралық ғимараттарында бақылаушы органдардың өкілдеріне жеке бөлмелер бөлінген. Біріккен бұйрықпен босату пункттерінде бірыңғай жұмыс режимі бекітілген, автокөліктер құралдарының босату пункттері арқыы өткендерінің есебін жүргізу журналының тәрібі мен нысаны бекітілген.

«Шарбақты» кедендік бекетінде Бірыңғай бақылау – босату пункті іс-әрікетке енгізілді.

Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Ресей Федерациясының мемлекеттік кедендік комитеті, Сібір кедендік басқару органдарының арасында бекітілген «Шарбақты» өткізу пункті жұмыс істейді және «Өрлетобе» өткізу пункті жұмыс жасай бастады.

Біріккен кедендік бақылауды мониторгенгтеудің тиімділігі төмендейді, дәлірек айтсақ:

1. Біріккен кедендік бақылау тек қана “Шарбақты” босату пунктінде біржақты тәртіпте жүзеге асырылады.

  1. «Шарбақты» босату пунктінде біріккен кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін Ресей Федерациясының органдарымен кедендік байқауды екінші қайталай жүргізу мүмкіндігі де бар біріккен кедендік бақылау актісі қолда болса да.

  2. Біріккен кедендік бақылауға тек қана тауарлардың белгіленген бір бөлігі «Шарбақты» және «Құлынды» босату пункттері арқылы тасымалданушы тауарлар мен көліктік құралдар Қазақстан Республикасы шығарулышы заттар жатады, сондай-ақ аталған өткізу пункттері арқылы тауарлар транзиттінің режиміне сәйкес жалпы белгіленген тәртіпті кедендік бақылауға жатады.

2004 ж. 23.08. кезеңі ішінде (эксперименттің өткізілу басында) осы кезге дейін «Шарбақты» өткізу пункті арқылы түрлі сипаттағы тауарлармен көліктер құралдары 900 аса өтті. Жалпы өткен автокөліктер құралдарының тек 44 – і тауарларымен кедендік тауарлар экспорт режиміне қойылды.Осылай біріккен кедендік бақылауға жалпы санының 4,8% ғана жақызылды.

2004 жылдың шілдесінен бастап «Кедендік шекара арқылы тауарлар мен Көліктік құралдары тасымалдануы туралы ақпаратпен жедел алмасу тәртібі» Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кедендік органдарының арасында іс-әрекет басталды.