Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы 143.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
29.1 Кб
Скачать

Қаржы 143-топ студенті

Оспанов Айбардың

«ХIIғ. соңы - XIIIғ. басындағы Орталық Азия мен Қазақстандағы этносаяси жағдай» тақырыбына жазған

Ақпарат

ХIIғ. соңы - XIIIғ. басындағы Орталық Азия мен Қазақстандағы этносаяси жағдай мынандай: бұл этникалық суреттеме анау Қытай қабырғасынан басталады : бұнда өмір сүрген этностар, яғни этникалық тайпалар. Қытай қаырғасынан кейін Моңғол көшпенділері, одан кейін Наймандар, Керейіттер. Маңғыттар, Қоңыраттар (этникалық белгіленген жоқ - не Қытайлықтар, не түріктер), т.б. Олардың тіршілік еткен ариалы Қытай қабырғасынан Байкалға ( Буратия, Селенга) дейін, ал Байкалдан Дунайға дейін (Оңтүстік Еуропа, Балканы) өзінің біртүтас мемлекеті болмаған қыпшақтар мекендеген. Сонымен бәз зерттеген уақытта өз мемлекеттеріне, яғни этносаяси, ұлттық мемлекеттерін құрағандар Қарахан мемлекетінің әулеті, Найман мен Керей ұлыстары, Жалайыр, Кидан, Қарақытай мемлекеттері және Қыпшақ хандығы.

Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІ ғ. соңы мен ХІІІ ғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды. 20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, Шыңғысхан деген атақ берді.

1203—1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218 ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224 жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады.

Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды. Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.

Қаржы 143-топ студенті Оспанов Айбардың «Татар - Моңғол шапқыншылығы: тұжырымдамалары, кезеңдері, қорытындары, зардаптары» тақырыбына жазған мәлімет

Татар-Моңғол шапқыншылығының зерттеуінің 1,2,3 негізгі ғылыми көзқарасты, яғни тұжырымдамаларды көрсетуге болады. Көп жыл бойы Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін бүкіл әлемдік кеңестік аумақтарда, оның ішінде Қазақстан да бар, орын алған евро-руссо-цетристтік кеңестік тұжырымдама:

  • Осы концепция бойынша Моңғол - Татар шапқыншылығы көптеген халықтың экономика және мәдени прогрессін, саяси – әлеуметтік және этникалық дамуын шектеп, тек жайылымдарды ғана жаулап алу арқылы көшпелі және отырықшы шаруашылыққа зиян келтірді, қалаларды қаратып, көпшілік адамдардың қырылуына, ұлыстарға бөліп,туысқан топтардың ыдырауына әкелді. Яғни қазақ халқын жаулап өздеріне қаратып алды.

  • Бұл жартылай көшпелі Шыңғысхан империясының отырықшы Хорезм шахпен соғысты.

  • Бұл ірі тайпалардың өздерімен өздері жерге, билікке, Орта Азиядағы ірі мемлекетті құруға ұмтылу күресі.

Кезеңдері:

  1. 1218ж. – 1219ж. Отырарды жаулап алу, шапқыншылық.

  2. 1219ж. – 1221ж. Сыр бойындағы қалаларды, Хорезмді жаулап алды.

  3. 1221ж. – 1221ж. Жошы ұлысына- шығысы Ертіс өзенінен Еуропа жерлеріне дейін, Шагатай ұлысына- оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азия жерлері, Үгедей ұлысына - Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер, Төле ұлысы-моңғолияның өз жері.

  4. 1221ж. – 1224ж. Қарақорымға келіп, атағы шығады.

Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды. Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

Қаржы 143-топ студенті

Оспанов Айбардың

«Алтын Орданың кұрылуы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орданың этносаяси байланыстары» тақырыбына жазған