Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы 143.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
29.1 Кб
Скачать

Мәлімет

Алтын Орда — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты

Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

Алтын Орда өзін билеген хандары – Бату -1243-1255 жж, Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.

Қаржы 143-топ студенті

Оспанов Айбардың

«Алтын Орданың қуаттылығы мен ыдырауы» тақырыбына жазған мәлімет

Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.

XV ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай Ордасын құрды.

1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.

Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздығымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.

Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. XVI ғасырда және XVII ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.

Қаржы 143 – топ студенті

Оспанов Айбардың

«Татар – моңғол шапқыншылығының кезеңдерін анықтайтын»

СҰЛБА