Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРА Қазақстан Республикасының кеден органдар жүйесіндегі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
528.9 Кб
Скачать

1 Тарау. Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні және мазмұны.

    1. Кеден жүйесіндегі басқару туралы түсінік, оның нысаны мен субъектісі.

1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін, дербес мемлекеттің егемендігін және экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеден органдарын құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Президентті нің жарлығымен 1991 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының кеден комитеті құрылды.

Қысқа мерзім ішінде негізгі бағыттар құрылды. Қазақстан Республикасы сыртқы және ішкі саясаттың құрылымдық бөлігі болып саналатын біртұтас кеден саясаты жасалды. Кеден ісінің нормативтік базасы құрылды және дамытылыпжатыр, кадрлар құрамы қалыптастырылды, кеден органдарын басқарудың жүйесі қызмет етіп жатыр, кеден инфрақұрылымының қалыптасуы аяқталды, кеден құқық бұзуларға қарсы күрес жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының кеден қызметі құрылу сәтінен бастап әртүрлі құрылымдық өзгерістерді басынан кешірді: 1992 жылдың қараша айында Бас кеден басқармасы құрылды, кейін – Қазақстан Республикасының кеден комитеті (орталық орган мәртебесінде, Үкімет құрамында емес, бірақ оның қарамағында),1997 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік Кіріс министірлігінің мемлекеттік кеден еомитеті.

2002 жылдың 28-тамызда мемлекеттік Кіріс министірлігі қайта ұйымдастырылды және кеден ісі саласындағы өз қызметін Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган ретінде саналатын Қазақстан Республикасының кеден комитетіне тапсырылды.

Қараша айында Қаржы министірлігінің құрамына кеден бақылау комитетін құру туралы шешім қабылданды.

Қайта ұйымдастыру және алғашқы жетекшілердің жиі ауысуы тәжіребелі қызметкерлердің жұмыстан шығуына, аппаратқа және кеден мекемелеріне жаңа кадрлардың жинақталуына себеп болды. Бұл Қазақстан Республикасы кеден органдарына жүктелген міндеттердің орныдалу сапасына теріс әсерін тигізді. Бұл кеден саласын мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқару қойылғанмақсаттарға жету үшін жоспарлау, ұйымдастыру, дәж ету және бақылау үрдістерін көздейді.

«Басқару» түсінігі көп қырлы және адам іс-әрекетінің көптеген салаларында қолданылады. Әртүрлі әлеуметтік, экономикалық жүйелерде (кеден қызметі де осыған жатады) «басқару» түсінігі түрліше айқындалады. Басқару саласындағы көптеген ресейлік ғалымдар былай деп есептейді: «біріктіру үрдісі арқылы кәсіби дайындалған мамандар мақсаттарды қою және оларды іске асыру тәсілдерін әзірлеу арқылы ұйымдарды және басқаруды қалыптастырады». Мысалға, кеден қызметінің теориясы мен тәжіребесінен алынған «басқару» терминін алайық. Мұндағы, «басқару дегеніміз практикалық шешімдерді қабылдау жолымен адамдардың ұйыдасқан ұжымына әсерін тигізетін және оларды сыртқы және ішкі жағдайларда мақсатқабағытталған мінез құлқысы қамтамасыз ететін ақпараттық үрдіс».

Ресей ғалымы А.Д. Ершовтың пікірі бойынша, «басқару дегеніміз – жүйенің бөлінбесқасиеті – құрылымды сақтауға, ішкі және сыртқы қатынастарды нығайтуға және шешімдердіқабылдау арқылы қойған мақсаттарды орындауға бағыталған әсер ету үрдісі».

Кеден жүйесін басқару дегеніміз – онымен тіл табыса білу, оның ішкі семантикалық тиісін түсіну және қолдану. Кеден жүйесіндегі басқаруды оның элементтер мен бөлшектерінің арасындағы байланыстарды, бүкіл жүйенің динамикалық әсерлесулері терең зерттеудің объектісі болған жағдайда жақсы түсінуге болады. Кеден жүйесіндегі басқарудың маңызды ұстанымдардың бірі – қызмет баспалдақтарын, жүйе салымдарын міндеттейтін біртұтастылық принципі: белгілі бір жүйелер басқа жүйелердің жүйешелеріболуы мүмкін, яғни жүйелер жүйешелерде құралады және басқа үлкен жүйенің құрамына енеді. Мысалы, кеден жүйесі сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамына енеді. Бұл ұстаным кеден ісінің құбылысын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен, кеден ісі – тұтас жиынтық, оның құрастырушы бөлшектері: кеден қадағалау орны, кедендер, бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын аймақтық кедендік бөлімшелер. Бұл құрастырушы бөлшектер жеке тұрғанда біртұтастықта болғандағы қасиеттерге ие бола алмайды, жүйенің біртұтастығында көрінетін қасиет құбылыстың реті болып табылады.

Осылайша, кеден жүйесінің мәні кеден ісінің ішкі мазмұнының берілудың біртұтастығында білінеді: өз кезегінде кеден ісінің ішкі мазмұнының негізгі қызметі арқылы көрінеді. Кеден жүйесінің негізгі қызметі халықаралық алмасу прцесін реттілікпен және үйлесімдіреттеу қабілеттілігі. Бұл кеден ісінің тағайындалуы болып саналады.

Кеден жүйесіндегі басқарудың екінші маңызды принципі – тәріздес принципі. Бұл принципті белгілі бір жүйелер санынан құралған күрделі кеден жүйесінің нақты үлгісінде қарастыруға болады. Кеден бекеті нақты аймақтық кеден бөлімшесінің құрамына енеді, ал бұл өз кезегінде қаржы министірлігінің қарамағындағы кеден бақылау комитет жүйесінің негізін құрайды. Осыған орай , кеден жүйесі бөлшектерінің орналасуы және әсерлесуі элементтердің, компанентердің қарым-қатынасын айқындауға мүмкіндік береді. Бұлар болмаса, қызмет етудің, тұрақтылық, үнемдеушілігін дәрежесінің және басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін т.б. сапалардың себептері туралы сөз етуге болмайды.

Қазіргі кеден комитеті мемлекеттік бюджетті молайтудың негізгі көзі болып табылады. Оларға мыналар жатады:

  • кден ісі жөнінде өкілетті орган;

  • облыстар бойынша және республикалық мәндегі Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттар;

  • кедендер;

  • кден бекеттері;

  • Қазақстан Республикасы кеден шекараларындағы бақылау-өткізу пунктары;

  • Арнайы кеден мекемелері.

Кеден ісіндегі міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы бойынша Астана және Алматы қалаларында арнайы кеден лабороториялар, кинологиялық, есептеу орталықтары және т.б. арнайы кеден мекемелері құрылды.

Кеден ісі жөніндегі өкілетті орган заңды тұлға болып саналады және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ережелер негізінде қызмет етеді.

Кеден ісі жөніндегі аймақтық органдар заңды тұлға болып саналады және кеден ісі жөніндегі өкілетті органның бекіткен ереженің негізінде қызмет етеді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кеден органдары 14 халықаралық мәндегі автожолдарды, 73 республикалық мәндегі автожолдарды, 17 темір дол тараптарды, 13 аэропорт (мұнда өткізу пунктары қызмет етеді) және 1 теңіз порты (Ақтау порты).

Шектесетін мемлекеттермен шекаралардың ұзақтығы төмендегідегі:

  • Ресей Федерациясымен 6980 км.;

  • Қытай халық республикасымен 1560 км.;

  • Қырғыз Республикасымен 1070 км.;

  • Өзбекстан Республикасымен 2310 км.;

  • Түрікмен Республикасымен 450 км..

Қазіргі таңда кеден органдарының құрылымы мен қызметін ашатын 2003 жылдың 1-мамырда күшке енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі қызмет етеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында кеден ісінің ұстанымдары мыналар:

  • заңдылық принципі;

  • құқықты қорғауға және заң алдында тең болуды, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы басқа кызметіндегі қатысушылардың құқықтарын сыйлауды және сақтауды қамтамасыз ету принципі;

  • жариялық принципі.

2005 жылдың 20-маусымнан астап Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне 103 өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

    1. Кеден жүйесіндегі басқарудың нысаны мен субъектісі түсінігі.

Нысандық – пракикалық іс-әрекетте және кеден ісін тануда «нысан» мен «субьект» түсініктерінің мәні ерекше. Бұл түсініктерін әуелде философиялық мәнде пайда болды да, кейін нақты ғылымдарда пайдалана бастады.

Философиялық тұрғыдан алғанда нысан (латынша – objectum – нысан, латынша objection – алдына тастаймын қарама-қарсы қоямын) – оның нысандық сипаттаманы – танымдық іс-әрекетте субьектіге қарама-қарсы тұруы. Нысан түсінігінің қазіргі сипаттамасы Р.Декарттан бастау алады. Мұнда нысан мен субьектінің бір-біріне қарама-қарсы тұруы танудың шығу орны, саның ішінде дұрыстық көз қарасы тұрғысынан білімнің негізінде көріді.

Субьект түсінігі (лаынша subjectus – астында жатқан, негізде орналасқан, sub – астында, jacio – негіз қалау) философиялық тұрғыдан алғанда нысандық сипаттамалы-танымдық іс-әрекеттің жеке тұлғаның немесе адамдар тобының, нысанға бағытталған белсенділіктің иесі.

Ресей ғалымы А.Д. Ершовтың көзқарасы бойынша, әр түрлі бөлімдер салаларында нысан мен субьект түсініктерінің өзінің айырымдық ерекшеліктері және сипаттамалары болады. Мысалы, экономикалық және құқықтық іс-әрекет күрделі астасын жатқан кеден ісінде бұл түсініктердің сипаттамасы, экономикалық-құқықтық реттеудің қай бөлігі әрекетке түсіп жатыр, соған тығыз байланысты (кеден операцияларын іске асырып жатқан сәтте).

Кеден ісіндегі басқару нысаны дегеніміз – басқарудың субъектісі болып табылатын кеден органдарының тарапынан басқарушылық ықпалдар бағытталған құбылыстар. Басқарудың субъектісі кеден ісінде былай түсіндіріледі: белгілі бір мақсаттарға жету үшін алдын ала әзірленген бағдарламалар мен бағыттарға сәйкес белгілі кеден үрдістерін басшылық етудің іс-әрекетті.

Субъект дегеніміз – басқаруды ұйымдастырудың жиынтығы ретінде алынатын басқарушы жүйе. Ескертетін бір жайт, кеден жүйесіндегі басқару баспалдақтар ұстанымы негізінде құрылатындықтан, басқару субъектісі жоғары деңгейдегі кеден органдары үшін нысан болуы мүмкін.

Нысан мен субъектінің жиынтығын ресей ғалымы А.Д.Ершов төмендегідей сипаттайды:

  • басқарудың баспалдақтар (мақсатар,қызметтер, міндеттер, ұстанымдар,әдістер)

  • басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының жиынтығы (кеден органдарының түрлері басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының түрлері)

  • кеден үрдістері басқарудың элементтерінің және құрылымдарының іс-әрекеттері және әрекеттесулері ретінде.

Кеден ісіндегі құқық нысаны дегініміз – кеден ісін іске асырған кезде мемлекеттің реттеу органдары (Қазақстан Республикасы қаржы министірлігінің кеден бақылау комитеті) тұрғысынан реттеу құқығы бекітуге және қорғауға тиісілі болған жағдайда пайда болатын қатынастар нормативтік құқықтық актілерде сыртқы экономикалық қызмет (кейін - СЭҚ) қатысушыларына және кеден шекарасын өтіп жатқан тұлғаларға тиіслі мінез – құқықты, кеден органдарының құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, мемлекет тараптарға мемлекет мүдделеріне жауап беретін қоғамдық мінез құлықты таңдауды ұсынады.

Кеден ісіндегі құқық субъектісі дегеніміз – заң бойынша құқықтар мен заң міндеттерін іске асыруға қабілетті тұлғалар (жеке тұлғалар немесе заң тұлғалары), яғни жеке немесе ұжымдық субъетілер. Кейбір ғалымдардың пікірінше,құқық субъекті мен құқық қатынас субъектісін анырата білу жөн.

Жүйелік қатынаудың негізгі принциптерінің бірі болып табылатын тәріздес принципі жүйе мен басқару нысанының сәйкестігін болжайды. Кеден ісіндегі басқару жүйесі көлеміне борабер болуы тиіс, сондықтан жүйе жұмысының төмен тиімділігін зерттеліп жатқан нысанның сипаттамалы таным дәрежесінде іздеу керек.

Жаңа әдебиеттерде кеден ісіндегі нысанды текке алудың қажеті жоқ деген пікірлер бар. Басқарудың нысаны адам іс-әрекеті түрлерінің үрдістері немесе процедуралары мен операциялары болып табылады деген пікірлер жиі кездеседі. Бірақ та мұндағы басқару нысаны ретіндегі үрдісті таңдау орнынды, егер сөз өндіріс үрдісі жөнінде жүріп жатса. «Басқару» терминінің өзі үрдіс болып саналады.

Кеден және экономикалық «әдебиеттерде кеденді басқару» «сыртқы сауда кәсіпорындарын басқару» сияқты теминдер жиі қолданылады. Бірақ Қазақстандық ғалым С.Т.Алибекованың пікірі бойынша, бұл термин дұрыс емес, өйткені қозғалмалы мүлікті, ғимараттарды, жүру жолдарын және т.б. осы сияқтыларды қалай басқаруға болады.Кеден ісі көзқарасы тұрғысынан бұл олардың кеңістікте және уақытты орын ауысуы. Сондықтан мұнда кедендігі «Басқару» немесе кеден істерін басшылыққа алу айту орнынды.

Басқа да пікірлер бар, басқарудың объектісі ретінде іс-әрекеттің орныққан тізбектілігі сияқты іс-әрекет бағдарламасын санау жөн. Ресей ғалымы Н.И. Бондеретқа былай дейді «әлеуметтік жүйеде басқару нысаны адам емес оның іс-әрекет бағдарламасы болып табылады». Дұрыстығына келгенде басқару нысаны ретінде бағдарламаны емес, іс-әрекет бағдарламасы нәтижесінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты санауға болады.

Кеден ісіндегі басқарудың күрделі нысандары өзінің көп қырлығығымен және үлкен кеңістік-уақыттық және экономикалық құқық толығуымен ерекшеленеді. Кеден ісіндегі басқару мәселелерін зерттеуді жүргізу үшін оған әсер ететін басқарыдың сипатына сәйкес «жүктеу» жүйесінің классификациясын жүргізу қажет.

Кеден жүйесіне кірудің «жүктеуін» келесі сызбада көрсетуге болады:

Кіруді жүктеу (басқару нысаны)

тауарлар көлік құралдары тұлғалар қызмет көрсетулер

интеллектуалдық меншік

Тауар - басқарудың теориясы мен тәжірибесіндегі көпқырлы мен көптеген түрлері барлардың бірі бұл адам іс-әректкінің белгілі бір жақтарына байланысты тауарға келесі ұстанымдарға сәйкес сипаттама беруге болады.

Әрбір тауарды айырбастау процесінде иесі өз еңбегінің қарама–қарсысын алады. Әрине бұл процесте бірыңғай реттеу механизмдері орын алады, оның ішінде кеден қызметі де

Кеден ісінің экономикалық қызыметін тұтынушы құны мен тауар құны арасындағы реттеу ролі атқарады. Бұл реттеулер мемлекттердің кеден тарифтернің халықаралық алмасу процесі кезінде іске асады кеден құнымен және басқа әдістер арқылы анықталады.

Сонымен қатар тауарды кеден ісінің басқа ұстанымымен тұрғысынан қарастыруға болады.

  1. Ұлттық тиесілік:

  • Қазақстандық;

  • Шетелдік.

  • Кеден кенестігіндегі қозғалыс бағыттары

    • Импорттық;

    • Экспорттық;

    • Транзиттік.

  • Сауда айналымдық қолданылуы:

    • сыртқы айналымдағы сату – сатып алу үшін ауыстырылатын, коммерциялық мақсаттарға арналған тауарлар;

    • коммерциялық емес тауарлар, яғни сауда айналымы үшін арналмаған (ауыстырудың сипатына, санына жиілігіне, жол жүрудің жағдайларына байланысты айқындалады).

  • Қазыналық белгілер

    • кеден салық салуға тиісілі тауарлар;

    • салықтан босатылған тауарлар.

    Енді көлік құралдарын қарастырайық. Оларға жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын кез-келген құралдар жатады, оның ішіне контейнелер және т.б. көлік жабдықтары енеді, Атап айтқанда:

    а) өндірістік мақсаттарға арналған және жүктерді коммерциялық тасымалдаумен айналасатын көлік құралдары.

    Оларға мыналар жатады:

    • теміржолы;

    • автокөлік;

    • теңізсуы;

    • өзен суы;

    • мұржа өткізгіштік;

    • электерлік тапсырыс желісі.

    б) жеке мақсаттарға арналған және коммерциялық мақсаттағы тауарларды тасмалдауға арналмаған көлік құралдары «Тұлға» терині кәсіпорын, мекеме, ұйым және т.б. заң тұлғалары, және сонымен қатар жеке тұлғалар дегенді білдіреді. Бүінгі кезенде бұл терминді келесі белгілер бойынша топтастыру қажет:

    1. Заң мәртебесі

    а) жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасы заныңа сәйкес толық көлемде қаблетті және іс-әрекетке қабілеттілігі бар Қазақстан Республиксаның азаматы;

    б) заң тұлғалары – Қазақстан Республикасы заныңа сәйкес жеке меншігінде, шаруашылық жүргізуде немесе оперативтік басқаруда айқындалған мүлігі бар ұйымдар.

    1. Азаматтықтың елі:

    а) Қазақстандық тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республиксаында тұрақты мекені бар азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасы заныңа сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заныңа сәйкес жасалған заң тұлғалары;

    б) Шетелдік тұлғалар – терминде «Қазақстандық тұлға» деп көрсетілмеген тұлғалар.

    1. Тұрғылықты жері

    Резидент – бұл Қазақстан Республикасында тұрғылықты өмір сүру жері бар тұлға, соның ішінде шетелге уақытша кеткендер де бар Резиденттерге мыналар жатады:

    • Қазақстан Республикасында тұрғылықты өмір сүру жері бар жеке тұлға, оған шетелген уақытша кеткендер де кіреді;

    • Қазақстан Республикасы заныңа сәйкес құрылған, орналасу жері Қазақстан Республикасы болып табылатын заң тұлғалары.

    а) шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және т.б. ресми өкілеттіліктер;

    б) резиденттер емес – шетел азамттары, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс тұрғылықты жері бар заң және жеке тұлғалар, оның қатарында уақытша Қазақстан Республикасын мекен етіп жатқандар да бар.

    1. мекен ету орны және уақыты:

    • қашқындар, яғни Қазақстан Республикасының азаматы емес, тегі, діні, азаматтығы, ұлты, белгілі бір әлеметтік топқа тиесілігі белгілері бойынша құрбан болу қаупінен өз елінен тысқары жерді мекен етіп жатқан және бұл мемлекттің қорғауын пайдалана алмайтын тұлғалар;

    • мәжбүрлі қоныс аударушы, яғни оған қатысты немесе отбасына қатысты істелген жәбірлеудің нәтижесінде немесе ізге түсудің басқа формаларында немесе басқа ша әдептер де өзінің тұрғылықты мекенін тастап кеткен Қазақстан Республикасының азаматы.

    Қызымет көрсетулер – бұл адамдарға пайдалы нәтиже әкелетін қызметтер (іс-әректтер). Соңғы уақытта қызымет көрсетулердің халықаралық саудасы үлкен мәнгі ие болады. Көптеген елдерде қызмет көрсету саудасы халықаралық сауда көлемінде ерекше мәнгі ие болып отыр.

    БҰҰ-дың Сатистикалық коммиссиясы, халықаралық Валюттік қор, Еуропалық Кеңес шектерінде және т.б. халықаралық ұйымдарда қызмет көрсетудің статистика саласында бірқатар меторологилық мәселелердің өңделуі жүріп жатыр.

    Бұл жұмыстың негізгі мәселнлері мыналар:

    - халықаралық саудада «қызмет көрсету» ұғымының анықтамасы. Қызымет көрсету классификаторын әзірлеу.

    Бірақ та статистикалық деректердің шектеулігі бұл саладағы жағдайды талдауда қиындық туғызып отыр. КСРО-да, кейін Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда «СЭҚ»-те қызмет көрсетудің уақытша классификаторы бар, қызмет көрсету саласындағы ТН ВЭД ЕврАзЭС- тің өзіндік тәріздемесі. «Сыртқы экономикалық қызметегі уақытша класификаторы». КСРО-ның Мемлекеттік статистика комитетімен БҰҰ - өнімінің біртұтас классификиторына сәйкес бүгінгі күнде қызмет көрсетудің 160 түрі бар, олар 12 негізгі тарауға бөлінеді; солардың ішінде:

    • іскери қызмет көрсетулер – 46 түрі

    • көлік қызмет көрсетулер – 33 түрі

    • байланыс қызмет көрсетулер – 25 түрі

    • қаржы қызмет көрсетулер – 17 түрі

    • жалпы кәсіби қызмет көрсетулер – 34 түрі

    • басқа қызмет көрсетулер – 34 түрі

    Кеден тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қызмет көрсетудің уақытша класификаторы кеден мақсаттары үшін тәжірибеде қолданылмайды, тек қана кейбір сәттер ғана кеден операцияларын басқаруда көрінеді: мысалы,баспабас мәмілесі кезінде, мұнда тауар қызмет көрсетуге айырбасталады, кеден органдары олардың кеден құнына сәйкестігін бақылайды.

    «Кіруді жүктеудің» соңғы түрі – интеллектуалдың меншік. Бүкіл әлемдік сауда ұйымының Уругвай рауындының келіссөздер тауардағы интеллектуалдық меншіктің қорғау мәселелерін жеке дербес сұрақ ретінде бөліп шығарады. Интеллектуалдық меншік құқығының жеке аспектілері бойынша келсімдер. Бүкіл әлемдік сауда ұйымның құқық құрылымының үшін концептуалдың негізін құрайды. Келсім мақсаты: интелектуалдың меншікті қорғау шаралардың нығайту , сөйтіп заңды сауда үшін, сонымен қатар бұл салаға және нормалар мен ережелерді шығаруға. Бүкіл әлемдік сауда ұйымның ережелерін таратуға тосқауыл болмау үшін. Қорғауды қажет ететін соның ішінде кеден шараларының қатусымен, интеллектуалдың меншікке клсімдер мыналарды жатқызады:

    • авторлық және смежді құқық;

    • тауардың белгілер;

    • географиялық нұсқауларды қолдану;

    • өндіріс дизайны;

    • патенттер;

    • интегралды шағын сызбалардың технологиясы;

    • Құпия ақпаратты қорғау.

    Келсім еңгізген жаңалықтардың бірі – қатысушы елдердің интеллектуалдық меншік құқығын қорғау бойынша ұлттық мехнизмдерді құру міндеті. Келісім қатысушы елдерге интеллектуалдық меншік иесінің оның тауарының немесе сауда белгісінің жалған жоюлуы туралы негізделген сұрақ шағымы боыйнша, тауарды импорттаушы елдің аймағында ашық айналымға шығаруды тоқтатуға құқық береді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кеден бақылау комитеті Бүкіләлемдік сауда ұйымы ұсынған Қазақстан Республикасы кеден аймағынан өтетін интеллектуалдың меншікті реттеу бойынша моделдік заңды қарастырып жатыр. Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік сауда ұйымның қатарына енуіне орай, бұл саладағы жұмыс белесіндіріледі.

    Осылайша, оларға жылдарда Қазақстан Республикасының кеден жүейсі «жүктеу» көлемінің артады және күрделенеді, және бұл жүейдегі ұйымдастырушылық басқараудың жетілдіруі бойынша шаралардың күшейту қажеттігін туғызып отыр.

      1. Кеден жүейсіндегі басқару принциптері мен әдістері.

    Кеден ісіндегі көп қырлы, күрделі міндеттердің шешілуі концептуалдық міндеттерсіз, кез-келген кеден процестерінде қолдануға болатын, яғни басқару бойынша жалпы ережелерді құруға арналған бағыттарсыз мүмкін емес. Кеден ісіндегі басқарудың жалпы прициптерін айқындау, үнемі өзгеретін күрделі жағдайларда тез шешемделуге дайындауға арналған бағыттар. Бұндай жағдайларға кеден шешімдерін бейемдеу қажет.

    Принциптердің объективтік сипаты бар және белгілі бір заңдылықтарды білдіреді, орындайды. Осыған байланысты, приципттер – бұл жалпы заңдылықтар олардың шектерінде бақарудың практикалық міндеттерін қою кезінде айқындалатын, басқару жүйесінің әртүрлі құрылмдары арасындағы байланыстар іске асады.

    Кеден ісіндегі басқару принциптері қызметті басқарудың негізгі ережелері мен кеден жүйесіндегі дұрыс ұйымдастырудың негізгі болып табылады.

    Кеден ісі жүйесіндегі басқарудың негізгі далпы принциптері болып мыналар табылады:

    1. Қазақстан Республикасының кеден және сыртқы саясаттының біртұтастық принципі. Қазақстан Республикасында біртұтас кеден саясаты іске асады. Кеден саясаты шектерінде сыртқы сауда іс-әрекетін мемлекеттік реттеу жүйесінің біртұтастық принципі қызмет етуде. Бұл мынаны білдіреді: тұтас заң базасының бар болуы; саясат пен экономикалық шешімдердің бірлігі; нақты мақсаттар мен міндеттерді орындауда қызметтердің құқықтардың және жауапкершіліктердің оның бөлісуі; органдарды басқару мен ведомствалардың білімдер сәйкестілігінің бар болуы.

    2. Қазақстан Республикасы кеден аймағындағы тұтастық принципі. Қазақстан Республикасы кеден аймағының тұтастығы, Қазақстан Республикасы кеден және сыртқы сауда саясатының тұтастығы сияқты, Қазақстан Республикасының кеден жүйесін құрудың негізгі принциптерінің бірі болып саналады.

    Қазақстан Республикасы территориясында еркін кеден аймақтар, еркін қоймалар, орналасуы мүмкін. Олар Қазақстан Республикасы кеден аймағынан тыс орналасқан деп қарастырылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің кеден комитеті белгіленген жағдайлар болмаған кезде.

    Басқару аспектісіндегі кеден аймағының тұтастығы кеден кеңістігі уақытындағы тұтас ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық толғуды болжайды.

    3. Заңдылық принципі. Бұл принцип бойынша кеден операцияларын басқаруымен негізгі ережелер заңдарға және халықаралық келісімдерге негізделеді. Бұл кеден органдары және СЭҚ қатысушыларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтетін барлық жеке тұлғаларға қатысты.

    4. Жариялық принципі. Экономиканың нарықтық қатынасқа қөшуіне және СЭҚ шұғылданудың құқығы мен мүмкіндігінің кеңеюне байланысты 90 жылдардың басында СЭҚ-ті мемлекеттік реттеуі енгізіліп жатқан шаралардың жариялылығымен байланысты принциптерді өңдеу қажеттілігі, кеден ақпараты барлық адамдардың қол жеткізу және қоғамдықкөзқарасты есепке алу қажеттігі туды. Жариялылық сипат, мысал, Қазақстан Республикасының кеден тарифтері және кеден баждарын орнату процедуралары осындай баждарды орнату негізіндегі ҚазақстанРеспубликасы өндірістің әртүрлі салаларының мүдделерін есепке алуды ғана емес сонымен қатар оның сауда – агент елдер үшін саяси мәнді жоғарлатуғамүмкіндік берді. Жоғарыда қарастырылған кеден ісіедегі басқару принциптері әртүрлі қолдану арқылы іске асады.

    Әдіс – бұл ұйымның қойған мақсаттарына жету үшін, басқарылып жатқан объектіге әсер етудің тәсілдері мен жолдардың жиынтығы. Әдіс кеден мақсаттарын іске асыру тәсілі ретінде, кеден ісінің сипаттамалы-танымдық қалыптаманы басқару объектісіне бағыттарын, мазмұнын, яғни басқарылып жатқан объектіге әсер етудің амалдары мен тәсілдердің специфмкасын білуден шығады.

    Кеден тәжіребесінде әртүрлі әдістер және олардың жиынтығы қолданылады. Сонымен қатар анықтаудың нақты әдісінде кеден ісінің сипаттамалы-танымдық қалыптамасының әртүрлі компоненттері және олардың бағыттары, әсер етудің мазмұны мен ұйымдастырушылық формасы үйлеседі және әрекеттеседі. Осыған байланысты басқарудың келесі әдістерін бөліп қарастыруға болады:

      1. Ұйымдастырушылық әдістер, олар мыналарға бөлінеді:

    • өкімшілік әсер ету әдістері

    • ұйымдастырушылық -тұрақтандырушылық ықпалдар

    • ұйымдастырушылық -тәртіптік ықпалдар

    Өкімшілік әсер ету әдістері: бұл әдіс кеден қызметінің функционалдық ұйымдастыру мен үйлестіруде басты әдістердің бірі болып табылады.

    Ол объектік басқаруға нормативтік-құқықтық актілер, нұсқамалар, бұйрықтар, өкімдер, т.б. арқылы тікелей әсер етеді.

    Ұйымдастырушылық -тұрақтандырушылық ықпал ету әдісі. Бұл әдіс кеден операцияларын іске асырған кездебасқару шешімдерін қабылдауды реттелуге, нормалауға және нұсқаулауға негізделген. Ұйымдастырушылық-тұрақтандырушылық ықпал ету әдісі кеден органдарықызметкерлерінің және СЭҚ қатысушыларының қызметкерінің, жауапкершіліктерін, өкілеттіктерін, құқықтарын және міндеттерін бөлу үшін арналған.

    Ұйымдастырушылық –тәртіптік ықпалдар әдісі. Бұл әдіс кеден органдарының және сәйкес бөлімше жетекшілерінің бұйрықтары мен өкімдері көмегімен уәжделген кеңес, ескерту және т.б. рет –ретімен қолдануға негізделген.

    Тәртіптік әдістер жұмыстың ұймдастырушылық негіздерін қолдану, тәртіптілікті, кеден органдарында орныққан жүріс- тұрыс пен іс- әрекеттәртібі мен ережелерін сақтау үшін арналған.

    Тәртіптік әсер етудің 2 әдісі бар:

    А) экономикалық әдістер, олар кеден ісіндегі басқарудың негізгі әдістерінің бірі болып саналады. Бұл басқару қатынастары ең әуелі экономикалық қатынастар арқылы анықталатынына байланысты. Ресей ғалымы А.Д. Ершовтың пікірі бойынша, басқаруда қолданылатын әдістердің екі түрінажыратуға болады:

    • ішкі экономикалық әдістер;

    • сыртқы экономикалық әдістер.

    Ішкі экономикалық әдістер, біріншіден, кеден органдары қызметкерлерінің еңбектерін төлеумен, яғни жолақы, үстеме ақы, сыйлық, сыйақы жүйесімен тығыз байланысты, екіншіден, осы экономикалық уәждер арқылы тұтас қызметкерлер ұжымын және тұлғаның талаптарын қанағаттандыратын әсерге қол жеткізілетін.

    Сыртқы экономикалықәдістер сыртқы сауда операцияларынжәне СЭҚ қатысушыларының қызметін реттеумен байланысты.

    Б) кеден ісіндегі басқарудың құқық әдістері ұйымдастырушылық және экономикалық әдістермен тығыз байданысты, кейбір кездерде олар бір- бірінен бөлімбейді және кеден құқығының әдістеріне негізделері құқықтық реттудің екі негізгі әдісі бар:

    • өкімдік басқару әдісі (императивтік әдіс)

    • үйлестіру әдісі (диспозитивтік әдіс)

    Өкімдік басқару әдісі әкімшілік құқыққа тән. Ол реттеудің өкімдік императивтік бастамасымен ерекшеленеді. Кеден қатынастарын мемлекеттік реттеу қажеттігі кеден саласындағы мемлекет іс- әрекетінің спецмфикасынан туындайды.

    Үйлестіру әдісі өкімдік басқару әдісіне қарағанда қатысушылардың құқық қатынастарының заң теңдігін болжайды және бір ұтымды жері азаматтық құқықты қолданады. Бұл әдіс кеден құқығында көмекші әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс арқылы кеден органдары бір жақтан және кеден брокерлары, тасымалдаушылар, жеке кеден қоймасы иесі екінші жағынан кейбір міндеттік қатынастарреттеледі.

    Кеден құқығы құқықтық реттеудің үш негізгі әдісін қолданады:

    • предписание;

    • рұқсатнамалар;

    • тыйым салулар.

    2. Әлеуметтік –психологиялық әдістер, басқару қызметінің нәтежелері, шешімдерді қабылдау бірқатар психологиялық факторларға байланысты. Бұл факторларды есепке алу, әлеуметтік –психологиялық әдіс арқылы адамдарға әсер ету жанжал жағдайлардашешуге, адамдардың бір- бірімен әрекеттесулерін жақсартуға, қойған міндеттерді шешуге көмектеседі.

    Психологиялық әдістер қадағалау өзін- өзін қадағалау, эксперемент, кемшіліктерді қабылдау процесінің анализі , кадрларды сұрыптау және дайындау, оқиғаларды, фактілерді, өмір жолы күндерінің анализі және психодиагностика әлеуметтік- психологиялық, алды тұрған мақсатармен қалыптастырумен тығыз байланысты.

    Кеден ісіндегі басқарудың жоғарыда қарастырылған әдістері бір- бірімен түрліше үйлеседі. Бұл пайда болатын мәселелерді шешуге жан- жақты қатынау мүмкіндігін туғызды.