Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРА Қазақстан Республикасының кеден органдар жүйесіндегі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
528.9 Кб
Скачать

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының кеден органдар жүйесіндегі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.

Жоспар:

Кіріспе

1 тарау.Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны.

    1. Кеден жүйесіндегі басқару туралы түсінік, оның нысаны мен субъектісі.

    2. Кеден жүйесіндегі басқарудың принциптері мен әдістері.

2 тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдарын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы (Павлодар облысы бойынша Кдендік бақылау департаментің негізінде).

2.1. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.

2.2.Қазынагер іс - әрекетінің анализі.

2.3.Құқық қорғау қызметін ұйымдастыру.

3 тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін ұйымдастыру мәселелері мен жетілдіру болашағы.

Қорытынды.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы кешенінде тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы саудасы ерекше орын алады.Әлемдік саяси және экономикалық үрдістерді көлемдендіру шарттарында халықаралық еңбек бөлісупроцесі тереңдетілуде, мемлекеттердің өзара бір – біріне тәуелділігі күшеюде; мемлекеттердің кеден аумақтарында және сырт аумақтарында тауарларды қайта өңдеу тәсілдері мен түрлері күрделенуде. Осындай жағдайда мемлекет іс - әрекетінің басты шарттары борлып екі фактор алынады – бәсекеге қабілеті өнім мен қызмет көрсетулерді өндіру қабілеттілігі, және сонымен қатар ұлттық мемлекеттердің өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді байдалану икемділігі. Тек қана сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту ұлттық экономикасының, ғылыми – техникалық прогресстің нығаюына, өнімнің, қызмет көрсету және тұрғындардың оңтайлы жұмыспен қамтылуының сапасы мен бәсекеге қабылетілігін жоғрлауына өз әсерін тегізеді.

«XXI ғасырдың сұрауларына төтеп бере алатын және ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған белсенді, жан-жақты және теңгерімді сыртқы саясат мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады». Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтасыз ету ісінде кеден қызметі басты роль атқарады. Ол экономиканың базалық институттарының бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын реттеуге және қазынагер қызметтін іске асыруға қатыса отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті үнемі молайтады және сол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге қатысады. Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуы – жана заңның шығарылуын талап етті. Елдің ұлттық қауыпсыздігімен байланысты құқық инфрақұрылымын қалыптастырылуы басымдық бағыттардың айқындалуына және сәйкес заң шаралардың қабылдануына негіз болды. Осы бағыттардың бірі кеден реттеу саласы болып табылады. Кеден саласы монополиалық мемлекеттік реттеу қажеттігі толық көлемді оның ішкі және сыртқы саясаттын – кеден саясатының бөлшектерін айқындау жолы арқылы, арнайы органдарды – кеден қызметін мақсаттарға жету құралы – кеден ісін құру арқылы оның жасалуына әкелді.

Кеден реттеуімен байланысты мемлекеттік реттеуінің салалары болып қорғау, ұлттық қауыпсыздік, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополиялар, экология, көлік және т.б.

Ойластырылған қолдау шаралары арқылы кеден қызметі ұлттық өндірісті қорғайды.

Жаңа нарықтық шарттарында Қазақстандық экономика «Ашық» мемлекеттік шекаралар «Ашық» және көптеген жерлерде «Айқын емес» болған жағдайда республиканың экономикалық қауыпсідігі мәселесі бұрыңғыға қарағанда әлдеқайда күрделене және ауқымдана түсті. Кеден қызметтінің жаупкершілік аймағы болып мемлекеттің сыртқы экономикалық қызмет саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өзінің күшттері мына міндеттерді шешуге бағыттады:

  • Кеден қызметінің алдына қойған басты міндетті орындауды қамтамасыз етуге қабылетті кеден инфроқұрылымын құру;

  • Егемендіктің экономикалық негізін және елдің мемлекеттік кауыпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін қорғау;

  • Баждарды, алымдарды және салықтардың кейбір түрлерін төлеттіру арқылы республикалық бюджетті молайту;

  • өздерінің тауарларын шетелге шығарғаны үшін қазақстандық экспорттаушыларына тиесілі төлемдердің өз уақытында толық репортриациялаудағы кеден – банктік валюталық бақылауды іске асыруға қатысу;

  • Қазақстанның сыртқы саудасының кеден статистикасының қалыптастыру, жүргізу және ұсыну (ресми жариялау);

  • Кеден қызметтін қамтамасыз ететін құқықтық заң базасын құру.

Соңғы уақыт ішінде кеден заңында көптеген өзгерістер енгізілді, кеден ісі үшін негіз болып саналатын нормативтік актілер – Кеден кодексі қабылданды. Кеден кодекссіндегі бар нормалармен ережелер кеден қызметтінің әлемдік нормаларына сәйкес келеді. Осыған орай Қазақстандық кеден қызметтінің іс-әрекеті үшін, сыртқы экономикалық іс-әрекетті іске асыру механизмдерін өндіру үшін, Қазақстанды әлемдік шаруашылыққа біріктіру үшін, оның халықаралық өндірістік кооперациаларды дамытуға қатыстыру үшін құқықтық негіз құрылды.

Қазақстанның кеден бақылау комитетінің ролі мемлекеттің кеден саясатын әзірлеуде белсенді қатысатын ведомства ретінде өсті. Кеден төлемдерін төлетудің және технологияларын енгізу, олардың мерзімді және дұрыс есептеуін қаммтамасыз ету, олардың республикалық бюджетке толық көлемде түсуін бақылау ұйымдастыру – осының барлығы экономикалық нәтежелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан кеден саясаты Қазақстандық нарықты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экономиканың, экспорттың және импорттың орнын басатын өңдірістің дамуын ынталандыруға, шетел инвесторларын тартуда жәрдемдесуге, сыртқы экономикалық, сауда және бюджеттік саясаттың міндеттерін шешуге өзінің тиімді септігін тигізді. Республиканың политикалық байланыстардың белсенді дамуына, мемлекеттің бюджетіндегі табыстардың көбеюіне, қызмет мүмкіндіктерінің жақсартылуына әсер етті.

Кеден құқық базасының әрі қарай жетілдірілуі кеден органдары құрылымының жетілуіне әкеледі, ал Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа белсенді енуі кеден органдарықызметін кеңейтеді. Бұл үрдістің белсенді жүріп жатқанын біз келесі нормативтік актілерде көреміз: «Шанхайлық ұйым ынтымақтастығының мүшелері болып табылатын мемлекеттер арасында есірткі заттардың, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы және оларды тасымалдаушыларға қарсы күрес жүргізудегі ынтымақтастық туралы келісім – шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. 16.06.2004 ж. бастап №1396 «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қатысушылары мен достастыққа енбейтік мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекараларданөткізу бекеттеріндегі шекара әскердің ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 29.09.1999 жылдан бастап №220; «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шектестік облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 20.04.1995 жыдлдан бастап №2213; «Қазақстан Республикасының Кеден Агенттігі мен «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ассациясының бірлескен заң тұлғаларының арасындағы ынтымақтастық туралы» мемарандум; 25.02.2003 жылдан бастап №НК-43 «салық бақылауындағы электрондық құралдарды қолдану саласындағы ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы» келісім; «Халықаралық және халықаралық қатынастардағы автокөлік арқылы тасымалдауды бақылауды Республикалық Автоматтандырылған жүйесін және Ақпараттық қамтамасыз етудіқұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қауылысы, 22.05.1997 жылдан бастап №861; 20.05.2003 жылдан бастап №229 «Тауарлар мен көлік құралдарынмағлұмдау туралы» келісім; 13.06.2000 жылдан бастап «Қзақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министірлігі мен Тәжікстан үкіметінің қарамағындағы кеден комитетінің арасындағы контробанла мен кеден ережелерінбұзуға қарсы, сонымен қатар қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі заттардың, психотроптық заттардың және прикурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу ынтымақтастығы туралы келісім»; 02.09.1999 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министірлігі мен Армения Республикасы үкіметінің қарамағындағы кеден комитетінің арасындағы контробанда және кеден ережелерін бұзуға қарсы, сонымен қатар қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттардың және прикурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізуынтымақтастығы туралы келісім»; 29.04.2000 жылдан бастап №01-10/13 «Ресей Федерациясынан Ресей федерациясына Қазақстан Республикасы арқылы және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы территориясы арқылы жүретін теміржол көлігі арқылы тасымалданатын тауарларды Ресейлік және Қазақстандық кеден органдарының кеден бақылауының технологиялық сызбасы». Көріп отырғанымыздай, кеден органдары сыртқы экономикалық байланыстарда және Қазақстан халқының құқықтарымен мүдделерін қорғау салаларында мемлекеттік саясаттыжүргізетін құрал ретінде көрінеді.

Осыған орай таңдалған тақырыптың өзектілігімен оның практикалық құндылығы айтарлықтай.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі тақырыптың оның мақсаттары мен міндеттерін айқындады.

Зерттеу мақсаты:кеден бақылау органдарының құқықтық базасын және арнайы оқу құралдарын зерттеу және практикалық материалдарды талдау негізінде Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметін әрі қарай жетілдірудің жолдарын айқындау.

Зерттеу мақсатына орай келесі міндеттерді орындау көзделіп отыр:

  • Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметінің құқықтық негіздерімен танысу;

  • Павлодар облысы бойынша кеден бақылау департаменті қызметінің нәтежелерін талдау;

  • Кеден органдары қызметінің мәселелерін айқындау және оларды шешу жолдарын табу.

Зерттеу нысаны: кеден органдары қызметін іске асыру үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Жұмыстың методологиялық негізі болып кеден органдар қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, шетел және отандық ғалымдардың монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары, зерттеу тақырыбына қатысты мерзімді басылымдардың жариялымдары.

Салыстырмалы талдау 2004 – 2005 жылғы Павлодар облысы бойынша кеден дік бақылау департаменттің материалдары негізінде жасалды.