Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп

.pdf
Скачиваний:
333
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29 жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің ұзақ мерзімді несиесін жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

3010

1040

= 500000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешектерді жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4120— 4140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Еншілес (бағынышты) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабылатындықтан, шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

4120—4140

1010, 1040

МСИ-ның декларацияларын

 

 

есептеу бойынша есептер, шот-

 

 

фактуралар, төлем тапсырмалары,

 

 

квитанциялар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30 жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге сомада еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді қарызын жапты (төледі).

231

Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

4120

1040

= 2200000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

б)Алынғанұзақмерзімдіаванстардыжабу.Оларбойыншаесептер № 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жабылуы (төленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 4410 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

4410

1010, 1040

Келісімдер, салыстыру актілері,

 

 

төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29 жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін бұрын алынған ұзақ мерзімді авансты жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

4410

1040

=

1700000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

в) Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар № 4110 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді берешек» пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Жеткізушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу)

232

болғандықтан, шаруашылық операция № 4110 шоттың дебетіне № 1010, 1040, 1210—1240, 1610, 3010—3020 шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Құжаттар

 

2110—2140

Келісімдер, шот-фактуралар,

4110

2910

жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,

 

1010, 1040

 

квитанциялар

3010—3020

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210, 1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздары кемиді.

Пассивтішот(№3010)орналасқанкездебаланстыңпассивіндетек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.

Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының 16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000 теңге сомаға ұзақ мерзімді берешек есебінен берілген құрылыс материалдары үшін жеткізушінің шоттарын төледі. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

4110

1040

= 2600000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

2) кәсіпорын ұзақ мерзімді берешек есебінен алынған құрылыс материалдары үшін 2005 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы №2 салыстыру актісі мен шот-фактураға сәйкес, 1500000 теңге сомаға айырбастау (бартер) жасады. Бұл жағдайда бухгалтерлік

233

проводка төмендегіше болады:

 

 

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

4110

2110

=

1500000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

3) кәсіпорын бұрын алынған ұзақ мерзімді аванстар есебінен 2005 жылы шілде айының 23 жұлдызындағы №11 салыстыру актісіне сәйкес, 170000 теңге сомада жерді күрделі тегістеуге пайдаланған су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

4110

2910

=

170000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

4) кәсіпорын банкіден алынған ұзақ мерзімді қарыздар есебінен

2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен № 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

4110

— 4010

=

3700000

2 типті операция

П (-)

П (+)

 

 

 

Сонымен, біз 4 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық операцияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық.

234

V. Бөлім. Капитал мен резервтер

Бұл бөлімнің пассивті екені және 5 (№ 50, 51, 52, 53, 54) бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Капиталдың түрлері пассив болып табылады, өйткені ол шаруашылық құралдар, ақша қаражаттарының және т.б. пайда болу көзін бейнелейді.

Капитал элементтерінің пайда болуын (есептелуін) қараймыз. Бұл жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз капиталдың қандай элементтерден ұйымдастырылатынын немесе ол

қандай баптарға алып барылуына назар аударуымыз керек.

а) Капиталды жариялаудан (тіркеуден). Бұл шаруашылық операциялар № 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің пассивті шоттарында бейнеленеді. Жарияланған капитал құрылтайшылар мен қатысушылардың салымдары есебінен жарияланатындықтан, шаруашылық операция № 5010 шоттың кредитінен № 5020 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

5020

5010

Құрылтай құжаттары,

 

 

 

жалпы жиналыстың хаттамалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан жарғылық капитал жарияланады (тіркеледі), екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның пайда болу көздері бойынша міндеттемелер келіп шығады. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 2007 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысының № 29 хаттамасына сәйкес, құрылтайшылар мен қатысушылардың салымдары есебінен 10000000 теңге мөлшерде жарғылықкапиталжарияланды(тіркелді).Бұлжағдайдабухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

5020

5010

= 10000000

2 типті операция

П (-)

 

П (+)

 

 

235

ә) Жарияланған капиталға салымдар есебінен. Бұл шаруашылық операциялар№2710,2730«Материалдықемесактивтер»,2410—2417, 2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 «Тауар-материалдық қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті шоттарында бейнеленеді. Салымдар жағдайында жоғарыда көрсетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орналасқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5020 шоттың кредитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

2710, 2730

 

 

2410—2417

5020

Құрылтай құжаттары, көшірмелер,

1310—1317

жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері,

1330, 1350, 1010, 1020, 1040

кіріс кассалық ордерлер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 2007 жылы қаңтар айының 26 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 2 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:

1) 800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

2711

— 5020

= 800000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

2) 1200000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

2414

— 5020

= 1200000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

236

3) 2800000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1317

— 5020

= 2800000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

4) 1600000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1010

— 5020

= 1600000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

б) Номиналды құн бойынша айналымнан акцияларды алып тастаудан. Бұл шаруашылық операциялар № 5010 «Жарияланған капитал» пассивті шотында бейнеленеді. Акцияларды айналымнан алыптастауноминалдықұнбойыншаболатындықтан,шаруашылық операциялардың жазуы № 5010 шоттың дебетіне № 5210 шоттың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

5010

5210

Жиналыстардың хаттамалары,

 

 

 

қайта тіркеу құжаттары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады.Біржағынанкәсіпорынқұрылтайшыларыменқатысушылары салымдарының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталы көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы тамыз айының 23 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 6 хаттамасының шарттарына сәйкес, 3200000 теңге сомаға меншікті акциялар айналымнан алынып тасталды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

237

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

5010

5210

= 31200000

2 типті операция

П (-)

 

П (+)

 

 

в) Кәсіпорынның акцияларын құрылтайшылар мен акционерлер тарапынан ақша немесе басқа мүлік арқылы алудан. Бұл шаруашылық операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес активтер», 2410—2417, 2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 «Тауар-материалдық қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті шоттарында бейнеленеді. Салым ретінде жоғарыда көрсетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орналасқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы жоғарыдағышоттардыңдебетіне№5020шоттыңкредитіненжасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

2710, 2730

 

 

2410—2417

511

Құрылтай құжаттары,

көшірмелер,

 

 

1310—1317

жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері,

1330, 1350, 1010, 1020, 1040

кіріс кассалық ордерлер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 2007 жылы мамыр айының 24 жұлдызындағы ұжымның жалпы жиналысы № 6 хаттамасының шарттарына сәйкес, жарияланған капиталға құрылтайшылармен төмендегілер енгізілді:

1) 1800000 теңгеге бағдарламалармен қамтамасыз ету. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

2711

— 5020

= 1800000

3 типті операция

238

А (+) П (+)

2) 2100000 теңгеге көлік құралдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік

жазу төмендегіше болады:

 

 

 

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

2414

5020

=

2100000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

3) 1900000 теңгеге құрылыс материалдары. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1317

5020

=

1900000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

4) 3200000 теңге сомада қолма-қол ақша. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1010

5020

=

3200000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

5) 2000000 теңге сомада тауарлар. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1330

5020

=

2000000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

г) Капитал резервтеріне қаржы бөлуден. Бұл шаруашылық операциялар № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» пассивті шотында бейнеленеді. Резервтік капитал бөлінбеген пайданың есебінен ұйымдастырылыпжәнекредиттікжағындаболатындықтан,шаруашылық операцияның жазуы № 5430 шоттың дебетіне № 5310, 5340 шоттар-

239

дың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

5430

5310, 5340

Кәсіпорын жарғысы, есептер,

 

 

 

қаржы бөлулер

 

 

 

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы көбейеді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы кемиді.

Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: сақтандыру компаниясының жарғысына сәйкес, жыл сайын ұйымның жылдық бөлінбеген табысының 40%-ы резервтік капиталға аударылуы қажет болған. 2007 жылы қаңтар айының 19 жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 4 хаттамасына сәйкес, 80600 теңге сомада резервтік капиталға қаржы бөлінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

5430

— 5310

=

80600

2 типті операция

П (-)

П (+)

 

 

 

Енді капитал элементтерінің кему (шығыс етілу) жағдайларын қараймыз.

Бұл жағдайларда капиталдың қаралатын элементтері дебет бойынша өтеді. Осы жерде біз капиталдың қай элементтер есебінен кемитініне назар аударуымыз керек.

а) Жарияланған капиталдан қатысушылар салымдарының алынып тасталуынан. Бұл операциялар № 5010 «Жарияланған капитал» пассивті шотының дебетіне № 2710, 2730, 2410—2417, 2930 1310— 1317, 1330, 1350, 1010, 1020, 1040 шоттардың кредитінен жүргізіледі. Салымдардың алынып тасталуы материалдық ресурстар, негізгі құралдар мен ақша қаражаттары есебінен жасалатындықтан, жазу

240