Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп

.pdf
Скачиваний:
333
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

зудың дұрыс жасалғанын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорынның жарияланған капиталына құрылтайшылар тарапынан салымдар ретінде 2005 жылы қазанның 28 жұлдызындағы құрылтай құжаттар, бағалау актісі мен № 135 жүкқұжатына сәйкес, 1200000 теңгеге құрылыс материалдары енгізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

1317

— 5020

=

1200000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

в) Тауар-материалдық қорлар қолма-қол ақшаға алынды.

Бұл жағдайда келудің көзі жеке тұлғалармен қолма-қол ақшаның төлемі болып табылады. Шаруашылық операцияның жазылуы төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1310—1315

1010

Кассалық құжаттар,

1317, 1330

 

жүкқұжаттар, бағалау актісі

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (яғни, ақша қаражаттары тауар-материалдық қорларға айналады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын жеке тұлғалар арқылы 2005 жылы сәуір айының 13 жұлдызында № 118 жүкқұжатына сәйкес, 600000 теңгеге әртүрлі тауарлар сатып алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1330

— 1010

= 600000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

г) Тауар-материалдық қорлар қайтарымсыз түрде қабылданды. Бұл жағдайда келу көзі оларды сырттан жеке және заңды тұлғалар тарапынан қайтарымсыз түрде берілуі болып табылады. Ал, бірдеңенің қайтарымсыз түрде алынуы шаруашылық субъект үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады және оған

171

салық салынады.

 

 

Дт

Кт

Құжаттар

1310–1315

6230, 6280

Жолдама құжаттар, қабылдау-

1317

 

өткізу актісі, жүкқұжаттар,

 

 

бағалау актісі

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.

Бір жағынан тауар-материалдық қорлардың көлемі, ал екінші жағынан бір мезгілде негізгі емес қызметтен түскен табыстың мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын өзінің бас кәсіпорынынан 2005 жылы ақпанның 23 жұлдызындағы бас кәсіпорынның шешімі, қабылдау-өткізу актісі мен № 89 жүкқұжатына сәйкес, 600000 теңгеге әртүрлі тауарларды қайтарымсыз түрде қабылдады. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1330

— 6280

= 600000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

ғ) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы- ларменесепайырысу№1210—1230«Сатыпалушыларментапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы № 1210—1230 шоттардың дебетіне № 6010 шоттың кредитінен жасалады.

Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше

болады:

 

 

Дт

Кт

Құжаттар

1210 — 1230

3130, 6010

Шот-фактура

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті

172

шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.

Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын, кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын сатып алушыға 2005 жылы мамыр айының 28 жұлдызында № 142 шот-фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомада тауарлар өткізді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

 

Ескерту

1210

6010

=

1000000

3 типті

операция

 

 

 

 

 

А (+)

 

П (+)

 

 

 

2) тауарлардың көрсетілген партиясына 2005 жылы мамыр айының 28 жұлдызындағы № 142 шот-фактураға сәйкес, 150000 теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

1210

— 3130

=

150000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

д) Еншілес (бағынышты) ұйымдардан. Олармен есеп айырысу

1220–1240 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлықберешегі»активтішоттарындабейнеленеді.Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көзі: ақша қаражаттары, өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 1220–1240 шоттардың дебетіне

1040, 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1220 — 1240

1040, 3130, 6010

Төлем тапсырмалары,

173

шот-фактуралар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).

Пассивті шот (№ 3130, 6010) жайғасқан жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС мен негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) есеп айырысу шотынан еншілес ұйымдардың есебінен 2005 жылы наурыз айының 23 жұлдызындағы № 89 төлем тапсырмасына сәйкес, 500000 теңге сомаға төлем жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

1220

— 1040

=

500000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

 

2) еншілес кәсіпорынға 2005 жылы мамыр айының 6 жұлдызындағы № 49 шот-фактураға сәйкес, 900000 теңгеге дайын өнім өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1220 —

6010 =

900000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

е) Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектер бойынша. Олар бойынша есеп айырысу № 1250, 1270, 1280, 1420 «Басқа дебиторлық қарыздар» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, есептелген сыйақылар, қызметкер мен басқа тұлғалардың қарыздары, дауласулар бойынша есептерді қоса, өзге дебиторлық қарыздар болатындықтан, жазу № 1250–1420 шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280 шоттардың кредитінен жасалады.

174

Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1250—1420

1010, 1040, 3310, 3350,

Төлем тапсырмалары,

3390, 6120, 6210, 6280 шығыс кассалық ордерлер, еңбекақы бойынша бет есептер, келісім шарттар, сыйақылардың есептері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).

Пассивті шот (№ 3310, 3350, 6120, 6210, 6280) жайғасқан жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар, сондай-ақ негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында материалды жауапты тұлғаға 2005 жылы сәуір айының 25 жұлдызындағы № 1039 шығыс кассалық ордерге сәйкес іссапар шығыстарына 15000 теңге сомада қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу

төмендегіше болады:

 

 

 

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1250

1010

=

15000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

2) зейнеткерлікке шығар кезде еңбегі сіңген қызметкерге 2005 жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы кәсіподақ комитетінің шешімімен № 9 қабылдау-өткізу актісі бойынша 180000 теңге құнымен жеңіл автомобиль сыйға тартылды.

Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

175

1280

6210

=

180000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

ж) Алдағы кезеңдердің шығыстары бойынша. Олар бойынша есеп айырысу № 1620, 1630 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері: сақтандыруполисі,жалақысы,алдағыкезеңдердіңбасқашығыстары болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 1620–1630 шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 1310–1315, 1317, 3310, 3350, 3390, 8030 шоттардың кредитінен жасалады.

Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1620, 1630

1010, 1040, 1310-1315, 1317,

Төлем тапсырмалары,

3310, 3350, 3390, 8030 шығыс кассалық ордерлер, еңбекақы бойынша бет есептер, келісім шарттар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстарға актілер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040, 13101315, 1317, 8030) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан алдағы кезеңдердің шығыстары көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның активтері мен ақша қаражаттары шығыс етіледі).

Пассивті шот (№ 3310, 3350, 3390) жайғасқан жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан алдағы кезеңдердің шығыстары, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) жаңа өндірістерді дайындау, сондай-ақ жаңаагрегаттардыорнатуүшін2005жылымаусымайындағыжұмыс жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 800000 теңге сомада құрылыс материалдары жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

176

1630 —

1317

=

800000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

 

2) 2005 жылы I-тоқсанда кен орнындағы кен-дайындау жұмыстарын жүргізу үшін 2005 жылы наурыз айының 26 жұлдызындағы кен-жүргізу бригадасының жүктеліміне сәйкес, кеншілерге 1900000 теңге сомада еңбекақы есептелді.

Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

1630

— 3350

=

1900000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

з) Берілген аванстар бойынша. Олар бойынша есеп айырысу № 1610 «Берілген аванстар» активті шотында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері ақша қаражаттары болғандықтан, шаруашылық операциялардың жазылуы № 1610 активті шоттың дебетіне № 1040, 1050, 1070 шоттардың кредитінен жасалады.

Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1610

1040, 1050, 1070

Төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).

Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорында тауар-материалдық ресурстарды жеткізіп беру үшін 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы № 832 төлем тапсырмасына сәйкес, 2400000 теңге сомада аванс аударылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

177

1630

1040

=

2400000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

Біз қысқа мерзімді активтердің көбеюін (келуін) қарадық.

Ендіқысқамерзімдіактивтердіңкему(шығысетілу)жағдайларын қараймыз.

Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді инвестициялардың кемуі

Аталған жағдайларда қысқа мерзімді активтер кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз олардың құны қайда шығыс етілетініне (бағытталатынына) назар аударуымыз керек.

а)Тауар-материалдыққорлардықолма-қолақшағасатыпалу.Бұл есептер 1310—1315, 1317, 1330 «Тауар-материалдық қорлар» активті шоттарында бейнеленеді. Активтер осы активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1310—1315

 

 

1317

1010

Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,

1330

 

ақша чектері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1315) 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан материалдық ресурстар көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада ақша қаражаттарының мөлшері кемиді).

Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында қолма-қол ақшаға 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 16 жүкқұжатына сәйкес, 360000теңгесомағатауарсатыпалынды.Бұлжағдайдабухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

178

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1330

1010

=

360000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

2) кәсіпорында қолма-қол ақшаға 2005 жылы қаңтар айының 18 жұлдызындағы сауда үйінің № 632 жүкқұжатына сәйкес, 63500 теңге сомаға малға беру үшін дәрі-дәрмек сатып алынды. Проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1315

1010

=

63500

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

3) қалалық базарда қолма-қол ақшаға 2005 жылы маусым айының 16 жұлдызындағы базардың анықтамасы мен № 438 жүкқұжатына сәйкес, 50000 теңге сомаға тігін машиналарын жөндеу үшін материалдар сатып алынды. Проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1310

1010

=

50000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

ә)Есептісомаларберу.Бұлесептер №1250«Қызметкерлердіңқысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» активті шотында бейнеленеді. Активтеросыактивтішотқашығысетілетіндіктен,ақшақаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1250 —

1010

Кәсіпорын басшысының бұйрығы,

 

 

шығыс кассалық ордерлер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1250) 1 типті «Активтіактивті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық

179

қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.

Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: 1) кәсіпорын директорының Астанаға іссапармен барып қайтуына 2005 жылы маусым айының 16 жұлдызындағы №1138шығыскассалықордерінесәйкес,іссапаршығыстарына34000 теңге мөлшерде қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік

жазу төмендегіше болады:

 

 

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

1250

1010 =

34000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

б) Еңбекақыны қолма-қол ақшамен төлеу. Бұл есептер № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Активтер еңбекақыға шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

3350

1010

Есептеу-төлеу ведомосы

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылы тамыз айының 31жұлдызындағы№8төлемведомосынасәйкес,480000теңгесомада тамыз айындағы жұмысшылардың еңбекақысы қолма-қол ақшамен берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

3350

1010

=

480000

4 типті операция

180