Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп

.pdf
Скачиваний:
333
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

П (-)

А (-)

в) Берілген

аванстар. Бұл есептер № 1610 «Берілген қысқа

мерзімді аванстар» активті шоттарында бейнеленеді. Активтер осы активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне жасалады. Проводка тө-

мендегіше болады:

 

 

Дт

 

Кт

Құжаттар

1610

1010, 1040

Келісім шарттар,

төлем тапсырмалары, шығыс кассалық ордерлер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1610) 1 типті «Активтіактивті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның берілген аванстар бойынша дебиторлық қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: келісім шарттар бойынша жеткізіп берушіге 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы № 832 төлем тапсырмасына сәйкес 2400000 теңге сомада материалдар жеткізіп беру үшін аванс аударылды (берілді). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

1610

1040 =

2400000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

г) Жеткізушілермен есеп айырысу. Бұл есептер № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шотында бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілердің заттары немесе қызметтерін төлеуге шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:

181

Дт

 

Кт

Құжаттар

3310

1040

Төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3310) баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздар жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: мердігерге үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында орындалған жұмыстар үшін 2005 жылы қазан айының 5 жұлдызындағы № 1342 төлем тапсырмасына сәйкес, 2300000 теңге сомада ақша аударылды (төленді). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

3310

1040

= 2300000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

ғ) Салықтар мен бюджетке төленуге міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу. Бұл шаруашылық операциялар № 3110, 3120—3190 «Салықтар бойынша міндеттемелер» пассивті шоттарында бейнеленеді. Активтер салықтар, жинаулар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеуге шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

3110, 3120 — 3190

— 1010, 1040

Төлем тапсырмалары, салық

 

органдарының квитанциялары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана пассивтішоттарорналасқан.Бұлжағдайда(№3110)баланстыңактиві менпассивікемитін4типті«Пассивті-активті»операцияорыналады.

182

Бір жағынан бюджетке кредиторлық қарыздар жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: салық инспекциясына кәсіпорынның есеп айырысу шотынан аудару жолымен 2005 жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы № 1039 төлем тапсырмасына сәйкес, 65000 теңге сомада әлеуметтік салық төленді (аударылды). Бұл жағдайда

бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

 

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

3150

1040

=

65000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

д) Шаруашылық шығыстарды төлеу. Бұл есептер № 7210 «Әкімшілік шығыстар» активті шотында бейнеленеді. Шаруашылық шығыстарға: әкімшілік, банктік, пошта-телеграфтық, сот шығыстары, айыппұлдарды төлеу, демеушілік және қайырымдылық жәрдем ету жәнет.б.жатады.Активтеросыактивтішотқашығысетілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне шығыс етіледі. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

7210 —

1010, 1040

Төлем тапсырмалары, шығыс

 

 

кассалық ордерлер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210) 1 типті «Активтіактивті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызындағы пошта бөлімшесінің № 336 квитанциясына сәйкес, 32000 теңге сомаға арнайы газеттер мен журналдарға жазылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

183

7210

1010

=

32000

1 типті операция

А(+) А (-)

Материалдық қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектердің кемуі

а) Тауар-материалдық қорларды өткізу. Бұл шаруашылық операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» және № 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» активті шоттарында бейнеленеді. Шығыстар осы активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, тауар-материалдық қорлар енді кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазылуы № 7010, 7110 шоттардың дебетіне № 1310— 1315, 1317, 1320, 1330 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

7010, 7110

1310—1315, 1317,

Дайын өнімді, тауарларды

 

1320, 1330

өткізу актісі жүкқұжат,

 

 

шот-фактура

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан дайын өнімнің өзіндік құны мен өткізілуі бойынша шығыстар көбейеді, екінші жағынан сол сомада кәсіпорынның тауар-материалдық қорлары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылы қыркүйек айының 12 жұлдызындағы № 189 дайын өнімді өткізу актісіне сәйкес, 1800000 теңгеге дайын өнім өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

7010

— 1320

= 1800000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

 

 

184

 

2) дайын өнімді ыдыспен (жәшіктермен) қамтамасыз ету үшін 2005 жылы шілденің 16 жұлдызындағы № 86 жүкқұжатына сәйкес, 6500 теңгеге құрылыс материалдары (тақта) шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

7110

— 1317

=

6500

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

 

ә) Материалдық ресурстарды өндіріске шығыс ету. Бұл жерде негізгі, меншікті, көмекші өндірістер мен олардың үстеме шығыстарының қажеттіліктеріне материалдық ресурстардың шығыс етілуі жасалады. Бұл шаруашылық операциялар № 8011, 8021, 8031, 9041 «Материалдар» активті шоттарында бейнеленеді. № 801, 802, 803, 804 бөлімшелердің нөмірлері өндіріс немесе шығыстардың түрін көрсетеді.

Шаруашылық операцияның жазылуы төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

8011, 8021, 8031, 8041

— 1310—1315, 1317

Материалды

 

 

жауапты тұлғалардың

 

 

материалдық есептері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан аяқталмаған өндіріс көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың I-тоқсанында ерлер көйлектерін тігу бойынша негізгі өндіріске 2005 жылы наурыз айындағы цех бастығының материалдық есебі бойынша 980000 теңге сомада материалдар шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

185

8011

— 1310

=

980000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б) Қызметті қысқартатын жағдайлар кезіндегі материалдық ресурстарды шығыс ету. Бұл жерде оның зардабын болдырмауға материалдық ресурстарды шығыс ету орын алады. Аталған шаруашылықоперациялар№7510«Табиғиапаттарданболғанзалалдар» активті шоттардың дебеті бойынша бейнеленеді.

Шаруашылық операциялардың жазылуы төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

7510

1310—1315, 1317

Кәсіпорын бойынша бұйрық,

 

 

материалдық ресурстарды

 

 

шығыс ету туралы акті

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан табиғи апаттардың салдарын жою бойынша шығыстар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорынның қызметін қысқартумен байланысты жағдайды қалпына келтіру үшін кәсіпорын 2005 жылы сәуір айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 125000 теңге сомада құрылыс материалдары шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

7510 —

1317

=

125000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

 

в) Өнімсіз шығыстарға материалдық ресурстарды шығыс ету. Бұл жерде өнімсіз шығыстар: кем шығу, қиянат жасау, қайтарымсыз түрде өткізуге және т.б. материалдық ресурстар шығыс етіледі. Өнімсіз шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарға жатады. Бұл шаруашылық операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» активті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Бірақ, бұл жерде олар ең

186

соңында шегерулерге жатпайтындықтан, «өнімсіз» деген белгімен белгілеу ұсынылады. Шаруашылық операциялардың жазылуы төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

7210 өнімсіз

1310—1315, 1317 Кәсіпорын бойынша бұйрық,

 

 

түгелдеу немесе қабылдау-

 

 

өткізу актісі

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шот орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан өнімсіз шығыстар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: жергілікті мектепке демеушілік жәрдем ретінде 2005 жылы қараша айының 26 жұлдызындағы қабылдау-

өткізу актісіне сәйкес, 60000

теңге сомада материалдар қайтарымсыз

түрде берілді.

 

 

 

Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

7210 өнсіз

— 1310 =

60000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

г) Негізгі құралдардың жөнделуіне материалдық ресурстарды шығыс ету.

Бұл жерде негізгі құралдарды жөндеуге материалдық ресурстар шығыс етіледі.

Аталған шаруашылық операциялар № 2412—2417 «Негізгі құралдар» активті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұл жердематериалдықресурстардыңқұныкәсіпорынныңшығыстарына емес, негізгі құралдар құнының артуына шығыс етіледі.

Шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

2412—2417

1310—1315, 1317

Материалды жауапты

 

 

тұлғалардың материалдық

187

есептері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан негізгі құралдардың құны артады, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: цехтың өндірістік жайын жөндеу үшін кәсіпорын 2005 жылы қазан айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 350000 теңге сомада құрылыс материалдарын жұмсады. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

1412

— 1317

=

350000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

 

Сонымен, біз 1-бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық операцияларды құрудың үлгілерін қарап, талдау жүргіздік.

188

II. Бөлім. Ұзақ мерзімді активтер

Бұл бөлімнің активті екені және 10 (20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29) бөлімшеден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Ұзақ мерзімді инвестициялар мен дебиторлық берешектер, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, аяқталмаған құрылыс және жануарлар ұзақ мерзімді активтер болып табылады, өйткені олар бар болуды білдіреді және активті шоттарда бейнеленеді.

Олардың келуін (көбеюін) қараймыз:

Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз келудің көзіне назар аударуымыз керек.

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)

а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушылармен есеп айырысу № 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көздері: өтелугетиісҚҚС,негізгіжәненегізгіемесқызметтентүскентабыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы № 2110 шоттың дебетіне № 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады.

Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

2110

3130, 6010

Шот-фактура

189

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.

Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын, кәсіпорынныңнегізгіжәненегізгіемесқызметтентүскентабысының мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын сатып алушыға 2005 жылы мамыр айының 28 жұлдызында № 142 шот-фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомада ұзақ мерзімді тапсырыс өткізді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

2110

— 6010

= 1000000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

2) тауарлардың көрсетілген партиясына 2005 жылы мамыр айының 28 жұлдызындағы № 142 шот-фактураға сәйкес, 150000 теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

2110

— 3130

=

140000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардан. Олармен есеп айырысу № 2120—2140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көзі: ақша қаражаттары, өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 2120—2140 шоттардың дебетіне № 1040, 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

190