Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп

.pdf
Скачиваний:
333
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Дт

Кт

Құжаттар

1010, 1040

3010—3050

Келісімдер, несиелерді есептеу

 

 

бойынша есептер, төлем

 

 

тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының 28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада қысқа мерзімді несие алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1040

— 3010

= 3000000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

ә)Салықтарменбюджеткебасқаміндеттітөлемдердіесептеуден. Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер» шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Салықтардың есептелуі өзіндік құн, жалпы және әкімшілік шығыстары немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сон- дай-ақперсоналдыңеңбекақысынанұсталатындықтан,шаруашылық операция№3110—3190шоттардыңкредитінентөмендегішоттардың дебетіне жасалады:

Дт

Кт

Құжаттар

1210, 3350, 7010

3110—3190

Салықтарды есептеу бойынша

7210, 7710, 8013

 

есептер, МСИ-ның

 

декларациялары, шот-фактуралар

Жазудыңдұрыстығынтексереміз:дебеттікжағындаактивтіжәне пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1210) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыз-

211

дары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады.Біржағынанеңбекақыбойыншакредиторлыққарыздаркемиді,ал екіншіжағынанбірмезгілдесолсомағасалықтарбойыншакредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдаркелтіреміз:1)кәсіпорында2005жылдың1тоқсанында 2005 жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы өткізу актісіне сәйкес, өткізілген өнім мен тауарларға 360000 теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

1210

3130

=

360000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

2) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында 2005 жылы наурыз айының31жұлдызындағыесептерменМСИ-ныңдекларацияларына сәйкес, 28000 теңге сомада жер салығы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

7210

3160

=

28000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

3) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИ-ның декларацияларына сәйкес, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысынан 189000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

801

3150

=

189000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

4) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИ-

212

ның декларацияларына сәйкес, жеке тұлғалардан табыс салығы 16400 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

 

 

 

Сома

Ескерту

 

Кт

 

3350

3120

 

=

16400

2 типті операция

А (-)

 

П (+)

 

 

 

б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыздардан. Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес (бағынышты) ұйымдарға кредиторлық қарыздар» пассивті шоттарының кредиті бойыншабейнеленеді.Қарыздардыңесептелуіеншілес(бағынышты) ұйымдардың есебінен болатындықтан, шаруашылық операция №3320—3340шоттардыңкредитінентөмендегішоттардың дебетіне

жасалады:

 

 

Дт

Кт

Құжаттар

2411—2930

 

 

1310—1315, 1317

 

 

1010, 1040

3320—3340 Келісімдер, шот-фактуралар,

3010—3020

 

төлем тапсырмалары,

3310

 

жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан кездебаланстыңактивіменпассивікөбейетін3типті«Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді.

Пассивті шот (№ 3310) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар кемиді,алекіншіжағынанбірмезгілдесолсомағаеншілесұйымдарға кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес, 2700000 теңге

213

сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

1310

3320

= 2700000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға қарыздар есебінен 2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі мен 6 маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге сомада банктің қарыздары жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

3010

3340

= 2000000

2 типті операция

П (-)

 

П (+)

 

 

3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға қарыздар есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 699 төлем тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп берушілердің шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше

болады:

 

 

 

 

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

3310

3330

= 1800000

2 типті операция

П (-)

 

П (+)

 

 

в) Қысқа мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер №3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді.Активтеркредиторларданалынатындықтан,шаруашылықоперация№3510шоттардыңкредитінен№1010,1040шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1010, 1040

3510

Келісімдер, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана

214

активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы № 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге сомада қысқа мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

1040

— 3510

= 2000000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

г) Жеткізушілерге болған кредиторлық қарыздардан. Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен, шаруашылық операция № 3310 шоттың кредитінен № 1310—1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

1310—1315

 

Келісімдер, шот-фактуралар,

1317, 1330

3310

жүкқұжаттар

1420

 

 

7210, 8010

 

 

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шотфактураға сәйкес, 1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын

215

алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

1317

3310

= 1000000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шотфактураға сәйкес, 150000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

1420

3310

= 150000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

3) су шаруашылығы мекемесінен мақтаны суару үшін пайдаланған суға 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 168 шот-фактурасына сәйкес, 160000 теңге сомада шот алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

8011

— 3310

=

160000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

д) Басқа кредиторлық берешектерді есептеуден. Бұл операциялар

33«Қысқамерзімдікредиторлықберешек»бөлімшесішоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Кредиторлық қарыздардың есептелуі өзіндік құнға, жалпы және әкімшілік шығыстар немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сондай-ақ персоналдыңеңбекақысынанұсталатындықтан,шаруашылықоперация

3220,3350,3380,3390шоттардыңкредитінентөмендегішоттардың дебетіне жасалады:

Дт

Кт

Құжаттар

3350, 7010, 7210

3350, 3380,

Еңбекақыны, сыйақыларды

7310, 8012, 8013,

3220, 3390

есептеу және МСИ-ның

216

декларациялары бойынша

есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 7010, 7210, 7310, 8012, 8013) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.

Пассивтішот(№3350)орналасқанкездебаланстыңпассивіндетек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.

Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) шойын құю цехының жұмысшылары мен линиядағы персоналға қыркүйек айында 2005 жылы сол айдағы жүктелімдерге сәйкес, 2800000 теңге сомада еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

8012

3350 =

2800000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

2) кәсіпорында сырт ұйымдардың қаражаттарын пайдаланғаны үшін2005жылықыркүйекайының13жұлдызындағы№3келісіміне сәйкес, 38000 теңге сомада сыйақылар есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

7310

3380

= 38000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

3) кешенді бригада дәнекерлеушісі А. Сәрсенбаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы еңбекақысынан ережеге сәйкес, 4500 теңге сомада Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық мөлшерде ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

217

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

3350

3220

=

4500

2 типті операция

П (-)

 

П (+)

 

 

 

4) цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомосына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000 теңге сомада ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

3350

3390

= 18000

2 типті операция

П (-)

 

П (+)

 

 

Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.

218

Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)

Аталған жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.

а) Қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3010, 3020 «Қысқа мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3010, 3020 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

3010, 3020

1010, 1040

Келісімдер, несиелерді есептеу

 

бойынша есептер, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29 жұлдызындағы№857төлемтапсырмасыменбанктіңкелісімшартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің қысқа мерзімді несиесін жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

3010

1040

=

500000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

ә) Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдер жабылатындықтан (төленетіндіктен), шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

219

Дт

Кт

Құжаттар

3110, 3130—3190

1010—1040

МСИ-ның декларациялары,

 

шот-фактуралар, төлем тапсырмалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада салықтар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдаркелтіреміз:1)кәсіпорында 2005жылдың1-тоқсанында сол жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы декларациясы мен шотфактураларғасәйкес,өткізілгенөнімментауарларүшін280000теңге сомада ҚҚС төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

3130

1040

=

280000

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

2) 2005 жылдың 1 тоқсанында сол жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы декларациясы мен есептерге сәйкес, жеке табыс салығы 18500 теңге сомада төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

3120

1010

=

18500

4 типті операция

П (-)

 

А (-)

 

 

 

б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»шоттарыныңдебетібойыншабейнеленеді.Еншілес(қауымдастырылған)ұйымдарғакредиторлыққарыздаржабылатындықтан, шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

220