Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ КУРСТЫ ЖМЫС.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
948.22 Кб
Скачать

Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістер

Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеуімен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік құны бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияаларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады.

Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындарының есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.

Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорындарында тап осындай нұсқа өте жиі кездеседі және ол басқарушы есеп деп аталады.

Сөйтіп, өндірістік есеп қаржылық есебін кеңейтеді және ол негізінен фирманың ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп есептік саясаттың аясында Халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылса, басқарушы есеп іс жүзінде ондщай тәртіппен белгіленбейді. Халықаралық есептің тәжірибесі мынаны көрсетіп береді: кәсіпорынның әрбір саласында, сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне, көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркін маневр жасауына мүмкіндік беретін көпсалалы профмлі бар екенін ескерген жөн, демек, өндірістік есептің қатаң тәртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын іс болып табылады.

Стандарт-кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу.Стандарт-кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шын мәнінде, ол бөлістік, тапсырыстық, бөлшектік жай және басқа да өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын шығару әдітерімен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен алғанда, стандарт-кост жүйесі машина жасау кәсіпорындарында қолдау үшін әзірленген. Алайда бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. Одан басқа, стандарт-кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Директ-костинг жүйесі бойынша өндіріс өндіріс шығындарын есепке алу. Соңғы жылдары индустриалды дамыған елдердің өнеркәсібінде директ-костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алу жүйесі кең тараған. Есептің бұл жүйесінде өндіріс шығындарының есебі тұрақты, айнымалы, өндіріс көлеміне пропорционалды өзгеретін шығындар болып бөлінеді. өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шағындар енгізіледі. Тұрақты шығындар жеке шоттарда жинақталып, қаржылық нәтиженің шоттарымен тікелей жабылады.