Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аспан и К.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
81.39 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

«БАҒАЛАУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенті

Сарсенбек Ботакөздің

ЕСЕБІ

Оқу-танысу тәжірибе өткен орны: «Аспан и К» ЖШС

Тәжірибе өту мерзімі: 08.06.-12.06.2015

Кәсіпорыннан бекітілгенжетекші,

бас бухгалтер: Тургунбекова О.Ш

АЛМУ бекітілгенжетекші,

э.ғ.к., доцент Досманбетова А.С.

Алматы, 2015

ЖОСПАР

КІРІСПЕ................................................................................................................3

I БӨЛІМ. «Аспан и К» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік.

    1. Серіктестіктің қызмет мақсаты мен жарғылық капиталы..........................4

1.2Серіктестіктің құқықтары мен міндеттері...................................................5

1.3 Мекеменің есеп саясаты..............................................................................6

II БӨЛІМ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП.

2.1Ақша-қаражаттарының есебі мен қаржылық инвестиция.........................8

2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу.................15

2.3 Тауарлы-метериалдық қорларды есепке алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу.........................................................................................................19

2.4 Еңбекақы бойынша есеп айырысу.................................................................22

2.5 Меншікті капитал туралы есептілік..............................................................26

2.6 Кәсіпорындағы қаржылық есептілік..............................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................35

Қосымшалар

Кіріспе

Мен өзімнің оқу тәжірибемді 08.06.2015 – 12.05.2015 аралығында «Аспан и К» ЖШС мекемесінде өткіздім. Тәжірибе кезінде көптеген іс қағаздармен таныса келе мен олардың дұрыс толтырылуы және де әрбір құжаттың қандай қызмет атқаратының қарастырдым. Олардың ішінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер, ақша қаражаттары, тауарлы – материалдық қорлар есебі, негізгі құралдар есебі, материалдық емес активтер есебі, меншікті капитал есебі, табыстар мен шығындар есебі, міндеттемелер есебі, жұмысшылармен және қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысулардың есебі және т.с.с.

I бөлім. «Аспан и к» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

    1. Серіктестіктің қызмет мақсаты мен жарғылық капиталы.

«Аспан и К» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық Кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылы 22 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес жауакершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық – құқықтық нысанында құрылды.

Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

Серіктестіктің дөңгелек мөрі, дербес балансы, банкте есеп және басқа да шоттары және өзінің атауы бар бланкілері бар.

ЖШС «Аспан и К» орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Абай көшесі 3 “A” үй.

Серіктестіктің меншік нысаны: жеке меншік. Серіктестік әрекеті шектелмеген мерзімге құрылды. Серіктестік қызметкерлерінің орташа жылдық саны елуден аспайтын және активтердің бір жылдағы құны сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 60 000 есе айлық есептік көрсеткішінен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъекті болып табылып, жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Серіктестік жұмыскерлерінің орташа жылдық саны шағын кәсіпкерлік субъекті ретінде, барлық жұмыскерлерді, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктерінің және сол субъектінің өзге де ерекше бөлімшелерінің жұмыскерлерін есепке ала отырып белгіленеді.

Серіктестік пен оның қатысушысы арасындағы өзара қарым-қатынас адалдық,

Серіктестік қызметінің мақсаты таза табыс алу болып табылады. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Серіктестік қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:

  • Дезинфекциондық қызмет;

  • Көлік қызметі;

  • Жүк тасымалдау;

  • Авто бұйымдарды көтермелеп және жеке сату;

  • Инвестициялық қызмет;

  • Коммерциялық қызмет;

  • Туризм;

  • Жарнамалық – ақпараттық қызмет;

  • Сыртқы экономикалық қызмет;

    және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тиым салынбаған қызметтің өзге де түрлері.

    Лицензиялануы тиіс қызмет түрлері лицензияның барында жүзеге асырылады.

    Серіктестіктің жарғылық капиталы

    Серіктестіктің қызметін ұйымдастыру үшін 1 150  000 (бір миллион жүз елу мың) теңге мөлшерінде серіктестіктің жарғылық капиталы қалыптасты. Мемлекеттік тіркеу сәтіне жарғылық капитал толығымен қалыптасты. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар , соның ішінде жерді пайдалану құқығы мен зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде бола алады. Серіктестіктің қатысушысы үлесті белгіленген мерзімге салу жөніндегі міндеттерін орындамаған кезде серіктестік өз капиталының (өзінің таза активтерінің) есебінен қатысушы салмаған үлестің бір бөлігін салуға немесе жарғылық капиталды оның енгізілмеген бөлігіне дейін азайтуға тиіс. Серіктестіктің жарғылық капиталын өзгерту (ұлғайту немесе азайту) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеліп соғады.