Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аспан и К.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
81.39 Кб
Скачать
    1. Серіктестіктің құқықтары мен міндеттері.

Серіктестік пен оның қатысушысы арасындағы өзара қарым – қатынастар. Серіктестік мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлғаның мәртебесіне ие болады. Серіктестіктің оқшауланған мүлкі бар және ол өз міндеттемелері бойынша осы мүлікпен жауап береді. Серіктестіктің азаматтық құқықтары бар және оның қызметімен байланысты әрі Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді көтереді. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікті оған тиесілі барлық мүлікпен көтереді. Серіктестік қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал қатысушылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметімен байланысты шығындар тәуекелін салған салымдарының құны шегінде көтереді. Серіктестіктің қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Серіктестіктің дербес балансы, банк шоттары, өз атауы көрсетілген мөрі бар. Серіктестіктің өз тауар белгісі мен символикасы бар, әрі олардың үлгілері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі және тіркеледі. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде филиалдар мен өкілдіктерді, сондай – ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен серіктестіктің басқа да оқшауланған бөлімшелерін құруға құқылы. Серіктестік басқа заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалардың қатысушысы ретінде бола алады. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыра алады. Серіктестік пен оның қатысушысы арасындағы өзара қарым – қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:

  • осы Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;

  • серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;серіктестік қызметінен осы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;

  • серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе  серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; осы Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: құрылтай шартының талаптарын орындауға; құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға; серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің құрылтай құжаттарымен осы Заңда көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.