Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ КУРСТЫ ЖМЫС.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
948.22 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе ........................................................................................................................3

1.Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляцияалудың түрлері мен объектілері....................................................................................................................5

2. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың нормативтік тәсілі......................................................9

3. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістер..................................................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................24

Қорытынды..............................................................................................................25

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты : нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету. Курстық жұмыстың міндеті:Калькуляциялаудың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін бақылау,шығындар обьектісін дұрыс белгілеу, өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде факторларды ескеру.

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

         Қазіргі экономикалық әдебиеттер калькуляциялық жұмыстарды жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын (атқарылғанжұмыстар мен көрсетілген ақылы қызметтерді қоса есептеп ) экономикалық есептеу жүйесі деп анықтап береді. Калькуляциялау барысында өндіріске жұмсалған  шығын өндірілген өнімдердің мөлшеріне  сәйкес есептелініп, шағалылған өнім бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Калькуляциялаудың басты міндеті  — өндірілген өнім бірлігіне, сатуға және ішкі қолданыстарға жұмсалған шығындырды есептеу. Калькуляциялық жұмыстардың қорытынды нәтижесі калькуляциялық тұжырым болыптабылады. өнімнің өзіндік құнын, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген ақылы қызметтердің мөлшерін анықтау үшін калькуляциялық  жұмыстар бірнеше түрге бөлінеді. Жоспарлы калькуляция жоспарлы мерзім ішіндегі еңбек шығындары мен өндіріс құралдарының прогрессивтік нормаларының, техникалық прогресстің одан әрі дамуы мен өндіріс өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру негізінде жасалады. Жоспарлы калькуляциялаудың түрлері мыналар болып табылады: Атқарылған жұмыстарға немесе тапсырыс берушілермен бірлесе отырып, немесе басқа мақсаттарда өнім құнын анықтау үшін бір жолға калькуляцияжасау.

Шығындардың ағымдағы нормалары кәсіпорынның сол кезеңдегі жұмыстардың өндірістік мүмкіндіктеріне сәйкес болады. Есепті кезеңнің басында шығындардың ағымдағы нормалары жоспарлы калькуляцияда көрсетілген нормалардың орташа көрсетілген нормалардың орташа көрсеткішінен жоғары, ал есепті кезеңнің аяғында – төмен болады. Осы себепті де өнімнің нормативтік өзіндік құны есепті кезеңніңбасында жоспардағыдан жоғары, ал есепті кезеңнің соныңда – төмен болып шығады.

Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақтылы) калькуляциясы нақтылы шығындарды көрсетеді. Сол себепті де жоспарлы калькуляциядан ауытқушылықтар болуы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар  негізінен кәсіпорынға тәуелді (кәсіпорынның өндірістік жоспарын асыра орындауынан, немесе керісінше бұл жоспардың орындалмай қалуларынан, шығындардыңжекелеген түрлерінен үнем болу немесе артық шығындар болуынан ) және кәсіпорынға тәуесіз себептерден материалдар бағасының өзгеруі, амортизациялық аударымдардың өзгеруі, электр қуаты, жылу мен су тағы да басқа тарифтерінің өзгерулері болады.

Нормативтік калькуляция жоспарлы калькуляциялардың әртүрлі тектеріне жатады және шығындардың есебін нормативтік әдіспен немесе өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау арқылы жүргізетін кәсіпорында пайдаланылады. Олардың негізінде жұмсалған шығындардың деңгейін көрсететін ағымдағы және қолданыстағы нормалар қолданылады. Кәсіпорын жыл бойы ұйымдастыру –техникалық жоспарда көрсетілген іс шараларын жүзеге асыратын ескере отырып нормативтік калькуляциялардың жоспарлы калькуляциялармен салыстырғанда есепті мерзім ішінде өнім өндіруге жұмсалған шығындарды нақтылы және дәйрек есептейтінін байқаймыз.