Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.26 Кб
Скачать

3.2.Тәуекелділікті талдау және бағалау

Тәуекелді талдауды сандық және сапалық тұрғыда жүргізуге болады.

Сапалық талдау – тәуекелдіктің басқарудың 2-ші кезеңі болып табылады. Сапалық талдаудың басты мақсаты тәуекел пайда болатын кезеңдер мен жұмысшылардың анықтау, яғни сапалық талдау арқылы мүмкін болатын тәуекел салаларын анықтап мөлшерін белгілеуге болады.

Тәуекелдіктің талдау келесідей реті бойынша жүзеге асырылады:

  • Нақты бір тәуекел түрін артуға немесе кемітуге әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтау;

  • Анықталған фактор бойынша талдау жүргізу;

  • Нақты тәуекел түрінің қаржылық әсерін анықтап бағалау;

  • Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау (жобаның өтімділігін анықтау);

  • Экономикалық тиімділігін бағалау қаржылық ресурстарының салудың тиімділігін анықтау;

  • Мүмкін болатын тәуекел деңгейіне сәйкес келетін жекелеген операцияларға талдау жасау.

Тәуекел дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті (экономикалық және саяси дағдарыс, инфляция, бәсеке, экология,кеден салығы және т.б. ұйымға тәуелсіз) және субъективті (ұйымға тәуекелді,ұйымның өндірістік қуаты, мамандар құрамы, шауруашылық байланыстары, қаржылық жағдайы және т.б.) деп екіге бөлуге болады.

Тәуекелділіктің сандық талдау – Қаржылық тәуекел бойынша жалпылама, немесе оның жекелеген түрлері бойынша келтірілетін залалды ақшалай өлшем бірлігінде анықтауы.

Жекелеген тәуекел түрлерінің мөлшерін анықтау үшін әр түрлі талдау тәсілдері қолданылады:

1.Статистикалық әдістер – қолдана отырып, осы ұйымдағы немесе ұқсас ұйымдағы орын алған табыстар мен шығыстар статистикасы зерттеледі, әр бір экономикалық қайтымдылық мөлшері және оның жилігі анықталып, алдағы кезеңде болжам жасалынады. Осы мақсатта көбінесе варияция, дисперсия, стандарттық ауытқуы көрсеткіштері есептелінеді.

Варияция көрсеткіштердің бір жағдайдан екінші жағдайда ауысқан кездегі өзгерісін ауытқуын көрсетеді. Мысалы, экономикалық рентабіліктің өзгерісінің анықтау үшін экономикалық табыстылық мәндерінің көбейтіндісінің қосындысын сәйкес ықтималдылықтарға бөлу қажет.

Варияция дисперсия арқылы бағалануларды, яғни нақты мәнін орташа мәнен алшақ екенін сипаттайды.

Статистикалық ауытқулар дисперсиясының орташа квадраттық мөлшері арқылы сипатталады немесе көрсетеді. Стандарттық ауытқуы нәтижесі қаншалықты жоғары болса ұйым қызметінің тәуекелде соншалықта арта түседі.

2.Шығындардың мақсаттылығын талдау – ұйымның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін ескере отырып мүмкін болатын тәуекел аймағын анықтауға бағытталады. Шығынның мөлшерден тыс артық жұмсалуына келесідей жағдайлар әсер ету мүмкін:

- алғашқы құнды толық бағаламау;

- жобалау шекараларын өзгерту;

- өнімділіктің әр түрлі дәрежесі;

- бастапқы құнды артып жіберу.

3.Сараптамалық бағалау әдісі – сараптаушы мамандардан анықтамалық жауап алуға негізделеді. Алған жауаптар өңделіп сәйкес шешімдер шығарылады. Сапалық тұжырымдама алу үшін біліктілік дәрежесі жоғары тәжірибесі мол мамандар шақырылады.

4.Ұқсас жағдайларды есепке алу әдісі – бұл әдіс бойынша құбылыстардың, жүйелердің ұқсас объектісілермен салыстырылуы арқылы жаңа ұсыныстарға қол жеткізуге болалы.

Осы әдістерді қолдану арқылы талдау барсында тәуекелді азайту жолдарын зерттеуге болады. Зерттеу нәтижелерін ұйым қызметін жоспарлау мен болжауда қолданылады.

Тәуекелді азайтудың ең жақсы әдісі тиімді инвестициялық шешімді таңдап алу.

Инвестициялық тәуекел – инвестициялық портфельмен құнсызданумен байланысты пайда болады. Инвестициялық тәуекел кофиценті мына формула бойынша есептеледі.

инвестиция бойынша зиян сомасының ең жоғарғы мөлшері

ИТ кофиценті =

Меншікті ақша қаражатының жалпы көлемі

Инвестициялық тәуекел жүйелік тұрғыда қарағанда жүйелдірілген және жүйелдірілмеген деп екіге бөлінеді.

Жүйелдірілген тәуекел – барлық инвестицияларға тән және нарықтық жалпы жағдайына макроэкономикалық сипаттағы өзгерістерге сәйкес сипатталады. Мұндай тәуекелділіктің пайда болу себептері:

  • Инфляция

  • Экономикалық дағдарыс

  • Жоғарғы пайыздық қойылым

  • Саяси дағдарыс және т.б.

Жүйелдірілмеген тәуекелге бәсекелестік инвестицияға қатысты тәуекел түрлері жатады. Оның пайда болу себептері әр ұйым үшін әр түрлі:

  • Жабдықтаушылармен сатыпалушылардың міндеттерін орындау дәрежесі

  • Бәсекелестің әсері

  • Ірі байланысты орнату немесе жоғалту және т.б.

Осындай факторларға сүйене отырып тәуекелдің қолдану әдістерін пайдалана тәуекелділік деңгейін анықтауға болады.

Тәуекелдікті бағалау. Аудиторлық тексеруді жоспарлау мен оларды жүргізу үшін қажетті ресурстарды анықтаудың негізгі болып табылатын кәсіпорының қандайда бір бөлімшесіне тән тәуекелдіктерді жүйелі түрде бағалау процессі. Мұндай бағалаулар аудиторлық қызметтің басшыларына аудиттің қандайда бір объектісінің «тәуекелдігін» есепке ала отырып тексерудің жоспарлауға мүмкіндік береді. Аудиттің объектісін алдын - ала зерттеу мәліметтері, оған қолданылатын нормативтер мен бухгалтерлік есеп процедуралары арқылы аудиторлық ең басты тәуекелдіктерді анықтайды және осы тәуекелдіктерге сай келетін аудиттің міндеттерін қалыптастырады. Тәуекелдіктіті бағалаудың қажетті алғы шарты болып аудиттің объектісінің сипаттамасын алу саналады. Объекті жөнінде құжатталған ақпараттың массиві операциялардың әртүрлі типтерін, ақпаратық алмасуларды ішкі бақылау сауаларын, жұмысқа таратылған қызметкерлерді, қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп шоттарын қамтиды.

Қателіктерді және дұрыс емес әрекеттерді анықтау мен олардың алдын – ала тұрғысынан ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтау ретінде нашар бақылаудың тәуекелдігі бағалау осы кезеңнің басты элементі болып табылады. Ол келесі іс – әрекеттерді алдын – ала қарастырады:

  • Осы объектіге тән тәуекелдіктер мен болашақ қателіктерді анықтау;

  • Қателіктердің ықтималдылығын немесе қандай да бір тәуекелділікті төмендететін бақылаудың істеп тұрған жүйелерін таңдау;

  • Бақылаудың таңдалған жүйелерінің жұмыс істеуін жан – жақты тексерудің қажеттілігін анықтау.

Аудит қызметі төмендегі бөлімдер бойынша ұйымның қаржы – шаруашылық қызметімен және оның ақпараттық жүйелерімен, корпаративтік басқарумен байланысты тәуекелдіктерді бағалауға тиісті:

  • Қаржы – шаруашылық қызметі жайлы ақпараттың толықтығы мен растығы;

  • Шаруашылық қызметінің тиімділігі мен нәтижелігі;

  • Активтердің сақталуы;

  • Келісілген міндеттемелер мен нормативтік актілердің, заңдардың сақталуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]