Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.26 Кб
Скачать

2.3. Айқындамау тәуекелділігі

Айқындамау (қателерді) тәуекділігі - бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және олардың аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан – жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір – бірін толықтыратындықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудитор «мән немесе талдамалық рәсімдер бойынша ешқандай жан – жақты тексерулер жүргізбейді» деп болжайық. Егер қаржылық есептерде қате болса, оның байқалмай қалуы анық. Сонымен бірге мән бойынша жан – жақты тестер орындалып, талдамалы рәсімдер жүргізілсе, онда талдамалық рәсімдерің елеулі жиынтық қателерді байқамауы 40 тәуекелге, оларды жан – жақты тестер табуы 20 тәуекелге, ешбір рәсімнің байқамай қалуы олардың туындысына тең болады. Қаржылық есептерде дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтерді аудитор байқамай қалуы үшін, мән бойынша жан – жақты тексерулер, не талдамалық рәсімдер олар таппауы керек.

Бөлінбейтін немесе бақылау тәуекелдіктері айқындамау тәуекелдігінен аудитордың оларды тек бағалап, бірақ бақылай алмайтындығымен ерекшеленеді. Аудитордың бөлінбейтін және бақылау тәуекелдіктерін бағалауы оларды жақсы түсінуге көмектеседі, бірақ оларды азайтпайды және өзгертпейді. Айқындамау тәуекелділігі аудитор мәні бойынша жекелеген тексерулердің сипатын, уақыты мен масштабын өзгерту арқылы бақылап алады.

Аудиторлық қызмет көрсету нарығында клиент конкурстық негізде аудиторлық фирманы таңдай алады. Егер оның көрсететін қызметінің жалпы құны басқа аудиторлық фирмаларға қарағанда едәуір жоғары болса, клиент өз ниетін өзгертіп, басқа фирманы таңдай алады. Сонымен бірге заңды аудиторлық тәуекелділік деңгейін нақты дәленденген орнатудан бас таратуда көмектеседі.

Бәсеке, құқықтық міндеттемелер, басқа шаралар мен кәсіпқойлық бірдей жағдайларда аудиторлық тәуекелділікті бағалау айырмашылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ түрде аудиторлар тең жағдайларда аудиторлық тәуекелділіктің абсолютті бірдей деңгейін орната алмайтындығын мойындау керек. Аудиторлық тәуекелділік пен айқындамау тәуекелділігі арасында тікелей тәуекелділік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелділік пен жинақталуы қажет дәлелдердің жопарланған саны арасында кері тәуекелділік бар.

Аудиторлық тәуекелділік компаненттерін детальдандыру айқындамау тәуекелділігінің құрамдас бөлігін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Мәні бойынша тексеру деңгейі – елеулі қателер тексеру рәсімін орындау процессінде елеулі қателер анықталмай қалу қауыпті.

Талдау тәуекелділігі - талдау рәсімі елеулі бұрмалауларды анықтамайды деген қауіп;

Таңдау арқылы зерттеу тәуекелділігі – тексеруді жүргізу операцияларының іріктемесі елеулі қателерді көрсетпеуі мүмкін деген қауіп.

Аудиторлық тәуекеділікті төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық зерттеуге арналған элементтері қанша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады. Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мен елеулі элементтерді толық тексеруге акцинт жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керсінше.

Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті – аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелділік минималды төмен деңгейдегі жеткізілетіндей немесе керсінше, сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелділікті шектеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]