Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.26 Кб
Скачать

Ііі.Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік

3.1. Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділіктің өзара байланысы

Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелділік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелділік төмен болады және керсінше. Егер, мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелділік өседі және аудитор, бақылау тәуекелділігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арқылы бұының орнын толтыра алады. Бизнес тәуекелі осы клиентке ұсынылған аудиторлық қортынды әділ болғанына қарамастан аудитордың клиентпен арақатынасы сәтсіз болуы мүмкіндігінде болып отыр. Аудит пактикасында аудиторлық тәуекелдігі бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады:

  • сезгіштік;

  • сандық.

Сезгіштік әдіс аудиторлық тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелділікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.

  • Төмен тәуекелділік – ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағаланған, бірақ аудитлор мүмкін қателерді табуға қажетті сәйкес процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенбеген жағдайда болады;

  • Орташа тәуекелділік – ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан – жақты рәсімді жоспарлайды;

  • Жоғары тәуекелділік - клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.

Сандық әдіс аудиторлық тәуекелділік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланатын ең кең тараған модель келесі формуламен есептеледі:

ҚАТ= ШТ*БТ*ТҚ

Мұндағы АТ – Қолайлы аудиторлық тәуекелдік;

ШТ –шаруашылық ішіндегі тәуекелділік ;

БТ – бақылау тәуекелділігі ;

АТ – Табылмау қатері.

Осы келтірілген үлгіге кіретін аудиторлық тәуекелділік түрлерінің ерекшеліктерін қарастырайық.

  1. Қолайлы аудиторлық тәуекелділік (ҚАТ) – аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторлық пікір – ескертпесіз(пікірдің шынайлығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік шарасы.

  2. Шауашылық ішіндегі тәуекелділік (ШТ) – сегментте қателіктердің барын және бұл қателіктердің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі шамадан тыс(артық) екенін аудитордың болжау шарасы.

  3. Бақылау тәуекелділігі (БТ) – сегменттегі шамадан тыс қателік қлиенттің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндегі табылмайтын және жойылмайтынын аудитордың болжау шарасы.

  4. Табылмау қатері (ТҚ) – қандай да бір сегмент бойынша аудиторлық мәліметтер арқылы шамадан тыс қателікті табу мүмкін еместігін аудитордың мойындауға дайындық шарасы.

Аудиторлық тәуекелділіктің жоғарыда келтірілген үлгілерін қолданып, олардың деңгейін үш тәсілдің берумен анықтауға болады немесе осыларды бір мезгілде пайдалану керек.

Аудиторлық тәуекелділіктің үлгілерін пайдаланудың бірінші тәсілі. Айталық аудитор болашақта болатын аудиттің жоспарын жасау барсында, шаруашылық ішіндегі тәуекелділік 80%, бақылау тәуекелділігі 50%, табылмау қатері 10% деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор нәтижесінде 4% – дық (0,8*0,5*0,1) шамасын ала алады. Егер аудитор бұл жағдайда тәуекелділіктің осы жолғы (тиісті) қолайлы деңгейі 4 жоғары болмауы керек деп шешетін болса, онда ол әлеуетті (потенцианальды) жоспарды қолайлы деп санауы керек.

Мұндай жоспар аудиторлық тәуекелділіктің қолайлы деңгейін аудитордың алуына көмектеседі, бірақ, ол тиімсіз. Әлдеқайда тиімді жоспар жасауы үшін аудиторлар тәуекелділікті есептеудің екінші тәсілін жиі пайдаланады, яғни табылмау қатері мен алуға жататын мәліметтердің тиісті санын анықтайды.

Осы мақсаттағы аудиторлық тәуекелділік үлгілерінің формуласы бойынша өрнектеледі:

ТҚ

Алдыңғы үлгілерге орала отырып, былайша айтып көрелік: аудитор өзіне қолайлы аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін 5 белгіледі, сол себепті де аудит жоспары 10 табылмау қатерінің деңгейдегі іріктеліп алынған айғақтардың санымен келісудің қажеттілігіне орай өзгеруі ықтимал, өйткені .

Тәуекелділік үлгілерінің осы формасында табылмау қатері шешуші факторға айналады, өйткені ол қажетті айғақтардың санын табылмау қатерінің деңгейіне кері пропорционал болады. Табылмау қатерінің деңгейі неғұрлым төмен болса, айғақтар соғұрлым көп талап етіледі.

Бірқатар аудиторлар іс – тәжірибеде қолданатын аудиторлық тәуекелділік үлгілерін пайдаланудың үшінші, әлдеқайда жалпы тәсілі айғақтардың тәуекелдікпен байланысы туралы және әр түрлі тәуекелдіктердің арасындағы өзара байланыс туралы және әртүрлі тәуекелдіктердің арасындағы өзара байланыс туралы аудитордың есіне салып отыруға бағытталған. Бұл өзара байланыстардың маңызын түсіну айғақтардың тиісті санын алуды ұйымдастыруда көп көмегімен тигізеді.

Әдетте ТМД елдерінде аудиторлық тәуекелділікті есептеу үшін мына формула жиі қолданылады:

Атттт

Мұнда Ат – аудиторлық тәуекелдік;

Тт – кәсіпорынның (ұйымның ) өзіндік ерекшелігіне байланысты таза тәуекелділік, яғни рұқсат етілген шамадан асатын қателіктердің есеп беруде болу ықтималдылығы;

Бт – Бақылау тәуекелділігі, яғни рұқсат етілген шамадан асатын, клиенттің ішкі бақылау жүйесі байқамай қалған қателіктердің болу ықтималдылығы;

Пт – нақты шамалардың қателіктерін тестілеу процесінде анықталмауы ықтимал, аудитор үшін қолайлы тәуекелділік.

Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелділігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелділігі төмен болған сайын, тексеру барысында аудиторлықдәлелдердің көп сакнын алу қажет .

Аудиторлық тәуекелділік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелділік компаненттері мен аудиторлық тәуекелділік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелділік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субъектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелділік компаненттерінің әрқайсының мазмұнын терең түмсінуді талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]