Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.26 Кб
Скачать

1.1. Тәуекелділіктің түсінігі

Тәуекел деп белгілі бір тиімсіз жағдайдың орын алу мүмкіндігін қарастырылады.

Қызметін жүзеге асыру барсында өзінің ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалтуын табысты толық көлемде алмауын және қосымша шығындарын көбейюін тәуекел деп түсінуге болады.

Тәуекел ықтималдылық категориялық болғандықтан белгілі бір жоғалтулар деңгейінің мүмкіндігі ретінде анықталады.

Қажы есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелділік аспектілері тікелей байланысты. Тәуекелділіктің негізгі екі түрі болады:

  • Аудиторлық тәуекелділік

  • Кәсіпкерлік (бизнес) тәуекелділігі.

Аудиторлық тәуекелділіктің мағынасын былай түсінуге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қортындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қортындыға пікір – ескертпе айналмайды, яғни пікірдің шынайлығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде қаржылық есептіліктің елеулі ақаулы болады.

Кәсіпкерлік тәуекелділігінің мағынасы саяси: клиентке ұсынылған аудиторлық қортынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен арадағы өзара қарымқатынасында сәтсіздікке ұрынады. Кәсіпкерлік тәуекелділігін бағалаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады.

Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелділіктің кіші деңгейін анықтаса бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдык тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолютті сенімсіздік обсолюттік сенімділікті білдірер еді. Тәуекелділік дәрежесі нолмен бірлік (0-ден 100-ға дейін) арасындағы дипазонда ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлелділігінің толық кепілділігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сонедықтан аудитор қателер мен қателіктер обсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әр қайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудитор аяқталғаннан кейін де елулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру порцесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.

Аудиттің мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу. Сондай – ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:

  • Қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет.

  • Ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет

  • Ұйымға берілген ресурстарымен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет

  • Басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әр қайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудитор аяқталғаннан кейін де елулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру порцесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]