Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.26 Кб
Скачать

2.2. Бөлінбейтін және бақылау тәуекелділік

Кез келген қызметте тәуекелдік болады. Экономикалық субъект үшін тәуекелдік – бұл нарық конъюктурасының өзгеруі (мысалы, тұтынушылардың өзгерген талғамы), серіктестер тарапынан тәртіп бұзушылық, сыртқы факторлар әрекеті. Аудиторлық тәуекелдік кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне қатысты дұрыс емес пікірдің қалыптасуында болып табылады.

Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелділіктің кіші деңгейін анықтаса бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдык тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолютті сенімсіздік обсолюттік сенімділікті білдірер еді. Тәуекелділік дәрежесі нолмен бірлік (0-ден 100-ға дейін) арасындағы дипазонда ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлелділігінің толық кепілділігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сонедықтан аудитор қателер мен қателіктер обсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әр қайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудитор аяқталғаннан кейін де елулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру порцесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.

Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті жүргізу практикасы аудитордың процедураның «қаржылық есеп беру бойынша пікір шындыққа сәйкес келмейді» деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындауын талап етеді.

Аудиторлық тексеру кезінде айтылған пікір пайдаланушы үшін кәсіби стандарт сақталды, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.

400 «Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау» ХАС-ында тәуекелділікке анықтама берілген (46) «Аудиторлық тәуекелдік – қаржылық есеп беру елулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қортынды береді дегенді білдіреді». Аудиторлық тәуекелдіктің үш компаненті бар.

1-сызба. Аудиторлық тәуекелділік компаненттері

Бөлінбетін тәуекелділік - шоттар немесе шаруашылық операциялардың қажетті ішкі бақылаудың болмауына жол берілген жағдайда, басқа шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялар бұрмалпуынан бөлек, елеулі болуы мүмкін бұрмалауларға бейім болуы.

Бақылау тәуекелділігі. Клиент байқамаған қателіктердің бухгалтерлік есеп процесінде болуы ықтимал. Себебі Бақылаудың ешбір құрлымы 100 – ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрлымымен байланыстырады: тиімді құрлымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.

Бақылау құрлымының тәуекелділіші кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.

Бақылау құралдарының сенімділігін мен бақылау құралдарының тәуекелділігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:

  • сенімділіктің жоғары дәрежесінде төмен тәуекелділік сәйкес болады;

  • сенімділіктің орта дәрежесінде орта тәуекелділік сәйкес болады;

  • сенімділіктің төмен дәрежесінде жоғары тәуекелділік сәйкес болады.

Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен сенімділік дәрежесінде сүйенуге қаншалықты ұмтылса, аудитор олардың сенімділігін мен тиімділігін соншалықты мүқият дайындауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]