Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
203.26 Кб
Скачать

Іі. Аудиторлық тәуекел және оның компаненттері

2.1. Аудиттің мәні мен маңызы

Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түсінікті әр түрлі анықтамалар берілген. Әр бір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан анықтаған. К.Ш. Дүйсенбаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірілген. Біз соның төртеуін қарастырып талдайық.

Аудит дегеніміз ол – кәсіпорынның табыстылық есебін тексеріп, онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлік есебін, қаржысын, салық заңдарын банк және әлуметтік есеп процесін келсім – шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп, арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.

Аудит дегеніміз ол – табыстылық есебін немесе соған қатысты объектілер туралы мәліметтерді арнайы қортынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу.

Аудит дегеніміз ол – шаруашылық – табыстылық операцияларының заңдылығын тексеріп, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің дұрыстығын анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау, тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету.

Аудит дегеніміз ол – кәсіпорындардағы, мекемелердегі бухгалтерлік есептің дұрыстығын анықтау мақсатымен жүргізілетін тексеру.

Осы келтірілкен анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көрсетеміз. Бір автор қысқаша анықтама берсе, кейбіреуі өте күрделі анықтама береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол аудиторлық қортынды туралы. Себебі, қандай да бір аудиторлық тексеру болмасын оның негізгі мақсаты аудиторлық қортынды жасау.

Аудитор латынның «аудио» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барсында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылаушы – басқарушы тыңдаушы болған.

Аудиттің мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу. Сондай – ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:

  • Қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет.

  • Ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет

  • Ұйымға берілген ресурстарымен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет

  • Басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексеру немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуімен оның құрлымын – ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс.

Аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: «Аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъекттілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативті құжаттар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару» - деген. Автордың ойынша, осы анықтамада аудит эвалюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіздер бестігі көрсетілген, үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорнының қаншалық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар беріледі, төртіншіден – аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.

Аудит мазмұнын қарастыру барсында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты.

Оы көрсетілген аудит элеметтерін жеке-жеке қарастыру қажет.

Шаруашылықтағы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды. Оған аудит барсында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырылуы қажет. Мысалы,заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.

Мәлімет. Аудит жұмысы барсында тапсырушылар берген мәлімет қарастырылады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барсында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы тиіс. Ол негізінде екі түрлі себептенболуы мүмкін: ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен; ақпарат дұрыс жасалмағандықтан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]