Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Қажетті сөз орамдары

Жоғарыда айтылғандай ....

Қорыта келе айтатын болсақ, ....

Солайы солай, алайда .......

Сондықтан да болар ...

Қарапайым бір мысал ...

Бұл сөз өте орынды айтылған.

Яғни, ол деген .....

Қазіргі таңда электронды кітаптың, ақпарат тасқынының әсерінен әдеби кітап шетке ысырылып бара жатқан тәрізді. Осыған көзқарасыңыз қалай?

Тапсырма 3: Мына ойлар туралы өзіңіздің көзқарасыңызды білдіріңіз. Қолдайсыз ба әлде теріске шығарасыз ба? Дәлелдер келтіріңіз.

Электрондық кітаптың зияны бар.

Электронды кітапты оқыған адам ол кітапты да оқиды.

Электронды кітап тек ақпараттық бағыттағы кітап.

Көркем әдебиетті оқу электронды түрде мүмкін емес.

Келісу/келіспеушіліктеріңізді білдіріңіз. Дәлелдер келтіріңіз.

Кітап оқи білу де – өнер.

Кітапты беріліп оқу керек.

Жақсы таңдаумен, түсініп оқыған кітап қана есте қалады.

Кітап оқи білу адамның есте сақтау, түсіну, ұмытпау қабілеттерін арттырады.

Кітап оқу - қиялымыздың көкжиегін кеңейтеді.

Кітапты адамдар сән, әдемілік үшін жинайды.

«Керек болар» деп жинайды.

Сауал. Кітаптардағы жол адам өмірінің айқындауышы болуы мүмкін бе ?

Оқылым.

          Ересек адам орташа есеппен минутына 180-250 сөз оқуы керек. Зерттеушілер бұл көрсеткішті 400-600 сөзге жеткізуге әбден болатынын анықтаған. Дегенмен, мәселе - сөздің санында емес, бастысы - адамның нені, қалай, не үшін оқуы керектігін білуінде.

          Американдық іскер Дейл Карнеги: «Адамның кім екенін ісіне, келбетіне, не айтатынына және қалай айтатынына қарап анықтайды» деген. Көптеген адамдар кейде айтар сөзін жеткізе алмай, ойы жан - жаққа шашырап, әлекке түседі. Әсіресе, жас балалар айтарын айта алмай, абдырап, білгенін ұмытып, «неге мынаны айтпадым?, былай деуім керек еді...» деп артынан өкініп жатады.

Ғалымдардың анықтауынша, адамдар неғұрлым көп оқыған сайын сөздік қорының молаюы есебінен ойын дәл және нақты жеткізуге қол жеткізеді екен. Шешендігімен атағы шыққан грек философы Демосфен әйгілі тарихшы Фукидиданың шығармасын жете түсіну үшін 8 рет оқыса, Лев Толстой Евангелиені жаттап алғанша қайталап оқыған.             

          АҚШ - тың президенті А. Линкольн «Табысқа жетудің бір ғана жолы - кітап оқу» дегенді үнемі айтатын болған. Сонда қандай кітапты оқу керек?...

          Мәселен, сэр Генри Ирвинг өзі сүйіп оқитын 100 кітаптан ең бірінші орынға Библия мен Шекспирдің шығармасын қойған. Неміс классигі Гете адамдарды оқыған кітаптарына қарай бағалаған. Ал Марк Твен үнемі өзімен бірге сөздік алып жүретін болған. Адамның шешен сөйлеуін қалыптастыруда сөздіктің пайдасы көп деп есептеген.

 

Оқылым бойынша сұрақтар:

Мақалада қандай мәселе айтылған?

Кітап оқудың сыры мен пайдасы неде ?

Мақаланың негізгі ойын анықтайтын 5 сөзді белгілеңіз.

Оқығаннан түйгеніңіз не?

Пікір алмасу. Кітапты қалай оқу керек? Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Қазақ тілінде кітап, газет материалдарын, қандай да бір жаңа ақпаратты оқу сізге қиындық тудыра ма?

Қандай әдістер қолданып көрдіңіз?

Жұпта талқылау. Айтылған пікірлерді түртіп алу.

Топта пікірлер талқыланып, шешім қабылдау.

Жаңа шешімдерді ортаға салу /әр топ презентация жасап көрсету/. Нақты ұсыныстар мен дәлелдер келтіру.

Топтық жұмыс. Әр адамның бейнесін көрсетіңіз.

  • данышпан

  • ғұлама

  • ақылды

  • білгіш

  • профессор

Қандай кітаптарды оқып білгіш болуға болады екен?

Мысалға 3 түрлі жауап беріледі. Қайсысын құптайсыз/құптамайсыз/жоққа шығарасыз?

Өз пікіріңізге айғақты дәлелдер келтіріңіз.

  1. Кітапты көп оқыдың делік, сен оны ұмытасың ғой бір күні. Мен де осыдан 3-4 жыл бұрын оқыған кітаптарымды қайталап еске түсірмесем ұмытып қаламын. Одан да қызықты мәліметтерді көп білуге тырыс. Бұған  сабақты жақсы оқудың қажеті де жоқ.  Сабақ оқу тек алдағы уақытта оқуға түсу үшін, біреудің алдында білімім жаман деп айтпау үшін қажет десе де болады. Сабақтың бәрін білмей-ақ ол нәрселерді басқаша үйренуге болады. 

  2. Кітаптарды дұрыс таңдай білген жөн. Мысалы  сізге, егер ақыл үйрететін  кітап керек болса, афоризмдердің жинақ кітабын  оқуға болады. Әлем данышпандары атанған көптеген жазушылар бар. Олардың 1 ауыз сөзі  өмірлік сабақ болады!

  3. Ол үшін көп кітап оқудың еш қажеті жоқ. Тек терең ойлан, ойыңды нақтылап ал, сенің ойыңа біреу қарсы пікір қалдырып, ойыңды жоққа шығара алмайтындай дәлелмен жауап бер.

Мына кестені толтырыңыз:

«б»

Мен бұны білгем

«+»

Мен үшін бұл жаңалық

«-»

Мен басқаша ойлағам

«?»

Түсінгем жоқ, сұрақтар бар

Жазған ойларыңызды дауыстап оқып шығыңыз. Туындаған сұрақтарыңызға жауап алыңыздар.

Жаңа ақпараттарға толы кітап алдыңыз. Бірақ, ол кітапты оқу қиынға түсе ме?

!!! Пайдалы кеңеске құлақ түріңіз!

Біріншіден, кітапты ашқан уақытта міндетті түрде мазмұнын көзбен бір шолып өтіңіз. Егер сізге мазмұны түсінікті болса, кітапты оқу сізге оңайға түседі.

Екіншіден, кітаптың тақырыбына (атына) назар аударыңыз. Егер автор өзінің туындысына жағымды, жақсы, маңызды атты ойлап тапса сізге қызық болатынына шүбә келтірмеуге болады. Ең бастысы, кітаптан өзіңізге маңызды мәліметтер алу, рухани жағынан өсу.

Үшіншіден, сіз кітаптан нені іздедедіңіз? соны анықтап алыңыз. Нақты не іздегеніңізді анықтап алсаңыз оқуға оңай болады, әрі сізге қызық бола түспек. Кітаптың сыртқы сапасына емес, ішкі сапасына көңіл аударыңыз.

Төртіншіден, бұл кітап туралы басқа адамдардың не ойлайтыны, пікірі туралы біліп алсаңыз да артық етпейді.Әдебиетке жақын адамдардан да, тіпті, қарапайым адамның пікірін сұрап алыңыз.

Бесіншіден, қолыңыздағы кітапты оқу бөлек нәрсе, оны түсіну бөлек, сол кітапты жетік түсініп алу үшін кем дегенде үш мәрте оқып шығыңыз.

Кітапты оқу үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең - кітапты жай ғана көзбен жүгіртіп оқып шығып, тек қана маңызды, негізді сөздерді есте сақтап қалу.

Екінші кезең - әрбір сөзін ойланып отырып оқу.

Үшінші кезең - Оқуды одан әрі күрделендіре түсу.

(Интернет деректері)

Топтық жұмыс. Белгілі бір жаңа ақпаратты оқу, түсіну, мазмұнын жеткізу.

Әр топ оқудың кезеңдерін талқылап, көрсетеді

Тапсырма : Университет студенттері арасында сауалнама жүргізіңіз. Кем дегенде 15 студентпен кездесіп, оларға 8-10 сұрақ қойыңыз. Мысалы, мынадай сұрақтардан бастаңыз:

Кітап оқисың ба ?

Қазақтың қандай қаламгерлерін білесің?

Кино ма, кітап қымбат па?

Сауалнама нәтижесін қорытындылап, зерттеу барысында анықтағандарыңызды топ алдында жариялаңыз. Жүргізген сауалнаманың ең таңдаулы екеуін үнтаспаға жазыңыз.

Тапсырма: Презентация дайындау. Эссе жазу.

Қазіргі ақпараттық қоғамдағы кітап оқу.

Кітап оқудағы қиыншылықтарды мен қалай жеңдім.

Менің (оқыған кітаптан) алған әсерім (эссе)

Білім тексеру

Модульдің соңынан мына тапсырмаларды орындаңыз.

Не үйренгеніңізді тексеріңіз.

5-модуль Тіл