Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Қажетті сөз орамдары

Ғалымдардың айтуынша .....

....... деп айта алмаймын, бірақ ...

Мұндай жағдай жиі кездеседі.

Мәселеге бұл тұрғыдан келсек,...

Сол сияқты тағы да ......

Бірден ...... деп айту қиын.

Талқылау

  • Табиғат адам организміне қаншалықты пайдалы/ зиянды?

  • Табиғатты пайдалануда шек болу керек пе?

  • Экологиялық жағдайдың нашарлау себептері не?

Тыңдалым 1: «Таза болса табиғат – аман болар адамзат»

http://fotofilmi.ru/video/1c86ecdba42c3fb/

Тапсырма 1: Мына ойға қандай пікір қосасыз? Келісесіз бе/ келіспейсіз бе?

Дәрігерлердің пікірінше, ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың ішінде аллергия бірінші орынға шығуы мүмкін. Өйткені бүгінде онымен Жер шарындағы 2 миллионнан астам адам зардап шегеді. Көп ретте стресс, экологиялық ахуал, дұрыс тамақтанбау аталған дерттің пайда болуына жағдай туғызады.

Оқылым 2

Көз жүгіртіп оқу

Іштей оқу

Адам ағзасының қалыпты да­муында, денінің сау, санасының сер­гек болуында табиғи және таза та­мақ өнімдерінің рөлі аса жо­ға­ры болатындығы белгілі. Алайда, қазіргі заманда әртүрлі техногендік әсерлерден, қоршаған ор­та­­ның ластануы салдарынан әлем­де мал­­дың қауіпті жұқпалы ауру­лары пайда болуымен қатар, адам ағзасы үшін аса қауіпті химиялық зиян­ды элементтер (мыс, қорға­сын, сынап, мырыш қатарлы улы металдар, радионуклидтер, пес­тицидтер мен антибиотиктер т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал өнімдері арқылы адам ағза­сы­на еніп, әрқилы ауру­лар­дың туын­дауы­на себепкер болуда. («Егемен Қазақстан» газеті)

Мәтін қандай ой салды?

Таза тамақ дегенді қалай түсінесіз?

Қазақтың ұлттық тағамдарының пайдалы емдік қасиеттері туралы

не білесіз?

Адам денсаулығына тағы не пайдалы?

Жұптық жұмыс: Келесі студентпен таза ауадағы спорт жайлы өзара сөйлесіңіз.

Топтық жұмыс: Топпен талқылап, жоба ұсыныңыз.

Елімізде туризмді дамытудың мүмкіндіктері қаншалықты?

Туристерді Қазақстанға тартудың қандай жолдарын ұсынасыз?

Отандық туризмнің болашағы қандай?

Тыңдалым 2:

Туризм туралы

http://www.youtube.com/watch?v=AS0KMWgdLlw&feature=related

Қажетті сөз орамдары

Мен онымен келісе алмаймын.

Сіздің сөзіңізді бөлсем бола ма?

Қайталап жібермес пе екенсіз?

....... айтқандарының жаны бар.

Ол қате /теріс пікір.

Өкінішке орай ......

Тыңдалым 3:

Табиғатты аялайық, ағайын!

http://www.youtube.com/watch?v=-YEnH6ZDALo

Білім тексеру

Модульдің соңынан мына тапсырмаларды орындаңыз.

Не үйренгеніңізді тексеріңіз.

7-модуль Ғылым және технология