Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Әдемі киініп алғанымен, әдеп пен моральды, кісілік пен кішілікке мән бермейтін құрбыларыңызды/достарыңызды көргенде қандай көңіл күйде боласыз?

Қажетті сөз орамдары

Егер уақыт болған жағдайда ....

Мысалға алатын болсақ, ....

Сол сияқты тағы да .......

Оның себептері көп.

Иә, әрине дұрыс айтасыз.

Сізбен толығымен келісемін.

Бұл қателесушілік.

«Ақылына көркі сай» деп қандай адамдарды айтады?

Мәдениеттілікті жоғары біліммен өлшеуге бола ма?

Мәдениет – дүниемен өлшенбейтін рухани байлық. Келісесіз бе/келіспейсіз бе?

Оқылым

Сөздің мағынасын сөйлемнен түсіну.

Негізгі идеяларды анықтау.

Мәтіннің тақырыбын анықтау.

Абзацтарға ат қою.

1. Әр адам, әр азамат - ұлттың, қоғамның бөлшегі. Мықты ұлттың, мықты қоғамның мемлекеті де мықты. Халқымыздың интеллектуалдық деңгейі, білімі, мәдениеті, рухы өскен сайын мемлекетіміз нығая түспек. Олай болса, әрбір азаматтың ел болуға қосар үлесі сөзсіз, әркімнің де осылай ойлағаны жөн секілді.

2. Адам қо­ғамнан тыс бола алмайды. Адамның адам­сыз жерде күн көруін елес­тетудің өзі қиын. Жақсы адамның жақсы­лығы, мәдениеті, парасаты, өрке­ниеттілігі адамдардың қарым-қатынасынан басталмақ. Күнделікті өмірде, әр қилы ортада өзін-өзі дұрыс ұстай білу, әдеп пен өнеге сақтау әр адамның алған тәліміне, ненің - жөн, ненің - теріс екенін сезіне, түсіне білу қасиетіне байланысты. Ұнасымды қарым-қатынас жасау - адамзат баласының әу бастан өз өмірлеріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілігінде алға ұстанып келе жатқан әдеп-салттарының ең көкейкестісі.

3. Өмірден түйгені, көргені, білгені көп қазақ халқының да қалыптасқан әдеп-ғұрыптары орасан зор. Жастарға үлгі боларлық тамаша тәрбие мектебі бар. Үлкенге сәлем беру, сұрағанға жөн айту, әйелге қамқорлық көрсету, жасы үлкеннің атын атамау, қонағына құрақ ұшу, қонаққа сөз беру, ата-ананы құрметтеу секілді мол әдеп сабақтары бар халқымыздың мәдениетін қалайша сүйсіне айтпасқа. Адамзат тарихының ұзақ даму жолында әр заманға, әр халыққа тән әдеттер мен дәстүрлер өмірге келіп, соларға сай әдеп қағидалары туындады.

4.Әлеуметтік өзгерістер, елдің мәдениет, білім дәрежесінің өсуі халқымыздың әдептілік салтының одан әрі кеңейе түсуіне жол ашты. Заманымызға байланысты қазіргі адамдар уақытының біразын үйден тыс жерлерде көшеде, оқуда, жұмыста, көпшілік орындарында өткізеді. Осындай ортада әдеп дағдылары қандай болмақ? Жасына, жынысына, қызметіне, лауазымына байланысты адамдарға қандай қаратпа сөздер пайдалануға болады? Бұл жағынан келгенде де біздің халықтың қаратпа сөз қорында өз ерекшеліктері бар. Көшеде таны­май­тын адамнан жөн сұрар болсаңыз жасына, ұлтына, жынысына қарай «ата», «апа», «аға», «әпке», «замандас», «құрбым», «бикеш», «қарындас», «інішек», «балам», «қызым», т.б.с. қарату сөздерін пайдалануға болады.

5. Ежелден келе жатқан «Өнер алды, қызыл тіл», «Басқа бәле - тілден», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақалалардың өзі-ақ сөз әсерінің қаншалықты құдіретті екенін білдіреді. Бір ауыз сөзге бола кейде ел іші, ағайын арасы бүлініп, тату достар бірін-бірі енді қайтып көрместей болып кетіп жатады. Сондықтан сөзді дұрыс түсініп қана қоймай, оны дұрыс айта білу де - үлкен біліктілік, мәдениеттілік, әдептілік. Сөйлесу, әңгімелесу, ой бөлісу ақпарат алмасу және қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Сөзіне, әңгімесіне қарап сол адамның тәрбиесін, түйсігін, ой-өрісінің деңгейін танып білуге болады. Сондықтан әңгіме кезінде тым ақылды немесе шешен болып көрінуге тырыспай, өзіңізді қарапайым ұстауыңыз қажет.

Көше - халықтың ең көп жүретін жері. Көшеде қаншама бейтаныс адамдардың, таныстардың сіз танымасаңыз да қимыл-әрекеттеріңіз жалпыға жағымсыз болмауы тиіс. Сондықтан әдепті адам осының бәріне мән береді.

6. Қонақ күтуде дайындалу да оңай шаруа емес, дегенмен қонақтарыңыз келгенде шарша­ғаныңызды не қобалжығаны­ңызды білдірмей жар­қын жүзбен жайдары күйде қуана қарсы алыңыз. Сырт киімін шешуге көмектесіңіз. Қайбір қонақ сұраған жағдайда үйде киетін жеңіл, таза аяқ киімдердің дайын тұрғаны жөн. Тарқап бара жатқан қонақтарға рахмет айту үй иелерінің әдептілігі болып есептеледі.

7. Қазақ халқының рухани дүниесін­де мол орын алатын тәрбие құрал­дарының ішінде атам заманнан жылдан-жылға қомақтана, сұлулана сұрыпталып, сары майдай сақталып бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған алтын сандық фольклоры бар. Соның ішінде саф алтындай асылдығы, қалт жібермес қаталдығы, мір оғындай өткірлігі дау тудырмас даналығы, тәлім сөздер тыйым сөздер, тағылым сөздер бүгінгі ұрпаққа да алтын мұра болатыны даусыз. Бұл мұра - үлкенді-кішіні жаман әдет, теріс пиғыл, жараспас қылық, жат мінездерден аулақ болуға баулиды. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің күнделікті тұрмысы­мыздағы маңызы зор.

«Кішіпейіл болғанмен,

Кішірейіп кетпейсің,

Өр көкірек болғанмен,

Ұлылыққа жетпейсің» деген даналық сөздер бекер айтылмаған болар.

Тапсырма: Әр абзацтың мағынасын ашатын сөздердің астын сызыңыз.

Оларды тақырыпқа айналдырыңыз.

1-абзацта не туралы айтылған. Тақырыппен байланысы қандай?

5-абзацты оқығанда сізге қандай ой келді?

6-абзацтағы автордың ойымен келісесіз бе?

Әдептілік тек адамның өзін-өзі ұстауы ғана болып табыла ма?

Мәтінде автор қандай этикалық талаптарды келтіреді? Бұл сөздерді ирек сызықпен белгілеңіз.

Соңғы абзацтағы халық даналығын қалай түсінесіз?

Тапсырма: Мына ойларды өз пікіріңізбен толықтырыңыз. Басқалардың пікірімен салыстырыңыз.

1.Адам баласы жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Алайда .....................

2.Кісі елге сыйлы бола алуы үшін ең әуелі әдеп-ибамен сусындауы қажет. Онсыз …………….

3.Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені ................

4.Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-құлқынан білініп тұрады. Сондықтан .............................

5.Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Яғни ол осылайша ..................

Қорытынды пікіралмасулар.

Тапсырма: Эссе не презентация дайындаңыз.

Білім тексеру

Модульдің соңынан мына тапсырмаларды орындаңыз.

Не үйренгеніңізді тексеріңіз.

4-модуль Кітап - білім бұлағы