Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

1-модуль Білім

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар /мақал/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау:

Жазылым: эссе жоспарлау, түсіндіру, абзац құру

Оқылым: жеке тіл үйрену дағдылары, тақырып айқындау,

Грамматика: етістіктің шақтары

Өз бетінше оқу дағдылары: осы кітапты сабақтан тыс қалай пайдалану

Талқылау

Тапсырма 1: Мына сұрақтарды талқылаңыздар:

Білім не үшін қажет?

Жоғары білімді болу міндетті ме?

Білім қандай мүмкіндіктер береді?

Білім алу оңай ма/қиын ба?

Оқу орындарын қалай таңдайсыз?

Тапсырма 2: Жаныңыздағы серіктесіңізбен жұмыс жасаңыз.

Назарбаев Университеті туралы, қазақ тілі курсы туралы оқытушыға қандай сұрақтар қояр едіңіз? Қазақ тілі курсынан сіздің не үйренгіңіз келеді? Мына сызбаны толтырыңыз:

Қазақ тілі сабағында

Білгім келеді Маған ұнайды Мені қызықтырады

Тапсырма 3: Сіз жоғарғы оқу орнына қабылдандыңыз. Алғашқы әсеріңіз қандай?

Маңызды жақтарын айқындаңыз, ой бөлісіңіз.

Академиялық өмірмен байланысты негізгі терминдермен танысыңыз: офис-сағат, кредит, сертификат, семестр, кампус, балл, элективтік курс, бакалавр, семинар, профессор, оқытушылар құрамы, ассистент профессор.

Тапсырма 2: Терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіріңіздер.

Кампус профессордың көмекшісі

Офис-сағат таңдау бойынша оқылатын пән

Элективтік курс дәріс беруші

Ассистент профессор оқу жылының бір жартысын құрайтын,

14-18 аптаға созылатын академиялық оқу

кезеңі

Семестр сабақтан тыс жүргізілетін қосымша кеңес

сабақтар

Лектор оқу орнына қарасты жерлер, оқу және

шаруашылық ғимараттар,

жатақханалар

Тапсырма 3: Рөлдік ойын

Топтағы бір студентпен «Оқытушы» мен «Студент» рөлін ойнаңыз. Офис-сағат туралы сұрақ қойыңыз.

Тапсырма 4: Оқытушылардан не күтіледі?

а) Оқытушының негізгі міндеті не болып табылады? Өз ойыңызды ортаға салыңыз.

ә) Оқытушыдан не күтетініңізді талқылаңыз. Себебін түсіндіріңіз.

- сабақты қызықтырып жүргізу;

- кез келген уақытта сұрақтарға жауап беру;

- студенттердің аттарын білуі;

- студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету, т.б.

Тапсырма 5: Суреттерге сипаттама беріңіз.

а) Студенттерден не күтілетінін талқылаңыз. Мына тізімді толықтырыңыз:

Сабақтар мен лекциялардың барлығына қатысу;

Сабаққа қатыса алмайтын болса, оқытушыға алдын ала ескерту;

Лекцияда айтылғандарды өзіне жазып алу;

Университет жанынан құрылған клубтар мен қоғамдарға қатысу;

ә) Мына кестені толтырыңыз:

Студенттерден күтіледі

Студенттерге рұқсат етілмейді

Тапсырма1: Суреттердегі әр түрлі оқытушыларды сипаттаңыз, талқылаңыз. Қандай оқытушы ұнайды? Неге?

Тапсырма 2: Жақсы оқытушының бойында болатын қасиеттер берілген. Оларды «өте маңызды» (), «маңызды емес» (X) деп бағалап, өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

Жақсы оқытушы:

сабақты жақсы түсіндіреді

студент үшін жауапкершілікті сезінеді

өз пәнін жақсы біледі және түрлі сұрақтарға жауап бере алады

қателік жасамайды

мәдениетті

кабинеті таза

X

емтиханда тек курс бойынша өткен материалды сұрайды

сабағын қызықты өткізеді

студенттің өмірі мен жағдайы туралы біледі

барлық студенттерге деген көзқарасы біркелкі

студенттерді көтермелеп, ынталандырады

Тапсырма 3: Суреттердегі студенттерге сипаттама беріңіз.

Жақсы студенттің бойынан табылуы керек қасиеттер тізімін қарап шығып, «өте маңызды» (), «маңызды емес» (X) деп белгілеңіз. Себебін түсіндіріңіз.

Жақсы студент

оқытушының сұрақтарына жауап береді

сабақта өзін мәдениетті ұстайды

тым қажет болмаса оқытушыны мазаламайды

сабақтан қалмайды

мәселені шешуде өз біліміне, күшіне сенеді

тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды

үнемі шығармашылық ізденісте болады

өзінің пікірін, көзқарасын ашық білдіреді

ойын тиянақтап, сөзін жүйелеп айтады

университеттің қоғамдық өміріне араласады

Тапсырма 4: Адамдар оқу немесе жұмыс бабымен басқа ортаға түскенде, сол орта мәдениетіне төселу маңызды. Өзін-өзі қалай ұстау керек?

Өз ойыңызбен бөлісіңіз: Мына әрекеттерге қалай қарайсыз? Оларды сабақ үстінде қолдануға бола ма?

  • оқытушының атын атау;

  • өзінің келіспеушілігін өзгелердің ойын бөліп айту;

  • талқылау кезінде мысқылдау, біреуді кекету;

  • айтылған пікірге күлу;

  • ұнамайтын адамына қарсылық білдіру ;

Тапсырма 5: Сабақ үстінде студентке жасауға болатын және болмайтын әрекеттер тізімін жасаңыз.

БОЛАДЫ БОЛМАЙДЫ

_________________________ ___________________________

_________________________ ___________________________

_________________________ ___________________________

_________________________ ___________________________

Өзін-өзі бағалау. Мынаны толтырыңыз:

☺ Менің артықшылықтарым ___________________________________________

☻ Менің кемшіліктерім ____________________________________________________________

Назарбаев Университетінің студенттері қандай болу керек?

Алатын білім қандай?

Университеттің ашылу мақсаты не?

Сіз бұл университетті болашақта қалай көресіз?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Мен әлемдік бейбітшіліктің ұйытқысы болған Қазақстанның болашақтың ғылымына жол ашарына сенемін. Еліміз таяу болашақта тың идеялар тоғысқан қайнарға айналады және ғылым саласында Нобель сыйлығының иегерлерін шығарады деп үміттенемін. Дана халқымызда «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деген мақал бар. Жастары білімді елдің жүзі жарық, болашағы жарқын. Елін шын сүйетін жандар қашанда ерен істерді атқаруға қабілетті болады. Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз. Сіздер әлемдік деңгейдегі оқу орнының шәкірттері ретінде қазақстандық барша жастарға үлгі болуларыңыз керек. Жетістіктерге бастар ұлы жолда баршаңызға сәттіліктер тілеймін».

Отанымыздың ұзақ мерзімді эко­но­микалық дамуын қамтамасыз ету үшін басым бағыт ретінде Елбасы бі­лім жүйесін дамытуды мақсат етті. Бү­гінгі күні ел халқының өркен­деуін­де­гі негізгі индикатор ретінде ба­ға­ла­нып отырған білім оны оқы­та­тын жоғары оқу орны бәсекеге қа­бі­летті ұр­пақты қалыптастырады. Міне, сон­­­­дай оқу орны - Аста­на­мыз­дағы На­­­зарбаев Университеті.

Бұл оқу орны елорданың сол жа­ға­лауында, қаланың экологиялық таза бөлігінде 80 гектар алқапқа орын теп­кен. Ғимараттарының көлемі 143 мың шаршы метрді алып жатыр. Онда студенттерге арналған жатақхана, оқытушылар үшін тұрғын үй, өзге де қосымша құрылымдар бар. Мұн­дай игілікті іс қазақстандық жастар­дың алыс-жақын шетелдерге бар­май-ақ, өз Отанында әлемдік стан­дарт­тарға сай білім алуына мүм­кін­дік береді.

Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сы бойынша құрылған осы жо­ға­ры оқу орны болашақта білім берудегі ұлттық жүйенің және үздік әлем­дік ғылым-білім тәжірибесінің бар­лық озық жетістіктерін жинақ­та­ған Қазақ елінің ұлттық брендіне айналуы тиіс. Білім ордасы ел да­муы­ның индустриялық-ин­нова­ция­лық мәселелерін шешу үшін ұлттық инженерлік-техникалық және ғы­лы­ми қызметкерлерді даярлауда сапалы серпінді қамтамасыз ету үшін жа­сақ­талып, жүзден жүйрік шық­қан бес жүзге таяу талапкер жыл сайын студент атанып, осы университетте білім алады.

Мемлекетіміздің мерейін өсірген университеттің ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқу орнының әлемде теңдесі жоқ, Қазақстандағы тұңғыш халықаралық дә­режедегі білім мекемесі екенін баса айтқан еді. Еліміздің болашақ зияткерлік элитасын қалыптастыру мақ­са­тында құрылған оқу орны екенін алға тар­тып, бұл жастарға, елдің бо­ла­шағына тартқан тарту деген болатын.

Универси­тет­тің академиялық және ғылыми сая­саты оқу орнына кіретін әрбір мектепке әлемнің жетекші жоғары оқу орындары қа­та­ры­нан шетелдік академиялық әріптесін табуды және қуатты ғылыми, өн­ді­ріс­тік базасына ие болуды мақсат етеді. Бұл елдің индустриялық-ин­но­ва­ция­лық даму міндеттерін шешу мақ­са­тын­да білім, ғылым және өндірістің арасындағы өзара байланысты қам­тып, сондай-ақ тиімді академиялық ор­таны құруға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университеті біріншіден, ұлттық, сондай-ақ, дүние­жү­зі­лік деңгейде білім беруді қалып­тас­тырып, Отанына қызмет ететін жас­тардың ой-санасын өсіріп, білім-бі­лігін арт­ты­ру­ды мақсат тұтады. Уни­верситет қыз­ме­тінің басты мақсаттарының бірі болып, білім беру және ғылыми меке­ме­лермен ын­ты­мақ­тастықты, серіктес байланыс­тар­ды дамыту болып та­бы­ла­ды.

«Егемен Қазақстан» газеті www.egemen.kz/24058.html

Тапсырма:

Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайтын тірек сөздерді атаңыз.

Сипаттауға қатысты қолданылған сөздерді белгілеңіз. Мағыналарын түсіндіріңіз.

Тірек сөз дегеніміз не? Сіз оны қалай табасыз?

Жұптық жұмыс. Бірге отыратын студентке өзіңізді таныстырып, ол туралы да сұрастырыңыз. Назарбаев Университеті туралы не білетініңізді айтып, қарсы сұрақтар қойыңыз.(2-3 минут)

Тапсырма:

Мен Назарбаев Университетіне түстім!

Университетке түсуге дайындалу мен жеңістеріңіз туралы бөлісіңіздер.

«Бақыттың белгісі – білім» /М.Қашқари/ дегенді қалай түсінесіз?

Оқылым

Өз бетінше оқу.

Көз жүгіртіп шығу.

Төменде білім беру жүйесі жайында мәтіндер берілген. Мәтіндерді оқымас бұрын:

*Мәтінде талқылануы мүмкін үш мәселені жазыңыз.

*1-мәтінге көз жүгіртіп шығыңыз. Бұл жағдайда әр абзацтың бірінші және соңғы сөйлемдерін оқыңыз. (2 минут)

*Отандық білім беру жүйесін талқылаңыз. Мысалы, ......

Мәтін 1.

1.Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

2.Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған.

3.Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейін азаматтар аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндіктері бар.

4.Кез келген елдегі Жоғарғы білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген Жоғарғы білім мойындалады.

5.Елімізде Жоғарғы білім берудің бес жылдық, жеті жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді. Бакалавр дәрежесіндегі Жоғарғы білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек ете алатын болса, жекелеген ғылым салаларын тереңдетіп оқытатын магистратураны бітірушілер аспирантураның екінші жылына қабылдану мүмкіндігіне ие болады. Алайда, бұрынғы кеңестік жүйе кезеңінде қалыптасқан Жоғарғы білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Мысалы, магистратура мен докторантура аралығындағы аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік Жоғарғы білім жүйесінен айырмашылықтары бар.

6.Қазіргі уақытта қазақстандық Жоғарғы білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Болон процесі мен халық­ара­лық Лиссабон ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өмі­ріндегі елеулі оқиға деуге тұ­ра­ды. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің әлемдік білім кеңістігімен бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман даярлауға кең жол ашып қана қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше септігін тигізеді. Сол секілді білім беру кеңістігіндегі ұстанымы­мыз­ды нығайтуға да мүмкіндік береді. Еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы әлемдік білім беру үдерісіне жақындауға да қадам жасалады.

Тапсырма1:

1- абзацтағы ойды анықтаңыз.

Мәтінде берілген анықтаманы тауып, астын сызыңыз

1-інші және 6-абзацтар мәтіннің қандай бөліктері болады? Себептерін түсіндіріңіз.

Түсіндіру мақсатында қолданылған сөйлемдердің астын сызыңыз

Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.

Мәтін 2.

Қазір әлемдік білім беру ке­ңіс­тігі жеке-дара қалуды қаламайды. Сондықтан да болар, әлемдегі 46 мемлекет Болон процесіне бірі­гіп отыр. Жоғарғы білім беру жүйесі әр елдің өз ерекшелігіне байланысты жолға қойылған. Әлемдегі жоғары білім беру ісінде кредиттік технология бой­ын­ша оқыту кең қанат жайған.

Англияның Жоғарғы білім беру жүйесіне, негізінен, университеттер енеді. Инженер кадрлары университет құрамына енетін колледждерде, техникалық факультеттерде және дербес институттар мен колледждерде даярланады. Бразилия университеттерінде оқу мерзімі 5 жыл, дипломдық жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік сынақтан өткен соң ғана маман болады. Жапонияда Жоғарғы білім беру ісі университеттер мен салалық институттар негізінде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады.

Австралияда жоғары сапалы мемлекеттік білім бағдарламалары, сондай-ақ белгілі бір кезең мерзімінде оқу ақысының деңгейінің тұрақтылығы заңмен қатаң белгіленген. Австралияда 38 мемлекеттік және 2 жеке меншік университет бар. Австралияда алған білім сапасы бүкіл әлемде танылады. Жыл сайын бұл елге білім алуға 340 мың шетелдік студенттер келеді. Оқу жылы 2 семестрден тұрады және наурыздан қарашаға дейін созылады.Кейбір университеттер желтоқсан мен ақпан айы аралығында қосымша жазғы 3-семестр ұйымдастырады. Әр университеттің өзінің жеке кредиттік оқыту жүйесі бар. Австралиялық жоғары оқу орындарында 7 баллдық бағалау жүйесі енгізілген: 7 балл – өте жақсы, 6 балл, 5 балл –жақсы, 4 балл– қанағаттанарлық, 3 балл, 1-2 балл– қанағаттанарлықсыз. Австралиялық жоғары білім жүйесі көпсатылы. Оның негізін 3 жылдық бакалавриат бағдарламасы құрайды. Бітірушілерге белгілі бір сала бойынша бакалавр дәрежесі тағайындалды және әлемнің барлық мемлекеттерінде танылатын тиісті құжат беріледі. Келесі саты – 2 немесе 1жылдық магистратура, содан кейін 3 жылдық докторлық бағдарлама. Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін философия ғылымдарының докторы атағы беріледі. Академиялық атақтардың ең жоғарғы шыңы – профессор атағы.

Малайзияда білім беру үкіметтің басымды міндеттерінің бірі болып табылады және Білім Министрлігінің қарауында. Жоғарғы білім мемлекеттік және жеке меншік білім беру орындарында жүзеге асырылады. Мемлекеттік жоғары білім колледж және политехникалық университтер деңгейінде беріледі. Үш жылдық оқу жүйесі ағылшын тілінде жүргізіледі. Бітірушілер екі жылдан кейін сертификат немесе үш жыл оқып, диплом алады. Бағалау жүйесі британдық жоғары оқу орындарындағыдай. Орта мектепті бітірген талапкерлер 1 жыл «фаундейшн» дайындық курсынан өту керек. Оқуға қарашадан мамыр айына дейінгі мерзімде қабылдайды. Орта мектептік білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарға байланысты қазақстандық орта білім туралы аттестат Малайзияда танылмайды. Себебі Малайзияда 12-жылдық орта білім. Қазақстандық студенттер бұл елдің жоғары оқу орындарына тек отандық университтердің 1-2 курстарынан кейін қабылданады.

Мысалы, АҚШ-та орта мектептен кейінгі білімді жалғастыратын кез келген оқу орындары «колледж», «мектеп», «институт» немесе, тіпті, «университет» деп аталады. Университеттер мен колледждер халықаралық танымалдық және білім берудің жоғары рейтингілері бойынша 3 деңгейге бөлінеді. Жоғарғы білім үш кезеңнен тұрады. Инженерлік факультеттерде 1-кезеңде бакалавр, 2-кезеңде академиялық дәреже–ғылым магистріатағы беріледі. 3-кезеңде ең жоғарғы доктор атағын алады. Оқу кезеңі 2 семестрге бөлінген, оқу жыл әдетте тамыз-қыркүйек айларында басталып, мамыр-маусым айларында аяқталады. АҚШ-тың көптеген жоғары оқу орындарында әріптік бағалау жүйесі қабылданған. Бұл мемлекеттің жоғары оқу орындарына түсетін талапкер ағылшын тілін жетік білу керек. Ағылшын тілін шет тілі ретінде оқитын студенттер міндетті түрде TOEFL емтиханын тапсырады.

Талқылау.

Тапсырма 2: Ойлау, зерттеу, талқылау.

а) Отандық білім беру жүйесі мен батыстық білім беру жүйесінің ұқсастығын айтыңыз, айырмашылығын талқылаңыз. Яғни, әрине, бір сөзбен айтқанда, керісінше, біршама, соншалық, айтарлықтай сөздерін қолданыңыз.

ә) Олардың әлсіз жақтары мен артықшылықтарын атаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

Тапсырма 3: Өз көзқарасын дәлелдеу.

Отандық жоғары білім беру жүйесі туралы пікіріңіз қандай?

Қандай идеялар қосасыз?

Кестені толтырып, өз ойыңызды дәлелдеңіз.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Қызық идеялар

Тапсырма 4: Мына пікірлермен келіспейтіндігіңіздің/оны қолдайтындығыңыздың себебін 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.

* Елімізде жоғары білім берудің сапасы басқа мемлекеттерден жоғары.

* Жаңа бітірген студент кәсіби даяр кадр.

* Қазақстандық білім беру жүйесі өзгеруі тиіс.

Топтық жұмыс. Топпен жұмыс жасаңыз да, өз түсіндіруіңізді салыстырыңыз.

Өз көзқарасыңыздың дұрыстығына тыңдаушының көзін жеткізу үшін түсіндіру, дәлелдер, мысалдар келтіріңіз.

*Бағалау және емтихан тапсыру жүйесі.

*Олар сізге маңызды ма/маңызды емес пе?