Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6.17 Mб
Скачать

Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге /Абай/

Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:

Сөйлесім: талқылау

Сын тұрғысынан ойлау:

Тыңдалым:

Жазылым: эссе

Оқылым :

Грамматика:

Өз бетінше оқу дағдылары:

Талқылау

Жазда /өткен жылы қанша кітап оқыдыңыз?

Сізді көбінесе қандай кітаптар қызықтырады?

Тапсырма 1: Мына сөздердің мағыналарын қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

Көркем әдебиет, стиль, шығарма, идея, әдеби тіл,

Тапсырма 2:

Сауалнама. Бір жылда қанша кітап оқисыз?

а) Еш кітап оқымаймын

ә) 1-5

б) 6 -20

в) 21-ден көп

ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдарды оқыған кітап санына қарай бөлген екен:

Көп оқитын – бір жылда 21 және одан да көп кітап оқитын адам

Орташа оқитын – бір жылда 6-20 кітап оқитын адам

Аз оқитын – бір жылда 1-5 кітап оқитын адам

Еш кітап оқымайтын – оқымайтын адам

Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы, өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңыз… .

Кітапты қалай оқисыз? Берілген нұсқалардың өзіңізге қатыстысын белгілеп (), пікіріңізді дәлелдеңіз.

  • қолайлы жер таңдаймын

  • айналам тып-тыныш болу керек

  • жақсы көркем кітапты қайталап оқимын

  • күнде 1-2 сағаттан оқимын

  • ұнаған кітапты бітіргенше бас алмаймын

  • еріккенде, бос уақытым болғанда ғана оқимын

  • біреудің ұсынысы бойынша іздеп оқимын

  • ұзақ жолға шыққанда уақыт өткізу үшін оқимын

  • баяу оқимын, кейбір жерлерін қайта-қайта оқимын

Оқыған нәрсені ұмытпас үшін не істейсіз?

Ұнаған афоризмдерді жазып аласыз ба? Өмірде қолданасыз ба?

Кітапты қалай таңдайсыз?

Жастар арасында өткізілген сауалнама бойынша берілген жауаптарды қараңыз. Берілген жауаптарға сәйкес олардың типтерін анықтаңыз.

Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыз?

  • қолыма не түссе соны оқимын

  • қолға кітап алсам ұйықтап қаламын, сондықтан маған кітаптың жанры маңызды емес

  • көбіне психология мен тарихи жанрда жазылған

  • көбіне махаббат туралы

  • әртүрлі, қызықтырса болды

  • өлең кітаптарды онша оқымаймын

  • ал мен поэзия оқығанды ұнатамын. Соның ішінде .......

  • детективтер

Кітапқұмар деген сөз нені білдіреді? Қандай жағдайда қолданамыз.

Жеке кітапханаңызда қанша кітап бар? Оның нешеуін оқыдыңыз?

Кітап жинауды мақсат тұту керек пе, жоқ па?

Достарыңызбен кітап алмасасыз ба?

Досыңыз, туысыңыз кітап сыйласа не дейсіз?

Оқылым

Газет мақаласымен танысыңыз.

http://bekjan.dosym.kz/

“Біз кітапты емес, кітап бізді таңдайды” деген сөзді осы жақында ғана естідім. Бір киноның кейіпкерінен. ”Шынымен солай ау” дедім іштей.Өзімнің өмір жолымда қолыма түскен, маған жаңа бір әлемнің есігін ашқан кітаптар өтті ақылымнан. Саналы түрде (жүйелі) кітап оқуым, осыдан үш жыл бұрын басталды. Бір қызығы бұл серуен Шымкенттегі күндерімнен басталды. Одан бұрын да оқитынмын, бірақ қолыма не түссе соны оқи беретін әдетім бар болатын. 2005 жылдың соңында қызмет бабымен Шымкент қаласында ұзақ мерзімді іссапарым басталған-ды. Ол сапар бір жарым жылға созылды. Сол жерде нағыз кітапкұмар майталмандармен таныстым. Бөтен қалада, ойыннан шығып қалған ойыншы сияқты, ойынға сырттан қарап отырғаннан басқа түк қалмағандай күй кешкен кезеңдер. Жолдас жігіттер, бірінен соң бірі, неше түрлі кітаптарды қолыма ұстата берді. Бәрі Драйзердің “Финансит” атты кітабынан басталды.Одан кейін Ремарк, Хемингуэй, О. Генри жалғасып кете берді.

Кейін кітаптарды өзім таңдай бастадым (әлде олар мені таңдай бастады ма?). Кітапханалардағы сөрелердегі кітаптардың сусылдаған жаңа беттерін ашып, бірінші бастапқы абзацты оқып көріп, сосын кез келген бетті ашып көз жүгірте оқып шығатынды шығардым. Көңілімнен шықса үйге сатып алып кете бердім. Одан кейін букенисттердің қолындағы кітаптарды алғанды ұнаттым. Талайлардың қолынан өткен көне кітаптар, мені ерекше бір тылсымдылығымен тарта түсетін. Кейін, бір кітапты оқып жүрсем де “мына кітапты оқу керек” деген тізімдер жасала бастады.

Кеше үйге келген қонақтар үйдегі кітаптарды көріп, “ооо, неше түрлі кітап жинап алыпсыңдар ғой” деп таң қалып жатыр. Қарасам, шынымен, артта оқылған талай кітап қалған екен. Ең дұрысы өзің оқып жинаған кітаптардан құралған кітапхана ма деймін. Әр кітаптың өз жолы, өз тағдыры бар.

Соңғы кітабым Абай өлеңдері. Үйде қолым босай қалса, Абайды қолыма аламын. Қытайдың мына сөзі ұнап жүр. ”Кітап оқуды қойған адам, ойлануды қояды”..... (Бекжан Толыбай)

  • Автор ойын өз пікіріңізбен жалғастырыңыз.

  • Кітап оқу әдетке айналуы мүмкін бе?

  • Қытай даналығы туралы пікіріңіз қандай?