Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШпорГосТарих.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
246.37 Кб
Скачать

1986 Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы: себептерi және салдары. Жастар баскөтерулерiнiң маңызы.

Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы бейбіт шеруінің түрі ұлттық болғанымен, ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде, орыс халқына бағытталмаған болатын. Бірақ республиканың және одақтың партиялық-бюрократтық жүйе тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастардың бүлігі деп бағаланып, шындық бүркемеленді.Бейбіт шеруді басып-жаншуда зандылық өрескел бұзылды. Жастарды қуып таратуда сырттан арнайы әскери бөлімдер жеткізіліп, орыс ұлтының өкілдерінен халық жасақтары жасақталып, өрт сөндіру машиналары, төмір таяқтар, шағын саперлік күрекгер, үйретілген иттер пайдаланылды. Ұсталғандар прокурордың санкциясынсыз түрмелерге қамалып, онда орын жетпегендерді ұрып-соғып, зебірлеп қысты күні киімсіз қала сыртына апарып тастады. Қылмысты істер бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт жүргізілді. Бұл шаралардың барысында ішкі істер орындарында 3,5 мыңнан астам адам ұсталып, 103 адам сотталды, 270 студент жоғарғы оқу орындарынан, 753 адам комсомолдан, 52 адам партиядан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Келік министрлігінен 309 адам жумыстан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 рекгоры қызметтен алынды. Бірнеше жастар қыршынынан қиылды. Олардың ішінде қазақ халқының батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков бар. Партия ұйымдарын тазалау жүзеге асырылып, тек 1937 ж. обылыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 23 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің ербір үшінші қызметкері жумыстан босатылды. Мундай тазарту жумыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол ұйымдарында да кеңінен жүргізілді.

ААААА

Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.1775 ж. Абылай сұлтан дербес көшіп-қонып жүрген көптеген старшындар мен сұлтандар оның ішінде Әбілфейс те бар кейіннен қайтыс болып кеткен. Ресей Сібір шекаралық бастығы арқылы өздерін Ресей қол астына алуына сұраған.

Абылай сұлтан 1771 ж. дейін сұлтан аталып, 1771 ж. бастап өзін Абылай хан атаған. Ресей үкіметі Абылайға хан атағын айтуының себебін сұрағанда Мен хандықты қалмақтарды жеңген еңбегім үшін алдым. Үш орданың ханы болып Бұрынғы дәстүр бойынша Түркістанда тұрып. Өлгенде қасиетті әулие Қожа Ахметтің мазарының қасында жерлену арманын жүзеге асыру мақсатын жеткізеді. Мұны естіген ІІ Екатерина Абылайдың үш орданың бас ханы болып, Қытаймен одақтасып қазақ даласының дербестігін алып, кете ме деген қауымынан болар. Абылай хан Ресейден өзінің шенеуліктерін жіберіп, хандық атағын бекітуіне өзінің өтінішін беруіне көндіруге арнайы адам жіберген.

Абылай хандығын бекітуге өтініш сұрап ұлы Тоғымды жіберетінін айтады. Тоғым 1778 ж. Санкт-Петербургке келеді. Абылайдың үш жүздің ханы етіп бекітуін сұраған өтінішін қарай келіп, үш жүздің емес, тек орта жүздің ханы етіп жариялап бекітуді ұйғарады. Патша үкіметі үш жүздің ханы етуді қаламайды. Себебі Абылай ханды үш жүздің ханы етіп сайласа, қазақ даласын уыстарынан шығарып алатындықтарынан қорықты. Нұралы ханды кіші жүздің ханы етіп жариялағанда патша үкіметі Нұралы хан орта жүзді де Ресей бодандығына әкелетіндігіне сенген болатын. Нұралы хан Ресей патша үкіметінің, күткендеріндей болмады. Сондықтанда олар қазақ хандарына сенімдері бола алмады. 22 мамырда 1778 ж. сұлтан Абылай Ресей тарапынан Орта жүздің ханы болып бекітілген грамотаны патшайым ІІ Екатеринаның қолынан алды. Абылай өзі бармады ұлы Тоғым хандық грамотаны алды.

Патшайым Абылай ханды жақын жердегі бір шекаралық бекініске шақырып ант беру салтанатын өткізіп Абылайдан Ресей үкіметіне адал қызмет етуге ант алуын тапсырады. Шекара бастығының Абылайға ант беруіне көндіргісі келген бірнеше әрекетінен түк шықпаған. Сондықтанда хандық грамотасы, хандық белгісі, сыйға тартпақ болған бұлғын терісінен тігілген тон, қара түлкіден тігілген бөрік, қылыш Абылайға табыс етілмей қалған. Осылайша Абылай хан өзін патша үкіметінен де тәуелсіз етем, дербестігін сақтап қалды. Кейін патша үкіметі ақшалай сыйақыны беруді тоқтатады. Орыс шенеуніктеріне Абылай хан ордасына баруға да тыйым салады. Шенеуніктердің жеке өмірлерінің сақтығы үшін. Патша үкіметі реті келсе Абылайды тұтқынға алып ішкі губернияларға жіберуді тапсырған Абылай әскерімен буруттарды шауып талдары мен көп адамдарын тұтқынға алып, буруттардан аманатқа адамдар алып Түркістанға көшіп кеткен. Тұтқын буруттарды орта жүздің солтүстігіне қоныстандырып, ұлы жүзге ықпал жасау үшін ұлы Ғаділге Талас өзені бойына ұй салдырып, оның қасына қарақалпақтарды қоныстандырған. 1781 ж. Ресей шекарасына қарай қайтып келе жатқанда 70 жасында жолда қайтыс болады. Түркістанға жерлейді. Абылайдың қайтқанын естіген Қытай билеушісі өзінің шенеунігіне Орта жүзге жіберген Абылай хан өліміне байланысты көңілдерін білдіріп тағзым етіп қайтуға Ералы қарақалпақтар хан Сыр бойына көшіп кетеді. 23 желтоқсанда 1781 ж. Орынбор губерниясын жауып, Уфа наместничествосын ашуды ұйғарды. Оның құрамына Орынбор губерниясы кірді. Орынбор облысы аталды. Облыс құрамына төрт уезд кірді. Орынбор, Берхоуральский, Бузулукский және Сергеевский өлке бастығының резеденциясы Орынбордан Симбирскіге көшірілді. Басқарушының титулы генерал-губернатор 1784 ж. генерал-губернатор қызметіне барон Игельстроп тағайындалғанша Симбирскіде болды.

14 қаңтар 1784 ж. ІІ Екатерина жарлығы Орынбор өлкесінің бастығы генерал-поручик Иван Варфоломеевич Якоби Орынбордан шекаралық экспедиция ашуды тапсырады. 1770 ж. бастап кіші жүз ханы Ресейге аманат бермеді. Орта жүз ханы Абылай аманат бермек түгел хандығын Ресей тарапынан берілген грамотасын да алмады. Орыс-қазақ шекара барымтасы тоқтамады. Осының бәрін тоқтату үшін ІІ Екатерина қазақ шекараларына іргелес орыс қалаларына мешіт салуға, татар мектептерін ашып, бала оқытуға бұйрық береді, қазақтарды өздеріне тартудың тәсілі еді. Осылайша қазақтарды Ресейге орыс халқына жақындатуды ұйғарады.

6 тамызда 1785 ж. генерал губернатор барон Игельстром Орынбор, Троицк бекіністерінде мешіт құрылысы бітіп ашылғандығын патшайым ІІ Екатеринаға хабарлайды.

Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

•Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

•Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...

Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).

Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал обл. мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:

1.Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...

2.Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.

3.Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария обл. қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.

Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. Онда халықты Т. а-на қолдау көрсетуге шақыра отырып “Бұғаудан босаған түркістандықтардың өз жерінің толық қожайындары ретінде өз тарихын өздері жасайтын сәт туды. Біз алдымызда тұрған міндеттердің ауқымды екендігін, біздің ісіміздің дұрыстығын сезініп, Алланың ризашылығымен өз жұмысымызға кірістік” – делінді. Қоқан қ-нда мұсылмандардың Т. а-н қолдаған манифестациясы болды. Мыңнан астам адамның қатысуымен өткен бұл манифестацияда халық Ақпан революциясы ала келген бостандық негіздерін қор-ғауға және Т. а-на қолдау көрсетуге ант берді. Мұның артынша Наманганда Т. а. Уақытша үкіметіне қолдау көрсетуге арналған митинг өтті. Наманган көшелеріне лық толған адамдар “Жасасын Түркістан автономиясы мен оның үкіметі” деген плакаттар алып жүрді. 6 желтоқсан күні Ташкентте “Шуро-и-ислам” ұйымының ұйымдастыруымен Т. а-на қолдау көрсетуге арналған 60 мыңнан астам адам қатысқан митинг болды. Социал революционерлер (эсерлер) Қоқан қ-нда өлкелік съезін өткізіп, Т. а-н қолдайтындықтарын, оның үкіметімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Т. а-ның жариялануын Ташкенттегі еврейлердің “Бунд” пен Қоқандағы “Вайнер” қоғамы құттықтап, оған көмек беретіндігін танытты. Т. а-ның жариялануы өлкедегі мұсылман жұртшылығының көңілінен шығып, олардың рухын көтерді. Самарқанд, Закаспий облыстары мұсылмандарының съездері, Түркістан еңбекшілері мен диқандарының съезі, Шымкент қ. мұсылмандарының жиылысы Т. а-н қызу қуаттады. Перовск және Қазалы уездеріндегі қазақтар Т. а-н қолдайтындықтарын білдірген жеделхаттар жолдады. Мұндай пікір Ырғыз у. қазақтары тарапынан да білдірілді. Закаспий облысындағы қазақтар Т. а-на кіруге ризашылығын білдіру мақсатында Қоқанға Ж.Мыңбаевты жіберді. 13 желтоқсанда Қоқан қ-нда өткен мұсылман жұмысшылары, солдаттары мен диқандарының съезінде Т. а-ның Уақытша үкіметін қолдау жөнінде шешім қабылданып, оның құрамына мұсылман жұмысшыларынан, диқандардан және солдаттардан өкілдер енгізу жөнінде ұйғарым жасалынды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. а-на қатынас мәселесі қаралып, Сырдария облысы қазақтарының Алаш автономиясына қосылу жайын айқындау үшін обл. съез өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл съез 1918 ж. 6 қаңтарда Түркістан қ-нда өтті (қ. Сырдария облыстық қазақ съезі). 1918 ж. 20 – 26 қаңтар аралығында Ташкентте өткен өлкелік кеңестердің 4 съезі Т. а-н және оның Уақытша үкіметі мүшелерін заңнан тыс деп жариялап, Т. а-н күшпен тарату жөнінде шешім қабылдады. Кеңестердің осындай шешім қабылдауына сәйкес Т. а-ның Уақытша үкіметі қорғанысқа көшуді шұғыл қолға алуға кірісті. Т. а-ның әскері 2 мыңға жетті. Сол тұста Қоқан қ. милициясының басшысы Ергештің қол астында 4 мыңға жуық қарулы жасақ болды. Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 28 қаңтардағы мәжілісінде Т. а-н қарусыздандырып, оның әскери ұйымдарын тарату керек деген шешім қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрды. 29 қаңтар күні Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі қалалық төтенше өкімет органын – рев. к-т құруды ұйғарды. Осы рев. к-т Ташкенттегі Халық комиссарлар кеңесінен Т. а-на қарсы күресу үшін көмек сұрап, 4 зеңбірегі, 4 пулеметі бар 120 адамнан тұратын әскери жасақ алдырды. Мұ-ның артынша Түркістан ХКК Қоқан рев. к-тіне көмекке 11 әскери эшалон және австровенгрлік соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлім мен армян (дашнак) құрамасын аттандырды. 6 ақпанда кеңестік қарулы күш Қоқан қ-н зеңбірекпен атқылап, қаланы өртке орады. Қызыл әскерлер бөлімдері мен армян құрамасы қалаға еніп, Т. а. Уақытша үкіметі мен ұлттық кеңесінің 54 мүшесінің 30-ын тұтқындады. Т. а-н күшпен тарату кезінде Қоқан қ-ның басым бөлігі өртеніп, 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Осылайша халық тілегіне сай құрылған Т. а. кеңестік биліктің қаруымен құлатылды.

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.

Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.ЖағрапиясыҚала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ.Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га.ТабиғатыҚоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.Халқы2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.Қазақстан астанасының тарихыАстана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

ӘӘӘӘӘ

Әбілқайыр ханның саяси мемлекеттік қызметі. Әбілқайыр хан – XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезенде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.

ХІХ-ХХ ғасырдың екінші жартысында Әбілқайыр қазақтарды Ресейге бодан етті деген де, алдымен Әбілқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етеміз. Әрине, Әбілқайырдың 1731-1732 жылғы хатжазғаны да, ант бергені де шын, бірақ, ол хаттың мақсатына, қүқықтығына онша көңіл қоймай жүрген сияқтымыз.

Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгілі тарихшылардың ғылыми еңбектеріне токталайық. Ол туралы академик В.В.Бартольд "В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах". Ресей Әбілқайырға ешбір қолдау көрсетпеді. Содан соң орыс патшайымына берген анттың да, қабылданған қүжаттың да күші жойылды деп дәлелдейді В.В.Бартольд: "Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения" дейді.

В В.Бартольдтан кейін алғашқылардың бірі болып зерттеген тарихшы А.Н.Чулашников "Әбілқайырдың Ресейге бодан болу туралы келісімге қол қоюы, бұл істің басы ғана емес қарапайым маңызы жоқ, кеп келісімнің бірі ғана" деген қорьгтынды жасады. Көрнекті тарихшы Н.Г.Аполлова "Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тәукеден бастап Әбілқайырға дейін Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады2", дей келе көпшіліктің Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келісім-шартқа наразы болудың бірден-бір себебі, хан бұл мәселені шешуде ез билігін тым жоғарылатып жіберді.3 Ханның бұл қадамын старшина мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғүрыптарды бүзғандық деп түсініп, өздерінің хандыққа саяси биліктерін аяқка таптады деп түсінді" деген болатын. Қазақ халқының аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов қазақ елінің хат жазғаңда бағыныштылық емес Қамқорлық туралы одақ ел болуды іздегені деп келіп "Ресей патшасы Анна Иоановнаның іргетасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылмаған. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл создің мағынасы қазіргіден бөлек. Ол кезде подданство деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни бұл сөзді өзіне қаратып алу немесе отарлау деп тұсінбеу керек деп жазды.

Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшылардың бірі М. Макшеев былай деп жазады: "Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар (қазақтар) бұрынғысынша тәуелсіз болып қала берді, ешқаңцай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет атқармады" деп көрсетеді.

Патша тарихшыларының кейбіреулері қазақтарға көршілері қанша қауіп-қатер төндіргенімен Әбілқайыр сияқты игі жақсылардың себеп сылтауы билік үшін күрес деген пікірді нды. Олар Әбілқайырды "Сұм да, зұлым", оның уәдеде тұруға ниеті де, мүмкіндігі де жоқ, қосылу дегені кезекті "шығыстың айла-шарғысы" деп есептеді.

Мәселен, патша генералы М.Терентьев "халықтың басым көпшілігі өздерін Ресей бодандығы деп есептемеген, егер Әбілқайыр жалғыз өзі бодандыққа уәде берсе, онда патшаға жалғыз озі бодан болсын" деп жазады.

XIX ғасырдағы белгілі тарихшылардың бірі, академик Н.И.Веселовский шығыстанушы ғалым ретінде Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттей келе "Көшпенділердің келісім туралы түсініктерінің біздің тусінігімізден әлдеқайда айырмашылыгы бар. Олар ушін бодандық дегеніміз, ешкімді белгілі бір мемлекетке ештеңеге міндеттемейтін, сондай-ақ қазақтардың пайдасына шешілген сауда-саттықтың бір келісімі сияқты әсер етті'% деді. Яғни, қазақтардың Ресей-мен жасаған келісімі көрші екі елдің жайшылықтағы бір-бірімен алыс-берісі сияқты байланыстай-ақ көрінген.

Белгілі ғалым В.В.Бартольд мынаны еске алған жөн дейді. Бодандық сөзі сол кездегі қалыптасқан үғым бойынша кез келген екі едцің арасындағы одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекеттің суверендігін мойындауға тиіс санаған. Ал бодандықты нақтылы бағыныш деп есептемеген. Мысалы, академик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, "среднеазиатским владетелям подданство казалосъ только выгодной сделкой, благодаря которой слабейший становился под покрови-тельством и в то же время не принимал на себя никаких обязанностей "} Осы пікірін анықтай отырып еңбегінің келесі бір бетінде "қыргыздардың (қазақтардың) бодан деген аты гана болган "г деп жазған. Сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде кеңес қоғамының тарихы жөнінде объективтік, шыншыл еңбектер бізде емес, Батыс елдерінде де жазылғандығын ескерсек, бірқатар шетел тарихшылары да өз еңбектерінде осы тақырыпқа көңіл аударған. Олар Скайлер (АҚШ дипломаты), Г.Бульжер (XIX ғасырдағы ағылшын тарихшысы), А.Боджер (Англия), Х.Сетов — Утсон (Англия), М.Б.Олкотт (АҚШ), т.б. Сонымен атақты Әбілқайыр ханды түсіну үшін тағы да тарихшылар түйініне назар аударайық. Ол туралы шетел тарихшылары не деді екен? Орта Азия зерттеушілерінің ардагері доктор Баймырза Хайит: "1731 жылы Әбілқайырдың орыс патша әйеліне жазган хатында, әңгіме бодан болу жөнінде емес, қамқор болу жөнінде болды'* деп көрсетті. Жалпы алғанда Б.Хайит Қазақстан бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге қарудың күшімен еріксіз қосылды деген көзқарасты ұстады. Бірақ орыс-қазақ қатынастарына деген козқарас Батыс тарихшылары арасында да бірыңғай емес. Мүндай қайшы-пікірлер 1731 —1732 жж. Қазақстанның Ресейге оз еркімен қосылғандығы туралы төңірегінде орбіді. А.Боджер бұл туралы: "Қазақ халқы орыс боданы болуды қалады деген жорамал шыныдыққа жатпайды. Әбілқайыр озінің іс-әрекеттерінде жеке басының муддесін — саяси мақсатты көздеді, бір созбен айтқанда, ол да орыстан квмек алуга тырысты, бірақ орыспен қосылгысы келмедідейді. Іс жүзінде Әбілқайыр император әйелдің шын берілген қызметшісі болған жоқ, ол кей кездерде жоңғар билеу-шілерінің де коңілін жыққысы келмеді деген профессор М.Б.Олкотг пайымдамасын Әбілқайыр саясатының екіүш-тылығы емес, сол замандағы ерекше мәмілегерлік төсіл түрі ретінде бағамдауымыз керек дейді. Американ ғалымы Ю.Скайлер Қазақстанның Ресейге қосылуы себебін таддай келіп " XVIII гасырдың басында қырыздар (қазақтар) солтустік-батыстан қалмақтардың, сол-түстіктен — сібір казактарының, шыгыстан — жоңгар фео-далдарының шапқыншылыгына ұшырады да өте-мөте ауыр жагдайда қалды "' деп жазады "Түркістан" еңбегінде. Автор бұл орайда Әбілқайыр атқарған ролінде лайықты баға береді. ХУШ-ХІХ ғасырлардағы тарихнаманы зерделегенде Әбілқайыр хан жөнінде көптеген пікірлер айтылғандығы жоғарыда көрініс берді. Алайда бір ерекше назар аударар жайт, отаршыл империя теоретиктері басқыншылықты бітімгершілікпен көлегейлеп, Әбілқайыр саясатына өркениеттілік сипат беруге неліктен жанталасқаны бүгінгі танда түсінікті болды. Ресей империясының ауқымды жоспармен жүргізілген отаршылдық саясаты қайткенде де қазақ жерін басып алмай тоқтамайтындығы бүркемеленді. Ал керісінше, отандық тарихнамада қазақтар үшін жоңғар шапқыншылығынан аман қалудың, сөйтіп жер бетінен түтастай жойылып кетпеудің бірден-бір жолы қазақ өлкесінің Ресейге қосылуы ақтабан шұбырынды алқакел сұлама деген шалажансар аңыз үстемді етіп келеді. Сонымен Кеңес өкіметі кезінде Әбілқайыр хан туралы, қазіргі оқып жүрген қазақ тарихында Әбілқайыр хан қазақ елін Ресейге қосып бодандықтың кигізді деген ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға, долбарға сүйеніп жазылған қортыңды еді. Ресми идеологияның қолдауына сүйенген маркстік-лениңдік тарихнама қазақ халқының тарихын формацияларға бөліп, қазақ халқының тарихын Ресей окіметінің, Совет окіметінің саяси-идеологиялық қағидаларына үйлестіргені белгілі. Қазақ тарихын жазғандар қазақ тарихын формацияларға бөлгенде Ресей мемлекетінің тарихынан бірге қарау мәселесін ешқашан естен шығарған емес және қазак тарихын коне заманнан бүрмалап көрсетуге тырысты. Ресми тарихнама қоғамға үстемдігін жүргізген ресми кезқарас тұрысынан баяндалды. Сондықтан отаршылдықтың бүкіл зардабын Әбілқайыр есімімен тікелей байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті.

БББББ

Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)Исатай мен Махамбет. XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді. Патша үкіметі қазақтардың Жайық сыртына көшуіне рұқсат бере отырып, қайта қоныстандыру мәселесін ұйымдастыруды орыс тағына жан -тәнімен берілген, шекаралық патша шенеуніктерінің нұсқауларын екі етпей орындайтын сенімді адамға тапсыруды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанға түсті. Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру барысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ниет етті. Жаңа хандықты орыс жерлері мен бекіністі шептер жан-жағынан қоршап тұрды. Жайық бойында – әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядтары, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді. 1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті. 1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен тұрмысының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыттарына батыл түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақсатымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училищелер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйектерінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді. 1827 жылы Нарын құмы Жасқұс шатқалындағы қонысты орда орталығы етіп жариялады. Ол әлеуметтік-экономикалық бағытта Ішкі Ордада феодалдық тәртіп орнатты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қанаушылығына ұшырады.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.) Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды. 1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады. Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді. Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді. Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды. Ішкі орданың мәдениеті, экономикасы: Саяси құрылысы Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды.Экономикасы Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті. Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. 1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе — зерттеу жұмыстары қолға алынады. 1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта — телеграф байланысы орнатылады.

Мәдениет және қоғам 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. 1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамыныңкүміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.

ДДДДД

Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.

Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларга жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.

•1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам жер аударылды.

•1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді. Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанға орналастырылды.

•1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.

•1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс тепті. [3]

•1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.

•1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.

•1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.

•1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды. Суықтан, аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.

•1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау басталған кезеңде ғана депортацияланған халықтар тағдырына оң өзгерістер ене бастады.

•1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды

ЖЖЖЖЖ

ЖЭС- әлеуметтік-экономикалық нәтижелері.

Өнеркәсіпті, көлікті және ауыл шаруашылығын кайта калпына келтірудің басталуы. Саудадағы кооперативтік қозғалыс. ЖЭС идеясынан ауыткушылыктың басталуы. 1927-1928 жж. азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылык өнімдерін күшпен дайындауға көшу.Шаруаларға қарсы бағытталғак жаппай куғын-сүргіннің

күшейуі. Ұжымдастыру-шаруалар қасіреті. Индустрияландыру: сипаты, ауқымы, қарқыны. Қазақстандағы коғамдық - саяси ахуал. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді. Нарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операцияларының арасындағы делдалдық қызметті Кеңес өкіметінің басшылығы, бақылауымен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген кооперация атқарды. Мемлекет арнаулы декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған «азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және қолөнер кәсіпшілігі бұйымдарын дайындау мен ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау салаларындағы міндетті тапсырмаларын орындауды» жүктеді, «барлық азық-түлік өнімдерін (мәтінде осылай. — авт.), мемлекет дайындаған және национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған... сонымен қатар шет елден әкелінген көпшілік қолды тауарларды бөлу» тек солар арқылы жүзеге асырылды. Декретте «РКФСР-дің барлық азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді», ал «әрбір азамат тұтыну қоғамы пункттерінің біріне жазылады» деп атап көрсетілді. [1].Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шын мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, қайсыбір мемлекет иелігіне алынған құрылымдар болды.Жалған кооперация осылайша жеке меншік нарық айналымы стихиясын мемлекеттік реттеу мен тежеу құралына айналады деп есептелінді. Бұлай болуы әбден мүмкін еді, оған Ленин күдік келтірген жоқ. Партияның X съезінде ол былай деді: «Біз пролетариаттың саяси өкіметін әлсіретпей, қайта нығайта отырып, жергілікті еркін тауар айналымына едәуір дәрежеде жол бере аламыз. Мұны қалай істеу керек — бұл практикаға байланысты іс. Менің міндетім — теория жағынан мұның жүзеге асыруға болатын нәрсе екенін сіздерге дәлелдеп беру». Алайда бұл идеяның мүлдем жарамсыз екенін практиканың өзі көрсетті. Қазақстанда 15 млн сом алтын ақша және 1921 жылғы ақшаның 14 млрд сомасында тауар айналым қоры (мануфактура, бақалшық, металл бұйымдары, ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, тұрмыстық заттар, махорка, керосин, сіріңке және т.б.) құрылды. Алайда белгіленген көлемдегі астық өнімдерінің тек 37%-ын және ет өнімдерінің 26%-ын ғана дайындауға қол жетті.

Сөз жоқ, бұған тауар айналым қорының жеткіліксіздігі және жұтандығы, бөлу желілерінің дамымағаны, ауыл шаруашылығында астықтың аз шығуы мен күйзеліс әсер етті. Дегенмен, ең басты себеп мемлекеттік тауар айналымының жекеше сауда-саттықпен қай жағынан болса да бәсекеге түсе алмауы еді. 1921 жылдың күзінде Ленин амалсыз: «Тауар айналымынан ештеңе шықпады, жекеше нарық бізден мықты болып шықты және тауар айналымының орнына біз қарапайым сатып алу-сату, сауда-саттыққа ғана қол жеткіздік» деп мойындады.Кооперацияға сүйену де өзін-өзі ақтамады. Осы кезден бастап оның қызмет аясы тарыла түсті. Ал КСРО ОАК-і мен ХКК-нің желтоқсандағы (1923) азаматтардың бірыңғай тұтыну қоғамына міндетті жазылуының күшін жойған, оған кіру мен одан шығу тек халықтың өз еркінде екендігін жариялаған декретінен кейін, ол «халықты жаппай қамтыған» жүйе рөлін тоқтатты. 1925 жылдың соңында бөлу мен айырбас саласында кооперациялау «еуропалық» тұрғындардың 20%-ын (сол жылдардағы есептерде жазылғандай) және қазақ шаруашылықтарының 8,6%-ын ғана қамтыды. Осы кезге дейін-ақ кооперация, мемлекеттік сектор сияқты, жекеше сауда-саттықпен тең бәсекелік күреске түсуге қабілетсіздігін (әр түрлі мемлекеттік дотациялар, несие және тауармен қамтамасыз ету түріндегі жеңілдіктер, тауар босату бағасын төмендетуге мүмкіндігі бола тұра және түптеп келгенде идеологиялық қолдау да солардың жағында болғанмен) көрсетті. Қалалардың тауар өткізу желілері құрылымында оның үлес салмағы барлығы 3-ақ пайызды құрады, ал бұл кезде жеке секторда ол 95,3%-ға жетті (мемлекеттік саудада - 1,6%). Республиканың ауылдары мен қыстақтарында тиісінше 12,9 және 85,1%-ды (мемлекеттік саудада - 2,0%) құрады. Сауда айналымына келетін болсақ, ол қалалық жеке меншік иелері есебінен 84,7%-ды, кооператорлар есебінен — 14,0%-ды (мемлекеттік саудада - 1,3%) құрады. Ауылдар мен кыстақтарда (кооперациядағы бағаның төмендігі есебінен) екі сегменттіңде үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте - 50,5%, ал кооперативтік саудада - 49,5%. Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы, яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей, оны айналып өту сәтсіз аяқталды.

ККККК

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылғанкөтерілістерінің бірі болды. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуысұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханныңаман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады. Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойыерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты». Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды. Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады. Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін,Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды. Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді. Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысыныңжетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады

Кіші жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау.

Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді.XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» - деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Россия империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген ...халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым – қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді. 1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды. Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды.

Көшпелі өзбек мемлекеті және Сібір хандығы.Саяси тарихы.

Шайбани мемлекеті, Шайбани мемлекеті — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет (1500 — 98). Орталығы алғашында Самарқанд, 1560 жылдан Бұхара қаласы болды. Шайбани мемлекетінің құрылуы бұрын Дешті Қыпшақта тұрған көшпелі өзбек тайпаларынан шыққан Мұхаммед Шайбани ханның Мауераннахрды жаулап алуымен тығыз байланысты. Шайбани мемлекеті Каспий т-нен Тянь-Шаньға, Сырдариядан Орталығы Ауғанстанға дейінгі аумақты қамтыды. 1510 жылы Иран шаїы, Сефеви әулетінен шыққан Исмаил Қ Шайбани ханды талқандағаннан кейін Шайбани әулеті екі өзбек мемлекетіне бөлінді. Бірі — Мауераннахрдағы Шайбани мемлекеті де, екіншісі — оған тәуелді емес Хиуа хандығы (орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуа) болды. Темір әулетінің бұрынғы хорасандық иелігі Иранға қарады. Көшпелі өзбектердің Дешті Қыпшақтан Мауераннахрға ауысуы нәтижесінде Шайбани әулеті қазіргі қазақ даласындағы ықпалынан айрылып, далалық жерлерде қазақ хандарының билігі орнады. Көшпелі өзбектердің отырықшы халықтың арасынан қоныс тебуі егіншіліктің біршама құлдырауына және суландыру құрылыстары жұмысының бұзылуына әкеп соқтырды. Жерді сыйға тарту, мұрагерлік жолмен меншіктену құқығы кең тарады. Шайбани мемлекетінде ірі жер иеленушілер, сопы шейхтары мен үлкен вакуфтарды иемденген мұсылман дінбасылары болды. Жердің бір бөлігі хан меншігі болып есептелді. Бұл жерді пайдаланған шаруалардан салық — харадж алынды. Барлық өзбектерді өз қол астына біріктірген Абдолла ханның тұсы Шайбани мемлекетінің гүлденген кезі болды. Ресей, Қазақ хандығы, Сібір хандығы мен Үндістандағы Ұлы Моғолдармен қатынас орнатылды. Бірақ үздіксіз әскери жорықтар мен билеуші топтардың арасындағы тартыстардың қолөнер мен саудаға тигізген зиянды зардабы зор болды. Шайбани мемлекетінің тұсында Мауераннахр мен Хорасанның түркі тілдес халқына “өзбектер” деген этнонимі бекіді. Абдолла хан тұсында мемлекет астанасы Бұхара болды да, кейінгі деректерде Шайбани мемлекеті Бұхар хандығы деп аталды. Бұхара қаласы ірі мәдени орталыққа айналды. 16 ғасырда Шайбани мемлекетінде белгілі ақын-жазушылар Хожа Хасан Нисари, Зайниддин Уасифи, Камал әд-Дин Бинаи, Абдурахман Мушфики, т.б. өмір сүрді. Шайбани мемлекетіне арналған Бинаидың “Шайбанинама”, “Футухат-и хани”, Мұхаммед Салихтың “Шайбанинама”, Хондемирдің “Хабиб-ас-сияр” тәрізді тарихи шығармалары да осы 16 ғасырда жазылды.

Сібір хандығы— 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.Сібір ханы Көшім.

ҚҚҚҚҚ

Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары. Тарихи деректер, тарихнама.

Тарих мынадай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық – Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді; аксеологиялық – әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық – күрделі де көп кырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін өалыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық – тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады.

Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты. Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т.б.Тарихи деректер – ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми тұрғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы деректерге негізделуі қажет. Тарихнама – бұл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан – тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады.Көне жазба деректерінің бірі – зороастризм дінінің басты кітабы «Авеста». Сына жазулары: І Дарийдің (б.з.д. 522-486ж.) Бехистун жазбаларында, «Тарихтың атасы» болып саналатын Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде (б.з.д.430-420), Страбон (б.з.д. 64 б.з.24) мен Птолемейдің (90-160) «География».

Қола ғасыры. Номадизмнің өркениет түрі ретінде тұрақтануы.

Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары да қола буйымдарды жасау ісін меңгерді. Кола, мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшеланың қорғасынның қорытпасы. Қола осы уақытқа дейін қолданылып келген мыспен салыстырғанда берік, мықты болды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның дамуы өндіргіш күштерінің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамда еркектер ролінің артуына алып келді. Жеке отбасылар бөлініп, отбасылық меншік пайда болып, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі есе түсті.

Андронов мәдениетг Кола дәуірінде Сібірдің Қазақстанның және Орта Азияның ұлан байтақ далаларын тегі мен тарихи тағдырлары ортақ туыс тайпалар мекендеп, олар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас медениет ескерткіштерін қалдырды. Осы үлгідегі алғашқы ескерткіштің табылған жері Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының атына қарай бүл мәдениет ғылымда шартты түрде "Андронов медениеті" деп аталды.

Андронов медениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық дерекгер андроновтық турғындардың басым көпшілігі отырықшылдық өмір сүргенін көрсетеді. Өзендердің көлдердің жағасында орналасқан патриархаттық отбасылардың үлкен жертөле үйлері болды. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қоралар салынды. Андронов мәдениеті тусында адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар мен сендік заттарды жақсы меңгерген. Өлген кісілерге тастан қоршау жасап, зираттар тұрғызған. Зираттар тік бұрыштанып, деңгелекгей немесе ұзынша сопақталынып қоршалынатын болды.Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Үй кәсіпшілігі, тұрғын үй шаруашылығы, дін және өнер. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер): Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б. Артефактілер типологиясы. Ескерткіштердің тараған территориясы.Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғарғы дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Сазбалшықтан шеңбер жасаудың пайда болуы. Жерлеу салты. Ботай, Тоқсанбай алғашқы қала үлгілері. Дәндібай - Беғазы мәдениеті. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік өңіріндегі Беғазы қойнауында табылған қола ескерткіштеріне сай Дәндібай-Беғазы атты медениет атауы пайда болды. Дәндібай-Беғазы медениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Бүл ескерткіштерге тен нерсе, бір жағынан, андроновтық дестүрлердің сақталуы, екінші жағынан, медениеттің жаңа көріністерінің (езгеше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар) пайда болуы. Жерлеу ғурпында да өзгеріс бар. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Діни нанымдары. Қола дәуіріндегі адамдар түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп қабылдаған. Олар күн мен отқа, суға, ай мен жулдызға табынған, о дүниеге сенген.

Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері, мекені, әлеуметтік-экономикалық, саяси тарихы.

Саяси тарихы.Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты.Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды. Қимақ қағанаты (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.

Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.

840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.

Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды.

Қарлұқ қағанаты. Қарахан мемлекеті. Мекенi, әлеуметтiк-экономикалық, саяси тарихы.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Карлүқтар Алтайдан Балқаш келінің шығыс жағалауына дейінгі аймақты жайлаған көшпелі тайпалар. VII ғасырдың ортасында Қарлүқ бірлестігіне тайпа: болат, шігіл және ташлық енді. Қарлүқ тайпаларының көсемдері елтебер деген атақты иеленді.756 жылы қарлүқтар шығыстағы үйғыр қағандығынан жеңіліп, Жетісуға келіп, онда өздерінің қағанатын қүрады. Карлүқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі аймақта қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас өзендерінің еңірлерін, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендейді. Қарлүқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар қаласының маңына барып қоныстанған. IX ғасырдың аяғында арабтар қарлүқ жеріне тағы шабуыл жасап Испиджабты және Таразды алады. Қарлүқ қағанының астанасы енді Тараздан Қашғарға көшеді.Бірақ қарлүқтардың ішінде бірлік орнамайды. Оны Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 ж. Баласагүнды басып алып, Қарлүқ мемлекетін құлатады.

X ғасырдың ортасында Шығыс Түрікстан, Жетісу өңірінде Карахан мемлекеті пайда болады. Карахан еулетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915-955 жж.) 942 ж. Баласағүн билеушісін қүлатып, ислам дінін және Арслан Карахан дережесін қабылдайды. Осыдан бастап оның еулеті Қарахандықтар деп атала бастады.XIғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бүхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қарахандықтар иелігі Балқаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар үйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 жж. ұзақ қиян-кескі соғыстардан кейін Меуереннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен түрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып түрды.ХIғ. 30 жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түрікстан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Баласағүн, кейін Қашғар қаласы болды. Меуреннахр жерлері Батыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дережесімен Шығыс Қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан дережесімен Батыс Қарахан қағанатын басқарды. Қағанат көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек және тегін дережесіндегі еншілік иелерінің қүқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссездер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мүрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне - "сатылық жүйе" арқылы жүзеге асырылды.

Қарақытайлар.Найман және Керейіт мемлекеттері. Мекенi, саяси тарихы.

Наймандар. Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалардың бірі. VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында найман тайпалар одағы (түрікше "сегіз тайпа одағы") пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты. Х-ХІІ ғасырларда найман одағы мемлекет дережесіне дейін кетеріледі. Найман одағы хандар басқарған бірнеше үлыстардан түрды. XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында наймандар Монғолиядан бірнеше қатарынан жеңіліп, бір бөлігі Алтайдан Жетісуға қоныс аударды. Екінші бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Күшлік ханның басқаруымен Жетісуға келген наймандар 1213 ж. қара қытайлардың мемлекетін қүлатып билікті жаулап алады.

Керей мемлекеті. X ғасырдың басында Алтайда қүрылған керейлердің этникалық одағы түркі тілдес және монғол тілдес тайпалардан қуралған. Керей мемлекетінің солтустік астанасы Орхон өзеніндегі Қатын балық қаласында, ал оңтустіктегі астанасы Хуанхэ өзенінің солтустік жағалауында орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар нестроиандық бағыттағы христиан дінін қабылдайды. XII ғасырдың екінші жартысында Керей мемлекеті солтустіктегі Селенга өзенінің жоғарғы ағысынан оңтустіктегі Хуанхэ өзеніне дейінгі, батыста Хангай тауларынан шығысындағы Халқын көлге дейінгі жерді иеленді. Керейлер мен наймандардың әлеуметтік-саяси даму деңгейі бірдей болды. Мемлекет үлыстардан түрды. Әрбір үлыстың өзінің территориясы, өзінің ханы, кешпелі өмір салтына лайық зандар жиынтығы болды. Іс қағаздарын жургізу дестурі енгізілді. Олар көшпелі мал шаруашылығымен, аң балық аулаумен айналысты.

Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.

XIII ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті қүрылады. Оның негізін салушы монғолдардың бержегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Тимучин (1155-1227). 1206 ж. монғолдардың қүрылтайшы Тимучинге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың үлы өміршісі етіп сайлайды. Шынғысхан билікке келген соң езінің төңірегіндегі тайпалар мен үлыстарға шабуыл жасап, оларды (татар, қонырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт, найман, онғыт және т.б.) ездеріне бағындырады. 1207-1209 жж. Енисей қырғыздары, Сібірдің орман халықтары, үйғырлар монғолдарға бағынады. 1211 ж. Шыңғысхан ескері Солтустік Кытайға бет алып, 1215 ж. Цзинь астанасы Чжундуды (Пекинді) алады.

1213 ж. Шыңғысхан Жебе ноян бастаған ескерін Жетісуға жібереді. Халық қолдауынан айырылған Күшлік хан соғыста жеңіліп, Жетісу аса кеп қарсылықсыз монғолдарға қарады. Жетісуды бағындырғаннан кейін монғол ескерлеріне Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Жорық 1219 ж. қыркуйекте Ертіс жағалауынан басталады. Монғол ескері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс хан балалары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді Отырарды қоршау үшін қалдырып, үлкен үлы Жошы бастаған ескерді Сырдария бойындағы қалаларды алуға жіберді, езі кіші үлы Төлемен Бүхарды алуға аттанады.

Отырардың билеушісі Қайырхан 30 мың ескермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек сатқыншылықпен қала қақпасы ашылғаннан кейін ғана монғол ескері қалаға кіреді. Сырдария бойындағы өзге қалалардың турғындары да ерлікпен қорғанды. Сыр бойындағы қалаларды алған соң Шыңғысхан Орта Азияны басып алуға кірісіп, оны 1221 ж. көктемінде аяқтайды. Соғыс қимылдары енді Иранның Ауғанстан мен Солтустік Үндістанның жеріне көшеді. Монғол ескерлері солтүстік Иранды, Каеказды алып, аландарды, қыпшақтарды және орыстарды бағындырып 1224 ж. Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралады. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері енді оның балаларына бөлініп беріледі.

Қазақстан жері Шыңғысхан балаларының үш үлысының құрамына енді. Жошы ұлысына Ертістен Орал тауларына дейінгі жерлер, оңтүстікте Каспий мер Арал теңізінің төңірегі, Хорезм мен Сырдария өңірі; Шағатай улысына Оңтустік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түрікстан мен Меуереннахр; Үгедей улысына солтустік-шығыс Қазақстан - жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандары және Батыс Монголия енді. Ал кіші үлы Төлей болса, ол Шыңғысханның негізгі журты - Монғолияны алды. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, Монғолия үлысы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.

Қазақ хандығының қалыптасуы, нығаюы мен дамуы (ХҮ-ХҮІ ғғ.) (Керей, Мұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Тәуекел хандарының басқаруында)

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV-ХV ғғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси өзгерістерден туған занды қүбылыс. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, халықтардың жіктелуіне жағдай жасады.

XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілхайыр хандығының қурамындағы қазақ халқының бір бөлігі Барақ ханның інісі Керей мен баласы Женібектің теңірегіне топтасып Сырдарияның теменгі сағасына, Қаратау қойнауының шығыс бөлігіне шоғырланды. 1465-1466 жылдары Жетісудың батысындағы Шу мен Талас өзендерінің өңіріне Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалар квшіп барып Казақ хандығының шаңырағын көтереді. Жасының және жолының үлкендігіне қарай алғаш хан Керей болды. Қазақ хандығының қүрылуына байланысты шығыста Моғолстан, оңтустік батыста Әбілхайыр хандығы құрамындағы қазақ рулары мен тайпаларының Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі бурынғыдан бетер күшейіп, қазақ хандығының шекарасы бірте- бірте кеңейе түсті. Алғашқы қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларды ездеріне қаратуға тырысты. Оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін Әбілхайыр еулетімен соғыс Керей ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін үстаған Бүрындық хан (1430-1511 жж.) мен Женібекгің баласы Қасым хан (1511-1523 жж.) тусында да толастамады.

Қасым хан тусында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайып, жері кеңейіп, хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік- батыста Сырдарияның оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейін созылды. Қасым хан тусында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. XVI ғ. 20 жылдары Қасым хан қайтыс болған соң Жошы урпағының өзара талас- тартысы қазақ хандығын біраз елсіретті. Өзбектер мен моғол билеушілері қазақтарға қарсы одаққа бірікті. Сырдария бойындағы қалалар қолдан шығып кетті.

Әлсіреген хандықты біріктіруге XVI ғасырдың екінші жартысында Қасым ханның баласы Ақназар хан өз үлесін қосты. Ол ноғай мырзаларының көбін өзіне тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Ол ойраттар мен моғолдарға қарсы шығып, Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап, Сырдария бойындағы Сауран мен Түрікстанды қайтарды.

Қазақ халқының этногенезі. Қазақ жұздері. «Қазақ» этнонимдері.

Қазақ халқының қалыптасуы көне заманнан - алғашқы қауымдық қурылыстың ыдырауы кезеңінен бастау алады. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың үрпағымен араласқан түрікгер Қазақстан жеріндегі этно- демографиялық жағдайға өзгеріс екелді. Ертефеодалдық мемлекеттер мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, түркі тілінің халықаралық негізгі тілге айналуы, мәдениет пен діннің уқсастығы этникалық жағынан біртутастықты жеделдетті.

XIII ғ. басындағы монғол басқыншылығы Қазақстан жерінде жергілікті рулар мен тайпалардың бір халық болып қалыптасуына бір шама кедергі жасады. ХІУ-ХУ ғасырларда шаруашылық, қалалар қалпына келіп, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылыс барған сайын күшейе түсті. Қазақстанның ежелгі тайпалары өздерінің табиғи, экономикалық және саяси қалыптасқан жағдайларына байланысты үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Ұлы, Орта және Кіші жүз. Қазақ жүздерінің ерқайсының көшіп- қонатын жолдары мен жерлері болды. Осыған қарамастан олардың тілі мен материалдық медениетінде ешбір айырмашылық болмады.

XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық жерін мемлекет етіп біріктіру халықтың қалыптасу барысын тездетті. Женібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қарамағындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады.

Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар: а) ішкі аумақтық тұтастық; ә) этностық туыстық; б) шаруашылық-мәдени бірлік; в) саяси басқару ортақтастығы.

Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.

Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.

Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.

Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады.

Қазақстандағы патша өкіметінің қоныс аудару саясаты. (ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы) Артта қалған елдерді басып алып, отарға айналдыру, осы елдердің бүкіл байлығын тонау - патшалық Ресейдің негізгі саясаты болды. Оның шеткі аймақтардағы халықтарға деген саясаты тек тонаушылық және қанаумен ғана емес, әскери-отаршылдық тәртіппен де сипатталды. Реакциялық патша үкіметі орыс тұрғындарын ұлттық облыстардағы халықтарға төменгі нәсіл ретінде өктемшілдікпен қарауға тәрбиеледі. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының мақсаты - орталық губерниялардағы жерсіз «артық» шаруалардың помещиктерге қарсы наразылығын бәсеңдету үшін оларды шеткі ұлттық аймақтарға көшіру еді. 1861 жылғы реформадан кейін жерсіз қалған шаруалар жер үшін помещиктермен революциялық күрес жүргізген еді. Бұл күрес патша үкіметінің негізін шайқалту қаупін туғызды. Осы күресті патша үкіметі шаруаларды шеткі аймақтарға көшіру арқылы әлсіреткісі келді. Патша үкіметінің шаруаларды қоныс аудару бағыты түрлі кезеңдердегі экономикалық және тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. ІІІ Мемлекеттік Думаның екінші сессиясында социал-демократиялық фракцияның атынан сөйлеген депутат Войлошников түрлі кезеңдердегі патша үкіметінің қоныс аудару саясатына мынадай сипаттама берді: «Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты - үкіметтің бүкіл аграрлы саясатының бір буыны. Помещиктерге арзан жұмыс күші ретінде әлсіз шаруалар керек болғандықтан, үкімет шаруалардың қоныс аударуын тоқтатып, оларды барынша Ресейде қалдыруға тырысты. Бұл аз болғандай, патша үкіметі шаруалардың өз бетімен қоныс аударуын тоқтату үшін күресті. Біртіндеп тұрғындардың саны өсіп, уақыт өзгерді: наразы пролетариат пен аштыққа ұшыраған шаруалар саны көбейді. Патша үкіметі қоныс аударуды өзінің аграрлы саясатының негізіне айналдырды...» [1]. Патша үкіметінің шеткі аймақтарға қоныс аудару саясаты дворяндармен қатар Ресей буржуазиясының да мүддесін қорғады. Өз мүддесін іске асыруда Ресей буржуазиясы Қазақстандағы феодализмнің мықты сарқыншақтарына ғана емес, орта ғасырдың күшті сарқыншағы Ресейдегі патша үкіметіне де сүйенді. Отар елдердің халықтарын тонау мен қанауда патша үкіметі мен буржуазия арасындағы біртұтас майдан қалай құрылған екен? Бұл сұраққа жауапты біз В.Лениннен, оның «Ресейде капитализмнің дамуы» деген еңбегінен табамыз: «Капитализм өзінің билік ауқымын үнемі кеңейтпей, жаңа елдерді отарламай және капиталистік емес ескі елдерді дүние жүзілік шаруашылық аймағына тартпай өмір сүре алмайды» [2].Осылайша ол капитализмнің терең және кең даму мәселесін көрсетті. «Нарықтың құрылу процесі капитализмнің екі жағын көрсетеді: капитализмнің терең дамуы, яғни нақты,шектелген территорияда капиталистік жер шаруашылығы мен капиталистік өнеркәсіптің дамуы және капитализмнің кең дамуы, яғни капитализм билігінің жаңа территорияларда тарауы» [3]. Ресей капитализмінің кең даму процесі шеткі аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды патшалық Ресейдің отарына айналдыру процесі болды. Қазақстан басқа да шеткі аймақтардағы елдер сияқты орталық Ресейдің фабрикалық өнімдерін өткізу және шикізат қорына біртіндеп айнала бастады. Капитализмнің империалистік сатысында Ресей Қазақстанға капитал шығара бастады. Бұл капитал Қазақстан жерінде шикізат қорын ашып, табиғи ресурстарды тонап, арзан жұмыс күшін пайдалану үшін қолданылды. Жүз мыңдаған орыс шаруаларын Ресейдің шеткі аймақтарына қоныс аударудың басты себебі - 1861 жылғы крепостной правоны жойғаннан кейінгі Ресейде қалыптасқан аграрлық қатынастар еді. Аталған реформа шаруалардың жағдайын жақсарта алған жоқ. Керісінше, басыбайлықтан босаған шаруалар жердің жетіспеуін сезінді. Сөйтіп олар амалсыз шеткі аймақтарға көшуге мәжбүр болды. Жердің жетіспеуі 1858 жылға санақ бойынша соңғы үш жылда дүниеге келген ер адамдарды ескермеуде болды. Сонымен қатар уақыт өткен сайын тұрғындардың саны өсе түсті. 1861 жылы Ресейдің ауыл тұрғындары 50 млн.адам болса, 1900 жылы 86 млн. адамға жетті. Яғни тұрғындардың саны 72 % -ға өсті [4]. Егер осы есептен кулак шаруашылықтарын алып тастасақ, шаруалардың кедей бөлігінің жерінің аздығы анық көрінеді. В.Лениннің «ХIХ ғасырдың аяғындағы Ресейдегі аграрлық мәселе» деген еңбегінде ХIХ ғасырдың аяғына таман Еуропалық Ресейде жер аздығының көлемін көрсетеді. Шаруалардың қоныс аудару қозғалысының басты себебі жердің аздығында жатыр. Өндіргіш күштердің деңгейін қарастырмай шаруалардың қоныс аудару себебін тек жердің аздығымен түсіндіру жеткіліксіз. Себебі бірдей жер участогі түрлі жағдайда түрлі нәтиже береді. Олай болса шаруа шаруашылығының өндіргіш күштері қандай деңгейде болды? Қарапайым соқа мен ағаш жыртқыш, бұдан туатын жерді қарапайым өңдеу және астықтың төмен өнімділігі, жиі болып тұратын қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуы шаруа шаруашылығы өндіргіш күштерінің төменгі деңгейін көрсетеді. [5] Реформадан кейін шаруалар помещиктер жеріне қарағанда сапасы төмен жерлерге ие болды. Ондай жерлерде шаруа өз отбасын асырай алмады. Еркек басына шаққанда жер көлемінің өте аз болуы шаруалардың жайылым жерлерді игеріп, егін егуіне алып келді. Бұл мал санының қысқаруына алып келді. Мал аздығынан жер тыңайтылмай тез тозып отырды. Шаруа жерінде орман алқабының аздығынан олар отын ретінде тезекті пайдаланды. Бұл жағдай тыңайтқыштың көлемін одан да төмендетіп жіберді. 1861 жылғы реформадан кейін Ресейде жеке жер иеленушілерге қолайлы жағдайлар туды. Жерге деген үлкен сұраныс жалға беру бағасын көтерді. Ал мұндай жағдай шаруа шаруашылығын жеке жер иеленушілеріне кіріптар етті. Шаруалар неғұрлым кедей болған сайын, соғұрлым жалға беру құны жоғары болды. 1896-1902 жж. аралығында жалға беру бағасының өсіп отырғандығын мына кестеден көруге болады.

Қазақстан Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі, 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары — 22,1 %-ға, картоп — 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әрдесятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарын-даш өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл еңгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауы-нан, жердің жөне түқымдық материалдардың енделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіскелемі мен енім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Акмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияга ауыл шаруашылығымен айналысып келген, орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа аймактарында да нақ осындай керініс байқалды.

Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына өкеп сокты. Оган сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұра-тын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді. Мөселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болды, үлес салмағы женінен жылкы саны 48,5%-ға кеміп кетгі, осы кезең ішінде Ордада ірі караның саны тиісінше 25%-ға кеміді. Маңғыстау уезінде, Сырдария жөне Жетісу облыстарында нақосындай керініс байкалды.

Соғысжылдарында казақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жай-ылымдық алаптарды одан өрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына өсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылыктар қүрыла бастады. 1913—1917 жылғадейінказакхалқынан жалпыкөлемі 764,4 мыңдесятина жайылымдық алаптың жылқы-ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартып алынды жене жалға алуға дайындалды.

Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Патша екіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықган түйе, жылқы, сиыр жинады. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мыңпұтет,70 мыңжылқы, 13 мың түйе өкетілді. 1914жыл ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы және мал өнімдері тасып әкетілді.

Мал санының қысқаруы еңалдымен казақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылықтарындағы мал саны жылдан-жылға азая берді. Осының салдарынан соғыстапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.

1916 жылғы кетеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі деп малы тартып алынды. Мәселен, Жетісу облысында қазақтардан мал мен мүліктің тең жартысы алып қойылды. Бұл орайда орыс шаруалары да зардап шекті. Жетісу облысы губернаторының 1916 жылғы есебінде көтеріліс салдарынан мал шаруашылығына да үлкен зиян келтірілді деп көрсетілген. Орыс селолары малының кемінде 90%-ынан айырылды. Көптеген қожалықтар мүдде жұмыс көлігі мен сауын малынсыз қалды. Облыс үшін көшпелі шаруашылыққа да келтірілген зиян едеуір болды. Бұл облыстың қазақ халқы тұратын, мал саны 6 миллионнан астам болған төрт уезінде оның кемуі 30% деп анықталады.

Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен қазақтар шаруашылықтарының жай-күйі, олардың күш-көлігімен қамтамасыз етілуіне байланысты еді, Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялауға және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село менауылдашаруашылықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне өкеп сокты. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның өзі мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала — шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.

Реквизициялар бірлігі ру билеушілері мен ірі мал иелеріне соқпай, халықтың кедей және орташа топтарына ауыр салмақ болып түсті, сол арқылы кедей-орташа қожалықтардың қайыршылану үрдісін едәуір тездетті, қазақ шаруаларының тақыр кедей болып қалуы күшейді.

Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Бұл кеніштерден 1914 жылы — 246 пұт, ал 1916 жылы — 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғары, қатынас жолдарының қашык, құрал-жабдықтардың

жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды және алтын өндіру 30%-дан астам төмендеп кетті. Түсті металдарға деген қажеттердің өсуі және олардың бағасының күрт артуы соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда, 1917 жылы 25,3 есе өсті. Ресейде тендесі болмаған Екібастұз қорғасын-мырыш зауыты зор қорғаныс маңызына ие болды, 1916жылдан жұмыс істей бастады, бірақ оның құрылысы соғыстың аяғына дейін толық аяқталмады. 1917 жылдың қаңтарына дейін зауытта 13 пұт мырыш балқытылды. «Қырғыз коғамы» Екібастұз зауытының мырышымен соғыс кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін жұмыс істеген Қыштым зауыттарын, сондай-ақ өскери ведомствоның Ижорь, Обухов зауыттарын жабдықтап отырды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары» акционерлік қоғамы мен «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндірді. Тұтас алғанда бұл кезенде мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Мыс кені бірден-бір мыс балқыту зауыты — Спасск зауытында өндірілді. Жер қойнауын жыртқыштыкпен пайдалану «Спасск мыс кені» акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыгу фаб-рикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт концентрат өндірді.

Спасск кәсіпорындарының отын базасы Қарағанды кен орындары болды. Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз көмір кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше пароходствоны, Оралдағы Богословск және Қыштым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.

Соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында шетелдік ірі магааттар Қазақстанның мұнай өнеркәсібінеде еніп алды. 1912жылдан 1917жылға дейін Доссорда 11 мұнай бұрқағы жұмыс істеді. 1914 жылы Орал-Жем ауданы Ресейде мұнай өндіру жөнінен үшінші орын алды. 1914 жылы мұнай өндіру рекордтық мөлшерге жетті, онда кәсіпшіліктер елде өндірілетін бүкіл мұнайдың 3%-ын берді, 1915 жылдан мұнай өндіру құлдырай бастайды. Бұған кәсіпкерлердің барынша пайда табуға тырысып, жаңамұнай аландарын дайындау жөніндегі барлау жұмыстарына салғырттық танытуы себеп болды.

Патша үкіметінің буржуазияны әскери-өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыруға неғұрлым кең көмек көрсетуге тарту мақсатымен Ресей буржуазиясына жеңілдік жасауынатура келді. Бұл әрекеттердің нәтижесі әскери-өнеркәсіп комитеттерін (ӘӨК) ұйымдастыру болды, олар армияны азык-түлікпен және қару-жарақпен жабдықтау ісіндегі буржуазия мен патша өкіметінің органдары ретінде құрылды.

Қазақстанда ӘӨК ұйымдастыру өр түрлі мерзімдерде жүргізілді. Мұны Қазақстанның негізгі әкімшілік аудандарында өнеркәсіп дамуының әр түрлі деңгейімен, бұған отаршылдық өкімшілік басшыларының әр түрлі көзқарасымен, буржуазиялық өнеркәсіптік топтардың ұйымдасқандық және топтасқандық деңгейімен түсіндіруге болады.

Омбы облыстық әскери-өнеркәсіп комитетінің отырысында Семей және Петропавл әскери-өнеркәсіп комитеттерін ұйымдастыру және оның құрылымы бекітілді.

1915 жылғы 4 қазанда Ташкентте Қалалық Дума залында Түркістан генерал-губернаторлығы әскери-өнеркәсіп комитеттері өкілдерінің отырысы болды. Съезге сол кезде ұйымдастырылған жергілікті әскери-өнеркәсіп комитеттерінің 59 өкілі, соның ішінде Перовск және Верный әскери-өнеркәсіп комитеттерінен 1 өкілден қатысты.

1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери өнеркәсіп комитеті құрылды.

1915 жылдың аяғына карай Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп комитеті) құрылды.

Қазақстандағы ӘӨК құрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазияның өкілдері болды, облыстық ӘӨК комитеттерінде армия, жабдықтау және интенданттық сұраныс керек-жарағымен, кәсіпорындарды жұмыс күшімен және отынмен, медициналық қызмет көрсетумен айналысуға тиісті 5—7 бөлім болды.

Әскери-өнеркесіп комитеттерінің әлеуметтік базасын кеңейту үшін олардың құрамында жұмыс топтары құрыла бастады. Қазақстан буржуазиясы да әскери-өнеркәсіп комитеттерінің жанынан жұмыс топтарын құруды тездетуге ұмтылды. Бұл жұмысты бәрінен бұрын Омбы кәсіпкерлері мен саудагерлері өрістетті.

Бірақ ӘӨК қызметі патша үкіметінің үміттерін ақтамады. 1916 жылы 280 миллион сом сомасында белгіленген әскери тапсырыстардың 10%-ынан аспайтын мөлшері ғана мерзімінде орындалды. Алайда майданда жеңіске жету үшін экономиканы, әсіресе әскери экономиканы жоспарлы реттеу қажет болатын, бірақ бұл міндетке Ресейдің жас буржуазиясының шамасы келмейтін болып шықты. Соның, сондай-ақ басқа да себептердің салдарынан шаруашылық апаты жақындап қалды.

Өндеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждарына, ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары тауарларың өндіру өсті, бұл кезенде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3%-ын өндеді. Шынына келгенде, былғары, тері және ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату үшін Ресейдің ірі өнеркөсіп орталықтары — Пермь, Вятка, Рига қалаларына онім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге және тері тондарға сұраным ерекше өсті.

Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндірерін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс жылдары ішінде фабрика 894,4 мың шаршыметр шұғадайындады.

Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын салынды. Бірақ өндеуші өнеркәсіптің көпшіл іс бөлігінің қуаты аз, өндіріс техникасы қарапайым болатын, Мұнда ірі өнеркәсіп орындарын салуға үкімет те, ірі өнеркәсіпшілерде мүдделі болмады.

Соғыс жылдарында мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы техникалық өңдеу одан әрі қысқарып, егіншілік өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп біршама тез өсті. Ақмола және Семей облыстарында ұн-жарма өнеркәсібінің едәуір ірі кәсіпорындары пайда болды. Қазақстанда ұн-жарма өнеркәсібі дүниежүзілік соғыс жылдарында саны жағынан көбейіп, оның өнімділігі едәуір артты. Сібір мен Қазақстан соғыс жылдарында армия мен империяның халқына астықты және астық өнімдерін негізгі жеткізіп берушілер болды.

Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім өкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бұйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді. Мәселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жұмыс істеген едәуір ірі етік шеберханасы жұмыс істеді. Бір жыл ішінде шеберхана 5404 пар аяқ киім тігіп шығарды, оның 54%-ы әскери ведомствоға, қалғаны халыққа арналды.

Кәсіпшіліктерден ең көп таралғандары балық аулау, түз өндіру және тасымалдау кәсіпшіліктері болды. Еділ-Каспий бассейніндегі дамып келе жатқан балық кәсіпшіліктеріне байланысты Қазақстанда тұз өндіру ұлғайды. Соғыс жылдарында тұз өндірудің ұлғаюына қарамастан, кәсіпшіліктердегі жұмысшылар саны олардың тыл жұмыстарына алынуына байланысты кеміп кетті.

Өлкенің дамуын қатынас жолдарының дамымағандығы тежеді. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ өлкедегі көліктін, жай-күйі туралы мәселе өткір қойылды. Соғыс Қазақстан аумағында жатқан Оралдың әскери зауыттарын қорғасын-мырыш концентраттарымен, көмірмен және басқада пайдалы қазбалармен жабдықтаған, армияны және Ресейдің көптеген губернияларының халқын мал өнімдерімен және астықпен қамтамасыз ететін темір жолдардың стратегиялық маңызын бірінші қатарға шығарды. Көлік жүйесі жұмысының бұзылуы Ресей империясы экономикалық дағдарысының негізгі себебі болды.

Ол 1915 жылдыңаяғында-ақ империяның жекелеген аймақтары арасындағы шаруашылық байланыстарының үзілуіне әкеп соқты және ең қажетті заттар бағасының үздіксіз өсуіне, алыпсатарлықтың және еңбекшілер бұқарасын қанаудың қаулап етек алуына себепші болды.

Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысында 1914 жылға қарай 2 703 226 десятина шұрай-лы жертартып алыңды. 1917 жылға қарай Семей, Орал, Торғай, Ақмола облыстарында және Бөкей ордасыңда қазақтардан 40,638 миллион десятина жер татып алынды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да гөрі зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, құлақтар мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен орындарына күнкөріс іздеп кеткен казақтар саны барған сайын көбейе түсті. 1917 жылға қарай Семей облысында ғана 17 мыңға жуық батырақ қазақтар тіркелген.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтар арасында да таптық жіктеліс байқалды. Бұл кезенде қазақтардың үстем тобы қазақ әскерлеріне жаңа жерлер берілуі есебінен күрт байып алды. Мәселен, 1914 жылы Жетісу облысында 687 мың 803 десятина жер иеленген 34 станица болған еді. 1915 ясылы әскерге тағы да450—500 мың десятина жер кесіп беруге ұйғарылды және Жетісу қазақ әскері үлесті жерінің жалпы көлемі шамамен 1200 мың десятинадай болды. Бұл жерлердің үлкен белігі қазақ генералдары мен офицерлерінің отбасыларына тиесілі болды. Ал қатардағы қазақ отбасыларының өмірі де жеңіл болған жоқ.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қоныс аударушылар деревнясында датаптық саралану байқалды. Бір жағынан «дворяндық учаскелерге»тандаулы жерлердің берілуі, олардың жер көлемінің ұлғайтылуы есебінен кулактардың мықтап баюы жүріп жатты. Мысалы, 1914 жылы Жетісуда дворян Воликовскийге және құрметті азамат Яковлевке 3 797 десятина жер жалға берілді. Торғай облысында ата тегінен дворян Пржелисковскийге ірі учаске бөлінді. Сырдария облысында шаруа-кулак Лопаткинге 1 252 десятина жер мелшеріңце жердің мал өсірілетін учаскесі жалға берілді. Қазақ әскеріне жер бөліп беру де ұлғайды.

Соғыс жылдарында кедейлер мен орташалардың жағдайы нашарлады. Запастағы шен иелері отбасыларының жағдайы өте ауыр еді, олар не кулактар шаруашылығында батырактар болуға немесе табыс табу үшін өнеркәсіп орталықтарына кетуге мәжбүр болды. Қазақстандағы қоныс аударушылар арасындағы мүліктік саралану дәрежесін және олардың жаппай қайыршылануын қоныс аударушылар деревнясындағы орыстар арасынан шыққан жалдама ауыл шаруашылық жұмысшыларының өсуі туралы деректер дәлелдейді. Мысалы 1915 жылы Сырдария облысында ауыл шаруашылық жұмысшыларының 34%-ы ең кедей орыс шаруаларынан тұрды. Қайыршылық, ашаршылык, эпидемия —соғыс жылдарында қоныс аударушылар бастан кешкен жағдай міне осындай. Салықтар мен алымдар төлеуден жекелеген селолар ғана емес, сонымен қатар уездер де бас тартқан жағдайлар болған. Мәселен, Акмола облысының губернаторы өзінің баяндама хатында дала генерал-губернаторына Көкшетау уезі шаруаларының салықтөлеуден жаппай бастартқаны туралы хабарлаған. Еңбекші бұқараның мұқтаждары мен күйзелісі күн өткен сайын өсе түсті.

Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Орыс және шетел капиталистері пайда мен үстем пайданы бұрынғысынан да көбейту үшін соғысты пайдаланып қалуға тырысты. Кәсіпорындарда жас балалардың жасөспірімдердің, әйелдермен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Соғыс жылдарында жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайлары нашарлады. Фабрика-зауыт инспекциясы болмады, төулігіне 10— 12, ал кейде 16 сағаттан да жұмыс істеген жұмысшыларды қорғайтын, кәсіпкерлердің қызметін, заңдардың орындалуын қадағалайтын ешкандай бақылау болған жоқ. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914жылы күндік жұмыс үшін — 1сом 04 тиын, 1915 жылы — 94тиын, 1916жылы — 91 тиын төленді, Сарысу зауытында осы жылдар ішіндегі жалақы 1 сом 22 тиын, 1 сом 02 тиын және 94тиын болды. Басқа зауыттарда да жалақы төмендеді. Ал ең қажетті заттар мен өнімдер бағасы күртесті. Мәселен, Спасск акционерлік қоғамының поселкелерінде тамақ өнімдерінің бағасы соғыстың бас кезіңдегіге қарағанда 1916 жылы дәуір қымбаттады, 1 пүтет 1914жылы —3 сом,ал 1916жылы — сом тұрды (2 есе көбейген), ұнның бағасы әр пұты үшін 60 тиыннан 1 сом 30 тиынға дейінгі кетерілді. Сіріңке 1 тиыннан 4 тиынға дейін, сабын 10 тиыннан 30 тиынға дейін көтерілді. Семей облысынын алтын кеніштеріңде өнімнің бағасы ерекше жоғары болды. 1916 жылдың каңтарынан қазанына дейін ғана бір бөлке нанның құны 7 тиыннан 15 тиынға дейін, ұн (пұт) - 1 сом 50тиыннан 4

сом 20 тиынға дейін, ет — 2 сом 50тиыннан, 6 сомға дейін қымбаттады. Әсіресе Ресейден әкелінген өнеркәсіп тауарлары қымбат тұрды: қант — 8 сомнан 20 сомғадейін, киім-кешек — 200—300%-ға, аяқкиім — 300—400%-ға кымбаттады. Кәсіпорындардағы ауыр еңбек жағдайларына байланысты аурудың мендеуі мен жарақаттану етек алды, медициналық қызмет көрсетілмеді деуге болады.

Соғыс кезеңінде Қазақстанда әкімшілік-полициялық езгі жыл өткен сайын күшейтілді. 1916жылғы 9 қыркүйекте Министрлер кеңесі Сібір мен Дала және Түркістан өлкелерінің облыстарында полициялық күзет енгізу туралы мәселе қарады. Уезд бастықтары мен учаскелік приставтардың «бұратаналарды» болмашы теріс қылықтары үшін «Түркістан өлкесін басқару туралы ереженің» 64-бабында көзделген жаза қолдануға құқығы болды. Заңдарда уездік полицияға қоғамдық «өзін-өзі басқару орындарынан» іріктеп алынған адамдар тарапынан көмек берілді, олардың өздері де тәртіпті қорғау жөніндегі алғашқы шаралар қолданатын еді. Петропавл, Семей, Верный, Орал қалаларында қалалық полиция басқкармалары құрылды. Орынбор, Орал, Семей қалаларында бастығымен бірге 8 адамнан тұратын селолық белімшелер ұйымдас-тырылды." Полиция билігінетергеу ісін жүргізу үшін кең өкілеттіктер берілді. Қазақстанда әскери дала соттарының желісі ұлғайтылды. Жергілікті қазақ бөлімдерінен әскери-жазалау күштері ұйымдастырылды.

Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент және Транссібір темір жолдары темір жолшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Сонымен бірге қалалар мен селоларда еңбекшілердің қымбатшылықка, салықтар мен міндеткерліктерге қарсы бой көрсетулері болып өтті. Тап күресінің әртүрлі нысандары: қашып кету, наразылықтар, катаң талап қоюлар, бас көтерулер, экономиқалық сипаттағы ереуілдер орын алды. Сонымен бірге қоныс аударушылар деревнясының дәулетті топтары мен қазақ шаруалары арасындағы күрес күшейеді.

Соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көрсетулерінің кең таралған нысаны «әйелдер бүліктері» дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсы бой көрсету деп қарады. Жетісу облысының әскери губернаторы Фольбаум өзінің Түркістан генерал –губернаторына телеграммасында былайдеп жазған: «...Лепсі уезінің Андреев, Осинов және Николаев селоларындағы, Верный уезінің Михайлов селосындағы қақтығыстар мануфактуралық тауарлардың қымбатшылығы негізінде болды. Көпшілігі мұсылман саудагерлерден зардап шеккендер, әскери қызметтен босатылған олардың айуандығы тобырды ерекше ызаландырды».

Шаруалар көтерілістері Казақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мөселен, 1916 жылғы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ редосында 30 адам болатын солдат әйелдерініңтобыры көпестер Незванов-тың, Прияткиннің дүкендерін қиратты. 1916 жылғы 23 наурызда Сазды поселқесінде нақ осындай тәртіпсіздік туды. Тәртіпсіздіктердің себебі экономикалық және өлеуметгік жайсыздықтар деп саналды.

Халық бұкарасы бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа облы-старына да жайылды. Солдат өйелдерінің ең ірі бой көрсетулері Семейде бо-лып, оньі таяудағы Семенов, Грачев, Маловладимировск, Большевладимировск, Георгиевск селоларының, Долинская станицасыныңтүрғындары қолдады. Бұл селолардьщ бәрівде көпестердің дүкендері қиратылды.

Қазақ АССР-нің құрылуы.1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы құрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам – социалистік жүйені, социалистік мемлекет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II съезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М.И.Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халық комиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды. ұзамай 1918 жылдың көктемінің соңына қарай Ресейде азамат соғысы басталды. Билікті қолдан жібергісі келмеген бұрынғы капиталистер, помещиктер, патша әскерлерінің басшылары, шет ел интервенттерімен бірігіп Кеңес өкіметін құлату үшін үлкен соғыс бастады. Азамат соғысы Қазақстанды да түгелге жуық қамтыды. Көпшілік облыстарда Кеңес өкіметі құлап, билік ақ гвардияшылардың қолына қайта өтті. Тек орталығы Ташкент болған Түркістан республикасының орталық бөліктері құламай тұрып қалды. Қазақстанда Ақтөбе, Жетісу, Орал сияқты ірі майдандар құрылды. өте кескілескен жағдайда жүрген азамат соғысы Қазақстанда бірден жаңа кеңес билігінің орталықтанған органдарын құруға мүмкіндік бермеді. Аз уақыт билікті өз қолына алған Алашорда үкіметі де 1918 жылдың күзінде тарады.Қазақстанда облыстар мен уездерде құрылған жұмысшылар, шаруалар және солдаттар Кеңестері жаңа биліктің алғашқы өкілдері болды. Азамат соғысы жылдарында Кеңестер мен контрреволюциялық күштердің бірін-бірі ауыстырып тұрған кезеңдері аз болмады.Қазақстанда бір орталықтанған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.Казревком Қазақ автономиясын құрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырылған орган болды. Казревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б. Қаратаев, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, А. Байтұрсынов, Б. Қаралдин т.б. Алашорда тараған соң оның кейбір мүшелері Кеңес өкіметінің жұмысына тартылып Казревкомның құрамына өтті.Казревкомның салалар бойынша бөлімдері болды. Кейін бұл бөлімдер халық комиссариаттарын құруға негіз болды. Казревком құрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді: халық ағарту, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, почта, юстиция, әлеуметтік қорғау, жер бөлімі, әскери іс жөніндегі комиссариат, еңбек міндеткерлігі туралы комитет. Бұл бөлімдер Казревкомның өлкедегі жоғары билік ретіндегі қызметін қамтамасыз етті.Казревкомның міндеттері: өлкедегі кеңес қызметін ұйымдастыру, Кеңестік Ресейдің билік органдарының шешімдерін жүзеге асыру; экономика мен мәдениетті көтеру шаралары; Қазақ автономиясын құруға дайындық жүргізу; РКФСР мен Түркістан АКСР – мен байланыс т.б. Азамат соғысы жағдайында бұндай күрделі де қиын міндеттерді жүзеге асыру оңай болмады. Казревкомның міндеттерінің бірі жергілікті кеңестерді ұйымдастыру және оларға басшылық ету болды. Ол үшін жаңа сайлау жүйесі жасалып кеңестерге қанаушы таптардың және конрреволюциясының өкілдерін жібермеуге күш салынды. РКФСР-дің 1918 жылғы Конституциясының 65-бабы бойынша мұндай элементтер сайлау құқығынан айрылған болатын. Әрі олар кеңестердің бүкілқазақстандық Құрылтай съезіне жіберілмеді.1920 жылға дейін өлкеде бірыңғай партия ұйымы да болмады. РК (б) П-нің қазақ облыстық бюросын құрды. өлкедегі бүкіл партиялық ұйымдастыру, насихат жұмысы осы органның қолына жинақталды. РК (б) П-нің Қазақ облыстық бюросының құрамына С. Пестковский, Ә. Жангелдин, А. Әйтиев, С. Арғыншиев, М. Мұрзағалиев және А. Әлібеков кірді. Казревком мен Қазоблбюро Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақырудың нұсқауын жасады. Бұл нұсқауда бұрынғы қанаушы болған топтарға сайлау құқығы берілмеді. Жұмысшылар үшін шаруаларға қарағанда үлкен артықшылықтар берілді.Ревкомдардың мынадай вертикалды құрылымы болды: Казревком, облревком және уездревком. Ревкомдардың жұмысы бір адамның басшылығына негізделді. Мұндай жеке басшылық азамат соғысының төтенше жағдайынан туындады. Ревком төрағаларының қолына мол және төтенше билік жинақталды. Ревкомдардың қаулылары мен бұйрықтары міндетті нормативтік актілер ретінде мүлтіксіз орындалуға жатты. Ревкомдардың актілері арқылы халықтың міндеттері мен құқықтары белгіленіп, олардың басқа әскери және азаматтық ұйымдарға қвтысы анықталды.Ревком жұмыстарының бір ерекшелігі уездік ревкомдардың бөлімдері мен бөлімшелері (подотделдер) облыстық ревкомдардың осындай бөлімдеріне тікелей есепті, сондай-ақ Казревкомның директивалары мен нұсқауларына бағынышты болды. Ревкомдар Қызыл Армияның бөлімдерін құру, революция жауларына күрес, қатаң революциялық тәртіп пен революциялық заңдылықты орнату, азық-түлік саясатын жүргізу, аштық пен қирауға қарсы күрес, бұқараны Кеңестер жұмысына тарту сияқты толып жатқан жұмыстармен айналысты. Пролетариат диктатурасының төтенше органдары ретінде ревкомдар кеңестерді таратып жібере алды. Ревкомдардың жұмыстары күш қолдануға негізделгендіктен онда асыра сілтеулер кездесіп тұрды.1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы М.И.Калинин «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і құрылды.

Декрет бойынша ҚАКСР-дің құрамына мына облыстар кірді:

а) Семей, құрамында уездер: Павлодар, Семей, өскемен, Зайсан, Қарқаралы;

б) Ақмола, құрамында уездер: Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл және Омбы уезінің бір бөлігі;

Ескерту: Омск уезінің Қырғыз (қазақ) және Сібір бөлігін дәл бөлу Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті мен Сібір революциялық комитетінің келісімімен анықталады.

в) Торғай, құрамында уездер: Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай;

г) Орал, құрамында уездер: Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев;

д) Закаспий облысының Маңғышлақ уезі; осы облыстың Красноводск уезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары;

е) Астрахан губерниясынан: Синеморск болысы, Бөкей ордасы және 1-ші және 2-ші Приморск округінің бұрынғы қазыналық оброктік территориялары.

1920 жылы 22 қыркүйекте «Известия ВЦИК» журналында осы декреттің §1-не БОАК қабылдаған мынадай қосымша жарияланды.

ж) Орынбор қаласы және Орынбор губерниясының мына аудандары: Орынбор-Покровск, Краснокомск, Илецк, Шарлық, Исавск және Петроский.

Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.

Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды.

Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді.

ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді.

ҚАКСР-іне қажетті қаржылардың барлығы РКФСР қаржысынан бөлінсін деп атап өтілді декретте. Бұл сол кезең үшін аса қажетті жәрдем еді.

1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.

Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді. Оның мазмұнын осы жобаны талқылағанда қарастырамыз.

Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады.

Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді.

Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады.

Бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары заң шығарушы, өкімші және бақылауша билік съезд сайлаған Қазақ Орталық Атқару комитетінің қолында болды. ҚазОАК-ның құрамын бүкілқазақтық съезд белгіледі.

ҚазОАК үкіметті – Халық Комиссарлар Кеңесін құрады, үкіметтің жұмасына жалпы бағыт береді, барлық өкімет билігі органдарының жұмысын басқарады, біріктіреді және өзара келістіреді, бақылайды.

ҚазОАК барлық Қазақ Халық Комиссариаттарының жұмыстарын біріктіреді, оларды өзінің бөлімі ретінде, сондай-ақ Қазақ ішкі істер халық комисариаттын ҚазОАК-тың басқару бөлімі деп қарайды. ҚазОАК-тың осындай аппарат құрылысы және жұмыс тәртібі жағдайында Қазхалкомкеңес ҚазОАК-тың іс басқармасы болып есептеледі.

ҚазОАК заң шығарушы реінде Халкомкеңес декреттері мен ұсыныстарының жобасын бекітті және өз атынан декреттер мен өкімдер шығарды. Оның актілерінің республика территориясында міндетті күші болды.

ҚазОАК Халкомкеңеспен бірге отырып салаларды басқаратын халық комисариаттарын құрды.

ҚазОАК өз жұмысын сессия түрінде жүргізді. Сессия әр үш ай сайын шақырылып тұрды.

ҚазОАК сессияның арасында мемлекеттік биліктің жоғары заң шығарушы, өкімші және атқарушы билік ҚазОАК-тің Президиумы болды. Президиумды ҚазОАК сайлады. Ол ҚазОАК-тың атынан декреттер мен өкімдер шығарды. Мұндай актілер ҚазОАК Президиумына Халкомкеңесі арқылы түсетін. Декреттер мен қаулылар жобасы қаралғанда ҚазОАК Президиумының отырысына Халкомкеңестің төрағасы немесе орынбасары қажет жағдай Халық комиссарлары мен олардың орынбасарлары қатысатын. ҚазОАК қарауында сондай-ақ: ҚазОАК-тың бекітуіне жататын декреттер жобасын; КазОАК пен бүкілқазақтық съездердің шешімдерінің орындалуын бақылау; ҚазОАК атынан байланыстар жасау, қайырым жасау, наградалау т.б. жатты.ҚазОАК Президиумы орталықта да, жергілікті жерлерде де барлық жұмыстар жөнінде нұсқаулар беретін басшы орталық ролін атқарды. Ол Халкомкеңес қаулыларын бекітті немесе оны ҚазОАК сессиясының қарауына дейін тоқтата алды. Халкомкеңестің ұсынуымен кейбір халық комисарларын бекітті.Халық Комиссарлар Кеңесі – ҚАКСР-дің үкіметі және өзіне берілген құқық шеңберінде ҚазОАК-тың заң шығарушы, атқарушы және өкімші органы болды. Халкомкеңесті – төраға, оның орынбасарлары және Халық Комиссарлар құрамында ҚазОАК құрды. Сонымен қатар үкіметтің құрамына кеңесші дауыспен мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы, Халкомкеңестің іс басқарушысы т.б. лауазым иелері кірді. Халкомкеңес өз жұмысында ҚазОАК-қа сессиялар аралығында оның Президиумы алдында жауапты және есепті болды.Халкомкеңеске ҚАКСР-дың жұмыстарына жалпы басшылық жүргізу құқығы берілді. Осы міндетті орындау үшін оған үлкен мүмкіндіктер берілді. Халкомкеңес декрет, өкім, нұсқау және мемлекеттік өмірдің дұрыс және тез жүруі үшін қажетті шаралардың барлығын қолданыла алды. Мұндай кең көлемдегі биліктің берілуі өтпелі кезеңнің ерекшеліктерінен туды.Халкомкеңестің үкімет ретіндегі ерекшелігі ол заң шығару қызметімен де айналысты. Қызметі үшін қажетті заң актілері тез арада өзі шығара алды. Сондай-ақ оның қолында бүкіл атқарушы-өкімші билік те шоғырланды. Мұның бәрі де Халкомкеңестің қаћарлы да зор, тез әрекет ететін билік иесі етті. Халкомкеңес өзінің қаулылары мен шешімдері туралы ҚазОАК-қа тез арада хабарлап тұрды, себебі ҚазОАК-тың бүкіл актілерді жойып жіберуге немесе тоқтатып қоюға құқығы болды. Халкомкеңестің үлкен саяси мәнді актілерінің бәрі де ҚазОАК-тың қарауына және бекітуіне жатты. Кезек күттірмейтін шараларды Халкомкеңес бірден жүзеге асыра алды.Біршама уақыт Халкомкеңес құрамында оперативті орган құқығындағы Кіші Халкомкеңес өмір сүрді. Оның құрамына мынадай Халық комиссариаттарының жауапты өкілдері кірді: әділет, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, еңбек және т.б. оның тікелей құрамын Халкомкеңес бекітті. Халкомкеңестің (үкіметтің) мүшелері түрлі Халық комиссариаттарын басқарды. Олар орталық басқарудың салалық органдары ретіндн мемлекеттік өмірдің берілген салаларын тікелей басқарды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды. Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 1924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. «Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

Қазақстанды индустрияландыру: ерекшелiктерi, қиыншылықтары, негiзгi нәтижелерi, халықтың әлеуметтiк құрылымының өзгеруi.

Социалистік индустрияландыруды жузеге асыру 1925 ж.желтоқсан айында өткен партияның XIV съезінде белгіленді. Индустрияландыруды жузеге асыру Қазақстанда елеулі қиыншылықтарға кездесті. Олардың ең бастысы республиканың әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығы болды. Оның үстіне республикалық халық шаруашылығын қалпына келтіру елі де аяқталмаған еді, түтас алғанда енерквсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейдің 61 пайызына жеткен болатын. Өлкенің табиғи байлықтары елі толық зерттелмеген, байланыс және қатынас жүйелері нашар дамыған еді. Жүмысшы табының саны аз, үлттық инжәнер - техник кадрлар жоқтың қасы болды. Қазақстан жономикасында ауыл шаруашылығы басым, оныңүлесіне бүкіл жалпы өнімнің 34,4 пайызы тиетін, халықтың 90 пайызы ауылдық жерлерде түрды. Индустрияландыру барысында, соғысқа дейін 600-ден астам өнерквсіп орындары іске қосылып, Қазақстан индустриялы-аграрлы елге айналды. 1940 ж. өндірісте істейтін жүмысшылардың жалпы саны 350 мыңға жетті. Республикада көптеген инжәнер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Сонымен қатар, Қазақстанда индустрияландыруда елеулі ағаттықтар мен кемшілікгер болды. Олардың ең бастысы республика енерквсібінің шикізаттық бағыты еді. Машина жасау саласы дамымады. Түтыну заттарының да басым көпшілігі республикадан тыс жерлерден тасылып әкелінді.

Қазақстандағы күштеп жүргiзiлген ұжымдастыру: мақсаттары, негiзгi кезендерi, әлеуметтiк – саяси және демографиялық салдары.

Қазақстанда жаппай үжымдастыру 1929 ж. соңынан басталды. Республика үжымдастыруды негізінен 1933 ж. кектемінде аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылды. Іс жүзінде үжымдастыру қарқыны жеделдетіліп, аудандар мен округтер бір-бірімен жарысқа түсті. Осының нәтижесінде 1923 ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2 пайызы ғана үжымдастырылған болса, 1930ж. 3 сәуірінде 56,4 пайызы, ал 1931ж. қазан айына қарай 65 пайызы үжымдастырылды. Алғашқы күннен бастап шаруалардың колхоздарға кіруге және отырықшылдыққа көшуінің еріктілік принципі бүзылып, күштеу әдістері кеңінен қолданылды. Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.

Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» дей отырып, ол «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тек біздің замандастарымызды ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып» деп өз ойын жалғастырды. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Қазақстан “Қайта құру” жылдарында (1985-1991 ж.ж.). Оны жүзеге асырудағы қайшылықтар.

Қайта құру" концепциясы ұлт меселесін де одан ері ұшықтыра түсті. Ұлттық қатынастардағы ұзақ жылдар бойы жиналған шиеленіс 1936 ж. желтоқсанда жас демократияның өміршіл-екімшілдік жүйемен ашық қақтығысына алып келді. Қайта құру тусында орталық өміршіл-екімшіл жүйе 16-желтоқсанда Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 1- ші хатшысы Д.А. Қонаевты, республикаға беймәлім бурынғы Ульянов обылыстық партия комитетінің хатшысы Г.В. Колбинмен алмастырды. Бұл шешімге наразы болған жастар келесі күні Орталық Комитет жанында жиналып ез наразылықтарын білдірді. Желтоқсанда Алматыда болған уақиғалардың негізінде ұзақ жылдар бойы жинақталған тұтас тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси факгорлар жатты. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі патша өкіметі және кеңес екіметі тусында аяққа басылды, қазақ халқының экономикалық мүддесі ескерілмей ұлттық байлығы тоналды.

Тәуелсiз Қазақстан Республикасының құрылуы. Егеменді мемлекеттiліктiң дамуы.

1991ж. 3 желтоқсанда Минск түбінде Ресей Президенті Б. Ельциң Украина Президенті Л.М. Кравчук және Белорусь Жоғарғы Кеңесінің терағасы С.С. Шушкевич: 1"жаңа Одақтық келісім-шарт түйыққа тірелді, республикалардың Одақтан шығуы және теуелсіз мемлекеттердің қүрылуы өмірдің шындығына айналды" - деп мойындап, Теуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүру женіндегі Беловежск келісіміне қол қойды. Беловежск келісімі Кеңестер Одағының тарағандығын өмір шындығына айналдырды. Осы түста 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш республика Президенті болып Н.Ә. Назарбаев ашық сайланды. Муныңөзі елде және халықаралық аяда оның беделін көтеруге үлкен әсерін тигізді. Н.Ә. Назарбаевтың президент сайлануы, сондай-ақ республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық меселелерді шешуге де ықпалын тигізді. Көп үзамай президент өзінің өкімімен вице-президент, премьер-министр мен оның орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер мен Президент және Министрлер Кабинеті аппаратының басшылары арасындағы міндеттерін беліп бекітті. Бүл өзгеріс республика басшыларының алдына қойылған міндеттерді атқаруға жағдай жасады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары ғҚазақстан Республикасының мемлекеттік теуелсіздігі туралы" заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы теуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол езінің жеріне, үлттық табысына түгелдей иелік ету қүқығы бар, теуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республикадағы барлық үлттардың екілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар кезі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының қүқықтарына қол суғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс. Занда республика қарулы күштерін қүру жөніндегі қүқығы, республика азаматтарының әскери міндетін етеу, оның тертіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оғаң сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тертіпті және мемлекеттік қауіпсіздікгі қамтамасыз ету меселелері кірген. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі үлтаралық болып саналды.

Қазақстан Республикасың мемлекеттік рәміздері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасы. Даму бағдарламаның негізгі приоритеттері.

ҚаЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.

Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:

1. Ұлттық қауіпсіздік;

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;

3. экономикалық өсу;

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;

5. Энергетика ресурстары;

6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;

7. Кәсіпқой мемлекет құру.

Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.

Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыра түседі. Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан теуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық еалюта қорының Халықаралық реконструкция және даму банкісінің Дүниежүзілік банктің Халықаралық даму ассоциациясының Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра үйымдарға кірді. Осы уақыт ішінде Қазақстанды жүзден аса мемлекет танып, олардың көпшілігімен елшілік және екілеттілік дережеде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, ТМД-ның мүшелерімен езара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен еділеттік және халықаралық серіктестік негізінде жан-жақты байланыстарды дамыту. Олардың ішінде Америка Кұрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, 1,Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойына сенім шаралары туралы келісімгн Ресеймен, Өзбекстанмен, Кырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Кэірғызстанмен шекараны белгілеу туралы меселені шешу женінде жүмыс жүргізілуде. . Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игеру: экономикалық, демографиялық, экологиялық салдары.

Тың және тыңайған жерлерді игеру. Соғыс аяқталысымен Кеңес екіметі ауыл шаруашылығына өзінің қысымын арттыра түсті. 1946 ж. 19 қыркүйекте Кеңестер Одағының Министрлер Кеңесі мен Бүкіл Одақтық Коммунистік партияның Орталық Комитеті 1,Колхоздардағы ауыл шаруашылық артелі Жарғысын бүрмалаушылықты түзету шараларьГ туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сай соғыс жылдары колхозшыларға берілген шамамен 600 мың га жер қайтарылып алынды. Малға жекеменшіктің мөлшері женінде қосымша нүсқаулар қабылданып, 250 мыңға жуық мал жекешеден колхоз қарамағына кешеді. Осылайша жеке меншік секгордың елді астықпен қамтамасыз етудегі ролі жойылды. Мүндай жоғарыдан жүзеге асырылған қатаң шекгеулер колхозшыларды ауыл шаруашылығы өнімін арттыруға ынталандырмады. Тың игерудің нәтижелері мен салдары. Тың игерудің республика үшін әлеуметтік-экономикалық ролі күменсіз. Тың жерлерді игерудің нәтижесінде Қазақстан түрғын халықтың жан басына 2 мың кг. астам астық өндіруге қолы жетіп, мындаған совхоз орталықтары салынды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары Қазақстанға өзге республикалардан қоныс аудару жаңа қарқынмен жалғасып, республикадағы демографиялық жағдайды одан ері күрделендіріп жіберді. Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты бүрынғы Кеңестер Одағының ееропалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз еолюнтаристік сипатта болды. Өйткені сол кездің езінде-ақ одақтың ееропалық белігінде жылдан- жылға селолық жерлерде түрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше есіп отырды. Осы ерекшелікгер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған - ееропалық аудандардан 1954-1962 жж. Қазақстанға 2 млн. адам көшіріліп екелінді.

ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.

«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады

Қазақстан коммунистік партиясы

Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммун Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.

Қазақстанның патроиоттар партиясы

Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың

денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс

сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.

«Руханият» партиясы

Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ба р. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.

Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол»

Асар» партиясы.

Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.

Қазақстанның аграрлық партиясы.

Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі қарсы көз қарасты ұстанатын консервативтік саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов

Қазақстанның азаматтық партиясы.

Еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев.

Қазақстан республкиасының Конституциясы - (constitutio – құрылғы, жарғы заң) – Қазақстан халқының егемендік құқығына сай 1995 жылығы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданып, оның нәтижесі ресми жарияланған осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енген Қазақстан мемлекетінің Ата заңы.Конституция -мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекетінің ең қымбат қазынасы деп сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы).

ҚР бұрынғы 1993 жылғы Конституциясымен салыстарғанда, жаңа Конституция барынша жетілдірілген ішкі біртұтастығымен және қазіргі заманғы либералдық-демократиялық құндылықты толық баянды етумен пара - пар, еліміздің даму тенденцияларымен, мемлекет биліктерінің шегін белгілеп беруімен ерешеленеді.

Ол үшін Қазақстан республикасындағы конституциялық реформаның жүргізілу мен дамуын сатыға бөле отырып, оларды 5 кезеңге бөліп қарастыру қажет деп ұйғардық.

1-кезең (1990-1993 жылдар) - республиканың тәуелсіздік алуына байланысты қайта құрудан тәуелсіз мемлекет құру жолы, яғни реформаның дайындық сатысы.

2-кезең (1993-1995 жылдар) - 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы.

3-кезең (1995 - 1998 жылдар) Қазақстанның қазіргі даму бағдарын құру процесінің басталуы және 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы.

4-кезең (1998-2007 жылдар) сот саласын демократиялық жетілдіру - Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1998 жылғы 7-қазандағы заңның қабылдануы.

5-кезең 2007-2011 жылдардан басталған президенттік-парламенттік республика құру бағдарына өту кезеңі мен қазіргі кезеңге дейінгі аралық.

Әрбір қазақ үшін, өзін қазақстандықпын деп есептейтін әр бір азамат үшін жалпы заңды, әсіресе Конституцияны білудің, оның талаптарын орындаудың қаншалықты маңызды екендігі туралы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ХҮІІІ ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алуға арналып, 1993 жылғы мамырдың 28-інде Ордабасыда өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-әрбір қазақтың, Қазақстанды өз отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. Құқықтық мемлекетке, демократиялық қоғамға тән заңдылық қағидасын қатаң сақтай алсақ қана, ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа қапысыз жете аламыз. Конституцияны білу, заңдылықты сақтау-құқықтық мемлекет құрудың бірінші шарты. Әз Тәукенің тұсындағы қазақ қауымының дәуірлеуі ең алдымен осы заңға жүгінуге байланысты болғанын ұмытпағанымыз жөн. Заңды жетік білмейінше, оны сыйламайынша, берік ұстанбайынша, біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз»,-деді.

Дегенмен заң, тек құқықтық мемлекет құрудың құралы ғана емес, сонымен қатар сол құқықтық мемлекет құру тарихының дерек көзі міндетін де атқарады. Өйткені біздегі құқықтық мемлекет құру тарихы, ең алдымен, сол заңдарда бейнеленген. Бұл ретте біз тәуелсіз Қазақстан республикасы тарихына қатысты заң актілерінің пайда болу алғышарттарының бұрынғы КСРО қойнауында пісіп жетілгендігін ерекше айтуымыз керек. Өйткені КСРО сияқты алып империяның күйреп, басқа да бұрынғы одақтас республикалар сияқты Қазақстанның да өз тәуелсіздігін алуына мүмкіндік берген заңдық негіздер сол КСРО-ның кезінде дүниеге келген болатын. КОКП-ның 1985 жылғы сәуір пленумынан кейін басталған қайта құру, жариялылық және елді демократияландыру процестері барысында қабылданған «КСРО Конституциясына (Негізгі заңға) өзгерістер мен қосымшалар енгізу» және «КСРО халық депутаттарын сайлау туралы» заңдар КОКП-ның да, КСРО-ның да күйреуінің басы болды.

Конституция жобасы 1995 жылдың шілде айында негізінен дайын болып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Ресми мәліметтерге қарағанда екінші Ата заңның жобасын талқылау шын мәнінде бүкілхалықтық сипат алған. Ол туралы Елбасы: «Күн сайын жобаға байланысты ұсыныстардың тізбесін ұсынылып отырған. Күніне әлгідей мұқият қаралған ұсыныстардың бірнеше папкасы келіп түседі. Ал баспасөз бетінде жарияланып жатқан ұсыныстар өз алдына!.. Республикада 33 мың ұжымдық талқылау өткізілді. Оған үш миллионнан астам азамат қатысты. Олар 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді. Жобаның жартысынан астамына, дәлірек айтқанда, 55 бапқа 1100 түзету мен қосымша енгізілді»,-деп жазды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметтер бойынша референдумға 8212773 адам, яғни ел халқының 89,14 пайызы қатысты. Референдумға қатысқан 800839 азамат қарсы дауыс берді, яғни бұл барлық қатысушылардың 9,9 пайызы. 78130 бюллетень жарамсыз деп табылды. Референдумның барысын қолдарына бақылаушы куәлігі берілген 928 тұлға қадағалады.

Осылай Қазақстан республикасының екінші Конституциясы өмірге келді. Уақыт оның өміршеңдігін толығымен дәлелдеді деп айтуға болады. Оның ең басты себебі, біріншіден, Ата заңның Қазақстан халқының басым бөлігінің қолдауына ие болуында еді. 2000 жылдың тамызында, яғни жаңа Конституцияның қабылдануының 5 жылдығына орай сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Конституцияның халықтық сипаты туралы: «Референдумға қатысқан адамдардың 90 пайызға жуығы, ал бұл оған қатысуға құқы бар жеті миллионнан астам азамат деген сөз, жаңа негізгі заңымызды қабылдауды жақтады. Сайып келгенде, оның авторы күллі Қазақстан халқы деп айтуға толық негізіміз бар»,-деді. Екіншіден, Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясында республиксының мемлекеттік құрылысының негізін құрайтын принциптер қарастырылып, мемлекеттің негізгі институттары мен органдары, олардың өзара қатынас принциптері анықталды. Қазақстан республикасының Конституциясы мемлекеттің қоғамдық өмірінің негізгі мәселелерін заңды жолдармен шешуге мүмкіндік берді.

Қазіргі кзеңдегі ҚР әлеуметтік-эконмикалық дамуы. Нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылы басынан бастап). Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін үш негізгі міндеттерді шешу қарастырылды:1.экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру (либерализациялау; лат. liberalis - еркін);2.мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беріп, жеке меншікті шаруашылықтар құру (жекешелендіру);3.шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру (әлемдік шаруашылық интеграциясы).

Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ. Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі ықпалын жүргізді. Ол «шұғыл радикалды қайта құрудың» ауыр жолын таңдады. Ондағы басты нәрсе - бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қыскарту болды.Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.

Біріншісіне (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:1.либерализациялау;2.жекешелендіру;3.ұлттық және басқа банктердің құрылуы;4.төл теңгенің енгізілуі;5.кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті.

Екінші кезеңді (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.

Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады.Қазақстан еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2005 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскенін көрсетеді), ал 2007 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2006 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскенін көрсетеді).

2008 жылдың бірінші кварталында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд. долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Рессей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелді инвестициялардың жалпы түсімдеріннің негізін мұнай газ саласы құрады. 2008 жылдың бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді тоқтатқан жағдайда мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.Сонымен қатар, Қазақстанда экспорттік бағытталған экономиканы жәнеде бәсекеқабілетті, жоғары технологияны дамыту үшін жағдайлар жасау мақсаттарында жұмыстар жүргізілуде. Бұл алдыға қойылған мақсаттарға жету шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Шетелдік және отандық инвесторлардың қызметтері Қазақстанда «Инвесторлар туралы» заңымен реттелінеді. Бұл заңмен шетелдік және отандық инвесторларға құқықтық режимі бірдей және заң бойынша біртұтас талаптар қойылады.Шетел фирмаларының тікелей инвестициялары тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы нарықтағы өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Шетел инвесторлары жаңа өндірістерді тез құруға көмектесуі мүмкін. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.

Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық салымдар жасау үшін тартымды нарық болып табылады. Біздің еліміз пайдалы қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ үлкен өндірістік потенциалға ие, бірақ оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет.

Тікелей шетелдік инвестицияларды елімізге тарту бір жағынан еліміздің өндірістік тиімділігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық рыноктің тікелей шетелдік инвестицияға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп тудырады.

МММММ

Моғолстан және Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.

Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.

14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.

Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.

Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.

ООООО

Оғыз конфедерациясы. Әскери-саяси тарихы.

Оғыз мемлекеті. ІХ-Х ғасырларда Қарлүқ қағанатының солтүстік- батыс жағында, Сырдарияның орта және теменгі бойларында, Батыс Қазақстан өңірінде Оғыз тайпаларының мемлекеті қалыптасып, өмір сүрді.

Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. VIII ғ. ортасында Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлүқтардың қысымымен оғыздар Сырдария бойына келіп қоныстанады. Жергілікті тайпалармен одақтасып, печенегтерге қарсы соғысып, олардан еуелі Сырдарияның теменгі ағысы мен Арал өнірін, кейін Орал мен Еділ өзендерінің аралығын алады. Печенегтермен соғыс барысында оғыз тайпаларының саяси бірлігі нығайып, оның құрамына осы өңірді ежелден мекөндепі келе жатқан көшпелі және жартылай кешпелі рулар мен тайпалар енеді. Махмүд Қашғари оғыз елінің 22 тайпаға бөлінгенін және ер тайпаның ез белгісі мен туы болғанын айтады.

Қыпшақ хандығы. XI ғ. басында кимек қағанаты қүлаған соң сол еңірде билік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Кэіпшақтар этнос ретінде VIII ғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда қалыптасқан. Қолдарына билік тигеннен кейін қыпшақ хандары Сырдария, Арал және Каспий өнірінен оғыздарды ығыстырып шығарады. XI ғ. ортасына қарай қыпшақтарға, Жетісудан езге, бүкіл Қазақстан елкесі қарайды. Енді бүл өңір Дешті-Қыпшақ деп атала бастайды.

XI XI ғ. ортасында қыпшақтар батысқа қарай жылжып Еділден өтіп Днепрге дейін жетіп, шығыста Алтай мен Ертістен батыста Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстікте Балқаш көлінен солтүстікте Оңтүстік-Батыс Сібірдің орманды алқаптарына дейінгі жерді алып жатты. ХІ-ХІІ ғасырларда қыпшақ тайпалары Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан, жерінің көлемі жағынан ең үлкен тайпа болды. Қыпшақ қауымдастығы өз құрамына түркі тілдес кимек, куман, ежелгі башқыр, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түрікгендірілген топтарын да қабылдайды.

XII XIIғ. аяғы XIII ғ. басында қыпшақ хандығы күйзеліске үшырап ыдырай бастайды. Оның негізгі себептері бір жағынан Хорезммен күрес, екінші жағынан орыс князьдарымен күрес болды.

Батыс Түрік қағанаты қүлағаннан кейін, VIII ғ. екінші жартысы мен IX ғ. басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік батыстағы Оңтүстік Оралға, оңтүстік батыстағы Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстік бағыттағы Солтүстік Шығыс Жетісу жеріне өтіп, оғыздармен керші болады.

340 ж. Ұйғыр қағанаты қүлағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар кимек бірлестігіне қосылады. Осы түста кимек бірлестігінің құрамында: еймүр, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар атты жеті тайпа болды. Кимек тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді.

IX ғ. бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай қозғалып, қарлүқтармен одақтасып, оғыздарға Сырдария мен Арал өнірінен қанғар-печенег тайпаларын қуып шығуға көмекгесіп, ездеріне Алтайдан Ертіске дейінгі, батыста оңтүстік Орал таулары мен Еділ (Волга) өзеніне дейінгі өңірді қаратады. Енді кимек одағының құрамындағы тайпалар 12 жетеді. IX ғ. аяғы мен X ғ. бас кезінде Кимак мемлекетінің шекарасы тұрақтанып, олардың ханы қаған атын алады. Қағанның билігі шексіз болды. Ол ез қарамағындағы жерлерге билеушілерді тағайындады. Қаған мен билеушілердің билігі атадан балаға мүра болып қалып отырды.

X X ғасырдың бас кезінде Кимак қағанаты ішкі тартыстардың күшеюіне және Орталық Азиядан көшпелі тайпалардың қоныс аударуына байланысты ыдырады.

Ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалаири.

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)

ССССС

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797). Көтеріліс себептері 18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағыЖайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды. Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.

1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі.

1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресейдің саясатыРесей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды. ДағдарысЕсім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі - Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді.Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.

Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы. Сақ тайпалары көшпелі және жартылай кешпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар негізінен қой мен жылқы, түие есірген. Олар кешіп қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді түрмысқа жайлы тұрақты түрғын үйге айналдырған. Көшіп-қону үшін жылжымалы арбалар пайдаланған. Еркекгер ат үстінде, ейелдер, балалар мен кврі кісілер киізбен жабылған төрт, алты доңғалақты арбада жүрді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың қыстауы мен жайлаулары болды. Қыстық баспана үшін жертөле мен жеркепелер салынды. Адамдардың бір бөлігі жазда қыстауда қалып егін екті, шөп шауып, қысқа азық дайындады. Мундай мал шаруашылығы Шығыс Қазақстанның Жетісудың таулы аймақтарында, Тянь-Шань мен Алтай тауларында, Орталық және Батыс Қазақстанның кей жерлерінде кең тарады. Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы шаруашылық. Сақ тайпаларының бір бөлігі бір жерде тұрақты түрып, егін шаруашылығымен айналысты. Шаруашылықтың бүл турі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында дамыды. Бүл жерлерде суармалы егін шаруашылығы дамыды. Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншілікген өзге аңшылық, балық аулау квсіптерімен шуғылданған.Сақ қоғамында үш әлеуметтік топ: жауынгерлер, абыздар және қатардағы қауым мүшелері (малшылар, егіншілер мен қоленершілер) болған. Тайпаны тайпа көсемі басқарған. Әрбір көсем тайпа атынан келіссездер жүргізіп, рулар мен тайпалар арасындағы келіспеушілікгі, жер дауын реттеп, ез тайпасының азық-түлікпен және қарумен қамтамасыз етілуін қадағалап отырған. Көсемдер мен патшалар қоғамдағы жауынгерлер тобынан шыққан.

Сақтардың өнері мен діні. Сақ таипалары арасында металл өндіру және оны өндеу жоғары дережеде дамыған. Сақ шеберлері қолдан қылыш, қанжар, найза мен жебе уштарын, сендік буйымдар жасап, қазандар қуйған. Буиымдарды қую үшін тастан, саздан жасалынған қалыптарды пайдаланды. Металл өңдеумен бірге қоленердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суиек ою, тері илеу, тоқымашылық турлері де болды.Сақтар табиғат куштері - кунге, желге, куннің куркіреуіне, нажағайға табынды. Бүларды құдайдың ісі деп санады. Олардың тусінігі бойынша, қүдай әр турлі жануарлар бейнесінде өмір сүреді. Мысалы сақ аңыздарында жылқы кунмен және отпен байланыстырылды.

ТТТТТ

Тас ғасыры антропогенез және социогенез,мәдениеттің даму процесі

Тас ғасыры 3 кезеңнен тұрады: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады.Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп Олдувай мәдениеті. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғы шарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палоеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұтас келеді. Мезолит, неолит энеолитті көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шектес аймақтардың мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыды.

Түрік, Батыс-Түрік қағанаттарының тарихы.

"Түрік" атауы алғаш 542 ж. Қытай шежіресінде аталады. Қытайлар түріктерді ғүндардың үрпағы деп есептейді. 552 ж. түріктердің қолбасшысы Бумын юеарларды (жуан- жуандарды) жеңіп, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын қүрады. Ол 553 ж. қайтыс болып, оның мүрагері Мүқан қаған кезінде Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды өздеріне бағындырды, Солтүстік Кьітай мемлекеті оларға алым- салық төлеп түрды. Эфталит патшалығын жаулап алды. Түрік қағанатынан шыққан Тоқ жабғуы, Тарду, Истеми қаған, Күтты қаған, Капаған қағаң Бүғы тархан, Білге қаған, Күлтегін, Танықүқ, Жолдытегін сияқты атақты ерлер мен даналар исі түркі жүртының атағын әлемге жайды.

Естеми қаған мен оның үлы Түріксанф билеген түста ішкі соғыстар мен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты елсіретіп, бОЗж. Түрік қағанаты екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс түрік қағанатының астанасы - Суяб қаласы (қазіргі Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңьі), ал жазғы орталығы Мыңбүлақта (Түркістан төңірегі) орналасты. Қағанаттағы ең жоғарғы билеуші, ескер басы, бүкіл жердің иесі қаған болды. Жоғарғы лауазымдар - жабғы, шад және елтебер қаған еулетіне берілді. Сот қызметтерін бүйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі халқы - 1Қара будун" деп аталды. Басып алған жерлерінде қағанның орынбасарлары отырды. Олар алым-салықтар жинап, оны қаған ордасына жіберіп түрды.

Түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шуғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен ерістеді. Түріктердің ежелгі көне жазуы болған, оны Жетісу жерлеріндегі ескерткіштерінен керуге болады.

Батыс Түрік қағанатындағы он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс қағанатты елсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясының ескері VII ғасырдың ортасында Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер Таң империясына қарсы үздіксіз күрес жүргізіп, ақыры VIII ғасырдың басында ол күрес түргештердің жеңісімен аяқталады.

Түркеш қағанаты. Әлеуметтік – саяси тарихы.

Түргеш қағанаты 704 жылдан 756 жылға дейін өмір сүрді. Қағанатты қүрушы Үш-Елік қаған. Ол Шаштан (Ташкент) Түрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Астанасы О/яб қаласында, екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-Елік қаған өзіне қараған жерді 20 бөлікке бөліп, ерқайсында 7 мың ескер үстады. 705-706 ж.ж. түргештер соғдылықтармен одақтасып арабтарға қарсы соғыс жүргізді. Бірақта арабтар одақтастарды өзара араздастырып Бүқарды басып алады. 706 жылы Үш-Елік қаған қайтыс болып, оның орнына Сақал қаған (706- 711 ж.ж.) отырды. Сақал қаған түсында да мемлекет ішінде бірлік болмады. Оның үстіне оған батыстан арабтар, шығыста Таң империясы және Орталық Азия түрікгері қауіп төндіріп түрды. 711 ж. Шығыс түрік қағаны Қапаған түргештерді жеңіп, батысқа қарай бет алып Сырдарияның арғы жағына өтіп, Орта Азия халықтарымен бірлесіп арабтарға қарсы соғыс жүргізеді. Арабтар оларға жауап ретінде Шаштың төңірегіндегі қыстақтарды аса қаталдықпен жазалап, 714 ж. Испиджабқа (Сайрам) жорық жасайды. Түргеш қағанаты Оғлу қаған (715-733 жж.) билікке келгеннен кейін барып қайта нығайды. Оулу қаған түсында мемлекеттегі билік "қара түргештердің" қолына кешіп, астана Тараз қаласына ауысады. Сүлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар к\оиті батыстағы арабтарға қарсы топтастыруға мүмкіндік алады. 723 ж. ол Ферғана мен Шаш түрғындарымен одақтаса отырып арабтарға соққы береді. Бірақта арабтармен соғыс мүнымен аяқталмайды. 732 жылы арабтар түргештерді ығыстырып Бүқараны қайтадан басып алады. 737 ж. Сүлу қаған арабтарға тағы қарсы шығып, Тохарстанға дейін барады, бірақ үзамай жеңіліп, қайтар жолда өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Оғлу қайтыс болғаннан кейін қағанат ішінде "сары" және "қара" түргештер арасында билік үшін ұзақ күрес басталады.

Тәуелсіз ҚР Мәдениеті. Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті.Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды.Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:

•Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;

•этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;

•менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

•азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

•мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;

•тарихи-мәдени мұраны қорғау;

•ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;

•мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

•мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;

•мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.

Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:

•ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;

•нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;

•меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.

Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды.Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.

Тұңғыш Президенттің ҚР жолдауы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы – оның жыл сайынғы халыққа жолдайтын аса маңызды құжаты әрі өтініші. Аталмыш стратегиядан Ұлт көшбасшысының келер жылдардағы қазақ халқының өмірі бей-жай қалдырмайтындығын көруге болады. Әлеуметтік, экономикалық сияқты барлық салада өмір сүрудің сапасын арттыру үшін алға он басты міндет қойылды. Ал биылғы Жолдау сол міндеттердің бәрін орындауға үндеп отыр. Елбасы Жолдауында мемлекеттік тіл рөлінің жоспарлы түрде дамыуы ұлтаралық қарым-қатынас тілі есептелетін орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асырылатынын жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқу орынын бітірген жастарды алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға көп күш-жігер салынатыны жайлы айтқан сөзін баса атағым келеді. Баяндама жасау кезінде Президент тек Үкімет мүшелерімен, депутаттармен немесе аймақ басшыларымен ғана сөйлесіп қоймай, барша қазақстандықтармен, қарапайым тұрғындармен қарым-қатынас жасай алғаны көңілге қонымды. Елбасының әрбір сөзінде ол таңдаған бағыт-бағдардың дұрыстығына деген нық сенім байқалады. Демек, межеленген мақсат-міндеттердің орындалатынына біз де сенімді болуымыз керек. Экономикалық дағдарыс қарсаңында Н.Ә. Назарбаев барша Қазақстан халқын ұлттық экономиканың өсуі мен мүмкін болатын тәуекелдерді азайту үшін күш-жігерін жұмылдыруға шақырды. Жолдауда аталған он бағыт экономикалық және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету сияқты екі басты міндетті орындауда қуатты әлеуетке ие.

Жоғары мектеп пен ғылым жүйесінде көп жыл жұмыс істеп жүрген ғалым ретінде Ұлт басшысы ұсынған Отандық білім беруді жаңғыртуға бағытталған бірқатар шараларға көңіл аударғым келеді. Білім берудің сапасын арттыру барша Қазақстан халқының болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Алайда бұл көрсеткіш қаншалықты бағаланып жүр? Елбасының ұсынысы бойынша білім беру деңгейін анықтайтын тәуелсіз аттестациялық орталықтар ашу жөніндегі ілкі жобасын кәсіби беделін қадірлеуші менің әріптестерімнің бәрі қолдайтынына сенімдімін.

«Ғылым туралы» жаңа заң Президенттің Жолдауда атап өткеніндей, ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдау үшін зор мүмкіндіктер береді. Үкіметтің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, инновациялық жобалар жасауға бөлетін гарты қазақстандық ғалымдарға жаңа дем береді. Мұны әрбір жоғары оқу орнын жеке алып қарағанда байқауға болады. Соңғы екі жылда жұмыс өтілі жоғары ғалымдардан жаңа бастаушы ғалымдарға дейін белсенділіктері бірнеше есеге артқан. Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтып кеткен инновациялық-ғылыми кластерлер құру бір бағытта жұмыс істеп, өндірістік процесті жете білетін ғалымдардың күш-қуатын бір жерге топтайды. Мұндай кластерлер қаржылық ресурстарды үнемдеп, Отандық ғылымды өндіріске жақындатады.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің саяси қызметі. Менің көзқарасым бойынша, Н.Ә.Назарбаевтың жаңашылдық рөлі мен мемлекеттік-саяси қызметін кешенді бағалау және талдау өте қиын. Себебі, «жоқтан барды жасау» республика Президентінің үлкен тұлға болып табылатындығы зерттеу институттарының көп жылғы үздіксіз жұмыстарын талап етеді. Сонымен қатар, жаңарған Қазақстанды құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың жаңашылдық рөлін екі негізгі көз­қараста қарастыруға болады.Бірінші кезекте кеңестер елінің басшылығына және КСРО-ның соңғы жылдарындағы одақтас республикалар басшыларына үлкен саяси ықпал еткен КСРО-ның танымал саяси көшбасшысы ретінде Н.Ә.Назарбаевтың саяси портретін КСРО-ның «жайлы» ыды­рауына жағдай жасағандығынан және ТМД шеңберінде интеграциялық үдерістердің бастауына бағытталғандығынан айқын көруге болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, оның сарабдал және көреген саясатының ар­қасында Ресейдің де біртұтастығы сақталып қалды.Одақ тараған кезде республикалар тәуелсіздік алып, көңіл-күйлері көтеріліп жатқан тұста, жаңадан пайда болған мемлекеттерді масаттанудан және ауқымды өңірлік жанжалдардан сақтау керек болды. Осындай кезеңде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасы бойынша ТМД-ны құру идеясы жүзеге асты. Осының негізінде кеңестік жүйеден шығып, әлем картасында жаңадан пай­да болған жас мемлекет – Қазақстан Республикасын төніп тұрған қауіптерден қорғау керек болды. Ол үшін нақты шешім қабылдау керек болды, «Югославия сценарийі» бойынша емес, мәселені асқындырмайтын, яғни жаңа қарым-қатынас орнатып, барлық үдерістерді басқарып отыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығы сияқты жаңа құрылымды құру талап етілді.Сол кезеңдердің саяси үдерістеріне көз салсақ, Ново-Огорев келісіміне дайындық ретіндегі тарихи фактіні көруге болады. Оның іске аспауына 1991 жылғы 19-21 тамыздағы оқиға кедергі болды. 1991 жылғы 8 желтоқсандағы Ресей Федерациясы, Беларусь және Украина басшыларымен КСРО-ның өмір сүруін тоқ­тату туралы Беловеж келісіміне қол қою КСРО тарихына соңғы нүкте қойып, нәтижесінде ТМД пайда болды.1991 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Алматыда саммит ұйымдастырылды. Онда Кеңестер Одағының тарауы заңды түрде ресімделді және «жаңа жағдайға бейбіт жолмен көшудің барлық мәселелерін» шешетін шартқа қол қойылды. Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей, 20 жылдан кейін, «1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда менің табанды бастамам бойынша шақырылған посткеңестік мемлекеттер басшыларының саммитінде жойылып бара жатқан супердержаваның аласапыранды ыдырауының қауіпті үдерісі тоқтатылды» және ол ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырыла бастаған жаңа жоба – Біртұтас экономикалық кеңістіктің бастауы болды.Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Алматыда өткен саммиттің нәтижесінде ТМД Декларациясы қабылданды. Оның Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің бейбіт межеленіп бөлінуі барысының тарихын қалыптастыруда және олардың тәуелсіздігін нығайтуда зор рөлі бар. Сол кезде тауарлар мен қызмет көрсетуді көшіру саласында ғана емес, сонымен қатар, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларға да интеграция қағидаттары енгізіліп, бекітілді.Осының барлығы экономикалық тұрғыдан елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, яғни «ойын тәртібі» ретіндегі қағидалар мен тәсілдерді жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттердің мәдени және басқа да салалар жағынан жақын болуына ықпал етті.Н.Ә.Назарбаев қызметінің екінші ерекшелігі Қазақстанда тәуелсіз, егемен мемлекет қалыптастырудағы ең негізгі идеясы біртұтас Қазақстан халқын құру болып табылады. 90-жылдардың басында Н.Ә.Назарбаев одақтас республикалар арасында алдыңғылардың бірі болып республиканың сыртқы және ішкі саяси бағытының негізін жасауға бағытталған егемендік үдерісін бастады. Оның бастауы 1990 жылы қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды.

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.).

Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы — адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген. Осының бәрі — сайып келгенде, реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен, психологиялық таптаурындармен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адамның тұрмыс салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос ауыртпалық түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашақтың ортасында сияқты. Артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылық жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын мойындауға тиіспіз. Біздің алдымызда адамдарға, жерге, жалпы алғанда табиғатқа келтірілген бүкіл шығынды есептеу міндеті тұр. Бұл тым болмаса апаттың шынайы ауқымын бағалау үшін және оның салдарын жою жөніндегі шараларды белгілеу үшін қажет. Оның үстіне бүкіл дүние Қазақстандағы экологиялық жағдай туралы нақты түсінік алуға тиіс.

ҮҮҮҮҮ

Үйсін, қаңлы, ғұн тайпалық одақтарының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.

Ғүндардың жоғарғы билеушісін Кытай деректері шаньюй деп атады. Б.з.б. 206 ж. ғун тайпаларын Мөде Шаньюй басқарды. Мөде тусында ғүндар Қытайдың шекаралық аудандарына шабуыл жасап, Ордосты өздеріне қаратып алды, Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны женді. Ғундардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылдан басталады. Қытай ескерлерінің ығыстыруымен олар батысқа қарай жылжи отырып, бір тайпаларды бағындырса, екіншісін қосып алды. Кейінірек ғүндар Сырдарияға, Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті. IV ғасырда ғүндар басқа да көшпелі тайпалармен бірігіп орыс даласына, одан ері Дунайға дейін жетіп, Венгрияға қоныстанды. V ғасырда олар Рим империясына қауіп төндіріп, оның қүлауына тез әсерлерін тигізді. Ғұндардың қоғамдың қурылысы. Ғүндар 24 руға оөлінген, оларды рубасылары (ақсақалдар) басқарған. Ақсақалдар кеңесі сақталды. Жылына 3 рет жиналыс шақырылып, ақсақалдар мемлекеттік меселелерді шешті. Коғамда малға, жерге еулеттік және жеке меншік болды. Ғундардың қарауында әскери тұтқындардан, қол астындағы тайпалардан әкелінген құлдары болды.Үйсіндер - Орта Азия аймағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Б.з. бурынғы II ғасырда Жетісудағы сақ жерлерін Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Олар шығысында ғүндармен, оңтустікге Ферғанамен, батысында қаңлылармен шекаралас болды. Астанасы Ыстықкелдің жағасындағы Қызыл аңғар (Чигучен) қаласы болды. Мемлекет басшысы гуньмо деп аталды. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар және қатардағы малшылар мен егіншілер болған.

Үйсіндердің шаруашылығы. Үйсіндер мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Кыстау мен жазғы жайылымның арасы 30-100 шақырым аралығында болған. Шудағы үйсіндердің үйлері қам кірпіштен, Кегендегі үйсіндердің үйі тастан жасалынған, төрт бөлмелі және мал қамайтын бірнеше бастырмалары бар. Бір ауылда 5-6 үйден. Ауыл маңында ру қорымы орналасқан. Үйсін қорғандары иесінің қоғамдағы орнына сай үшке бөлінеді: үлкен қорғандар - диаметрі 30 м, биіктігі 15 м дейін, орташа қорғандар - диаметрі 15 м, биіктігі 4 м дейін және көптеген кішкөне қорғандар - диаметрі 10 м, биктігі 1 м. Үлкен қорғаннан археологтар көптеген алтыннан жасаған сендік буйымдар, қару-жарақтар, ыдыстар тапқан.

Қаңлы мемлекеті. Қаңлылар біздің заманымыздан бурынғы III ғасырда Қазқстанның оңтүстігінде Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген, астанасы Битянь деген қала. Халқының саны 600 мың адам, ескер саны 120 мың адам. Қаңлылар Қытай, Парфия, Рим және Каеказ елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасаған. Олар еуелі ғүндармен одақта, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға қарсы шығады. Қаңлылар ез жерінен өтетін Ұлы Жібек жолын бақылауларында ұстаған. ІІІ-ү ғасырларда олар бірқатар тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Қаңлылар қоғамында ру басшылары, әскери кесемдер және ақсақалдар кеңесі өздеріне берілген билікті пайдаланып, бұқараны бағынышта ұстады. Билік әкеден балаға көшіп отырды. Атақты адамдардың қол астында мол байлық жинақталды. Түтқындар қүлға айналдырылды. Қаңлы жерінде көптеген қалалар мен елді мекендер болды. Қаңлылардың шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен үисіндер сияқты мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысқан. Қосымша аң мен балық аулаған. Крлөнер де дамыды. Крленершілер ез өнімдерін мал енімдері мен астыққа айырбастады. Айырбас саудамен қатар ақша айналымы да болды.

ҰҰҰҰҰ

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың майдандарға қатысуы. . Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мен Ақ-Орданың тарихы.

1235 ж. Қарақорымдағы монғол ақсүйектерінің қүрылтайы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдайды. Монғол ескерлерін Жошының үлы Батый (Бату) басқаратын болады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бүлғарларының жеріне, одан ері Батыс елдеріне жаулау жорығын бастайды. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Астанасы Сарай Бату (Астрахан маңында), кейінен Сарай- Берке қаласында болды.

Алтын орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда бүлғырлар, мордеалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, кешпелі аудандарда қыпшақтар, қаңлылар, наймандар, қоңыраттар, керейлер және т.б. кірді. Монғолдардың өзі аз болды. ХІІ-ХІУ ғғ. олар туріктеніп, Алтын Орда халқы 1,татарлар" деп атала бастады.

Алтын Орданың мемлекеттік қурылымы әскери негізде болды. Мемлекет Жошы хан еулетінің меншігі болып саналды. Аса маңызды мемлекеттік меселелерді шешу үшін қурылтай шақырылатын болды. Мемлекеттік істерді бекпербег, жекеленген салаларды - уезірлер басқарды. Қалалар мен бағынышты үлыстарға даруғалар мен басқақтар тағайындалады. Ең маңызды қызметтер хан отбасының мүшелеріне берілді. Батудың тусында Алтын Орда екі бөлікке - оң және сол қанатқа бөлінді. Оң қанатты Батыйдың өзі және оның мүрагерлері, сол қанатты Жошының үлкен үлы Орда Ежен және оның мүрагерлері басқарды. Казақстан жерінің кеп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Кейін XIII ғасырдың ортасынан XV ғасырдың бірінші ширегіне дейін бүл өңір Ақ Орда деп аталды. Өз кезегінде, бул екі үлыс іштей Жошының басқа балаларының үлыстарына бөлінді. Алғашқы кезде Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға теуелді болды. XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан Алтын Орда хандары өздерін теуелсізбіз деп есептеді. Берке хан тусында ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тусында үстем дінге айналды.

XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Орда алауыздықтан елсірей бастады. Билікке таластық барысында 1357-1330 ж.ж. аралығында Алтын Ордада 25 хан ауысады. 1330 ж. Алтын Орда ханы Мамай Куликоео даласында Дмитрий Донской басқарған орыс ескерінен жеңіледі. Оныңүстіне XIV ғасырдың аяқ кезінде Алтын Орда мен Ақ Ордаға Ақсақ Төмір он шақты рет шапқыншылық жасайды. XV ғ. ортасында Алтын Орда ыдырап, оның орнында бірнеше үлыстар пайда болды. Бүл үлыстардың ең ірісі Ақ Орда. Ал 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астархань хандықтары бөлініп шықты.

Жетісу жеріне келер болсақ, Шағатай мен Үгедей еулетінің арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде еуелі Үгедей үлысы жойылып, XIV ғасырдың орта шенінде Шағатай үлысынан Моғолстан бөлініп шығады. Моғолстанға Орта Азияныңсолтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан қарады.

Жалпылама монғол шапқыншылығы мен оның өкгемдігі Қазақстанның қалыптасқан шаруашылық дамуын бүзып, экономикалық және медени дамуын узақ уақытқа туралатып тастады. Сонымен қатар монғол басқыншылығы сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасап, бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын екеліп, бурын ұйымдаспаған, бытыраңқы тайпалардың басын қосты.

Ұлы жүз қазақтарының Ресейге таралуы. Ресейдің жалпы Оңтүстік Казақстанға әскери экспансиясы, өсіресе Ақмешітті, Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті және басқа да Кокан бекіністерін корғаушыларды талқандауы ерекше қатыгездікпен және әскери түрғыдан ақтауға болмайтын әрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту қажет. Балшықтан соғылған дуалы бар бұл бекіністердіңтиісті фортифика-циялық кұрылыстары болмады, ал олардың негізінен алғанда бейбіт тұрғындардан тұратын корғаушылары нашар қаруланған еді. Американ саясатшысы Юджин Скайлердіңайтуына қарағанда, Акмешітті орыс артиллериясы 25 күн бойы аткылаған, соның салдарынан қатты бұліншілікке ұшыраған олар жеңімпаздың рақымшылығына бағынуға өзір болған, бұл туралы оның қорғ-аушылары генерал Перовскийге тиісті хат жіберген. Перовский бұған карамастан «азын-аулақ болса да кайткенмен даңққа бөленгісі келіп, хатты отқа тастаған да, елшіге: «Біз бекіністі шабуыл жасап аламыз», — деп жауап қайтарды. Ол келесі күні таңертен. солай істеді».Түркістанға шабуыл кезінде оны да қатты қиратып күшті өрт шығарған орыс әскерлері жергілікті тұрғындарды үрейлендіру үшін ғана Мекеден кейінгі мұсылмандардың екінші касиетті орны — Кожа Ахмет Йасауи кесенесін де артиллериядан атқылаған. Кесенеге 12 снаряд атылып, олардың 11-і оның ка-бырғасын тесіп өткен. М.А.Терентьевтің көрсеткеніндей, олар «әулиеніңдәр-менсіз сәтін көрсетіп, содан тұрғындар қобалжи бастаған». Шымкент халкы одан да мейірімсіз, ал ең бастысы әскери тұрғыдан актауға болмайтын зорлық-зомбылық пен талап-тонауға ұшыратылды. Полковник Лерхенің және Шымкент үшін шайкастарға катысқан баскд да орыс офицерлерінің еске алғанындай, оған шабуыл жасаудың нәтижелерінде сүмдық көрініс болған: «Биік бекініс каклаларыныңтең жарымына дейін жаралылар үйіліп жатты. Осы тірі тоскдуылға артиллерия ок, атқаннан кейін іргесіндегі арықка қан судай акты, үрейі үшқан қокандыктар, көзге түсіп қалмау үшін қызыл әскери киімдерін лақтырып тастап, тым-тырақай жан сауғалады. Еліріп алған Ресей солдаттары бүкіл қаланы найзамен тінтіп шықты». «Байырғы халық деректерінің» айтуына карағанда, бұл қаланы қорғауда қаза тапкандар саны 3170 адамға дейін жеткен», яғни 1862-64 жылдардағы бүкіл Түркістан науқаны кезінде қазатапкан Қоқан жауынгерлерініңжалпы санынан едөуір асып түскен. Деректемелер Әулиеата мен Шымкент алынғаннан кейін де орыс әскерлерінің жүгенсіздік жасағанын көрсетеді. Замандастарының айтуынша Ш. Уәлихановтың Черняевтен кетіп қа-луына патша генералдарының нақ осындай әрекеттері себеп болған. Онын ғүмырнамашыларының бірі былай деп жазған: «орыс әскерлерінің Шо-қан діндестеріне немесе оның тайпаластарына, яғни қазақтарға жасаған айуандығы оны катты ренжітті. Ол жорыкқа ендігі жерде қатыса алмай-тындығын көріп Черняевтен қол үзді және Верныйға жетіп, ол жерден Тезек сұлтанның ауылына барды». Сайрам каласы да күйінішті жағдайға үшырады, оның түрғындарын Черняев отрядының орыс әскерлері жем сатып алу кезінде «6 түйесімен коса төменгі шенді адамдардың бірін» қолға түсірді деп айыптады. Сайрамға 60 казактан, 48 салт атты аткыштардан және 1 мың казақтан тұратын отряд жіберілді. Артиллериядан оқжаудырып, басып алынғаннан кейін қалатамтығы қалдырылмай тоналды, тұрғындардан елуден астам адам қаза тапты және одан үш есе көп адам жараланды. Шамамен алғанда сайрамдықтар осылай жазаланды және бұлай жазаланғандар олар ғана емес еді... Түркістан мен Шымкенттің алынуымен Орынбор және Сібір шептері тұйықталды. Шын мәнінде, Қазақстанның Ресей империясының күрамына кіруінің 130 жылдан астам уакытка созылған үзақта күрделі үрдісі осы оки-ғамен аякталды. Шымкент алынғаннан кейін Ресей үкіметінде Орталық Азияға катысты бұдан былайғы әскери және саяси шаралар женіндегі алауыздык кайтадан күшейді. Континенттегі халықаралықжағдайдың қиындығын ескере отырып, А.М.Горчаков Ресейдің Орта Шығыстағы біртұтас саяси бағытын жасау кажет деген сенімге келді. 1864 жылдың карашасында Әскери министрлікпен бірлесе отырып, Сырты істер министрлігі патшаға арнаулы баяндама дайындады, онда Орта Азия аймағындағы іс-қимылдардың нақты бағдарламасы баяндалды. Патша үкіметінің Орталық Азиядағы экспансиялық саясатын ақтай келіп, патшаның екі министрі де оның сипатын Ресей билігіндегі аумактарға көшпелілердің шабуыл жасауынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ба-ғытгалған «корғаныс» сипатында болды деп аныктады. Сонымен бірге баянда-мада басып алынған шептерде Ресейдің тұрактылығын нығайту, одан әрі жау-лап алудан бас тарту, ортаазиялық билеушілерімен адал қатынастарды сақ-тау және оларға орыстар тарапынан «адамгершілік ықпал жасауды» күшейту кажетдеген пайымдау айтылды. «Қазіргі уакытта,—деп көрсетті А.М.Горчаков, - Орта Азиядағы біздің иеліктерімізді одан әрі ұлғайтуға үкімет адамдары да, мемлекеттің мүдделері де келіспейді. Жаңадан жаулап алудың кез келгені біздің шекараларымыздың ұзындығын арттыра отырып... Ресейді кү-шейтпегені былай түрсын, кайта әлсіретеді, сөйтіп көріне келтірілетін зиян-ның орнына болжалды пайда ғана алмақпыз». 1864 жылғы 21 кдрашада патша екі министрдің жоспарын бекітіп, ол Орта Азия мөселесі бойынша үкіметгік бағдарлама маңызына ие болды. Алайда кейіннен Орынбор мен Омбыдағы әскери топтар мен жергілікті өкімшілік ұйымдар «Петербург Кабинетінің үнсіз келісуімен бұл бағдарламаны талай рет бұзды». А.М.Горчаковтың белгілі меморандумы жарияланғаннан кейін жарты жыл өткен соң-ақ Казақстанныңоңтүстігінде жаңадан құрылған Түркістан облы-сының әскери губернаторы генерал-майор М.Г.Черняев Қоқан мен Бұхара арасындағы Ташкентгі иелену кұқығы жөніндегі жанжалдың шиеленісуін пай-даланып, 1865 жылдың маусымында осы калаға шабуыл жасап (1950 орыс солдаты мен офицері, 400 қазақ сарбаздары) оны кыска уақыттың ішінде басып алды." 1866 жылдың жазында Петербургте Ташкентгің болашақтағы кұкықтык мөртебесі туралы болған кыска айтыстардан кейін II Александр оны Ресей құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жыл өткен соң, 1867 жылдың маусымында орталығы Ташкентқаласында болатын Түркістан генерал-гу-бернаторлыган қүру туралы заңжарияланды. Оған жаңадан қүрылган Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Оңтүстік Қазақстанға Ресей мемлекеттік-өкімшілікжүйесініңтаралуына байланысты оның орасан зор полиэтникалық империяның құрамына қосылуы рәсімделді. Сол кезден бастап Қазақстан ұзақ уақыт бойы Ресейдің отарлық шет аймағына айналдырылды. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.

Бұл оқиғаның прогресті жағы:

1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.

2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.

3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.

Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.