Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ылмысты істі з ндірісіне абылдау туралы

.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
13.58 Кб
Скачать

Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы

ҚАУЛЫ

Алматы қаласы 12 қаңтар 2015 жыл

Алматы қаласы, Бостандық ауданының ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты С. Стамкулов азаматша А.Б. Ахметованың сотқа дейінгі тергулерінің бірыңғай тізіліміне 2015 жылдың 11 қаңтарда тіркелген арызын қарап,

АНЫҚТАДЫМ:

11.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта Алматы қ., Бостандық ауд., ІІБ-на 21.08.1981 ж. туылған азаматша Ахметова Айман Болатқызы, Алматы қ., Бостандық ауд., Темирязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер тұрғыныны, оның күйеуін 01.01.1967 ж. туылған Ермеков Арман Асқарұлын, қонаққа келген «Асқар» есімді бұрынғы жолдасы, ас бөлмедегі, үстел үстіндегі пышақты алып, екі-рет сұғу арқылы өлтіргені туралы хабарлама түсті.

Осы қылмыстың салдарынын Ахметова Айман Болатқызы асыраушысынан айырылды.

Бостандық ІІБ-ның бастығы осы қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергуді жүргізуді маған тапсырды.

Ахметова Айман Болатқызының арызында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру үшін толықтай себеп болуына байланысты, ҚР ҚПК 179, 180 бабтарының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

  1. Қылмыстық істі өз өндірісіме қабылдау және тергеуді бастау;

  2. Арыз бойынша №15751503501112 қылмыстық іс нөмірін тағайындаумен сотқа дейінгі тергеуге кірісу;

  3. Қаулының көшірмесін қадағалаушы прокурорға жіберілсін.

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ның ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты С. Стамкулов