Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШпорГосТарих.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
246.37 Кб
Скачать

ХХғ 60ж ІІжарт-80ж Іжарт әлеуметтік-экономикалық даму.Дағдарыс құбылыстарының өсуі. ХХ ғасырдың 60 жылдарында басталған халық шаруашылығын дамыту реформалары бұрмаланып, Кеңес экономикасында дағдарыс көріністері пайда болды. Әсіресе ол 70 жылдары қоғамға дендеп, «тоқырау» кезеңінің басталуын көрсетті. 1971 мен 1985 жылдардың аралығында Қазақстан экономикасы әлі де қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамып келе жатқан еді. Бұл жылдары өнеркәсiптi өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлiнген барлық қаржыньң 32% жұмсалды. 15 жыл iшiнде өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемi 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсiбi сияқты салаларда З еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндiру одан әрi шоғырланып, орталықтандырылған. 1975 жылы республиканың барлық кәсiпорындары дерлiк бiр орталықтан энергиямен қамтамасыз етілген.. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негiзделген дүние жүзiндегi аса iрi атом реакторы жұмыс iстедi. Машина жасау жене металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетгi. Бұл көрсеткiштер оныншы және он бiрiншi бесжылдықтарда да кемiген жок. 1980 жылға дейiн 250-ге жуық кәсiпорын, iрi өндiрiстер мен цехтар iске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. дегенмен осы жылдарда КСРО-ньң бiрыңғай халық шаруашылығы жүйесiне әбден кiрiгiп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алган жоқ, Республика өнеркесiбiнiң жартысына жуығы одақтық министрлiктiң қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканьң шикiзат ресурстарын өздерiне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бiрақ олар Қазақстан бюджетiне инфрақұрылым дамытуға қаржы жұмсамады. Өндірісті жоспарлауда және іске қосуда кемшіліктер кетіп жатты. Ғылым мен техниканывң жаңашылдық идеялары мен тәжірбиелері дер кезіінде өнеркәсіпке енгізілмеді. Осылардың әсерінен республика өнеркәсіп орындары 1981 жылы-760 млрд. сом, 1982 жылы-1,0 млрд.1983 жылы-1,3 млрд. сом, 1984 жылы-1,65 млрд сом жоспарлы өнімді берген жоқ. Ауыр өнеркәсіпті одан әрі дамыту шаралары жалғаса берді. Республика iлгерiлеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында iркiлiс көбейiп, қиыншылықтар үстi-үстiне жинақгалып, шиеленiсе түсті, шешiлмеген проблемалар көбейдi. IХ бесжылдыкта жоспардьң күрт төмендетiлгенiне қарамастан өнеркәсiп көлемi 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%- ке, ал он бiрiншi —3,6% орындалған жоқ. Ұлтгық табыстьң өсу қарқыны баяулап, 80-шi жылдардың бас кезiнде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейiн құлдырады. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70 %-ке өсiру мiндетi қойылса, ол тек 36%-ті ғана орындалды. Халық шпаруашылығындағы басты өнеркәсіп ошақтарының дамуында жоспарлар орындалмай қала берген тұстар болды. Енді орталықтан келіп жатқан нұсқаулар мен шешімдерді орындау қағаз бетінде қала береді. Тоқсапндық және айлық сжоспарлар орындалмау көріністері басшылықтың межелі тапсырманы орындау бағытындағы өзгеру шаралары алға қоіған мақсатқа жеткізбеді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық мердiгерлiктi дамыту қозғалысы басталды. Оның негiзiнде жұмысшылардың өндіріс ресурстарды пайдалануда тәртiп орнату, еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбiрек дербестiк алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивтi әдіске көшу және ғылыми-техникалық прогрестi өрiстетуге көңіл бөлінді. Жаңашылдар мен өнертапкыштардың саны көбейдi, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардьщ саны 818,8 мың адамға жетгi. 80-шы жылдардьы орта кезінде өнеркесiптегi жұмысшылардың үштен бiрi, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегiн атқарды, олардың творчестволық белсендiлiгi төмен болды. Кәсiпорындарда социалистiк жарысты ұйымдастыру жасанды сипат алды.Токырау кезеңiн қамтыған үш бесжылдық аралығьнда ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрi жалғастырыды. Осы багьгтта тек 1971- 1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлiндi.Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделi қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиiстi нәтиже бермедi. Аграрлық секторда аса маңызды орьн алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендiру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақгайтын және өңдейтiн кәсiпорындар жеткiлiктi дәрежеде салынбады. Сондай-ак село еңбеккерлерiнiң әлеуметгiк-экономикалық проблемалары шешiлмей қалды, сөйтiп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесiнде ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру тұрақсыз болды Мал шаруашылығыньң жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптiк дақылдар егiлетiн алқаптар ұлғайтылды. дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтiк шаруашылық негiзiнде iске асырылды. Атап айтқанда, жем-шөптiк дақылдар егiлетiн алқаптар сегiзiншi бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына IХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейiн жеткiзiлдi. 1985 жьглы жоспарланған 50 млн. койдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Республиканьң жергiлiктi жерлерiндегi ауыл шаруашылығы өiдiрiсiн ұтымды ұйымдастыру, оның тиiмдiлiгiн артгыру бағытындағы кейбiрi зденiстер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-шi жылдардьң басьнда жүргiзiлген сансыз көп қайта құрулар, экспериментгер, бағаньң, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерiн және т.б. енгiзу ауыл шаруашылығының берекесiн кетiрдi. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкмшiлiк бақылауға алынып, аяғында келiп дағдарысқа ұшырады. Iстiң жағдайын жаңа шешiмдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулi нәтиже бермедi.

VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті(Тұрмысы,тұрғын үйлері,киімдері,тағамдары).

Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.

Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.

Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды.

VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті(Түркі жазбалары,ғылым,дін).

Діни нанымдар.VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.

ХҮІІ-ХҮІІI ғасырлардағы Қазақ хандығы.(Есім, Жәңгір, Тәуке хандарының басқаруында).

Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, Сырым Датүлының кетерілісі Қазақстанда хандық билеу жуйесінің әлсірей бастағанын керсетті. 1319 ж. Абылайдыңүлы Уали қайтыс болғаннан кейін Орта жузге хан тағайындалмады. 1322 ж. патша үкіметі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский дайындаған Тібір қырғыздарының Жарғысын" бекітті. Жарғыға сай Орта жузде хандық билік жойылып, жаңа әкімшілік басқару жүйесі ендіріліп, Орта жуз қазақтары Сібір қырғыздарының облысы деп аталды. Обылыс сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округке Ертіс өзенінің арғы жағындағы қазақтар енді. Ішкі округтерге Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Күсмурын, Көкпекгі, Атбасар енді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округтерді басқару аға сүлтан басқарған округтік приказдарға жуктелді. Аға султандарды тек султандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Осылайша біртіндеп аға султан орыс әкімшілігінің сойылын соғатын қуралға айналды.

Округ - 15-20 болыстан, болыс - 10-12 ауылдан, ауыл - 50-70 шаңырақтан қуралды. Болысты - болыстық султан, ауылды - ауылдық старшина басқарды. Аға султандар үш жылға сайланды. Болыс султандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Ауыл старшиндары да үш жылға сайланып отырды.

Қазақстанның оңтустік аудандарында да хандық билік әлсіреп, қазақтар Сыр бойындағы қалалардан айырылып, өлке билігі әуелі Жүніс қожаға, кейін Қоқан хандығына өтеді.

Саяси куйзеліс Кіші жузде де орын алды. Патша үкіметі бекіткен әуелі султан Айшуақ, кейін Жантөре басқарған хандық кеңестің Кіші жуз қазақтарының арасында беделі болмады. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында Кіші жуздің едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына барып қоныстанып, Нуралы баласы Бөкей басқарған хандық құрды.

Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады. Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.

Жәңгір ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар қалмақтарынан төнген қауіпке қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп бағалады.

Жоңғар хандығымен күрес жүргізе отырып, Тәуке хан Бұхармен жақсы қатынаста болуға тырысты. Ол қазақ хандарының дәстүрлі Мәуереннахрдағы ықпалы үшін күрес бағытынан қайтқан жоқ, өмірінің соңына қарай Ташкентті өзіне қаратты.