Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШпорГосТарих.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
246.37 Кб
Скачать

VІғ мен хііІғ басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы.(Шаруашылық,Ұлы Жiбек жолы,ортағасырлық қалалар).

Қазақстанның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан отырықшылдық орын алып, қалалық медениет қалыптасты. Археологиялық зерттеулерге сай УІ-ХІІ ғасырлар аралығында есіресе Қазақстанның оңтүстік өнірі қалалық медениет орталығына айналады. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Тараз, Отырар, Испиджаб, Ясы, Сығнақ; Талас, Аса өзендерінің бойында Теменгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Күлан, Мерке, Аспара, Баласағүн, Барсхан және т.б. қалалар бой кетерді. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда ерекше роль атқарды. Қазақстан қалалары "Ұлы Жібек жолы" арқылы Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен сауда қатынастарын дамытты. Қалаларда сеулет енері дамыды. Олардың ең ежелгісі Бабаша хатун және Айша бибі, Қарахан кесенелері болып табылады.

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.

Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.

Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.

Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында

Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.

Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.

Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.

Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты.