Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШпорГосТарих.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
246.37 Кб
Скачать

XVI ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрaмы(Ақ-сүйек, асыл-сүйек,қара-сүйек).

XVI - XVII ғғ. Қазақстан өлкесінде Сығанақ, Түрікстан, Сауран, Отырар, Сайрам, Жент және т.б. қалалардың өркөндеуі, қазақ халқының дамуына, хандықтың нығаюына үлкен әсерін тигізді. Олардың ішінде Түрікстан қаласы қазақ хандығының астанасы болады. Қалаларда көбінесе сарай маңындағылармен және ескерлерімен хандар тұрды. Қазақ қоғамында хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы болып саналды. О/лтандар мен билер ханға жүгінді. Руларды сүлтандар биледі. Казақ хандарында турақты ескер болған жоқ. Тек сырттан қауіп туған жағдайда жасақ қурылып отырды. Оған ербір жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Қоғамда материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін қураған шаруалар еді. Малшылардан зекет, егіншілерден үшыр салықтары жиналды.

Қазақ халқы өте ауыр көзендерді басынан кешірсе де өзінің ертеден қалыптасқан медени мүраларын сақтап қалды. Халықтың квсібінде: үсталық, зергерлік, кен өндіру, етікшілік, былғары илеу, тігіншілік, үй салу т.б. қол өнері басым болды.

Қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сыр бойындағы қалалар айырықша рөл атқарды. Осыған қарамастан ислам діні, ер түрлі саяси қайшылықтарға байланысты, халық арасында, есіресе далалық өңірде, терең тамыр жая қойған жоқ. Сондай-ақ қазақ халқының арасында алуан турлі ауыз едебиеті кең өріс алды. Сол кездегі ауыз едебиетінің өкілдері - Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар. Олар сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау көзендерін, халықтың өмірі мен түрмысын, батырлардың ерлігін жырға қосты. ХУІ-ХУІІ ғғ. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмүндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен ру шежіресі жасалды. Осы кездегі қазақ тарихи едебиетінің маңызды ескерткіші Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих" шығармасы.

ХV-XVIІI ғ қазақтардың материалдық мәдениеті (Тұрмысы,тұрғын үйлері, киімдері,тағамдары).

XV—XVIII ғасырларда отырықшы қоныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар қыстау, қыстақ-қоныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша қорған және қала (кент).XVIII—XIX ғасырларда Қазақстанның көпшілік аймақтарында қыста қыстайтын қыстаулар болған. Әсіресе оңтүстік аймақтарда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасып, оларда жартылай көшпелілік, жартылай отырықшылық салты қалыптасқан. Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан.

Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді. Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен жасалады.

Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сақтайтын. Жылқы етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке тығып қарта жасайды.

ХV-XVIII ғ қазақтардың рухани мәдениеті.(Жыраулар дәуірі,қазақ эпосы,фольклор)

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. Қазақ халқының XV-XVIII ғасырлары қалыптастырған жыраулар поэзиясы кейіннен дарынды ақындар өнеріне ұштасты. Жыраулар поэзиясы да фольклорлық сипатта болғанмен авторы халық қана деп түсінетін ұғымнан алысырақ, анығырақ авторы белгілі бір тарихи тұлға болатын, қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор көркем сөз туындылары дүниеге келді. Ол туындылар әдеби өмірдің қалыптасу жолдарынан мәлімет беретін, тарихтың сырларын айқындайтын құнды дүниелер болды.

Әсіресе, ауыз әдебиеті оның ішінде эпостық жырлар сол кездері биік сатыға көтерілді. Бұрынғы эпос жырлары «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Қыз Жібек», «Күлше қыз» сынды жырлар осы кезде жырланып жаңа нұсқалары пайда болды. Бұл кезең жырдың, жыршының және жыраудың өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ әдебиетінің өзіндік әдеби стилі қалыптасып, қазақ халқының мәдениеті жанданады. XV-XVIII ғ халық басынан өзінің ауыр даму кезеңдерін өткергенмен, әдеби ілгерілеп, дами берді. Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.). XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді.

ХVII-XVIIIғ Жоңғарларға қарсы күрес.Бұланты шайқасы Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді. қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.Аңырақай шайқасы

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.

Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.Аңырақай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан үміткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына — бірі солтүстікке, бірі — солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.

Өкінішке қарай, зор қиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп, жыл сайын алым-салық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында қалып қойды. Олархиуалықтар, түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық Қазақтары және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым-қатынас нашарлап, шиеленісіп тұрған болатын.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы

Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.

Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлікрухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.

Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билікжолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.

ХVIII ғ ІІ жартысындағы-ХІХ ғ Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы.

Әскери бекіністер мен шептердің салынуы.XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды – Железинск, В. Чередовтың отряды – Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды.Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.Абакан Острогімен (1707 ж.), Бикатун бекінісімен (1709 ж.) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды.XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды.Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды; ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады; ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті; тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды. Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды: қалалар мен темір жолдар салынды; тауар-ақша қатынастары дамыды; көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне ауыса бастады; әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.). Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды. Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті. Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды. XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды. Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды. Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді. Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.

Мазмұны 1 XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер

2 Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері

3 Қазақстан өнеркәсібі дамуының жалпы сипаттамасы

4 Пайдаланылған әдебиет

XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер

Сауда. Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды.

Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын.

Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.

XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:

қозғалмалы айырбас саудасы,

маусымдық жәрмеңкелер,

тұрақты сауда.

Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.

Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т.б.) болды. Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды. Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты. Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады. Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады. Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті. Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т.б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері негізінде жандана түсті. Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.

Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері

Сібір темір жолы салынғаннан кейін Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды. Петропавл және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.

Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмола уездерінде жедел дамыды.

Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.

Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.

Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.

Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері әр аймақтағы шикізат түрлеріне қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.

1900 жылы Ақмола облысында кәсіпшіліктерге барып жұмыс істейтін қазақтар 12 мыңға жетті, ал Торғай облысында бүкіл шаруашылықтар санының 50%-ы шетке барып жалданатын болды. Бұл кәсіпшіліктерге көбіне кедейленген қазақтар мұқтаждықтан жалдануға мәжбүр болды.

Жетісуда шарап жасау енеркөсібі XIX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, XX ғасырдың мануфактура өндірісі механикаландырылып, өнімдері жоғары сапалығы жағынан бірнеше рет шет жерде жүлделерге ие болды. Сол сияқты Верныйда темекі жасау, ағаш өңдеу, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Түркістан мен Шымкентте мақта тазалайтын кәсіпорындар жұмыс істеді. Арал, Балқаш, Зайсан, Каспийде балық аулау көсіпшілігі болды. Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін өнеркөсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын, т.б. көсіпорындар ұсақ кол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй көсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, кебінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды. Қазақстан Ресей өнеркөсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды. Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау-кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі. Қазақ өлкесіне кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясынан алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және оның балаларын жатқызуға болады. Алтай өңірінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтарының арасында қосымша сауда ісін жүргізумен де айналысқан. 1820 жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс-қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 1854—1860 жылдары ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түсті. Көпес әрі кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау-кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауыттарын жабдықтап тұрды. Қарағанды кемір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніші және Спасск мыс балқыту зауыты — осылардың бәрі 1847 жылдан 1904 жылға дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов, т.б. екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар (50%-дан астам) Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды. Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді. Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды. 1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды. Ұзындығы 110 шақырым болатын Екібастұз

XIX ғасырдағы Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XІX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі құралдар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралған түрі - қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған. Ер-тұрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрін - тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман әбзелдерін өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған. Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің - тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен көбіне әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады.Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды.Қазақтардың ұлттық киімінде этнографиялық белгілері сақталып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Ер адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі “мәуіті шапан” мен “мәуіті шекпен” де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүннің тоқымасынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі – күпі көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт киетін қысқы киімнің қадірлісі аң және үй жануарларының терісінен тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін және кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды. XVІІІ ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, тұмсығы қайқы етіктері XІX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар ұзын қонышты саптама етік киді. Неғұрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі бар мәсі киіп жүрді. Бұл аяқ киімдердің барлығы оң және сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бұның сыртынан тігілген терісіне сәйкес сусар, пұшпақ және елтірі деп аталатын бөріктер киді. Әйелдердің киімдері жас ерекшеліктеріне сәйкес бір-бірінен біршама ерекше болды. Қазақ әйелдері ерекше сәнді киініп, киімдерінің сыртынан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен әшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше болды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы металдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей - “қасаба” киді. Ұзатылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ мақта-матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек-жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден, киізден және шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал сауға арналған көнек және т.б. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтармен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Сусымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.