Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШпорГосТарих.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
246.37 Кб
Скачать

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның рухани мәдениеті.

Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қонаудан туған жаңалықтармен бірге патриархалды – феодалдық құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды. Оның неғұрлым айшықты құрамдас бөліктері әдебиет пен музыка болды. Діни догмалар мен тиым салушылық бейнелеу өнері мен театрлық мәдениеттің дамуын қатты шегеріп қалды.

Әдеби процестер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев болды. Абай жиырма жыл бойы халықтың поэтикалық шығармашылығын, шығыс ақындырының шығармаларын және орыстың классикалық әдебиетін оқып-үйрендй. 1886 ж. 40 жасында «Жаз» деген өленің жазды, одан кейінгі жиырма жылғы өмірі поэтикалық қызметпен өтті.Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адамқоршаған болмысқа деген өзінің саналы қатынасын қалыптарыстуға тиісті. ОЛ адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс.

«Ақыл, ғылым, еркіндік» қана адамды асқақтататын қоғамның прогресті дамытылуына талпынас Абай шығармашылығындағы басты бағыттардың бірі болды. Жекелеп алғандағы әрбір адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолдарын Абай ең алдымен қоғамның материалдық және рухани гүлдеуіне жетудің құралы ретінде еңбектен көре алды.Абайдың бүкіл шығармашылығы жұмысы жоқтықпен ымыраға келмеушілік идеяларына құрылған. Оның пікірінде адамның мінез-құлқы тек қиыншылықтармен күресте, соларды жеңіп шығуда ғана шыңдалады. Ақын қоғамдық өмірдің өзіне белгілі сол кездегі жағдайында халық бұқарасы еңбегінің жемісін түгел пайдалана алмайтының түсінсе де, халықтың жасампаздық күшіне берік сенді.

Әшкерелеуші өлеңдерінде Абай еңбекшілер көпшілігі мен үстемдік құрушы азшылықтың арасындағы антагонизмнің қарама-қайшылықтарын ашып көрсетті.Абайдың демократиялық көзқарасы оның ағамандар мен билердің қызметіне қатысын да айқындады. Царизм билердің құқықтарын шектегенімен, олардың едәуір қолында сот билігі шоғырланды, ал қазақ шаруаларының тағдыры көбінесе солардың кесіміне байланысты болды. Көптеген мәселелер бойынша билердің шешімдері патша әкімшілігінің мүддесін қорғады.

Халықтың қараңғылығын пайдаланып, билер олардан пайда табуға барынша табысты. Абайдың сөзімен айтқанда, негізінен халық бұқарасын «ақымақ қылды».Абайдың жастар бойына ғылым мен білімге сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіруге деген табанды талпынысы оның қазақ қоғамының, бірінші кезекте, надандық пен қараңағылыққа байланысты кеселдерін әшкерелеуінен көрінді.

XIX–XXғ. басы қазақ халқы музыкалық мәдениетінің бұрын кездеспеген өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нурпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ықылас өлмес күйлер шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың Ақан Серінің, Мұхиттың, Абайдың, Балуан-Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Мәдидің, Ыбырайдың, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттың сұлулығын дәріптеді, бітім болмысында өнегелілік және эстетикалық бағалылықтарды сақтады. Ол қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті, қарапайым адамдардың тыныштық пен аманесендікте өмір сүргілері келетін ынта-ықыласын білдірді. Айталық, Құрманғазының алғашқы музыкалық шығармасы – «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арналған болатын. Ал, 1916 ж. Оқиғалар Дина Нұрпеисованың «Әскерге алу» күйін шығаруына себеп болды. Егер Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына десек, онда Мұхиттың «Зәуреші» академик А.Жұбановтың берген сипаттамасы бойынша нағыз «Реквием» (қаралы музыкалық шығарма) саналды. Абай мен Жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленді.

XIXғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870ж. 28 наурызда “Түркістан уәлаяты” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ол қазақ және өзбек тілдерінде шығарылды. Оның беттерінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870ж.) және басқа оқиғалар жөніндегі материалдар басылды.

1911ж. бірінші қазақ журналы «Айқап» жарық көрді, өмір сүрген төрт жылы ішінде оның 88 көмірі шықты. 1913-1918жж. “Қазақ” газеті шығарылып тұрды. “Айқап” пен “Қазақ” қоғам өмірінің барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүруге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады және сонымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден олар орнын да теріске шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкілқазақстандық съезі шақыру идеясын қолдады.

Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петиербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абайдын, Шоқанның, Ыбырайдың, А.Байтұрсыновтың, Міржақып Дулаттың, Ә.Диваевтың және көптегене басқалардың шығармалары басылып шықты. 1912 ж. Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға мамандырылған «Жәрдем» баспаханы құрылды. Қазан революциясына дейін қазақ тілінде шамамен 700 атаулы кітап (қайта шығарылғандарын есептемегенде) басылып шығарылды.

Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын шарпыды

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақстандағы мәдениет. Міржақып Дулатов, М.Жұмабаев бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.

ХХ ғ басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық саяси қызметінің белсендеуі. Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын. Ә.Бөкейханов Түркістан комитеті құрамына енгенімен, Торғай облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса алмады. Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті жердің салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білетін азаматтарды, әсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орындарына тағайындауды басшылыққа алды. Оның ұсынуы бойынша, Қостанай уездік комиссары болып бірінші және екінші мемлекеттік Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комиссары болып Ғұмыр Алмасов, Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты. Сонымен қатар, байырғы қазақ жұртшылығының түрлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі Бүкіл қазақ съезін шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін ұйымдастыру бюросын сайлады. Оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ ұлт зиялыларының белгілі тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында Мәскеуде өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады.