Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШпорГосТарих.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
246.37 Кб
Скачать

XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.

Ересектер арасында сауатсыздықты жою Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)

Халыққа білім беру ісі

1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында. Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 ин¬тернат жұмыс істеді.Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.

Әдебиеттің дамуы

XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.С. Сейфуллин «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. МаминСибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі бол-ды.Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды

ХХ ғ 50ші жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал.Е.Бекмаханов «Қазақстан 19ғ 20-40жылдарында».1946 жылы күзде Е.Бекмаханов Мәскеуде КСРО Ғылым академиясының Тарих институтын­да докторлық диссертациясын қорғайды. Келесі жылы «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қа­зақ­стан» атты негізінен Кенесары көтерілісіне арналған монографиялық зерттеуі жарық көреді. Сөйтіп, Е.Бекмахановтың алғашында 1943 жылы шыққан «Қазақ ССР тарихына» Кенесары қозға­лы­сы туралы тарау жазуы, осы кітапты талқылау барысында негізгі сындар ұлт-азаттық қозғалыс­тар­ға байланысты айтылғанына қарамастан, бұл тақырыпты әрі қарай тереңдете зерттеп, алдымен докторлық диссертация қорғап, Мәскеу ғалым­дары­на тарихи шындықты ғылыми тұрғыдан та­нытуы, соңынан зерттеулерінің нәтижелерін жеке кі­тап етіп бастырып шығаруы халқымыздың ұлт­тық сана-сезімін оятуда тарихи маңызы бар іс болды.

Қазақ зиялыларының ішіндегі ұлтшылдарды, бур­жуазиялық идеологияның ықпалындағыларды «әшкерелеу» қарқын ала бастағанда, Е.Бек­ма­ханов­тың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарын­дағы Қазақ­стан» атты кітабының басылып шығуы жанып жат­қан отқа май құйып жібергендей болды. Ұлт­шылдарды қай жерден тауып қалар екенбіз деп тіміскілеп жүрген әсіре саясатшылар үшін бұл жерден жеті қоян тапқандай «олжа» еді. Жалған белсенділер жеңді түріп, алақанға түкіріп шыға келді.

ХХ ғ 50ж ІІжарт-60ж Іжарт Қазақстан

ХХ ғасырдың 50-60 –шы жылдарынан бастап, біздің экономикалық әдебиеттерімізде қаншалықты географиялық қана емес, соншалықты әлеуметтік және идеологиялық мағыналарға ие болған “батыс экономика теориясы” түсінігі кең таралды.Бұл “батыс экономика теориясы” түсінігі, мемлекеттік реттеуге сүйенбейтін, нарық пен жеке меншікке иелік етуге негізделген аралас экономикалық жүйелер тұжырымдамасының жиынтығын білдіреді. Олардың арасында терең алшақтық, айырмашылықтар болғанымен, бұл түсінікке бүкіл батыс экономистері қосылады. Кейбір экономистер тұтастай нарыққа сене отырып, мемлекеттік реттеуге қарсы болды, басқалары жеке меншік және мемлекеттік секторлардың әртүрлі үйлесіміндегі (жарастығындағы) мемлекеттік интервизионизімді күшейтуді жақтады.Жоғарыда айталғандай тарихи экономикалық ғылым, әрбірі методолгиялар, әлеуметтік тұжырымдамалар, ақпарат пен тәжиребелік ұсыныстардың ерекшеліктерімен сипатталатын қазіргі батыс экономика теориясындағы бірнеше негізгі бағыттарды (кезеңдерді) бөліп көрсетеді.Мәселен, өзінің дамуын ХІХ ғасырдағы маржиналисттік теоретиктерден (яғни Л. Вальрастан, А. Маршалдан), бастаған неоклассикалық бағыт методологиялық негізге индивидуализмді (микроэкономиканы) алды. Осы методологияға сәйкес, тұтынушының немесе өндірушінің жеке дара шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің пайдалылығын бағалау идеясы туды.

ХХғ 60-80жж.Қазақстанның мәдениеті. Оңтүстік Қазақстан өңірінің ХХ ғасырдың 60-80 ж аралығындағы мәдени ортасы, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық техникалық базасы, ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлерінің жүргізілуі туралы қысқаша баяндау. Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 ж Шымкент облысы деп айтылып келген. Аумағы 117,3 мың км2.Тәуелсіз Республикамыздың тарихи мәдени және этносаяси өмірінде Оңтүстік Қазақстан аймағының алатын орны ерекше. Бұл өңір еліміздің ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі заман тарихынан өте тығыз сабақтасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан аймағы жергілікті қазақ халқының өзге этникалық топтардың арасында тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елімізде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады.Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді. 60-жылдардағы республика театр өмірі тақырыптық бағыт-бағдары мен сахналық жанрының әр алуандығымен ерекшеленді. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне арналған төл пьесалар қою ісі одан әрі жалғасын табумен қатар шет ел драматургиясының туындылары да сахнада кеңінен қойылды.1970 – 80 ж. республика театрларында осы заман тақырыбына арналған Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесуі” мен “Махаббат мұңы”, О.Бөкеевтің “Құлыным, менің”, Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұждан”, Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” пьесалары бойынша спектакльдер қойылды.Осы жылдардағы көркемдік деңгейі жоғары, елеулі сахналық туындылардың бірі – Ә.Нұрпейісовтің трилогиясы негізінде қойылған “Қан мен тер” спектаклі (1973) болды. Ол – қазан төңкерісі қарсаңында қазақ даласындағы әлеум. жағдайдың диалектикасын сахналық көркем тілмен шынайы бейнеледі. Спектакль 1974 ж. КСРО Мемл. сыйлығына (реж. Мәмбетов, суретші А.С. Кривошеин жөне актерлер А.Әшімов, Ф.Шәріпова мен Ы.Ноғайбаев) ие болды.