Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-5 лекциялар.docx
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
65.71 Кб
Скачать

4.Қр экономикасының даму жағдайы

Қазақстан ТМД елдері арасында өндіріс деңгейін алға қоюға тырысқан алғашқы ел. 1999 ж бастап соңғы жылдары елімізде экономикалық және әлеуметтік даму тұрақты қарқында дамып келеді: ЖІӨ көрсеткіштері, нақты табыс пен тұрғындардың еңбек ақысы, өсіп, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

ҚР мұнай өнеркәсібі 

Қазақстанның отын энергетикалық кешенінің экспортқа бағытталған салалары – мұнай және газ өнеркәсібі.

Бұл салалардың өзі тағы екіге бөлінеді: мұнай және газ өндіру және мұнай – газ өңдеу.

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 13 орында, ал өндіру көлемі жағынан 26 орында, ол 6 орынға дейін көтеріле алады. 

Мұнайды экспорттау. Қазіргі кезде шетелге мұнай өңделмеген күйінде шығарылады, ал елге мұнай өнімдері көптеп әкелінеді. Бұдан қандай мәселені көруге болады: тасымалдаудың ең негізделген тиімді жолын табу және мұнайды қайта өңдеу мәселесі.

Мұнайды өндіруде қандай проблемалар бар: мұнай скважиналарын пайдалануды жетілдіру және мұнай өндірудің жетілдірілген технологиясын енгізу, Бузачи жартылай аралдағы жаңа кен орындарын игеруді тездету.  Қазірде Қазақстанда ірі мұнай шығаратын орындар: Теңіз, Карашығанақ, Өзен және басқалар.

Қазақстанның өнеркәсібінде салалық құрылымында ОЭК үлесі – 27,1%, оның ішінде мұнайгаз өнеркәсібі – 17,7% және мұнай өңдеу – 4,1%.  Мұнай өндіруде ҚР Статистика Агенттігі мәліметтері бойынша ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші орында, ал әлемдік қауымдастыққа кіретін 90 елдің ішінде бірінші отыздыққа кіреді. Қазір Қазақстан жылына 50 млн.т. шамасында мұнай өндіреді және оны 150 млн.т. дейін жеткізу мүмкіндігі бар.Ішкі тұтыну көлемі 20-25 млн.т. құрайды. Алайда көп өндіруді тасымалдайтын құбырлардың жеткіліксіздігі тоқтатып тұр. Мұнай өңдейтін үш зауыт бар, олар Атыраус, Павлодарс, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Олардың үшеуінің қуаты жылына 19,4 млн.т. мұнай өңдейді..  2003-2015 жж арналған Индустриалдық инновациялық Стратегияда мұнай газ өндірісіне елеулі назар аударылған.

Қазақстан табиғи газ қоры бойынша әлемде он бесінші орында. Мамандардың бағалауы бойынша, 2015 жылға қарай газ өндіру 53,7 – 58,6 млрд.м3 жетеді деп болжануда.

Республика алдында табиғи газды т иімді пайдалану жөнінен екі негізгі мәселені шешу қойылған: газ экспортын өсіру және қазақстандық тұтынушыларды газбен тұрақты қамтамасыз ету. Оның бәсекелестері Узбекистан, Түркіменстан, Әзірбайжан Ресей, әзірше олар европалық нарықты қамтамасыз етуде.  Газ өнеркәсібіндегі негізгі мәселе – ішкі тұтынуды қам тамасыз етуде негізгі газ қорының батыс аймақта болуы, ал негізгі тұтынушылар Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталықта орналасқан.  Казахстан бүгінде газды Россия, Узбекистан, Туркмениядан импорттайды..  Копания ЗАО «КазТрансГаз» 2000 жылы құрылды, оның шаруашылық қызметі газды құбырлар арқылы тасымалдау, ішкі және сыртқы нарықта газды сату, республикада құбырларды жасау, қаржыландыру, салу, пайдалану. СП «КазРОосГаз» арқылы қазақстандық газ епропалық нарыққа шығарылуда..

ОЭК көмір, энергетика салалары да кіреді. Табиғи отын ресурстарының 47,9% мұнай және газ конденсаты алса, 40,7%-тас көмір, 11,4%- табиғи газ алады . Газ нарығында 66,9% меншікті газ өндіруден және 33,1 импорт газдан тұрады.

ТМД елдері арасында көмір қоры мен өндіру бойынша үшінші орында, халық санының жан басына шаққанда өндірілетін көмір санынан бірінші орында. Қазақстанның орталық аймағында (Қарағанды), Солтүстік Шығыс аймағында (Павлодар)– 96,2% көмір өндіріледі.

Геологиялық қоры 51 млрд.т., 40% шамасында кокстелетін көмір алады..  Қазақстан жалпы әлемдік экспортталатын көмірдің 3%-ын алады.  Электроэнергетика  Энергоресурстардың негізгі қоры республиканың Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанда гидроэнергетикалық өнеркәсібі, отын энергетикалық өнеркәсібі Солтүстік және Орталық Қазақстанда орналасқан.

Химия өнеркәсібі 

Ауыр индустрияның бір бөлігі, халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп салаларына қажетті материалдарды өндіріледі.Негізгі бағыттары: фасфориттер мен фосфор тыңайтқыштарын өндіру, қара және түсті металлургияның күкірттік газдарын жою (утилизациялау), мұнай химия синтез өнімдерін өндіру, түрлі тұздар өндіру. Негізінен химия және мұнайхимия салалары дамыған.  Біріншісіне Тау химия өндірісі, негізгі (органикалық емес), органикалық химия, химикалық реактивтер; лак бояу, химиялық-фармацевтикалық, тұрмыстық химия, микробиологиялық химия

Екіншісі синтетикалық каучук, органикалық синтетика, мұнай өнімдері, техникалық көмірсутегі. Саланың негізгі кәсіпорындары: Актюбинский химический завод, Актюбинский завод хромовых соединений, горнохимический завод «Каратау», Таразский суперфосфатный завод. Основное предприятие отрасли АО«Казфорфат». Актауский завод пластмассовых изделий, АО «Аралтуз», АО «Павлодартуз» и т.д.

Металлургия кешені

Кен өндіру мен металлургия өнеркәсібі Қазақстан экономикасының мұнай мен газ өнеркәсібі сияқты негізгі өнеркәсіп саласы болып табылады. Тау кен –металлургия кешеніне 70 тен астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Қазақстан экономикасы жылына 8,9 % өсті, бұл ТМД елдері және Шығыс Европа елдеріне ( РФ – 7,1%, Украина -5,3%, Венгрия-4,4%, Румания -3%, Польша-2,7 ) қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазақстан экономикасының құрылымы қазіргі уақытта нарықтың құрылымға жақындап келеді.

Функционалдық мәнінде экономиканы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы өзара байланыстағы күрделі жүйе ретінде қарастыруға болады.

ҚР сыртқы экономикалық дамуы деңгеиі оның халықаралық қатынастар мен сыртқы экономикалық байланыстарға түсуін қажет етеді. Еліміздің х/а еңбек бөлінісіне қатысуы өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан да СЭБ ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазақстандағы СЭБ мынадай халық шаруашылық тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.

  1. Экономикалық дамуды интенсивтілендіру мен оның тиімділігін көтеруге;

  2. Өндіріс сапасын жақсартуға, өнеркәсіптің прогрессивті технологиялық және экономикалық қатынастағы салаларының өсу қарқынының жеделдеуіне, сонымен бірге халық шаруашылық құрымын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Қазақстанда әлемдік экономикалық одақтастыққа ену үшін қажетті алғышарттардың бәрі бар: шикізаттық, өнеркәсіптік, алыл шаруашылық, кадр потенциялы мен еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы.

Қазақстан әлемде 130 астам елмен байланыс жасайды. Қазақстан экспортының 40% астам ЕО ( Европалық Одақтастық ) елдеріне бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан экспорты құрылымдық шикізатпен толығуы алаңдаушылық туғызып отыр, ол әлемдік сауда тенденцияларына сай емес. Шикізат бағыты Қазақстанды әлемдік нарыққта қолайсыз жағдайда ұстап отыр

Сонымен бірге облыс минералды өнімдер сатып алады- 40%, машина құрал-жабдықтары мен транпорт құралдары -30%, металлургиялық өнімдер -10%, химия өнеркәсібі өнімдірі- 8 %.

Нәтижесінде импорттан экспорт басым бола отырып, 2003 ж сыртқы сауда балансының сальдосы қосылғаны байқалады. 2005 ж ол 307,4 млн. көлемінде болып, 2004 ж мен салыстырғанда ол 86 млн. –ға өскен.

1993ж біздің облыс экономикасына 745,7 млрд. тг. инвестиция тартылған. Негізгі үлесті Қарашығанақ алады. 2003 ж инвестиция көлемінің едәуір азайғаны байқалады. Бұл Қарашығанақ жобасының 2 этапының аяқталуымен байланысты.

5-тақырып (2 сағат).